Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
6.24K subscribers
167 photos
69 videos
3 files
131 links
📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym
Download Telegram
Рамазанда имекеңдерді ауызашарға шақырса, тамадалар сияқты календарьға қарайтын шығар.. 😂

#әпендішілік
❗️ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР!

Пітір садақасын мешіт/медресе құрылысына, Харекет/Асаруме сияқты ұйымдарға (үй алуға көмектесу мақсатында), түрлі сборға т.б аударуға болмайды. Мұнымен пітір өтелген болып есептелмейді. Пітірдің рухани мәні мен жұмсалатын орны шариғатта нақты көрсетілген.

Сондықтан, пітір беруде аса мұқияттылық танытыңыздар😊
Зымыраған уақыт-ай... Мына сүгіретке биыл хижраша он жыл толған екен.

2014 жылғы Рамазан менің өмірімдегі ең ерекше Ораза ретінде есімде қалған шығар.

Ол кезде ораза шілде айына дөп келетін. Нағыз жаздың ең ыстық һәм ең ұзақ кезі. 40 градус ыстықта 18 сағаттап ораза тұтатынбыз.

Тарауих түнгі 1-де аяқталатын.

Ал, ол кезде Атырауда тарапыны Ерсін Әміре бен Еркінбек Шоқай ұстаз-қарилар оқитын еді. Мешіт іші өртеніп тұрса да (кондерде шама жоқ) жамағат тік тұрып оқып беретін. Ал, түздегі халық маса мазасын алса да, азаймайтын.

Сүт кезім еді ғой...😁😢
Бүгін ғана Дана Уайт 22 маусым күні Сауд Арабиясында алғаш рет UFC эвенті өтетінін хабарлады. Кештің басты кардында орта салмақта Чимаев пен экс-чемпион Роберт Уиттакер төбелеседі.

Биылғы қажылық 14-19 маусым аралығында өтетінін ескерсек, қажыларға бір екі күн аялдап, UFC көріп қайтса болады екен..😅

Ринг-герлздар хижабпен шықса игі еді...
🌙 Қасиетті Рамазан айында Атыраудағы медресе құрылысына ат салысыңыз!

Толық ақпарат: medrese-atyrau.kz

Жұма қабыл болсын! 🤲
Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Зымыраған уақыт-ай... Мына сүгіретке биыл хижраша он жыл толған екен. 2014 жылғы Рамазан менің өмірімдегі ең ерекше Ораза ретінде есімде қалған шығар. Ол кезде ораза шілде айына дөп келетін. Нағыз жаздың ең ыстық һәм ең ұзақ кезі. 40 градус ыстықта 18…
Мына әңгімені жалғастырайын.

2014 жылы күзде Ерсін ұстаз қызметін Алматыға ауыстырды да, келесі жылы Erkinbek Shokai ұстаз тарапыны жалғыз өткізді. Ол кісінің ерекшелігі тарапыда хатымды баппен түсіретін, әр аятты , әрбір сөзді анық оқып, мәдтеріне дейін ұқыптылық танытатын. Сәйкесінше, тарапының ұзақтығы нәпсіге ауыр тисе де, рухани демалып қайтушы едік.

2016 жылы тарауихқа Түркиядан қари келіп , ұстаз екеуі бірге түсіре бастады. Ахилар 8 рәкәттың біткенін күтсе, біз он рәкәтты күтетін едік)) Себебі, алғашқы онын Қарекең, соңғысын түрік түсіретін. Неге күткенімізді түсінген шығарсыздар😂

Таң қаларлығы, Еркінбек ұстаз сол кезде Атырауда акиматта мемлекеттік қызметте еді. Мешіт имамы да, ұстазы да емес-тін. Бірақ сүйте тұра, Рамазанда жамағатқа тарапы түсіріп жүрді.

Одан бері диірменнің тасындай зулап жылдар өтті. Ұстаз НМУ-ға докторантураға түсті. Біраз жыл Алматының Бас имамы болды, кейін имамдықтан боса(тылы)п, ҚазҰУ-де марқұм шейх Дербісәлінің орнына қызметке тұрды.

Жақында ұстазға жазып, "қай мешітте тарауих өткізіп жатырсыз" десем, "биыл бала-шағама" дейді.😢

Шыны керек, кеудеме өксік тығылып, бойымды ашу кернеді. Өзге ұлт мұндай тұлғаларды төбесіне көтеріп, мешіттен төрін беріп, алақанында мәпелеп отыр.

Ал біздегі діннің сиқы мынау. Білдей қариын (жеті қырағаттың иесі ғой бұл кісі!) жерге ұрып, жұмысынан қудалап, шеттетіп тастады. Былай қарасаң Астанада Бас мешітте хатым түсіруге бірден-бір лайық тұлға ғой. Бүйткен "м.... сиейін!" дегің келеді мұндай да!😬
Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️ pinned «🌙 Қасиетті Рамазан айында Атыраудағы медресе құрылысына ат салысыңыз! Толық ақпарат: medrese-atyrau.kz Жұма қабыл болсын! 🤲»
- Пейішке барғым келеді...
- Жәннатқа ма?
- Киноға...

#әпендішілік
Осыдан 8-9 жыл бұрын ВК желісінде 150к оқырманы бар діни каналды жүргіздім. Ол кезде қазіргі біз сүйсініп жүрген діни ұстаздар мен толибтардың дені жоқ еді (Нұрсұлтан ұстазды, Нұрлан имамды, даже Ақатаевты ешкім танымады-ау)).

Әһлі сүннет бағытындағы медианың ақсап тұрған шағы. Fatua.kz-ке әлі төрт жыл бар. Діни калл-центрлер қалыптаспаған. Сол жылдары осы каналға Рамазанда ораза жайлы күн сайын ең кемі елу шақты сұрақ келетін.

Күн сайын мүмкіндігім (білім мен уақыт) жеткенше жауап беріп жүрдім. Арасында қызық сұрақтар келетін. Солардың біразын төменде сіздермен бөлісуді ұйғардым.

Көру үшін көк жазуды басыңыз
Тарауихты жылап оқу үшін намаз алдын медляк тыңдап, шеге терапиясын қабылдаймыз ба, қайтеміз?🥲

#әпендішілік
Романтикаға тойып алған бір әпенді желіге “Маған сәресіне оятатын жар керек” деп жазады.

Айналайын-ау, сенің шешең осы нәрсені 25 жыл бойы жасап келе жатыр ғой! Саған пока қатын керек емес. Саған әлі біраз есейіп еркек болып ес жию керек.

✍️ Мұхаммед Әслам

Әпендішілікке сала отырып орыс тілінен аударылды.
Үтірде "Раббәнә..." оқитындар тарауихта рукуғ қашан болады деп тұрасыздар ма?😅

#әпендішілік
"Раббәнә" оқитыным білініп қалмасын деп өтірік ауыз жыбырлатып тұратындар бар ма?😂

#әпендішілік
Рамазанда романтика тарауихтан кейін басталады..😅

#әпендішілік
❗️Біле жүріңіздер

Қадір түні оқылатын арнайы намаз жоқ!

Әр рәкәтында Қадір сүресін төрт рет қайталап оқылатын төрт рәкат намаз түрі қып-қызыл бидғат болып табылады!
Тасбих намазын жамағатпен оқу бидғат деп жазайын десем, өз мешітімде (уже) оқып жатыр екен...
Өзбектер Ораза Айтқа үш күн демалады екен. Сүйсініп-ақ отырмын...
Соңғы бес күнде хит боп жатқан үш музыка:

- Һәзә сәләәм...

- Тасып жатыр бойда батыр рух

- Қиын-қыстау қилы заманда...

Соңғысы уже ығырды шығарды))