OTYRAR QAZ
437 subscribers
738 photos
592 videos
22 files
694 links
«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат

WhatsApp: +7 747 996 82 19

сайт: kz.otyrar.kz

instagram.com/otyrarkz

youtube.com/c/tvotyrar
Download Telegram
Шымкенттің Тұран-2 шағынауданында жаңа стадионның құрылысы бастады

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты.

Сыйымдылығы 35 мың орындық аренаның аумағы 21 гектарды алып жатыр. Жоспарға сәйкес, стадион құрылысы 2026 жылы аяқталады.
Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге қойылатын УЕФА талаптарына сай болады екен.

Қазір Шымкентте 1969 жылы салынған Қажымұхан атындағы орталық стадион бар. Бұл стадион 18 мың орынға лайықталған.

https://t.me/OtyrarQaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте Қырғы базар маңындағы «Көл» демалыс аймағы ашылды

Жергілікті тұрғындар «Көл» деп атап кеткен демалыс аймағы пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанға барып, тұрғындармен кездесті.

Жылдар бойы қараусыз қалған аумақ заманауи талапқа сай абаттандырылып, халықтың серуен алаңына айналған. Қала әкімінің тапсырмасы аясында нысанды қалпына келтірді.
Көлдің түбін тазалап, айналасын абаттандырды. Көгал аумаққа озық үлгідегі жарық жүйелерін жүргізді. Су қоймасын толтырып, субұрқақтарды іске қосты.

950 шаршы метрге аумаққа бетон төсеп, 350 шаршы метр
гранитті ауыстырды.
Бұл жұмыстар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жасалған.

Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, демалыс аймағын таза ұстап, ұқыпты қарауға шақырды.

https://t.me/OtyrarQaz
#тағайындау
Шымкент қаласында Абай ауданының әкімі лауазымына Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы тағайындалды

Бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болған.

https://t.me/OtyrarQaz

жалғасы ⬇️
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы әкімі лауазымына Сұлтанхан Шәкір Асылханұлының кандидатурасын ұсынды. Кандидат депутаттарға өз жоспарын таныстырды. Мәслихат депутаттарының барлығы ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Шәкір Сұлтанхан 1971 жылы дүниеге келген.
М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар» академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 22 жылдан асады. Алматы қалалық ішкі істер органдарында, Алматы қалалық Әділет басқармасының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, бас маман, бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша Әділет басқармасы және Алматы қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары, Тіркеу қызмет комитетінің Алматы облысы бойынша  жылжымайтын мүлік орталығының директоры, Алматы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.

Бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болған.

https://t.me/OtyrarQaz