Adal Sot
404 subscribers
231 photos
1 video
1 file
75 links
Информация на данном канале предоставляется мониторами- наблюдателями в судебных заседаниях Коалиции по вопросам безопасности и защиты правозащитников
Download Telegram
2021 жылғы 8 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының судьясы К.Дуйсембиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық туралы Зубайда #Сейдахметова қатысты қылмыстық іс құжаттарын қарады.
Сот құрамында төрағалық етуші судья К.К.Дуйсембиев, сот отырысының хатшысы Б.Рымгалиева болып, мемлекеттік айыптаушы – Есіл аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры А.Омардың, жәбірленушілер М.Т.Өтептің, Ә.Артықбайдың, Е.Мәлікұлының, М.Рахметулланың, сотталушы Зубайда #Сейдахметова, қорғаушы – адвокат М.А.Доскараевтың қатусыларымен, ашық сот мәжілісінде, бейнеконференцбайланыс арқылы іс қаралды.
З.К.Сейдахметоваға қатысты ҚК-тің 378-бабы 2-бөлігі бойынша 2 істі бiр iс жүргiзуге сот бiрiктiруді шешті.
Сот кезінде З. Сейдахметоваға байланысты видеодәлелдер көрсетілмеген.
Процеске қатысушылардың өтінішхаттары келіп түскен және істің мән-жайын қосымша анықтау қажет болғанға байланысты қарау мерзімі 2021 жылдың 15 ақпанына ұзартылды.
2021 жылы 15 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 сотында қылмысық іс қарастылды. Сот төрағасы К.Дуйсембиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық қылық туралы Зубайда #Сейдахметова қатысты қылмыстық іс-құжаттарын қарады.
Ашық сот мәжілісінде, бейнеконференция арқылы іс қаралды. Сот төрағасы қатысушылардың тізімін айтып кеткен жоқ. Бақылаушыны ешқандай кедергісіз қосты.
Сағат 15:08 - де басталып, сот төрағасы істің фабуласын айтып шықты. Қатысушыларға алдынғы сот отырысында татуласуға берілген уақыты туралы сұрады. Бірақ қатысушылар татуласқан жоқ. Сот барысында сотталушы татуласуға дайын болды, жәбірленуші келіскен жоқ. Сот барысында, қорғаушының сұрауымен қысқа үзіліс жарияланды.

Сот кезінде З. Сейдахметоваға байланысты видеодәлелдерді сот қарап өтті, бірақ қатысушыларға көрінген жоқ. Сот барысында қатысушылар ешқандай өтініштерді мәлімдеген жоқ.
Сөз жарысына дайындалуға қатысушыларға уақыт берілгендіктен, қарау мерзімі 2021 жылдың 17 ақпан сағат 10:00-ге дейін ұзартылды.
Сот отырысы барлық талаптарға сай болғанын атап өту керек.

Сот төрағасы – Дуйсембиев К.К.
Сот хатшысы - Б.Рымгалиева
мемлекеттік айыптаушы – Есіл аудандық прокуроры А.Омар
жәбірленуші – Утепов М., Артықбай Е.
куәгер – Бижанов А.Е.
сотталушы - Зубайда #Сейдахметова
қорғаушы – адвокат М.А.Доскараев
Бақылаушы – Каримов Д.
2021 жылы 17 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 сотында қылмысық іс қарастылды. Сот төрағасы К.Дуйсембиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық қылық туралы Зубайда #Сейдахметова қатысты қылмыстық іс- құжаттарын қарады.
Ашық сот мәжілісінде, бейнеконференция арқылы іс қаралды. Сот төрағасы қатысушылардың тізімін айтып кеткен жоқ. Бақылаушыны ешқандай кедергісіз қосты.
Сағат 10:00 - де басталды. Сот төрағасы Қатысушыларға адвокат сараптаманы тағайындау туралы өтініш жібергенін хабарлады. Өтінішті қарастыру үшін Сот төрағасы кеңес бөлмесіне кетті. Сот шешімімен бұл өтінішке бас тартылды. Адвокат пен сотталушы келіскен жоқ. Сот барысында қатысушылар басқа ешқандай өтініштерді мәлімдеген жоқ.
10:35 – те жарсы сөзге көшердің алдында, Сот төрағасы тергеу аяқталуына қатысушылардың қарсылықтарын сұрады.
Айыптау актісін оқығаннан кейін, қатысушыларға сөз берілді. Сейдахметова соңғы сөзінде ешкімді ренжіткісін келмегені туралы айтты.
11:07 – де Сот төрағасы кеңес бөлмесіне кетті.
11:47 – де Сот Сейдахметованы 80 сағат қоғамдық жұмыстарға үкім шығарды. Сейдахметова сұрақ қоюға үлгірген жоқ, сот отырысы аяқталып кетті.
Сот отырысы барлық талаптарға сай болғанын атап өту керек.

Сот төрағасы – Дуйсембиев К.К.
Сот хатшысы - Б.Рымгалиева
мемлекеттік айыптаушы – Есіл аудандық прокуроры А.Омар
жәбірленуші – Утепов М., Артықбай Е.
куәгер – Бижанов А.Е.
сотталушы - Зубайда #Сейдахметова
қорғаушы – адвокат М.А.Доскараев
Бақылаушы - Каримов Д.


#AdalSotKZ