KUIEUIME💌
483 subscribers
365 photos
49 videos
5 files
20 links
идеи для свидания, мысли, парные хотелки

когда нибудь кто то поймёт по моему телеграмму что я хочу😄
Download Telegram
Forwarded from yasina
Балаға Құран жаттату жолында

1. Құран жаттату әдісін әрбір ата-анана өз баласының психологиясына сай әдіс қолдану керек.

2. Әр баланың мінезі әртүрлі, сондықтан әрқайсысына әртүрлі падход жасау қажет: біреуі тентек, айтпаса өз еркімен Құран оқымайды, оған қаттылық танытып, біреуі момын Құранды өз еркімен оқиды, оған жұмсақтық танытып дегендей.

3. Әр пара бітірген сайын сыйлық алып, қуантып, ынталандыру керек.

Қари болғым келеді кітабінан үзінді:
• “Алдыңғы арба қалай жүрсе, артқы арба сонда жүреді. Барлық аналар тұңғышына бар уақытын, күшін жұмсап, Құран үйретсе, қалған балалары өздігінен Құран үйренуі оңай болады.”
👆🏻бұнымен біз тұңғыш балаларымызға Құран үйретуде көп фокус қойып, ыждаһаттылық танытуымыз қажет екенін ұғынамыз.

📖Жүкітілік кезде Құран оқу
- бала тәрбиесі ананың ата бойына біткеннен басталатыны белгілі. Жүктілік кезде көп Құран оқыған аналардың балалары ерекше алғыр, Құранға ықыласты болады.
Ана көп хатым етуі керек, 9 айда көбі 9 рет, ең азы 1 рет хатым ету.

#балатәрбиесі
Forwarded from yasina
• Бала 3 айлық болғанға дейін онымен сөйлеспеген жөн, бұл уақытта бала еш фильтрсіз, губка сияқты жаманды да, жақсыны да бойына сіңіреді. Әрі ата - ана да бір бірімен сөйлесу барысында тек жақсы сөздер айтуға тырысуы қажет.

Бесік жырын тыңдап өскен бала - басқа балаларға қарағанда зерек, ақылды болады, әрі ғылыми зерттеу бойынша, ол балалардың жүрек соғысы тұрақты болып, миы жақсырақ жетіледі екен. Өйткені, бесік жырын тыңдау арқылы сәбидің ми нейрондары дамиды.

Бесік жыры осындай пайдалы болса, әлемдердің Раббысының Кәләмін тыңдап өскен бала қандай болмақ…

#балатәрбиесі
Forwarded from yasina
Рұқсат сұрау бар жерде тәртіп бар, әдеп бар. Күйеуіңізден рұқсат сұрау арқылы оның жақсылықтарына қол жеткізе аласыз.

«Бір жерге барып келсем бола ма? Мынаны жасасам бола ма?» ұсақ түйек нәрселерге дейін рұқсат сұрай беріңіз.
Осыны кішкентай балаларыңыз көруі керек. «Ана, неге әр нәрседе рұқсат сұрай бересіз? Жаңа кітапты алу үшін әкеге звондап мына кітабыңызды алып оқысам бола ма деп сұрадыңыз» дегендей әңгімелер болады.
Осы тәрбиені көріп өскен бала қандай болады ойлаңыз. Ол ер бала әке мәртебесін, әке қандай болу керек дегенді көретін болса, ертең қандай күйеу болу керек екендігін түсінеді. Қызыңыз да күйеуді қалай сыйлау керек, қандай әйел болу керектігін үйренеді.

Ерлан Ақатаев
#балатәрбиесі #неке