Zerdeli.kz
255 subscribers
60 photos
15 videos
4 links
Download Telegram
Зерделі білім орталығының директоры Рысбек Мәуіт, Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мырзамен кездесіп, көптеген сұрақтарды талқылады.

📌Біріншіден, қосымша білім беру орталықтары және жеке меншік білім ұйымдары керек және халық өз таңдауы бойынша баласын оқыта беруі керек.

📌Екіншіден, бағалау жүйесіне өзгеріс керек. Әсіресе, тәуелсіз бағалау жүйесін қалыптастыру керек.

📌Үшіншіден, бір тұтас оффлайн оқу жүйесіне көше алмасақ, онлайн мен оффлайн кіріктірілген оқу жүйесін іске асырып көруге болады.

📌Төртіншіден, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды. Жаңартылған білім мазмұны кіруіне байланысты мұғалімдердің өздері де түсінбейтін семинарлар көп. Бірақ оқулықтардың өзгерісіне байланысты нақты өз кәсібінен дамытатын курстар керек.

2023 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу көзделген.

Министрдың айтуы бойынша, осындай кездесулер үнемі ұйымдастырылып тұрады😃
Уақытты тиімді пайдалану – табысқа жетудің кепілі

Сіз оқу, жұмыс барысында, көбіне тәулігіне 24 сағат жетіспейтін сияқты сезінесіз бе?☹️

Оқуда жетістікке жетіп, өзініздің хоббиға және достарыңызға уақытты бөлуге үлгергіңіз келеді ме?

Жауабыңыз иә болған жағдайда, біз тек сіздер үшін уақытты тиімді пайдаланудың ТОП 3 жолдарын назарларыңызға ұсынып отырмыз 🤩

1. Уақытты үнемдеудің негізгі жолы – жоспарлау. Бір күнге немесе тіпті бүкіл аптаға жоспар құрыңыз. Мысалға, бүгін кітаптың 3 тарауын оқып, жаттығу жасап, үй тапсырмасын аяқтауды мақсат етіп қойыңыз. Алдын-ала жоспар құрып, оны ұстанатын болсаңыз, уақытыңызды босқа кетірмейсіз. Осы шеберліктің арқасында сіз жоспарларыңыздың жүзеге асып жатқанын байқайсыз 😃

2. Ең бастысы - бастау. Бізді баяулататын бірінші мәселе - бұл басталмаған іс. Мақсатқа жетудің ең жақсы тәсілдердің бірі - бастау. 👍🏻Мысалға, егер сіз шығарманыздың 2 сөйлемінен жазып бастасаңыз, шабыт келгенін өзініз-ақ байқай аласыз. Бастауға қорықпай, жалқаулығыңызды жеңіңіз!

3.Сізге ұзақ мерзімді перспективада неғұрлым маңызды істерді анықтап алыңыз. Сіз үшін не маңызды болатынын білсеңіз, (мысалы, 30 минут ішінде ағылшын тілінде 5 сөзді үйрену ме, әлде әлеуметтік желіде 2 сағатты өткізу ме), сіз уақытыңызды өнімді өткізе аласыз. Сізге ұзақ мерзімді перспективада неғұрлым маңызды екенiн анықтаңыз. Шет тілін меңгеру ме немесе виртуалды өмірде уақытты өткізу ме?🤔

Ата-аналардың әсері де өте маңызды. Балаңызды мәжбүрлеудің орнына, керісінше, балаңыздың білім алуы үшін барлық қолайлы жағдайларды жасауға тырысыңыз.

Өзіңізге және өз жетістігіңізге сеніңіз! 🤗

Жақында бізде оқудағы тиімділікке қол жеткізуге арналған қосымшалар туралы пост болады, сондықтан бұл жазбаны ескерту ретінде сақтаңыз!

Ал сіз уақытты тиімді пайдалануға көмектесетін әдістерді білесіз бе? 🤔
Комментарийға жазып кетіңіздер👇🏻
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 🎥

Қазіргі уақыттағы онлайн білім беруге халықтың көзқарасы қандай? Еліміздегі онлайн сабақтардың басты кемшіліктері неде? Ата-аналар онлайн туралы не айтады? Шын мәнінде біз онлайн білім алуға, білім беруге, онлайн оқу мәдениетін қалыптастыруға дайынбыз ба? 🤔

Ертен болатын тікелей эфирге қосылып, осы сұрақтарга жауап алыңыз 🤗

Ертең, яғни жұма күні сағат 21:00 де «Зерделі» онлайн мектебінің директоры Жансая Серікқызымен тікелей эфирде онлайн кездесу болады! 🎉

Қатысып, онлайн оқу туралы қызықты ақпарат алыңыз 😃
Қымбатты достар,

"Zerdeli digital" бөлімінің білікті дизайнер мамандары EXPO қалашығындағы Astana Hub @astana.hub кешенінде оффлайн форматта дизайнерлік курс өткізеді 🎉

Курс барысында:

🔸Графикалық редакторлармен жұмыс;
🔸Иллюстрациямен жұмыс;
🔸Полиграфиялық дизайн;
🔸Брендинг;
🔸Әлеуметтік желілер дизайны бойынша сабақтар өтіледі.

Курста үйретілетін негізгі бағдарламалар:

🔹Adobe Illustrator;
🔹Adobe Photoshop;
🔹Adobe InDesign;
🔹Adobe Premiere;
🔹After Effects.

Курсты толық аяқтаған оқушылар графикалық дизайнның базалық білімін алып, инстаграм парақша дизайнын жасаудан бастап өз портфолиясын қалыптастыруға мүмкіндік алады.

📌Курс 1 ақпан күні басталып, 2 ай бойы өтілетін болады.
Аптасына 3 рет, 2 сағат.
1 ай курстың бағасы 62 000 теңге. Astana Hub кешенінің арнайы жеңілдігі бойынша алғашқы 5 жазылған оқушыға курстың бағасы 40 000 теңге.

Курсқа жазылу үшін дайректке жазыңыз немесе ☎️ 8775 782 87 68 номер бойынша қоңырау шалыныз.

@astana.hub #astanahub
Зерделі ұстаз-Асқар Сыздықов

Қымбатты достар, бүгінгі айдарымыздың қонағы Асқар Сыздықов! Асқар ағай «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының үздiк мұғалімдерінің бірі 👨🏻‍🏫

Математика пәні мұғалімі Асқар Cыздықов «Зерделі» орталығында 6 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан білікті маман.

Асқар ұстазымыз
🔹2018 жылы математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің I қалалық шығармашылық байқауында I дәрежелі диплом иегері;
🔹2019 жылы математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің VII халықаралық шығармашылық байқауында II дәрежелі диплом иегері;
🔹2019 жылы математика пәні мұғалімдерінің I республикалық шығармашылық байқауының III дәрежелі диплом жүлдегері.

Сыздықов Асқар дайындаған шәкірттері дарынды балаларға арналған мектептерге жоғарғы ұпаймен қабылдануда.

✔️Оқушыларымыз Асқар ағайдың сабақты қызықты және көңілді өткізетіндігін жоғары бағалайды.

«Зерделі»- сапалы білім мен үздік нәтиже кепілі.
НЗМ-ГЕ ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚУАНЫШТЫ ХАБАР 🥳

Назарбаев зияткерлік мектебінің қабылдау емтиханында жоғарғы ұпай жинауды қалайсың ба? 🤩

Онда сенің арманыңа жетуіңе көмектесетін керемет құрал Get Ready кітабымен таныс бол!

«Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығында қызмет ететін "Болашақ" бағдарламасымен шетелден оқып келген ағылшын тілі мамандары мен қазақ тілі мамандары арнайы зерттеуден өткізіп, жаңа әдістемеге сай GET READY атты кешенді оқу құралдарын дайындады.

📌Get Ready оқу құралы кімге арналған?

📚Тек НЗМ ғана емес БИЛ, РФММ қатарлы дарынды балаларға арналған мектептерге тапсырушыларға;

📚Мектептегі ағылшын тілі деңгейін көтергісі келетіндерге.

📌Get Ready оқу құралының артықшылығы:

1. Ағылшын тілін қазақ тілді және орыс тілді үйренушілерге бірдей пайдалану үшін құрастырылған;

2. Қызықты ойын түріндегі тапсырмалар арқылы оқушының логикасын, сыни ойлау қабілетін арттыруға және сөздік қорын молайтуға бағытталған;

3. Get Ready оқу құралығында барлық сурет пен анимация "Зерделі"-нің дизайнер, иллюстратор мамандарының авторлық өнімі болып табылады;

4. Алты жыл бойы жинақталған тәжірибелер негізіндегі үздік методикамен жазылған және Cambridge стандарттарына сай B1 деңгейінде жасалынған.

📌Қалай тапсырыс беру керек? @zerdeli.kz парақшасына direct-ке жазыңыз немесе ☎️ 8 775 782 87 68 номер бойынша қоңырау шалыңыз.

🌍Қазақстанның кез-келген аймағына жеткізіп береміз.
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 🎥

📌Баланың бағын байлама

Эфирді бұлай атауымыздың себебі неде?🤔

Құрметті ата-аналар, сіз балаңыздың дарынды екенін қалай тануға болатындығын білесіз бе? Баланың дарындылығы мен талантын дамытудың қандай жолдары бар? Егер сіздің балаңыздың кез-келген мамандықты игеруін, сол мамандықтың кәсіби адамы болып, өз саласын терең меңгергенін қалайсыз ба? Ол үшін не істеу керек? Бұл үшін ең маңызды фактор - ол баланың логикалық қабілеті. Логикалық қабілеті дамыған бала кез-келген пәнді жақсы меңгеріп, өзінің сыни ойлау қабілетінің арқасында өмірдегі кез-келген мәселені шешуде де қабілетті болатындығын сіз білесіз бе? 😃

Осы тақырып сізді қызықтыратын жағдайда, ертең, яғни жұма күні сағат 21:00-де "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының білікті ұстаздарының бірі, оқушыларды логикалық және олимпиадалық бағытта дайындап жүрген танымал мұғалім Нұрланбек Табысұлымен болатын тікелей эфирді өткізіп алмаңыз❗️

Қатысып, көкейіңізде жүрген сұрақтарға үздік маманнан жауап алыңыз!✔️
Қымбатты достар,

Біз сіздерге арнайы пайдалы қосымшалар топтамасын жинадық. Жоғалтып алмау үшін, сақтау батырмасына басыңыз

1. Ескертпе:
- Onenote
- Notion
- Google Keep

2. Еске сақтағыш:
- Google Calendar
- Alarmy

3. Концентрацияға арналған қосымшалар:
- Focus-to-Do
- Plantie

4. Оқу жоспарлаушылар:
- My Study Life
- My Homework Study Planner

Барлық аталған қосымшалар play market және app store платформаларында тегін болып табылады 🤩

Өз оқуынызды және өмірінзді осы қосымшалар арқылы жеңілдетіңіз!🙂

Сізде осы қосымшалардың қайсысы бар?🤔
ҰБТ-ҒА 100% ДАЙЫН БОЛУҒА 2 МҮМКІНДІК

Ата-аналар мен жас түлектердің назарына!

ҰБТ-да жоғары ұпай жинап, жоғарғы оқу орнында грант иегері болуын қалайсыз ба? 🤩Өзіңіздің біліміңізге қалай 100% сенімді болуға болады? Ұлттық тестілеуге толықтай дайын болу үшін қандай әдістерді қолдану керек? 🤔 Енді қалған 3-4 ай уақытты қалай тиімді пайдаланып, жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге болады?

Осы сұрақтар сізді мазалайтын жағдайда, ертең, яғни жұма күні сағат 21:00-де “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының ҰБТ бөлімінің атқарушы директоры, мастер педагог және ұзақ жылдық тәжірибелі ұстаз - Нұрбай Нұрсапамен тікелей эфир өтетін болады! 🤩

🎥Эфир ҰБТ-ға 100% дайын болуға 2 мүмкіндік туралы болмақ

Қатысып, өзіңізді қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап алыңыз
💥Zerdeli online мектебінің миссиясы 💥

😋Сәлем, достар! Сендермен бірге Zerdeli online🙋🏻‍♀️🙋🏻‍♂️

🦠COVID-19 әсерінен оқушылар онлайн оқу форматына көшу қажеттілігі пайда болды. Бұл сабақ материалын дұрыс түсінуге, білім алуға кедергі келтірді.

💥Осыған байланысты Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебі 7 жылдық тәжірибиесін пайдаланып, балаларға сапалы және пайдалы білімді онлайн беруге көз салды.

Біздің мақсатымыз🎯:

⁃ Білім беруді цифрландыру💻
⁃ Сабақты қызықты және сапалы жүргізу😊
⁃ Оқушыларға білім алуға ынталандыру👍🏻
⁃ Онлайн офлайннан кем еместігін дәлелдеу🙌🏻

🧐Сіз онлайн оқуға қалай қарайсыз?
подарок
подарок
Привет. Ты помнишь, что для получения приза нужно быть подписанным на нашу страничку? 😉