Алтынсарин академиясы
5.4K subscribers
1.69K photos
184 videos
4 files
333 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Проводится прием авторских материалов ко II заседанию Экспертного совета при РУМС
Қазақстанда оқушылардың мамандық таңдауына қатысты мониторинг басталды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ел мектептерінде кәсіптік бағдар беру жүйесіне кешенді мониторинг жүргізеді.

Мониторингтің басты мақсаты оқушыларға көрсетілетін кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін бағалау және оның олардың болашақ білім беру бағытын таңдауға нақты әсерін анықтау. Зерттеу қорытындысы мектептер арасындағы айырмашылықтарды көрсететін салыстырмалы деректер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мониторинг екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Бірінші бағыттағы жұмыс «Келешек мектептері» желісіндегі білім беру ұйымдарын қамтиды. Бұл мектептерде 7-9 сынып оқушылары «Smart Bolashaq» корпоративтік қорының цифрлық платформасы арқылы тестілеуден өтеді. Тестілеу олардың қабілеті мен бейімін анықтауға бағытталған. Оқушылар тестілеуді ұялы телефон арқылы да тапсыра алады, ал ұйымдастыру-техникалық сүйемелдеу тегін қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар 7-9 сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіптік бағдар беру жүйесі туралы хабардарлығы мен бұл үдеріске қатысу деңгейі бағаланады.

Екінші бағыт ауыл мектептерін қамтиды. Өңірлік іріктеме негізінде 8-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізіліп, олардың кәсіби бағдарға қатысты көзқарастары мен қажеттіліктері зерделенеді.

Мониторинг нәтижелері мектептердегі кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіруге, тиімді тәжірибелерді анықтауға және оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына жағдай жасауға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болмақ.
В Казахстане начат мониторинг профориентации школьников

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина проводит комплексный мониторинг системы профориентации в школах страны.

Основная цель исследования заключается в оценке эффективности профориентационной работы и определить, насколько она влияет на выбор учащимися дальнейшей образовательной траектории. Итоги позволят сформировать сопоставимые данные и выявить различия между школами.

Мониторинг проводится по двум направлениям.

Первое охватывает школы сети «Келешек мектептері». Здесь учащиеся 7-9 классов проходят тестирование на цифровой платформе корпоративного фонда «Smart Bolashaq». Тест направлен на выявление способностей и склонностей школьников. Пройти его можно в том числе с мобильного телефона, организационно-техническое сопровождение обеспечивается бесплатно.

Параллельно проводится опрос родителей учащихся 7-9 классов. Оценивается их осведомленность о системе профориентации и уровень вовлеченности в этот процесс.

Второе направление охватывает сельские школы. На основе региональной выборки среди учащихся 8–9 классов проводится анкетирование, которое позволяет определить их отношение к профессиональному выбору и актуальные запросы.

Результаты мониторинга станут основой для совершенствования системы профориентации в школах, выявления эффективных практик и принятия решений, направленных на формирование осознанного выбора профессии у учащихся.
📚BilimInfo айдары

📌 Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізу туралы

Толығырақ⬆️⬆️⬆️
👍1
📚Рубрика BilimInfo

📌 О мониторинге образовательных достижений обучающихся (МОДО)

Подробнее⬆️⬆️⬆️
👍1
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Орта білім мазмұны институтының бөлім басшысы Есепбай Жанбота Астана қаласындағы Қ.Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясында өткен «Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасы» тақырыбындағы кездесуге қатысып, баяндама жасады.

Кездесу барысында ол көрнекті ғалым Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы мен ғылыми қызметіне кеңінен тоқталып, оның абайтану ғылымындағы айрықша орнын, сондай-ақ адамдық болмысы мен ғалымдық тұлғасын жан-жақты сипаттады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қайым Мұхамедхановтың бай ғылыми мұрасын кеңінен таныстыру, оның қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан өлшеусіз үлесін насихаттау, сондай-ақ оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту болды.

Кездесу аясында оқушылар ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.
👍2
🔭Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Абай облысы білім басқармасы Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «STEAM білім беру: инновация мен шығармашылықтың үйлесімі» тақырыбында республикалық онлайн-конференция өтті.

📝Конференцияда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері Орденбек Мазбаев білім беру саласындағы жаңашыл бағыттардың, әсіресе STEAM тәсілдерінің қазіргі білім жүйесіндегі стратегиялық маңызын атап өтті. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби дамуы және цифрлық трансформация жағдайында жаңа құзыреттерді меңгерудің өзектілігіне тоқталып өтті.

Пленарлық бөлімде Қазақстан, Татарстан , Қырғызстан және Красноярск өлкесінен қосылған спикерлер STEAM білім беру саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

▪️Конференция аясында қатысушылар білім беру үдерісіне инновациялық құралдарды тиімді енгізу, білім алушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ пәнаралық байланысты нығайту бағытында құнды мәліметтер алды.
🔭Национальная академия образования имени И. Алтынсарина совместно с Областным инновационно-методическим центром Управления образования области Абай провели республиканскую онлайн-конференцию на тему «STEAM-образование: синергия инноваций и творчества».

📝В ходе конференции главный научный сотрудник Национальной академии образования имени И. Алтынсарина Орденбек Мазбаев отметил стратегическую значимость современных инновационных направлений в сфере образования, в частности подходов STEAM, в современной образовательной системе. Также он подчеркнул актуальность профессионального развития педагогов и освоения новых компетенций в условиях цифровой трансформации.

В пленарной части спикеры из Республики Казахстан, Республики Татарстан, Кыргызской Республики и Красноярского края поделились передовым опытом в области STEAM-образования.

▪️В рамках конференции участники получили ценные сведения по вопросам эффективного внедрения инновационных инструментов в образовательный процесс, развития исследовательских и творческих способностей обучающихся, а также укрепления междисциплинарных связей.
⚜️Астанадағы Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінде «Адал азамат тұлғасы: ұлттық құндылыққа негізделген үштік үндестік» тақырыбында халықаралық семинар-практикум өтті. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының директоры Төлеу Әбішев қатысып, заманауи білім мен тағылымды тәрбиені ұштастыру туралы ойларымен бөлісті.

🔸Бұдан бөлек, №97 мектеп-гимназиясында «Жасанды интеллект арқылы құндылыққа негізделген оқыту: бастауыш білім берудегі тиімді тәжірибелер» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Аталған жиынға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының аға ғылыми қызметкері Айжан Мағауия қатысып, құндылыққа негізделген білім берудің маңыздылығы туралы кәсіби пікірін білдірді.