ТҮРКІСТАН СОТТАРЫ
477 subscribers
1.64K photos
116 videos
15 files
349 links
⚖️Түркістан соттарының өзекті жаңалықтары

Сайт: https://trk.sud.kz

Instagram: https://www.instagram.com/trk_sud?igsh=MWxjbmluYWJsd2Vleg%3D%3D&utm_source=qr

Facebook: https://www.facebook.com/trksud?mibextid
Download Telegram
Төлеби ауданында «Медиация» кабинеті ашылды

🔹Төлеби аудандық білім бөлімі
ғимаратында медиация кабинеті ашылып, оның лентасын аудандық сот төрағасы Ғ.Байарыстан, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев қиды. Бұл кабинет дауларды сотқа дейін шешуге, жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған.
🔹Іс-шараға аудан прокуроры
Д.Мырзағали, полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев, білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев, «Аманат» партиясының аудандық бөлімнің атқарушы хатшысы Ш.Оңғаров, билер кеңесінің төрағасы М.Бекболатов, сонымен қатар аудандық білім беру мекемелері мен құзырлы мекемелердің өкілдері және кәсіби медиаторлар қатысты.
🔹Ғ. Байарыстан медиация туралы заңының 2011 жылы қабылданғанын және қазіргі таңда бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
🔹Іс-шара соңында қатысушылар медиацияның болашағына қатысты ойларын білдіріп, сәттілік тіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті

🔹ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы депаратмент қызметкерлеріне семинар өтті.
🔹Семинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Н. Султанов пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Н. Базарбек қатысты.
🔹Семинарды департамент басшысының орынбасары және әдеп жөнінде уәкілі Б.Азим ашып, әрбір мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті екенін атап өтті.
🔹Н. Султанов - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңды сақтау жөнінде баяндама оқыды.
🔹Н. Базарбек - іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан және ойын құмарлық әрекеттерден тартыну мәселелерін атап өтті.
🔹Жиналыс соңында департамент басшысының орынбасары Б. Азим сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығы
мен оны алдын алу шараларын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
СОТ: ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ПАРА ҰСЫНҒАН ШЕТЕЛ АЗАМАТЫН, ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

🔹Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотында Ф.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
🔹Тергеу органымен Ф. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 367-бабының 1-бөлігімен айыпталып сотқа процессуалдық келісіммен берілген.
🔹Сотпен анықталғаны:
2024 жылдың 25 қараша күні полиция инспекторлары А. мен К. қызметтік міндеттерін атқару кезінде, «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» жүйесі анықтаған Армения Республикасының нөміріне тіркелген «Volvo S60» жүк автокөлігінің 583 366 тенге төленбеген айыппұлы анықталып, дереу тоқтатылған.
🔹Өз кезегінде, «Volvo» жүргізушісі Молдова Республикасының азаматы Ф. жауаптылықтан құтылу мақсатында, полиция қызметкері К.-ға 10 000 теңге және құны 3 833 теңге тұратын «Bosch» маркалы блэндэрді пара ретінде ұсынып, қылмысқа барған.
🔹Тараптардың позициясы:
Прокурор, сотталушының кінәні мойындау туралы процестік келісімге келуіне байланысты, оны тағылған айыппен кінәлі деп танып, параның 15 еселенген сомасына айыппұл салуды сұрады.
🔹Сотталушы кінәсін толық мойындап, прокурормен арада жасалынған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімді бекітуді сұрады.
🔹23 мамыр 2025 жылы сот үкімімен:
Сотталушы тағылған айыппен кінәлі деп танылып, ұсынған параның 15 еселенген сомасы, яғни 155 621 тенге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістан облыстық сотының
Баспасөз қызметі
СУДОМ: ЗА ПОПЫТКУ ДАЧИ ВЗЯТКИ СОТРУДНИКУ ПОЛИЦИИ, ОШТРАФОВАН ИНОСТРАНЕЦ

🔹В межрайонном суде города Туркестан Туркестанской области рассмотрено уголовное дело в отношении Ф.
🔹Следственным органом Ф. предъявлено обвинение по ч.3 ст.24, ч.1 ст.367 Уголовного кодекса РК с составлением процессуального соглашения.
🔹Судом установлено:
25 ноября 2024 году сотрудники полиции А. и К., при исполнении служебных обязанностей, выявили по системе «Защита-Опасный водитель» грузовой
автомобиль «Volvo S60» с Армянскими номерами, за которым имелось не оплаченный штраф в размере 583 366 тенге.
🔹При остановке «Volvo», водитель-гражданин
Республики Молдова в целях уклонения от ответственности, дал взятку сотруднику полиции К. 10 000 тенге и блэндэр марки «Bosch» стоимостью 3 833 тенге.
🔹Позиции сторон:
Прокурор, учитывая, что подсудимый заключил процессуальное соглашение о признании вины, просил признать его виновным по предъявленным обвинениям и назначить штраф в многократном размере суммы взятки.
🔹Подсудимый полностью признал вину и ходатайствовал об утверждении процессуального соглашения.
🔹Приговором суда от 23 мая 2025 года:
Ф. признан виновным по предъявленным обвинениями назначено наказание в виде штрафа в 15-кратном размере взятки, то есть 155 621 тенге.
Решение не вступило в законную силу.

Пресс-служба
Туркестанского областного суда
Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
 

⚜️Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында биыл елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.

📩Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.

📨Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.

📈Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

🔗Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

– Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
– Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
– Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
– Құзыреттерді бағалау;
– Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
– Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.

📌 Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады.
С 1 июня стартует очередной отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

🔹 Председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай рассказал об этапах и особенностях очередного отбора в Президентский молодежный кадровый резерв.

🔸Отбор будет проведен с учетом потребности государственного аппарата в отраслевых кадрах и будет осуществляться по следующим 6️⃣ направлениям: социальная политика и гражданское общество, развитие инфраструктуры, промышленности и торговая политика, экономическая и финансовая политика, цифровизация, агропромышленный комплекс и охрана окружающей среды, внешняя политика и инвестиции. Кандидат должен выбрать одно из отраслевых направлений, указанных при регистрации.

🔹Претендентам на включение в резерв необходимо соответствовать ряду требований, включая возраст не старше 3️⃣5️⃣ лет, гражданство Республики Казахстан, высшее образование, определенный опыт работы и знание государственного языка не ниже уровня В1.

🔸Для того чтобы стать членами Президентского молодежного кадрового резерва претендентам предстоит пройти комплексный отбор, состоящий из 6️⃣ этапов.

🔹Прием документов будет проводиться в режиме онлайн на специальном сайте – pkrezerv.gov.kz с 1️⃣ по 3️⃣0️⃣ июня текущего года.

🔸На завершающем этапе – заседании Национальной комиссии – выносится решение о зачислении 5️⃣0️⃣ кандидатов в Президентский молодежный кадровый резерв.

#Президентский_молодежный_кадровый_резерв2025
СОТ: АСА АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН ЖАСӨСПІРІМГЕ - МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысының ҚІЖМА сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 3-бөлігімен айыпталған 2008 ж.т. С.-ны медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларды қабылдау жөнінде қылмыстық ісін қарады.
🔘Тергеу органымен С. жас баланы өлтіру, жас баланы өлтіруге оқталу баптарымен айыпталған.
Сотпен анықталғаны:
1️⃣ эпизод: жас баланы өлтіру дерегі бойынша.
С., 2024 жылдың 16 мамыр күні сағат 09:30 шамасында, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылында, тұрғылықты мекенжайында орналасқан жер үйінің ауласында, әжетхана шұңқырына, көрші үйдің 2021 ж.т. жәбірленуші Л.-ны күштеп тастап, оны қасақана өлтірген.
⬇️
2️⃣ эпизод: жас баланы өлтіруге оқталу дерегі бойынша.
С. 2024 жылдың 13 шілде күні, сағат 20-00шамасында, өзінің тұрғылықты мекенжайында орналасқан жер үйінің ауласында, әжетхана шұңқырына, басқа көрші үйдің 2019 ж.т. жәбірленуші М.-ді қасақана тастап өлтірмекші болған.
Алайда, С., қылмысын, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмаған.
🔘Дәлелдемелер бөлігі:
Сот, 2024 жылдың тамыз айындағы кешенді сот-психиатриялық-психологиялық сараптамасының қорытындысына сай: С. «Шизофрения симптомдары қабаттасқан жіті полиморфты психоздық бұзылу» түріндегі созылмалы психикалық аурумен ауырады. Оқиға орын алған кезде С. психикалық ауру жағдайында болған, ол қылмыстық іс үшін маңызды болған іс-әрекеттерді дұрыс қабылдай алмаған және олар туралы көрсетулер бере алмайды, - деген тұжырымын назарға алып, қайталама сараптама тағайындаған.
🔘2025 жылы сотпен тағайындалған қосымша кешенді сараптамаға сәйкес, бірінші сараптама қорытындысыбойынша қорытынды өзгеріссіз қалған.
🔘Сот, ҚК-нің 16-бабын яғни, психологиялық ауру кезінде қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатпайтынын ескеріп.
🔘5 наурыз 2025 жылы сот қаулысымен:
С. қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған адам ретінде танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық станционарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындады.
🔘Қаулы заңды күшіне енді.
Түркістан облыстық сотының
Баспасөз қызметі
------------------------
СУДОМ: ЗА СОВЕРШЕНИЕ ОСОБО ТЯЖКОГО ПРЕСТУПЛЕНИЕ ПОДРОСТОК ОТПРАВЛЕН НА ПРИНУДИТЕЛЬНОЕ ЛЕЧЕНИЕ
СМУС Туркестанской области рассмотрено уголовное дело в отношении С., 2008 года рождения, обвиняемой по ч.3 ст.99, ч.3 ст.24, ч.3 ст.99 УК Республики Казахстан – убийство малолетнего, ипокушение на убийство малолетнего.
Судом установлено:
1️⃣эпизод: Убийство малолетнего.
16 мая 2024 года около 09:30 часов  С., находясь у дома, в селе Сыргели, Сарыагашского района Туркестанской области, умышленно сбросилапотерпевшего Л. 2021 г.р в туалетную яму, расположенную во двре дома, тем самым убила ее.
2️⃣ эпизод: Покушение на убийство малолетнего.
13 июля 2024 года около 20:00 часов С., находясь у себя во дворе дома, умышленно сбросила потерпевшуюМ. 2019 г.р. в туалетную яму, тем самым хотела умышленно убить ее.
Но, свою прсетупый умысел не смогла довести до конца по не зависящим от нее обстоятельствам.
🔘Согласно заключению комплексной судебно-психиатрической-психологической экспертизы от 2024 года: С. страдает «острым полиморфным психотическим расстройством с симптомами шизофрении». На момент происшествия С. находилась в состоянии психического расстройства, не могла правильно воспринимать действия имеющие значения для уголовного дела и не могла давать по ним показания.
🔘По результатам дополнительной экспертизыназначенного судом от 2025 года, заключение первой экспертизы осталось без изменений.
🔘Суд также принял во внимание ст.16 УК, то что лицо, совершившее общественно опасное деяние, будучи страдающим психическим расстройством, не подлежит уголовной ответственности.
🔘Постановлением суда от 5 марта 2025 года:
С. признана лицом, совершившим опасное деяние в состоянии невменяемости, освобождена от уголовной ответственности и в отношении нее назначены меры медицинского характера в виде принудительноголечения в специализированном психиатрическом стационаре с интенсивным наблюдением.
🔘Постановление вступило в законную силу.
Пресс-служба
Туркестанского областного суда
IMG_1692.MOV
76.5 MB
Түркістан облыстық сотында кезекті семинар өткізілді.
Семинарды ұйымдастырған:
- облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.
Семинардың тақырыбы:
- «Білім беру саласындағы әкімшілік даулар бойынша сот тәжірибесін қараудағы кейбір мәселелер».
Семинарға қатысқандар:
- Алқа судьялары мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, Түркістан облысы прокуратурасының Сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының басшысы, аға әділет кеңесшісі А.Нақыпбеков, Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы м.а. А.Қасымбекова, Білім басқармасының құрылымдық және аумақтық бөлімдерінің басшылары, коллежд және мектеп директорлары.
Семинар қорытындысы:
1️⃣ Дауды сотқа дейін жеткізбеуге қатысты барынша мәселелерін қарастыру;
2️⃣ Сотта өкілдік ететін мамандардың біліктілігіне мән беру.
🟢Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарына жауап алды.

Түркістан облысытық сотының
Баспасөз қызметі