Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
6.23K subscribers
167 photos
69 videos
3 files
131 links
📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym
Download Telegram
Жеті түнде мешітте топырлап жүрген адамдарды көріп, бір әпенді “бүгін Қадір түні ме? - депті…

#әпендішілік
"Құрметті достар" деп жарнама жасайтын блогерлердің директіне жазып көріп едім, ешбірі "досына" жауап бермеді...

#әпендішілік
Кейде ойлаймын, имам Әбу Ханифа бай болғаны қандай жақсы, әйтпесе крузак мініп, лексус айдайтын, гонорары ең кемі 1000$ тұратын кей имекеңе қиын болушы ма еді, бәлкім...

#әпендішілік
Қабылбек (ұстаз) UFC-дегі қазақ файтерлерге жарысқа салауат айтып шығуға кеңес беріпті. Енді бұл кеңесті Омар (Хабибтің інісі) естіп қоймаса болар еді деп отырмын...

#әпендішілік
Бір орыс қайыршы (бич дей ме ондайды) көлігімнің терезесін қағып "помогите пожалуйста" дейді. Ұлтшылдығым ұстап бермей кеттім...

#әпендішілік
8 рәкәт тарауих оқитын ахиларыма ырзамын. Олар болмағанда 20 рәкәт намазды суық күнде далада оқушы едім...

#әпендішілік
Әгәрәки, қолында закон қуаты бар бас имам яки қари болғанымда тарауихта оқылатын бір пара Құранның ең кемі 15 бетін алғашқы 8 рәкәтта оқып ахиларды қинаушы едім...😂

#әпендішілік
Күн сайын ауызашарға баратындардың сторисін көргенде өзіңді дым авторитеті жоқтай сезінеді екенсің😅

#әпендішілік

@apendim
Біреу тел соқса, уатсапқа жазса ауызашарға шақырып жатыр ма деп елеңдейсің ғой еще….🤣🤣

#әпендішілік

@apendim
25,26,27,28,29,30...8,9

- Әпендім, бұл не сандар?

- Менің ауызашарға бос күндерім...

#әпендішілік

@apendim
- Сәресіге ұйықтап қалсақ, не істейміз, Әпендім?
- Ұйқыңды жалғастырасың, мүриджаан...

#әпендішілік
Рамазанда имекеңдерді ауызашарға шақырса, тамадалар сияқты календарьға қарайтын шығар.. 😂

#әпендішілік
- Пейішке барғым келеді...
- Жәннатқа ма?
- Киноға...

#әпендішілік
Тарауихты жылап оқу үшін намаз алдын медляк тыңдап, шеге терапиясын қабылдаймыз ба, қайтеміз?🥲

#әпендішілік
Үтірде "Раббәнә..." оқитындар тарауихта рукуғ қашан болады деп тұрасыздар ма?😅

#әпендішілік
"Раббәнә" оқитыным білініп қалмасын деп өтірік ауыз жыбырлатып тұратындар бар ма?😂

#әпендішілік
Рамазанда романтика тарауихтан кейін басталады..😅

#әпендішілік
AC⬆️ В⬆️ ВА⬇️

Егер мына жазу сізге таныс болса, онда сіз біздің дәуірденсіз😂

#әпендішілік
Әшейін де азанда оянып болмайтын Әмин бүгін өзі-ақ атып тұрды. Оған себеп, бүгін сыныптас қыздардан 7 мамырға орай сыйлық алады екен (по идеи ақшасын өзіміз жинадық 😁) Қандай сыйлық екенін бірақ білмейді.

Содан жаңа ұлымды сабақтан алып кетуге бардым. Шо ты, ұлым біртүрлі көңілсіз шықты. Сүйтсем, қыздар ұлдарға доп сыйлапты. Ал, Әмин басқаша сыйлық күткен. Үйінде өзінен басқа үш батыр балаға доп таңсық болып па? "Ожидание и реалность" болған ғой бір сөзбен😁

Содан ұлымды жұбатуға кірістім:

"Әмин, сыйлық ұнамады деп айтуға болмайды. Мүлдем сыйламағанда қайтер едің?

Вообще-то, 7 мамыр әскерге барып, шекара күзеткіндердің мейрамы. Сен түгіл, мен әкең, служить етпегенмін. Почти, бізге түк қатысы жоқ күн ғой...

Балам, біздің мейрам негізі 19 қараша, бірақ мұны даже еркектердің өзі білмейді. Біз сол күні сыйлық алып, демалып жатуымыз керек. Амал нешік..."

Баламды жұбатам деп мұңымды айтып кеткенімді байқамаппын😂

#әпендішілік
7 мамырды - Отан қорғаушылар күні емес, еркектердің құқығын қорғау күні деп өзгертсе әлдеқайда әділірек болушы еді...)

Әйтпесе, Отанды кім қорғамайды, қымызды кім ішпейді дейсің...

#әпендішілік