OTYRAR QAZ
424 subscribers
988 photos
632 videos
22 files
980 links
«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат

WhatsApp: +7 747 996 82 19

сайт: kz.otyrar.kz

instagram.com/otyrarkz

youtube.com/c/tvotyrar
Download Telegram
​​#тағайындау

Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы болып Ұлықбек Мылтықов тағайындалды

Толығырақ
kz.otyrar.kz жаңалығы 👈
OTYRAR QAZ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.
#тағайындау
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
#тағайындау

ҚР Ішкі істер министрі болып
Марат Мұратұлы Ахметжанов тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болды.
#тағайындау

Олжас Абайұлы Бектенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін осы агенттік төрағасының бірінші орынбасары болған.
#тағайындау

Берік Ноғайұлы Асылов ҚР Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды.
Ол бұған дейін ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары болды.
#тағайындау
Кентау қаласының әкімі тағайындалды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды. Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының
тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді. 100 мыңнан астам тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Рашид Аюпов аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта Кентау қаласының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынына уәде берді.

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған. 2019 жылғы шілде айынан 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды. Өткен жылдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.
#тағайындау
Жамбыл облысының әкімі ауысты

Жаңа әкім болып Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов тағайындалды.
Ол бұған дейін облысты басқарған Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болған.
#тағайындау
Қызылорда облысының әкімі ауысты

Енді облысты Нұрлыбек Нәлібаев басқарады.
Ол Гүлшара Әбдіхалықованың орнына тағайындалып отыр.
#тағайындау
Атырау облысының әкімі ауысты

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ол бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған.

Бүгінге дейін Атырау облысын басқарып келген Махамбет Досмұхамбетов облыс әкімі лауазымынан босатылды.
OTYRAR QAZ
Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов денсаулығына байланысты қызметінен кетті Бұл ақпаратты Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасы растады. Ол аудан әкімі қызметіне 2019 жылғы тамызда тағайындалған болатын. Әзірге Қаратау ауданы әкімінің…
#тағайындау
Шымкент қаласының Қаратау ауданына әкім тағайындалды

Енді ауданды Рахымберді Жанысбекұлы Мүлкеманов басқарады.

Туған күні: 17.04.1975
Туған жері: Алматы қ.
Білімі: жоғары

1992-1997 жж. Қазақ Аграрлық Мемлекеттік университеті.
1998-2000 жж. Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық университеті.
2004-2006 жж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ.

Мансап:
1997 жыл - «Қырғызмұнайзат» МАҚ-ның Токмак мұнай базасының экономист-менеджері.

1999-2009 жж. - Жеке секторда жауапты және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2009-2010 жж. - Түркістан қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

2010-2012 жж. - Түркістан қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

2012-2016 жж. - Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2016-2017 жж. - ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2017-2018 жж. - ОҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап, бүгінгі дейін Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған.
#тағайындау
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.
Ол бұған дейін ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып келді.

Айтпақшы, Тамара Дүйсенова бұрын бірнеше рет осы министрлікті басқарған.
ағайындау
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы лауазымына Әбунасыр Шарифуллаұлы Жанбатыров тағайындалды

Ол бұған дейін осы басқарма басшысының орынбасары болған.

Жалпы ақпарат, білімі:
Туған күні: 22.03.1989 ж.
Туған жері: ОҚО, Арыс ауданы.
Білімі: Жоғары.
Оқу орнының атауы: Алматы технологиялық университеті АҚ-Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис, Халықаралық бизнес университеті-Экономика ғылыми-педагогикалық бағыты.

Мансап жолы:
01.09.2007-01.04.2010 ж.ж.- «Акшам» ассоциациясының менеджері.
30.04.2010-29.07.2011ж.ж.- ЖК «Технолаб» менеджері.
04.08.2011-20.02.2012 ж.ж.- «ДС-Транс» ЖШС инженер-механигі.
04.04.2013-30.01.2015 ж.ж.- Директор ТОО «Monolit Capital Consulting».
29.08.2016-09.02.2017 ж.ж.- ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының экспортты жылжыту және инвестиция тарту бас маманының міндетін атқарушы.
09.02.2017-03.01.2018 ж.ж.- ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының экспортты жылжыту және инвестиция тарту бас маманы.
03.01.2018-24.09.2018 ж.ж.- Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің бас маманы.
27.09.2018-19.02.2019 ж.ж.- Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мал шаруашылығы, кооперация және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы.
19.02.2019-07.03.2019 ж.ж.- Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының инвестициялық жобаларды қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, кооперация және экспортты арттыру бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы.
07.03.2019-02.06.2020 ж.ж.- Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының инвестициялық жобаларды қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, кооперация және экспортты арттыру бөлімінің басшысы, Шымкент қаласы.
02.06.2020-бүгінге дейін - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.
#тағайындау
Шымкент қаласында Абай ауданының әкімі лауазымына Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы тағайындалды

Бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болған.

https://t.me/OtyrarQaz

жалғасы ⬇️
#тағайындау
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі лауазымына ұсынылған Әзімбек Пазылбекұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың жаңа басшысына Түркістан қаласын дамыту, Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік және экономикалық әлеуетін көтеру бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

https://t.me/OtyrarQaz
#тағайындау
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Аппарат мәжілісінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарды таныстырып, Түркістан облысын дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

https://t.me/OtyrarQaz