Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өз валютасын құлдыратқан Ақ үйдің көздегені не?
Ақ үй долларды қолдан құлдыратып жатыр. АҚШ-тың бас қаржыгеріне сөзі өтпеген Трамп ережесіз ойын бастады. Салдарынан көк қағаз 3 жылдықтағы ең төменгі деңгейге бір-ақ түсті. АҚШ валютасымен қатар қор нарықтары да құлап жатыр. Сарапшылар саяси текетірестің салдары әлемді қымбатшылық жайлай ма деп алаңдаулы. Жаһан экономикасы құбылған тұста Қазақстан қайтпек?
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

Батыста мұнайды күреп тауып жатқан ірі компанияларға ешкімнің тісі батпай отыр.
Олардың Каспий теңізіне келтіріп жатқан зиянын министрліктегілер бақылауда ұстамақ түгіл, хабардар да емес. Экологтар Каспий тартылып барады деп дабыл қағуда. Шұғыл шара қабылданбаса, 75 жылдан кейін теңіз құрғайды. Ал оның маңында тұратын халық өңірден үдере көшуі мүмкін. Бес мемлекеттің территориясын жалғап тұрған теңізді қорғау үшін құрылған Тегеран конвенциясы неге жұмыс істемейді?

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дональд Трамптың беделі түсті.
Ақ үйге оралғалы бері саясаткер халық арасында қолдау таппай келеді. Қазір оның сенімділік рейтингі 42 пайыз болып тұр. Бұған дейін бұл көрсеткіш 47 пайызға тең еді.
Жергілікті халықтың Трамп жүргізген қатаң саясатқа көңілдері толмайды. Әсіресе, сауда соғысын күшейткен салықтық алымдар мен инфляцияға қатысты көзқарасын құптамайтыны анық байқалған.
Кезекті сауалнамада респонденттердің 83 пайызы Президенттің сот шешіміне мойынсұнуы қажет деген. Сондай-ақ, саяси дау-дамайға байланысты университеттерді қаржыдан қағу ақылға қонымсыз екенін айтады.

Бюджеттен артылған 1 млрд еуро халыққа беріледі
Грецияда бюджеттік профицит. Мұндай аста-төк жағдайға Еуроодаққа мүше 27 елдің тек алтауы ғана жеткен. Грецияда артылған қаржы ЖІӨ-нің 1,3 пайызына тең. Бұл рекордтық көрсеткіш. Үкімет қазынадан артылған ақшаны ел игілігі үшін жұмсауға бел буған. Олар 1 млрд еуро көлемінде қаржылық жеңілдіктер жариялады.
Биылдан бастап 948 мың үй-жайды жалға алғандардың бір айлық жалдау ақысы кері қайтарылады. Мұндай мүмкіндікке арендамен күнелткен халықтың 80%-ы ие болмақ. Сондай-ақ, 1 млн 400 мың адамға 250 еуродан жәрдемақы тағайындалады. Бұл шамамен 150 мың теңгеге тең.
Көмек қаржы қарттарға, мүгедектерге және сақтандыру қызметіне ілікпен тұрғындарға беріледі. Бұдан бөлек, мемлекеттік инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыруды жеделдету үшін жылына тағы 500 млн еуро бөлу көзделіп отыр.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақорда 26-27 сәуір күндері Италия премьер-министрі келеді деп дайындалып жатқан еді. Бірақ Джорджа Мелонидің ресми сапары Италия тарапының өтінішмен кейінге шегерілді. Себебі Италия Үкіметінің басшысы Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Путин майдандағы шабуылды тоқтатуға дайын
Ресей президенті майдан шебінде Украинаға жаппай шабуылдап, басып кіру әрекеттерін тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Financial Times басылымы үш дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді.
Олардың айтуынша, Путин Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын толық бақылау туралы талапқа мойынсұнуға дайын. Тек АҚШ Мәскеуге кеңірек геосаяси жеңілдіктер жасаса болғаны. Кремль билігі америкадан Қырымды мойындап, Украинаның НАТО - ға кіруіне тыйым салуын күтіп отыр. Мұндай мәлімдемені Ресей президенті АҚШ-тан келген арнайы өкіл Стивен Виткоффпен кездесуде айтқан. Екіжақты келіссөз 11 сәуірде Санкт-Петербургте өткен болатын.
Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейбіт мәмілеге қатысты қарқынды жұмыс жүріп жатқанын хабарлаған. Алайда, бірден нәтиже күту мүмкін еместігін, ол үшін маңызды шешімдер қабылдап, көп уақыт қажеттігін айтқан.

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың тиімділігін тексеру қажет пе?
Anonymous Poll
75%
Қажет, өйткені жалған алушыларды анықтау керек
9%
Жоқ, бастапқы кезеңде бизнес шығынға ұшырауы мүмкін
14%
Алдымен мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру қажет деп ойлаймын
2%
Сіздің пікіріңіз
Forwarded from AB Silk Way
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда келісімі жасалса, Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын тарифтердің айтарлықтай төмендейтінін мәлімдеді. Алайда, тарифтер нөлге дейін түсірілмейді деп нақтылады.
Трамптың айтуынша, егер Қытай келісімге келмесе, шарттарды АҚШ өзі белгілейтін болады. Ол Бейжіңмен келіссөздерде “өте сыпайы” болатынын да айтты.
Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Трамп пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы байланысқа қатысты нақты ақпарат бермеген. Бірақ ол АҚШ әкімшілігі Қытаймен әлеуетті келісім бойынша жұмыс істеп жатқанын және оған негіз дайындап жатқанын жеткізді.
Қазіргі кезде АҚШ Қытайдан әкелінетін тауарларға орта есеппен 145% тариф енгізсе, Қытай жауап ретінде америкалық тауарларға 125%-ға дейін салық салған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Стамбұлда жер сілкінді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4 балл болған.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Forwarded from AB Silk Way
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың Қытайдан әкелінетін тауарларға баж салығын енгізуіне байланысты, Қытай билігі экспортқа бағытталған компанияларды ішкі нарыққа бейімдеуге көмектесетін шаралар қабылдауда. Сауда министрлігі семинарлар өткізіп, бизнеске жаңа мүмкіндіктер ұсынып жатыр.
Freshippo сауда желісі сыртқы сауда кәсіпорындарына арналған тәулік бойы жұмыс істейтін “жасыл дәліз” ашты. Wushang Group ішкі нарықты игеру үшін экспорттаушыларға өз платформасын ұсынып отыр.
2024 жылы Қытай мен АҚШ арасындағы сауда көлемі 688 млрд долларды құраса, Қытай экспорты 524 млрд долларға жеткен. Экспорттың басым бөлігі электроқұрылғылар, машиналар, жиһаз бен ойыншықтардан құралған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Стамбұлдағы жер сілкінісі 6,2 баллға жетті.
Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы хабарлады.
Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген. Жер сілкінісі жақын аумақтағы провинцияларға да сезілген.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы хабарлады.
Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген. Жер сілкінісі жақын аумақтағы провинцияларға да сезілген.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Бизнес-класс көлігін алған»: Мемлекеттің берген көмегін кәсіпкерлер жеке мақсатта жұмсап жүр
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекет бөлген субсидияның өз мақсатына жұмсалмау фактілері жиі анықталады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» департамент директоры Арман Әбдіхалықовтың айтуынша, кәсіпкерлер бұдан пайда көру үшін түрлі айта-тәсілдер ойлап тауып жатады.
Мәселен, сатып алған техникасының шын мәнінде жоқ болып шығуы немесе сұратқан сомасынан әлдеқайда төмен бағамен алғаны сынды жайттар әшкере болады. Мұндай жағдайда қолданылатын жалғыз жаза – бөлінген ақшаны қайтарып алу екен.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекет бөлген субсидияның өз мақсатына жұмсалмау фактілері жиі анықталады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» департамент директоры Арман Әбдіхалықовтың айтуынша, кәсіпкерлер бұдан пайда көру үшін түрлі айта-тәсілдер ойлап тауып жатады.
Мәселен, сатып алған техникасының шын мәнінде жоқ болып шығуы немесе сұратқан сомасынан әлдеқайда төмен бағамен алғаны сынды жайттар әшкере болады. Мұндай жағдайда қолданылатын жалғыз жаза – бөлінген ақшаны қайтарып алу екен.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Бәке, Сәке, өзіміз ғой?!»: қаржылай қолдау алған кәсіпкер пара беріп тексерістен құтылып кетпей ме?
Кәсіпкерлердің бөлінген субсидияны өз мақсатына жұмсап-жұмсамағанын «Даму» қорының мамандары тексереді. Бірақ заңсыздық анықталған жағдайда кәсіпкерлердің мәселені ақшамен шешуге тырысуы мүмкін. Осы мәселені «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» өкілі Арман Әбдіхалықовтан сұрап көрдік.
Субсидиялардың мониторингіне жауапты маман тексеріс толық автоматтандырылғанын, мобильді қосымша арқылы жүргізілетінін айтты. Демек, кәсіпкерлерді қолдау қорының қызметкерлері мен кәсіпкерлердің тікелей байланысқа шығуы мүмкін емес.