Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
6.24K subscribers
167 photos
69 videos
3 files
131 links
📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym
Download Telegram
Соңғы тарапы... Соңғы тәспі... Соңғы сәресі...

Көңілің мұңданады екен...

Медляк музыкамен ойланып көріңіз, жүректі тербейді...
Айт құтты болсын, әпенділерім!

Келесі Рамазанға аман-сау жетейік!🤲

Алла елімізді түрлі сынақтар мен жамандықтардан сақтасын!

Асыл дініміз өркендеп дами берсін! Алла Тағала баршамызға амандық берсін!

Пітір беруді ұмытпаңыздар😊
Бір-біріне сай болды ма?😅
Мүфтият ЗАГС-те тіркелмеген некені "ХАРАМ НЕКЕ" деп жариялапты.

Менде сұрақ:

Тоқалы "азаматтық некеде" қаншама молда бар, еще біразы жасырын, олардың хәлі не болмақ?

Біздің некеміз харам екен деп бәйбішесінен басқасына талақ бере ме? Әлде бұл пәтуа молдалардың өзіне жүрмей ме?)

Әлде "біздің некемізді заңдастырсын!" деп шулаған тоқалдар митингін күтеміз бе?!

#парадокс
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түнгі өлең 🔞

Атырауды су басады деген суыт хабар шыққалы үш аптадан бері күні-түні Жайық жағасында құм толы қаптан дамба жасап, тау соғып жатырмыз. Жағалауда шабыттанып шыққан өлең бұл😅

Қатты сөге көрмеңіздер)
УМРАҒА ШОК БАҒАДА БАРЫП ҚАЙТУҒА БОЛАДЫ ЕКЕН! 🔥

Астана - Медина - Астана

90 336тг.
19.05 - 25.05 | https://avs.io/4vKs0
30.05 - 06.06 | https://avs.io/4vKRp
01.06 - 08.06 | https://avs.io/4vKFz
08.06 - 18.06 | https://avs.io/4vKJC
15.06 - 29.06 | https://avs.io/4vKLO
22.06 - 29.06 | https://avs.io/4vKNQ
Қазақ болу неге сонша қымбат?

Пиндошта 5-6мың теңгеге сатылып жатқан блокноттың сыртын қазақы стильде әрлеп, 45000 тг сатып жатқандарды көргенде, "ой, лібә, мыналарың қайтеді" дегің келеді-ай...

Қазақы дизайндағы шапандар 100к-дан қымбат тұрады, одан екі үш есе арзан бағаға сапалы костюм шалбар киюге болады.

Ұлттық менюлі ресторандағы орташа чек ең кемі 10-15к теңге тұрады. Ал одан екі үш есе арзан бағаға кез келген шығыс ресторанынан тыңқиып тамақ ішуге болады.

Бурабайға барып демалғаннан Антальяда теңіз жағасында коктейль ішіп жату да қалтаға анағұрлым қолайлы.

Қазақ өз елінде турист пе дерсің...
Қазір шүкір елімізде мешіт саны көбейіп келеді ғой. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, бейресми есеп бойынша елімізде 1 млн көлемінде намазхан бар екен. Орташа есеппен, үш жүз жамағатқа бір мешіттен келеді екен.

Негізі айтпағым бұл емес, басқа. Кейде ұстаздардан естимін, ислам елдерінде ерекше мешіттер бар:

Мысалы, бір мешіттерде бес уақыт намазда Құран хатым түсіріледі екен. Яғни, тек Рамазан тарауихында ғана емес, жайшылық бес уақыт намазда Құран толық хатым етіліп, жыл бойы үздіксіз жалғасып отырады екен.

Ал кейбір мешіттер, тарауихта ең кемі үш-төрт пара оқып, Рамазанда бірнеше хатым түсіреді екен. Ол мешітке ешкім 8 рәкәтқа бармайтын шығар (деп ойлап қоямын😁)

Елімізде де, әсіресе, біздің өлкеде сондай мешіттер болған да игі еді.

Әгәрәки,имам қуаты қолымда боп, қарилық нығметі бұйырып жатса, осы жүйені енгізуші едім деп қиялдап отырмын бәйбішенің шәйіне жайланған күйі...
AC⬆️ В⬆️ ВА⬇️

Егер мына жазу сізге таныс болса, онда сіз біздің дәуірденсіз😂

#әпендішілік
Әшейін де азанда оянып болмайтын Әмин бүгін өзі-ақ атып тұрды. Оған себеп, бүгін сыныптас қыздардан 7 мамырға орай сыйлық алады екен (по идеи ақшасын өзіміз жинадық 😁) Қандай сыйлық екенін бірақ білмейді.

Содан жаңа ұлымды сабақтан алып кетуге бардым. Шо ты, ұлым біртүрлі көңілсіз шықты. Сүйтсем, қыздар ұлдарға доп сыйлапты. Ал, Әмин басқаша сыйлық күткен. Үйінде өзінен басқа үш батыр балаға доп таңсық болып па? "Ожидание и реалность" болған ғой бір сөзбен😁

Содан ұлымды жұбатуға кірістім:

"Әмин, сыйлық ұнамады деп айтуға болмайды. Мүлдем сыйламағанда қайтер едің?

Вообще-то, 7 мамыр әскерге барып, шекара күзеткіндердің мейрамы. Сен түгіл, мен әкең, служить етпегенмін. Почти, бізге түк қатысы жоқ күн ғой...

Балам, біздің мейрам негізі 19 қараша, бірақ мұны даже еркектердің өзі білмейді. Біз сол күні сыйлық алып, демалып жатуымыз керек. Амал нешік..."

Баламды жұбатам деп мұңымды айтып кеткенімді байқамаппын😂

#әпендішілік
7 мамырды - Отан қорғаушылар күні емес, еркектердің құқығын қорғау күні деп өзгертсе әлдеқайда әділірек болушы еді...)

Әйтпесе, Отанды кім қорғамайды, қымызды кім ішпейді дейсің...

#әпендішілік
Біз, мұсылмандар ілім мен ғылымның амбассодоры болуға тиісті едік, өкінішке қарай, деңгейіміз төрт әйелдің амбассодоры болудан әрі аспай тұр...
Аюға намаз үйреткен таяқ дейтін тәмсіл бекер емес.

Кейде сөз ұқпайтындарға бір-екі шапалақ он уағыз бен бес насихаттан анағұрлым тиімді әсер етеді.

Біздің ауылда да сондай бір сырттан келіп бизнес жасап жүрген приезжий ахилар болатын.

Әлгі ахижандар мешіт имамы мен жергілікті жамағат талабына көнбей қиғылық танытып жүрген-ді.

Бізде де мінезді жігіттер жетерлік қой, ақыры қоймағасын, бір күні кешке намаздан кейін шапалақтарын беріп жіберіпті.

Келесі күні әлгілер сап тиылды.

Так что, кейде "мужской диалог" қажет кездер болады)
Кешегі мешіт видеосына қатысты бес теңгемді тағы бір қыстыра кетейін.

Ең бірінші мәселе, бұл видео әлеуметтік желіде тарамауы тиіс еді. "Қол сынса жең ішінде, бас сынса бөрік ішінде" демекші, айдаладағы бір ауылдың мешітіндегі оқиға дүйім елге тарап, дін мен имамдар сынның астында қалмауы керек-ті.

Алайда, жергілікті мешіт қызметкерлері мұны дер кезінде бағамдап үлгермесе керек.

Екінші мәселе, ахилардың үлкенді сыйлау, жасы үлкенге құрмет қылу деген адами һәм қазақы болмыстан ажырап бара жатқандығы.

Видеоға қарасаң, имам ана кеудесіне қолын қойып, керіле намаз оқып тұрған жігіттің әкесі болмаса да ағасымен жасты екені анық.

Бірақ, жасы үлкен ғой деп қыстырып тұрған ахи жоқ.

Үшіншіден, әминді сырттай айтқаннан құлшылығың кеміп қалмасы анық. Әйтсе де, мешіт пен жергілікті жамағаттың ханафи мәзһабымен оқитындығын біле тұра, имамның ескертпесіне қарамастан, ана ахидыі әминді сырттай айтуы - сол мешіт пен жамағатқа деген үлкен құрметсіздігін көрсетті.

Түйіні, мемлекет сәләфизмге заңмен тыйым салмаса, жамағат оларға осылай қолмен тыйым салуы бола бермек...
Маған, бір кісілер "сіз фитнашысыз немесе бүлік тудырасың" деп пікір жазады. Бірақ, салыстырмалы түрде қарасақ, дін туралы еркін ой қозғап, ашық пікір жазатын канал жоқтың қасы екен. Әрісі мен пікір өшірмеймін. Өз ойыма қарсы ой айтуға мүмкіндік беремін.

Так что мені бағалаңыздар😅. Әйтпесе, пікір алаңын жауып, тек позитивті реакция қалдыратын канал жасап алу түк қиын емес)
"Әмин" жайлы бір оқиға

Өзге өңірді білмедім, біздің Атырауда ахижандар өте көп-тұғын. Осыдан он жыл бұрын қалада бірде-бір ханафиі жоқ мешіттер болды (қазір, шүкір). Намазда жамағат "амиин" деген де, мешіт Меккедегідей жаңғырып, күмбездің өзі бір селк ете қалатын.

Бізде "әмин"-ге қатысты разборкалар мешіт ішінде де, сыртында да бола беретін. Шүкір, ешкім төбелеспеді әйтеуір. Әлі де кей мешітте боп тұрады.

Ахижандарға намазда "әмин"-ді сырттай айтқызбаудың түрлі методын көрдім. Бірақ мынау мен көргендердің патологі болды.

Біздің мешітте қызметкер ағамыз бар, жезде деп әзілдесеміз. Аздап әпенділігі бар кісі.

Бір күні кешке құптанға келіп, артқы сапқа қосылдым. Қарасам, жездем әлі намазға кірмепті. Сірә, кім әминді сырттай айтар екен деп бақылап жүрсе керек деп топшыладым.

Имам Фатиха оқып жатыр.

"... Сиратал-ләзиинә әнғәмтә ғәләйһим
Ғайрил-мағдууби...

- дей бергенде, желкемнен:

- Іштен айт, іштен айт! - деп айқайлаған жездемнің даусы шықты😅

Намазым бұзылуға сәл қалды)
Егер қайбір өнер жұлдызының діни эволюциясын қарасаң, намазға келгесін иегіне сақал біте бастайды. Біраздан кейін умрада жүреді. Кейін түрлі подкастта діни әңгіме, арасында төрт әйел жайлы айта бастайды. Соңында жыныстық белсенділікті көтеретін витаминдер мен аяққа арналған массажер жарнамалап кетеді екен..😂
Forwarded from Orientalist's Notes
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыз қазақ па? | 1-бөлім

Соңғы уақытта осындай жаңалық тарап, қазақтілді кеңістікті шарлап өтті. Әлбетте, тамаша жаңалық! Біз қазақ, мақтанғанды сүйеміз, абырой көреміз, өзі солай-ақ та! (Онда тұрған не бар дерсің?!)

Күшті емес пе, әлемдік деңгейдегі тұлға - ұлты қазақ.

Ертең Шымкентте болатын жаңа мешіттің ашылуына да шапан жауып алдырттық.

[Шейх Осман Тоһә кім екенін білмесеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Содан, Осман Тоһә атамыздың қазақ екені бір видеодан мәлім болды, жан-жаққа тарқады. Ешкім фактчек жасамастан, соған нана кетті.

[Ол қандай видео десеңіз, оны да келесі сілтемеден көріңіз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Видеода, бірақ қазақша сөйлеп тұр емес пе?!

Шейх 1934 жылы бүгінгі Сирияның Хәләб (Алеппо) қаласында, Санди деп аталатын ауылда дүниеге келген. Ал ол Санди - түркімен ауылы боп табылады. Жалпы, Сирияда араб пен күрдтен соң түркімен 3-орында (саны жағынан). Олардың басы Шам өлкесіне Зенкилер дәуірінде келе бастаған (тарихтан қараңыз).

“Түркімен” деп арабтарда, ертеде Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарын айтады. Сөздің өзі “Түрік” және “Иман” сөздерінің қосындысы. Уақыт өте кез-келген қос сөз ассимиляцияға ұшырайды, содан да бұл сөз “Түркімен” боп қысқарған.

Ғасырлар өтіп сол аймақтарда ұрпақтары қалған соң, жаңа бір этникалық топ секілді қалыптасып қалған, ал шынында түбі бір түрік халықтары.

Құрметті шейхіміз Осман Тоһә - сол Хәләб түркімендерінен. Бүгін сол шейхтің әйелі мен туған қызына аударма жасап, жандарында болған ұстаз, 10 қырағат иесі - Шоқан қарекең де осы сауалды сұрағанын айтты, әйелі де, қызы да түркімендерденбіз деп растаған.

Иә, түбіміз бір, бір тармақтанбыз, алайда қазақ деп жібере салу қаншалықты дұрыс?!

Осы принциппен шейх өзбек те бола алады, Ашхабад түркімені де бола алады, қырғыз да бола алады, ноғай да бола алады… Бәріміз түрікпіз (түркі)!

Шейхтің өзі 90-ды алқымдап қалған, содан да ақырын сөйлейді және кей сөздерін біздің қазекеңдер жаңылыс түсініп қалған көрінеді.

“Аталарым Түркістаннан келген” деген көрінеді шейх…

Енді осы “Түркістан” атауын талдап жіберейік.

1) Түркістан - көне қала атауы (біздің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрған).

2) Түркістан - бүкіл түрік (түркі) халықтарына ортақ тарихи мекен атауы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және оның ішінде Қарақалпақстан, Түркіменстан - бұл Батыс Түркістан.

3) Ал енді Қытайдағы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы және маңындағы аймақтар - Шығыс Түркістан (ол да кәдүгіндей үлкен территория). Шыңжаңда ұйғырлардың тұратынын білеміз, алайда Батыс Түркістандағы халықтардың да көп бөлігі Шығыс Түркістанда бар.

4) Оңтүстік Түркістан деген де бар (Ауғанстанның солтүстігі), олар саяси тұрғыдан бізден бөлініп қалған. Бүгінде Ауғанстан жерінде көптеген түркі халықтарын кездестіре аламыз (өзбек, түркімен ж/е т.б.)

5) Еділ (Волга), Жайық (Урал), Қырым, Солтүстік Қауқаз (Кавказ) Қобан (Кубань), Дон, Днепр, Днестр, Дунай - осылардың бәрінде түркі халықтары н/е түркі халықтарының ізі бар.

Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) аталарының Түркістаннан келгенін айтса, Шымкент жақтағы Түркістанды меңземегені анық.

Википедияның ағылшыншасында “Nationality” деген жерге біздіңкілер “Qazaq” деп жазып кетіпті…😂 иә-иә, Википедияда өзің кіріп редакция ұсына аласың. Оны біздіңкілер жасағанын қайдан білдім? Өңделген өзгертпелердің мұрағатын көру мүмкіндігі бар. “Last edited” деген тұсы 1 ай бұрын деп тұр, яғни, соңғы рет бір ай бұрын өзгеріс еңгізілген.

Мақтануға келгенде жан салмаймыз алдымызға!😂

Біреу “Don’t change the page without proof” деп жазған, сонда қазақтар қайта-қайта кіріп “Qazaq” деп өзгерте берген ғой…😁 Бұл енді қате! Олай жасаған дұрыс емес!

Бір қазақ оларға ағылшынша жауап беріп қойыпты “Қазақ халқын көре алмайтындардың бүлдірген бетін қайта туралап қойдым” деп…😅 (до конца қырылған ғой, уопшым).

#панказахизм
Forwarded from Orientalist's Notes
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) қазақ па? | 2-бөлім

Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыздың (иә, түбі бір түркі атамыз деп мойындаймын) Қазақстанға келуі, жаңа мешіттің ашылуына қатысуы үлкен шарапат, береке, Алланың бізге берген нығметтерінен.

Қасиетті Алланың кәләмін жазған мүбарак қолдарын сүю - құптарлық іс, Алла Тағала бізге де көрісуді жазсын, қолын алуды, батасын алуды нәсіп етсін.

Қазақстанды “Атажұрт” дейді, иә, солай. Түркия президенті - Эрдоған көкеміз де солай айтады. Түрік (түркі) халықтарының асыл мекенінде қалғанбыз біздер.

Алайда шейхті “қазақ” деп жар салып, негізсіз, дәйексіз ақпар таратуға қарсымын.

“Шыңғысхан қазақ болған” деген секілді панказахизмді қою керек ау… тарихта өтіп кеткен Шыңғысханды қайтеміз, көзі тірі адамды қазақ қылып жіберіп жатқанымызда…

Ешкімді күстаналау мақсатымда жоқ, керісінше, шейхтің Қазақстанға келуіне себепкер болған видеодағы ұстазға да, басқа кісілерге де Алла разы болсын! Үлкен еңбек, оны мойындаймыз!

#панказахизм
Ахиды жамандама, ахи бала
Ахидың жанашары ахи ғана
Аспандағы Ай асты, Жер үстінде
Ахилар бірге мәңгі бақи ғана!

(с) Ахижандар әні