Atameken Business - Жаңалықтар
24K subscribers
8.84K photos
3.79K videos
4 files
15.6K links
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥙1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

Бұл туралы Астанада өткен Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктері мен Қазақ тағамтану академиясы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды.

🍴Жаңа ас мәзірінің ерекшелігі

🥦Ас мәзірі балаларды денсаулық пен дамудың заманауи талаптарына сай әзірленеді.

🥦Тамақ теңдестірілген, қауіпсіз және пайдалы бола түседі.

🥦Мектептегі тамақтану саласына жасалған реформа балалардың физикалық жағдайын жақсартуға оң әсер етеді.

Атап айтқанда:

🥒оқу үлгерімін арттыруға ықпал етеді,

🥒концентрацияны жақсартады,

🥒болашақта созылмалы аурулардың қаупін азайтады,

🥒ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырады.

🥒Сонымен бірге мәзірде қант пен тұздың, өңделген тағамдардың үлесі азайып, көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, ақуыздардың және сүт өнімдерінің үлесі арта түседі.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Алмаз Шарманның айтуынша, диетамен тамақтану балалар арасындағы семіздікті, қант диабетін, артериялық гипертензияны және басқа да созылмалы ауруларды төмендетуге ықпал етеді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Шарасыздықтан барды»: Миллионмен декретке шыққан әйелдер мәселесінде спикерлер келіспей қалды

«Миллионмен декретке» шығамын деп, ақыр-соңы сотталғалы жатқан әйелдер бұл әрекетке шарасыздықтан барды. Мемлекеттен төленетін жәрдемақы мардымды болса, аналар мұндай күйге түспес еді».

Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева «Түскі формат» бағдарламасында осындай пікір айтты. Ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі Гүлбағила Болатбекованың ойынша, еш жерде жұмыс істемейтін әйелдердің мұндай сомамен декретке шығуы – әділетсіз.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atlético de Madrid Kazakhstan академиясы Қазақстан мен Өзбекстанда іріктеу кезеңін бастайды!

📍Қалалар:

Астана (10-11 мамыр)
Ақтау (31 мамыр-01 маусым)
Шымкент (17-18 маусым)
Ташкент (21-22 маусым)
Алматы (28-29 маусым)

Өтінішті atleticomadrid.kz сайты арқылы беріп, тіркелуге болады (іріктеулер бөлімі).

Бұл — өзіңді көрсетуге тамаша мүмкіндік! Үлкен футболдағы жолың дәл осы жерден басталады! 🔥

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!🌷

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей Киевті кореялық зымырандармен атқылады

Украина астанасына жойқын шабуыл жасалды. Бас шаһарға қарасты бірнеше аймаққа әуеден 200 ден аса қуатты соққы берілген. Зымырандар және ұшқышсыз ұшақтармен атқылаған Ресей әскері Святошин ауданындағы тұрғын үйдің бірін жермен-жексен еткен.

Ол үшін солтүстік кореялық баллистикалық зымырандардың қолданылғаны айтылады. Салдарынан 90 адам жарақат алған. 12 адам мерт болды. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

Қазір өңірде тұрғын үй үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Әлем елдері Ресейдің бұл әрекетін қатаң сынға алды. АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желі арқылы «Владимир тоқта» деген үндеу жолдады. Ол керексіз уақыттағы бұл шабуылдың Киев үшін қажет болғанын жасырмады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Ұлыбритания Сирияға салынған санкциялардың бір бөлігін алып тастады.

Атап айтқанда, елдің күштік құрылымдары шектеу шараларынан босатылды. Соған сәйкес, Сирия Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне, сондай-ақ бірқатар барлау қызметтеріне тиесілі бұғатталған активтерге қайта қол жеткізе алады.

Лондонда бұл қадам аймақтағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын мәлімдеді. Оған қоса сириялық босқындардың елге қайта оралуын ынталандыруға септігін тигізетінін жеткізді.

Айта кетейік, Ұлыбритания Сирияның мемлекеттік телерадио компаниясы мен өзге де жергілікті БАҚ-қа қатысты санкциялардың күшін жойды. Бір ай бұрын мұндай жеңілдікке елдің Орталық банкі мен 23 ұйым ие болған.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Салық органдары азаматтарға «тарихы» үшін салық сала бастады

Мемлекеттік кірістер органдары әрбір қазақстандықтың тарихын тексеріп, жасырған құпиясын, салықтан жалтарған табыстарын анықтап жатыр. 

Сонау 2021 жылдан бері криптовалюта сатып табыс тапқандар және шетелде банк шотын ашқан қазақстандықтар енді қосымша салық төлеу туралы талапқа тап болуы мүмкін.

Өйткені салық органдары биржалар мен криптобиржалардан азаматтардың мәмілелеріне қатысты мол дерек алды.

Тиісінше, енді салықшылар осы ұшантеңіз деректерге терең бойлап, қаза талдап, салық "сығып" алуға кірісті.

Толығырақ осы жерден оқи аласыздар.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Гарвард құны $1 млрд тұратын активтерін сатуға әрекеттеніп жатыр

Бұған АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің оқу орнына бөлінуі тиіс бірнеше млрд долларды бұғаттап тастауы себеп болып отыр. Бұл туралы Bloomberg​​​​​​ агенттігі хабарлады.

Университет портфельді Трамптың ұлықтау рәсіміне дейін сатуға күш сала бастаған.

15 сәуірде Трамп Гарвардты саяси ұйым ретінде бағалап, салық салынбайтын нысан ретіндегі мәртебесін жоюды ұсынды.

Білім министрлігі Гарвардқа бөлінген 2,2 млрд доллардың және 60 млн долларға жасалған ұзақмерзімді келісімдерін бұғаттады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
Сәтқалиев лауазымды қызметінен босатылды. Ол енді Энергетика министрі емес. Бірақ Алмасадам Сәтқалиев бір күнде қызметсіз қалмады. Президент оны жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы етіп тағайындады. Ол Энергетика министрі болып…
Президент Алмасадам Сәтқалиевтың орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетов Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары лауазымына тағайындалды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазақстанда:

1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.

Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Футбол экожүйесін дамыту

Мемлекет басшысы:

✔️ отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
✔️ клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
✔️ Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

UEFA тарапынан қолдау

Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz