This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Бизнес-класс көлігін алған»: Мемлекеттің берген көмегін кәсіпкерлер жеке мақсатта жұмсап жүр
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекет бөлген субсидияның өз мақсатына жұмсалмау фактілері жиі анықталады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» департамент директоры Арман Әбдіхалықовтың айтуынша, кәсіпкерлер бұдан пайда көру үшін түрлі айта-тәсілдер ойлап тауып жатады.
Мәселен, сатып алған техникасының шын мәнінде жоқ болып шығуы немесе сұратқан сомасынан әлдеқайда төмен бағамен алғаны сынды жайттар әшкере болады. Мұндай жағдайда қолданылатын жалғыз жаза – бөлінген ақшаны қайтарып алу екен.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

«Бәке, Сәке, өзіміз ғой?!»: қаржылай қолдау алған кәсіпкер пара беріп тексерістен құтылып кетпей ме?
Кәсіпкерлердің бөлінген субсидияны өз мақсатына жұмсап-жұмсамағанын «Даму» қорының мамандары тексереді. Бірақ заңсыздық анықталған жағдайда кәсіпкерлердің мәселені ақшамен шешуге тырысуы мүмкін. Осы мәселені «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» өкілі Арман Әбдіхалықовтан сұрап көрдік.
Субсидиялардың мониторингіне жауапты маман тексеріс толық автоматтандырылғанын, мобильді қосымша арқылы жүргізілетінін айтты. Демек, кәсіпкерлерді қолдау қорының қызметкерлері мен кәсіпкерлердің тікелей байланысқа шығуы мүмкін емес.

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Стамбұлдағы жер сілкінісінен 151 адам зардап шекті.
Жергілікті билік қаза тапқандар жайлы ақпарат жоқ екенін айтады. Кеше түс ауа басталған жер асты дүмпуінің қуаты 6,2 баллға жеткен. Эпицентрі Мәрмәр теңізінің орталығы.
7,5 млн халқы бар Ыстамбұлда бір сағатта 8 рет жер сілкінген. Қуатты дүмпу көршілес елдерде де сезілген. Түркияның Қоршаған орта және қала құрылысы министрлігінің дерегінше, жедел желіге зақымданған ғимарат жайлы 378 хабарлама келіп түскен.
Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол шамамен төрт күнге созылады. Сақтық шарасы ретінде 12 нысаннан тұрғындарды түгелдей эвакуациялады. Жергілікті халық уақытша жабылған мектептерде түней алады.

Мұнай тағы арзандады
Әлемдік нарықтағы қара алтын құны тағы құлдырады. Бір күнде мұнай бағасы 3 пайызға арзандады.
Себебі, Ақ үй қазір Қытайға салынған салықтарды жеңілдетуі ойластырып жатыр. Бұл әлемдік сауда қарқынын өзгертіп, энергетика нарығына әсер етеді.
Соған сәйкес, сәрсенбі күнгі сауда саттықта Brent маркасы 2,73%-ға төмендеді. Ал, АҚШ-тың WTI мұнайы 2%-ға арзандады. Бұл соңғы төрт жыл ішінде тіркелген ең төменгі көрсеткіш.
Қазір қара алтын құны бір баррель үшін шамамен 66 долларға саудалануда. Сарапшылар мұнай бағасына әлі де саяси қысым жасалып жатқанын айтады. Әсіресе, ОПЕК-тегі соңғы жағдай, нарықтағы ахуалды қиындатты. Ұйымға мүше сегіз ел 1 сәуірден бастап өндірісті ерікті түрде қысқартудан бас тарта бастады.

«OLX», «Instagram» арқылы қарыз берген заңсыз микроқаржы ұйымына қатысты тергеу жүріп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қостанай облысындағы күдікті 2020 жылдан бері лицензиясыз пайызбен және мүлік кепілдігімен несие беріп келген.
Келісімшарт кезінде ол қарызды шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 млн теңгеден астам қаражатты қарызға берген.
Оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған.
Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Олар бірігіп ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен.
Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 млн теңгеден астам кірісті заңдастырған.
🔨 Оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 млн теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.

«Біз Ресеймен келісімге келдік»
Дональд Трамп Ақ үйдегі журналистермен өткен кездесуде осылай деді.
Ол жауласқан екі елмен де мәміле жасалатынын, алайда Киевпен келісу әлдеқайда қиын екенін жеткізді.
Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский Қырымды басып алуды заңды түрде мойындамайтынын мәлімдеген. Бұл айтқаны Дональд Трампқа жақпай қалды. Тіпті Лондонда жоспарланған бейбіт келіссөздер де кейінге қалдырылды.
Ақпаратқа сүйенсек, Зеленский АҚШ ұсынған шарттардан бас тартқан. Құжатта Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тану, сондай-ақ, Украинаның шығысындағы төрт аймақты Луганск, Донецк, Херсон және Запорожье облыстарын Мәскеудің бақылауына беру туралы жазылған. Одан бөлек, Украина НАТО-ға мүшеліктен бас тартуы міндеттелген. Алайда, Еуроодаққа жол ашық екені айтылған. Ал, Ресейді соңғы 10 жылда салынған барлық санкциядан босату жоспарланған.

Еуропалық комиссия екі технологиялық алпауыт Apple мен Meta-ға жүздеген млн еуро айыппұл салды.
Оларға Цифрлық нарық туралы заң талаптарын сақтамады деген айып тағылып отыр.
Сарапшылардың пікірінше, Брюссельдің бұл әрекеті АҚШ-пен өзара шиеленісті ушықтыруы мүмкін. Қос компанияға салынған қаржылық санкциялардың жалпы сомасы 700 млн еуроға жетті. Оның 500 млн-ы Apple тиесілі. Бұл салыстырмалы түрде аз, өйткені Еуроодақ заңнамасына сәйкес заң талаптарын бұзғандарға жылдық айналымның 10%-на дейін айыппұл салынуы тиіс. Apple Еурокомиссияның бұл әрекетін әділетсіз қудалау деп бағалаған. Сондықтан, оған қарсы шағым түсірген.
Бұған дейін Франция билігі технология алыбын нарықта үстемдік етті деп айыптап, сот ісі бойынша 150 миллион айыппұл салған болатын.

Декреттік төлемдер бойынша жаңа ережелерге сіздің көзқарасыңыз?
Anonymous Poll
35%
Қолдаймын. Табысты қолдан көбейтуге қатысты даулардан кейін дұрыс шешім болды
35%
Қарсымын. Барлық табысқа салық салынады, ал төлемдер шектеумен беріледі
26%
Алаяқтықтың алдын алу маңызды, бірақ шын мәнінде еңбекқор әйелдерге бұл әділетсіз ереже
3%
Сіздің пікіріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM