Көшпелі қазақтың өзге елдермен қарым-қатынасы қалай өрбіді?
Халықаралық сауда байланысы көшпенділер экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өтті. Мұнда Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін бөлігі суреттеледі. Ал Испиджабта солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шыққан. Сауда түрік аксүйектеріне едәуір пайда келтірді. Атап айтқанда, олар үшін қолға түскен олжаны сатуға мүмкіндік болды.
◼️ 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді. Бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды.
Осылайша Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды.
Ал соғдылықтар күміс бұйымдар, тұрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын.
◼️ Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталыгы Тараз болды. Ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды. Онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді.
◼️ Халықаралық және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті), Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайдаланылды. VI - VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталды. Олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ халқында “байлық” нышаны қандай белгілермен анықталды?
🟢Қазақтар - ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпағы. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді.
🟢 Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады.
▪️Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады.
▪️Мысалы: “Әке-шаңырақтың негізгі тірегі”, бұл тіркесте шаңырақ сөзі “отбасы” ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді...
▪️Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі. Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен.
▪️«Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған.
▪️Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақтың ұлттық ойындары несімен ерекшеленеді?
🤼♀️ Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық ойындары бар. Соның ішінде адамның тәні мен рухани дүниесіне пайдалы спорт түрлерінен қазақ халқы кенде болмаған. Мәселен, халқымыздың ойын түрін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады. Олар аңға, малға, түрлі заттармен ойналатын, зеректік пен ептілікті қажет ететін және заманауи ойындар.
🟢 Аңға байланысты ойындар
Бұлар - ақсерек-көксешрек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
🟢 Малға байланысты ойындар
Оларға аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
🟢 Түрлі заттармен ойналатын
ойындар
Бұған ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
🟢 Зеректік пен ептілікті қажет ететін ойындар
Бұларға - айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике жатады.
Ендеше осы ойындардың кеңінен танылғандарына тоқталып өтейік.
🤾🏼 Ақсерек пен көксерек ойыны
Ақсерек пен көксерек - қазақ балаларының дәстүрлі ұлттық ойынының атауы. Әр кезеңде, әр өлкеде түрліше аталғанымен ойналу реті бірдей. Оны жылдың жылы мезгілінде ауылды жерде, 6-15 жас аралығындагы балалар жиналып ойнайды. Ойыншылар саны 6 адамнан кем болмауы керек және ойыншылар санының жұп болғаны абзал.
📌 Түйе мен бота ойыны
Ойынның басында бір ойыншы –«түйе», екіншісі «бота» болады. Қалған- дары өзара қолдарынан ұстасып үлкен шеңбер жасайды. «Түйе» сол шеңбердің сыртында, «ботасы» ішінде қалады.
«Түйе» шеңбердің сыртында жүріп «ботасына»: «Үйге жүр!»– дейді. «Бота- сы»: «Жоқ, үйге бармаймын!» – дей- ді. «Түйе» «ботасын» әкетпек болып тұра ұмтылады. «Бота» шеңберді айнала қашады. Ақырында «түйе» есебін тауып «ботасын» қолға түсіреді.
📍 Ақсүйек ойыны
Ақсүйек ойыны — қазақтың ұлттық ойындарының бірі.
Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ақсүйек ойнына малдың ақсөңкелеп қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда ақсүйекті тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңген саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақтардың дәстүрлі киімі: Жасы мен мәртебесіне қарай көшпелілер қалай киінді?
🧵🪡 Қазақтардың дәстүрлі киімі толығымен көшпелі өмір салтына бейімделіп тігілді. Жалпы ерлердің де, әйелдердің де киімдерінде алтын және күміс бөлшектер және бағалы теріден елтірі көптеп қолданылған.
▪️Ерлердің киімі көйлек немесе жейдеден және шалбардан тұрған. Бейбіт уақытта жеңіл шыт және тоқыма маталар қолданылған. Ал жаугершілік заманда киім-кешек негізінен былғары мен болат сауыттардан құралған. Қыста қысқа күпілер киген. Өңделген қой немесе қасқыр мен түлкі терісінен, кейде бағалы аң терілерінен (кәмшаттың, бұлғынның) әр түрлі тондар киген. Жазда бастарына тақия немесе киіз қалпақ, қыста – тері мен елтіріден жасалған әр түрі бас киімдер (бөрік, тымақ, малақай, телпек) киген. Аяқ киімдері былғары етік (етік, мәсі), былғары аяқ киім (шарық, қалыш, кебіс). Қыста киіз байпақ және сыртынан биік саптама етік киетін болған.
▪️Әйелдердің киімі жасы мен мәртебесіне қарай әр түрлілігімен ерекшеленеді. Көйлектері ұзын, кең етекті болған, олардың астынан сол матадан тігілген шалбарлар (дамбал) киген. Көйлектің сыртынан жүн, сондай-ақ барқыт, қамқа, ши барқыт, жібек жеңсіз камзол мен бешпенттер киетін болған. Сыртқы киімдері кең шапан, ал қыста жеңіл күпі болған. Әйелдердің де, еркектердің де былғары белбеу тағу дәстүрі болған, олар атақты және бай адамдарда алтын және күміс түйіндіктермен және асыл тастармен әшекейленген. Аяқ киімдері биік өкшелі нәзік сахтияннан пішілетін болған. Бас киімдері тақиялар, елтірі жиекті әр түрлі пішімді бас киімдер (бөрік, орамал) болған.
🔺Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген – ол бетке арналған қимасы бар, басты, кеуде мен арқаны жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық. Кимешектің сыртынан әйелдер (әсіресе егде жастағы) орамалдың бір түрі – жаулық байлайтын болған. Кейде кимешектің орнына арқа мен иықты жауып тұратын үлкен орамал – сұлама орамал пайдаланылған. Көйлектің сыртынан немесе шалбармен бірге жас әйелдер оюмен өрнектеліп кестеленген кең етекті белдемше киген. Жылдың суық кездерінде жылы, барқытпен қапталған шапандар мен қымбат аң терісінен тігілген тондар – ішік киілетін болған.
▪️Жалпы ерлердің де, әйелдердің де киімдері алтын және күміс бөлшектерміндетті элементтермен өрнектеліп тігілген, бағалы теріден елтірі компоненттер көптеп қолданылған. Қыздар мен жас әйелдердің киімі бай ұлттық ою-өрнектермен әшекейленген. Әдемі сырттан әкелінген маталар үлкен сұранысқа ие болған. Қазақ қалыңдығының киімі ұзын ақ жібек кестелі көйлектен тұрады. Көйлектің сыртынан қою қызыл барқыттан тігілген бешпент тігіледі, сонымен қатар күміс және алтын әшекейлер: алқа, білезік, жүзік пен сақина және т.б. тағатын болған.
▪️Көйлек пен бешпент біртұтас ансамбльді құрап, оны үйлену тойына киетін көне бас киім – сәукеле аяқтайды. Биік, конус тәрізді пішінді, барқытпен қапталған ол асыл тастармен, күміс түйіндіктермен, салпыншақ маржан жіптермен және жақтау, шолпылармен безендіріледі. Салпыншақтардың саны бойынша қалыңдықтың мүліктік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі анықталған.
▪️Еркектер де шекпен – жүннен тоқылған жадағай киім киетін болған, олар қажет болған жағдайда сырт киім ретінде де қолданылған. Ашық ою-өрнекті кестемен кестеленген сәнді ұзын шапан өнер туындысы болып табылады. Кейде композицияның негізін Күнді бейнелейтін шеңбер түріндегі ірі өрнектер құрайтын болған.
Тақия немесе кепеш (кішкене бас киім, тақия) – барлық қазақ ерлері киген киім-екшектің маңызды бөлігі болып табылады. Бас киімнің енді басқа түрі – қасқыр, түлкі немесе қой терісінен тігілетін қатаң қысқы жағдайларда теңдессіз тымақ болып табылады. Тымақ малшылардың ортасында әлі де пайдаланылады және құлақшындардың қалдығы болып табылады. Қазіргі уақытта сәнгерлер дәстүрлі киімдерді немесе олардың жекелеген бөлшектерін күнделікті тұрмысқа енгізу үшін белгілі күш жұмсайды.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Орта ғасырдағы ірі қаланың ақшасы несімен ерекшеленді?
🕍 Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. VІ – VІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды.
💭 Кейін ІХ – ХІІ ғғ. сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті.
🔍 Ендеше бүгін Отырар алқабында шығарылған теңгелер тарихына тоқталамыз. Өздерің білетіндей, Отырар — бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлар
бойы пайдаланып келген ақшаның барлық тарихы көрсетілген, уақыт айнасындай болған ежелгі қала. Ақшалар мұнда әртүрлі болатын. Ал ол уақытта ақша реформасы қазіргі кезге қарағанда әлдеқайда көп болды.
🔍Отырар көшпелілермен айырбас сауда жүргізетін орын болды. Мұнда түрлі жәрмеңке ұйымдастырылып, ел экономикасы жақсы дамыды. Отырарда бірнеше түрдегі қола теңге шығарылды. Теңгелердің бет жағында шаршылы садақ, конус тәрізді құрбан шалатын орын, «X» нысанды таңбалары бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің билеушілері соқтырған болса керек.
🔍 Жергілікті теңгелер Жетісуға қарағанда Отырарда ертеректе қалыптасқан. Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан табылды. Сонымен қатар мұнда халықаралық және аймақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды. Сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ сауда да жасады. Бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады.
🔍 Міне, Отырар алқабынан шыққан теңгелер тек ішкі саудаға ғана емес, сыртқы сауданың дамуына да айтарлықтай әсер еткен.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көшпенді қазақ экономикасы: Бай көпестердің қолды еткен тауарлары қандай?
⚫️ XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті.
◽️ Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.
◽️ Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды.
◽️ Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.
◽️ Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды.
◽️Көпестердің саны да арта түсті.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.
◽️Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және Орта Азия көпестері айналысты. Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді.
Сонымен қатар жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін.
◽️ Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ жерінде ертеден болған салық түрлері
📌 Қазақстан аумағында жүздеген жыл бойы өзіндік салық салу жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе бір жағынан салт-дәстүрге, тарихи тәжірибеге сай дамыса, екінші жағынан сыртқы мемлекеттердің әсеріне сәйкес дамып отырды.
Табиғаттың қатал болуы, қуаңшылық жағдайлар, жауынның, су қорларының аз болуы қазақ халқы үшін көшпенділік мал шаруашылығымен айналысуға алып келді. Көшпенді рулар мен одақтардың хандары мен билері, сұлтандары жайылымдық жерлерде иелік орнатты. Бұл жөнінде А. Левшин былай деп жазады: Қырғыздардың ұлылықтары халықтан төлемдерді мал түрінде және зат ретінде ешқандай белгіленген тәртіпсіз жағдайларда алып тұрды.
📌 Қазақтардан салық алу тәртібін қалыптастыру XVII ғасырға тән болды. Сол кезде Тәуке ханға міндетті салық төлеу, нақтырақ айтсақ мал шщаруашылығымен айналысатын аймақтарда малдың 120 бөлігін, егіншілкпен айналысатын аймақтарда егіннің 110 бөлігін төлеу іске асырылды.
📌 Ішкі Ордада феодалдық төлемнің жүйесі сөгіле, зекет, хан-киіз, пішен салық түрінде қалыптасты. Соғымды әрбір 15 сиырдан біреуін алатын еді. Сөйтіп хан бір жылда соғым ретінде 800-1000 басқа дейін ірі қара алып тұрды. Хан табысының негізгі көзі зекет болды, одан 1849 жылы ғана ақша түрінде шаққанда 45746 сом күміс түсіп отырды. Хан қазынасына шаруалардың дайындаған шөбі мен мал өнімдерінің бір бөлігі алынып отырды.
📌 Көшпенділіктен отырықщылыққа ауысу кезінде егіншілікпен айналысатын түземдердің жерлерінен егін көлемінің 110 мөлшерінде жер салығы алынды.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ тарихында есімі қалған ағартушы әйелдер туралы не білеміз?
📌 Тарих беттеріне жүгінсек, қазақ халқынан шаққан, ақыл-парасатымен есімдері тарихта қалған абыз аналар, қалың елдің туы болып, көш бастаған батыр қыздар жеткілікті. Олар аяулы жар, қоғамға пайдасын тигізген беделді тұлғалар да бола білді.
✔️ Ендеше осы қоғам қайраткерлерінің бірқатарына тоқталып өтейік.
▪️Қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашқан қазақ әйелі – Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы. Ол Бөкей Ордасындағы сұлтандар әулетінде дүниеге келген. Әбілқайыр хан әулетінен шыққан, Нұралы ханның шөбересі, Жәңгір ханның немересі, әкесі – Зұлқарнай Нұралыханов.
Хұсни-Жамал Қазандағы земство мектебін бітіріп, Бөкей Ордасындағы әйелдер мектебінде сабақ берді. Балаларды тәрбиелеу мен білім беруде үлкен үлес қосты. Бұл мектеп 1883 жылдан бері жұмыс істегенімен онда тек басқа ұлттың қыздары оқитын. Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызының бастамасынан кейін ғана мектепке қазақ қыздары бара бастады.
▪️Алма Оразбаева КСРО тарихындағы алғашқы саясаткер әйел, мемлекет және қоғам қайраткері, Коминтерн мүшесі болған революционер-ағартушы қазақ қызы.
Өмір сүрген кезеңі әлеуметтік-саяси төңкеріс кезеңіне тап келді. Саяси бағыт ақ пен қызыл болып тұрған шақта, Алма Оразбаева 17 жаста еді. Советтік билік тұсында саяси қызметте жүріп, қазақ әйелінің, ана мен бала мәселесін ХХ ғасыр деңгейіне көтергенін, қазақ қыздарының оқуына жәрдемдескенін де айта кеткен жөн. Шығыс әйелдері арасынан тұңғыш халықаралық саясат аренасына шыққан.
Алма Оразбаеваның ерекше бастамасының бірі – әйелдер баспасөзінің негізін қалауы. 1922 жылы Қырғыз (қазақ) облыстық партия комитеті жанынан әйелдер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін қазақ әйелдерінің сауатсыздығын жою, оларды үкіметтің, кеңестер мен мәдени құрылыс жұмыстарына тартуда Оразбаеваның сіңірген еңбегі орасан.
▪️Алғашқы қазақ журналисі Назипа Құлжанованың аты тарихта алтын әріппен қалды. Ол өз заманының ең білімді және дана әйелдерінің бірі болды. Назипа Құлжанова әдеби-музыкалық, этнографиялық кештер ұйымдастырды. Ол өз еңбектерінде жастарды тәрбиелеу, мәдениет мәселелерін көтеріп, қазақ әйелдерінің өмірі туралы әңгімеледі. Қоғам қайраткері әрдайым әйелдердің қоғамдағы белсенді позицияға деген ұмтылысын қолдап, әйелдер қозғалысын дамытуға тырысты. "Қызыл Қазақстан", "Әйел теңдігі" сияқты журналдарда жұмыс істеді, сондай-ақ "Айқап", "Қазақ", "Бірлік туы", "Алаш" газеттерінде мақалалар басып шығарды.
▪️Қазақ КСР Сыртқы істер министрі және Қазақстан тарихында Біріккен Ұлттар Ұйымының трибунасынан шыққан алғашқы әйел дипломат - Балжан Бөлтірікова. Бала кезінен ол мұғалім болуды армандады. Жас кезінен бастап ол өзін осы жауапты қызметке дайындады, көптеген кітаптар оқыды. Ол ата-анасы мен құрдастарын таң қалдыратындай ақылды, парасатты болды. Бала арманына жету үшін ол мектепке жұмысқа орналасты. Содан кейін ол жауапты қызметтер атқарды, елдің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысты. Мінезінің беріктігі, даналығы, шеберлігі арқасында ол жоғары лауазымға қол жеткізді. Ел тарихында тұңғыш рет Қазақ КСР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол сондай-ақ Қазақстан тарихына БҰҰ трибунасынан шыққан алғашқы әйел дипломат ретінде енді. Бұл тіпті әйгілі американдық дипломат Генри Киссинджердің кітабында айтылған.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көшпелі қазақтың саяси өмірінде маңызы жоғары болған киім-кешектері туралы не білеміз?
📌 Көшпенділердің киім ерекшеліктері әртүрлі болды.
Нақтырақ айтсақ, үй жағдайында, саяси қарым-қатынаста, экономикалық байланыста киетін киімдер болып бөлінді.
💭 Мысалы, сақтар мен ғұндардың бастарына киген киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе мауытыдан тігілген қауырмалы бешпент, металл қаңылтырлардан тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік сақ киімдерінің үнемі ат үстінде жүретін киелі көшпелі өмір салтына ыңғайлы болғанын көрсетеді.
✔️ Сақ көсемі өңіріне алтын жапсырмалар қадалған және елтірімен әдіптелген қызыл түсті жарғақ камзол киген. Ал жеңі түгел сұр былғарымен оюланып кестеленген. Шекпелі өрнектермен әшекейленген, басына қоңыр киіз қалпақ киген. Әйел үстіне жүннен тоқылған шұбар түсті матадан ұзын етек көйлек киіп, омырау тұсына дөңгелек алтын қапсырмалар қадаған. Көйлектің үстінен иығына қызыл түстермен қиюластыра кестеленген жүн тоқымалы жамылғы жамылған. Бас киімі де өзгеше бөркімен және түтікшелі бұйым қабымен ерекшеленеді.
✔️Қазақ халқының ұлттық киімдері – этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.
✔️Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, кәжекей, желетке; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды.
✔️Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері
📌 Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері қалыптасып келеді. Олар тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Соған орай үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамып отырды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды.
🔍 Қазақ халқының қолөнерінің ішінде зергерлік ісі өте жоғары бағаланды. Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты.
Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.
🔍 Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық, көнек т.б жасаған.
🔍 Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған.
Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты.
#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM