Tilderim
340 subscribers
275 photos
5 videos
5 files
32 links
тіл, саясат, тарих, экономика, мәдениет
Download Telegram
GÖRENOK, BILENOK бірақ теремок емес

🇹🇲 түркімен тіліндегі -a/enok деген жалғау бар. Қазақша баламасы жоқ. Бірақ -ған/ген жоқ дегенге саяды. Мағынасы бірдемені істей алмау.

🇹🇲 sen aýdyp bilenokmy?
🇰🇿 сен айта алмайсың ба?

🇹🇲 men düşünenok
🇰🇿 мен түсінген/түсіне алған жоқпын

тағы бір -mikä деген қызық жалғауы бар. Біздегі ма/ме екен деген. Бұларда кәдімгідей жалғау боп кеткен.

🇹🇲 ol hakykatdan-da gelermikä?
🇰🇿 ол шынымен де келер ме екен?
3👍2
1922 жылғы 🇵🇸 Палестина (Британ мандаты)
78% — мұсылман
11% — жөйіт
10% — христиан

2024 жылғы 🇮🇱 Израил
73,7% — жөйіт
18,3% — мұсылман
1,9% — христиан
6🤷‍♂1
жазулар бір-бірімен ұрысып қапты. төмендегісінің мағынасы мынадай екен:

كل [kullu] — күллі, бәрі
شيء [shay’in] — зат
في هذا العالم [fī hādhā āl-‘ālam] — бұл дүниеде
مؤقت [mu’aqqat] — уақытша
😁11
Үйге қонақ келді. Бөкей Ордадан туыстар. Әңгіме кезінде ‘істеу’ етістігінің ерекше қолданысына көзім түсті. Біздің шал тек сүт шай істейді. Сүтсіз шай біздің үйде жалпы ешкім істемейді дейді. Мұндағы қолданыс түрік тіліндегі 🇹🇷 istemek етістігіне ұқсас болса керек
8🔥1👀1
Қазақтар сөйлейтін орыс тілі

осы орыстілді ҚАЗАҚТАР қоштасқанда до свидания, до скорой встречи деген сияқтының түр түрін айтса да, ОРЫСТАР құсап (желаю) счастливого, всего хорошего деп ешқашан айтпайтын сияқты. Немесе сирек айтады. Кім осыны байқады? Бір қызығы бұл сөздерді табыс септігінде тұрғаны мен ЖЕЛАЮ етістігінің жасырын ортақтастырады.
🤔4😐4💯1
🇹🇼 Қытай тілінде 把手拿回 [bǎ shǒu ná huí] деген сөз тіркесі бар. Мағынасы қолды артқа қайыру дегенді білдіреді. Оқылуы башоу нахуэй
6😁2
басқа елде фигураң ат екен дегенде: 😮
🇰🇿 Қазақстанда фигураң ат екен дегенде: 😜

басқа елде сен сиырсың дегенде: 😡
🇨🇳 Қытайда сен сиырсың дегенде: 🫠

PS: сен сиырсың (你很牛) — сен мықтысың
4
🇰🇿 жасауыл — 🇰🇬 жасоол
🇰🇿 ереуіл — 🇰🇬 эрөөл
🇰🇿 қарауыл — 🇰🇬 кароол
🇰🇿 тосқауыл — 🇰🇬 тоскоол
🔥72🤔1
Мүгедектік кедергі ме?

Мүгедек сөзінің түп-төркінін зерттеу мақсатында жақын не туыс тілдерге көз жүгіртіп шықтым. Көршілеріміз бір ауыздан келіскендей бір сөзді қолданатын боп шықты. Яғни:
🇬🇦 майып (қарақалпақ)
🇰🇬 майып
🇺🇿 mayib
🇹🇯 маъюб
🇹🇷 engelli ‘кедергісі бар’

Кейін 🇵🇸 араб тілінде кедергі дегенді білдіретін عَاقَ [ʕāqa] сөзін таптым. Мұның ырықсыз есімше нұсқасы مُعَوَّق [muʕawwaq] екен, яғни ‘кедергіге тап болған’ деген. Мүгедек сөзі осы сөзден шықты деп кесіп айта алмайм. Дей тұрғанмен әзірге жалғыз пайымым осы боп тұр.
2🔥1
🇺🇦 перескік 😁
🇰🇿 періскек 🫨

*перескік — аттап өту
*періскек — жеңіл жүрісті
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық!

©️ Шәкәрім ата
8👍2
түріктерде біздегі сөз тіркестер бар болғанымен, мыналарды басқалай айтады

hürmet et — saygı duy (qurmet et)
ruhsat et — izini ver (ruqsat et)
4
Мағынасы үсті дегенге антоним асты сөзі 🇹🇷түрікше alt болғанымен, ast сөзі де бар екен. Бірақ оның мағынасы бағынышты деген.

Мына бір сөзге назар аударайық:
Astın üste gösterdiği saygı mecburiyetten, üstün asta gösterdiği saygı asaletten gelir.


Мағынасы: Бағыныштының бастыққа құрметі міндеттемеден туындаса, бастықтың бағыныштыға көрсететін құрметі тектіліктен туындайды.
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

соқыр зағип жан
саңырау құлағы керең
1🔥1
🇨🇳 Қытай қазақтарынан байқағаным:

1. Есімдері көбіне түркі түбірлі. Ары кетсе парсы. Түбі арабшалар сирек. Ұнаған есімдерді мысалға келтірейін: Жұпар, Күнтуған, Жайдар, Самға, Ілгері, Қамажай.

2. Біздің Жеңістер Женя, Болаттар Боря, Сәкендер Сашка боп жүргендей өз есімін ӨМІРДЕ қытайшаламайды. Қазақстаннан Қытайға оқуға кеткен қазақтар өз есімін Уәң-Шәң, Сию-Киюлап жүргені ұят енді.

3. Дегенмен құжатта бәрі қытай иероглифімен жазатын болғасын, Ділнәз Ди-Ли-На-Зы боп жазылады

4. Отау құрғанда әйел адам күйеуінің тегіне өтпейді. Себебін келесі фактіде қазір айтам

5. Фамилия деген түсінік жоқ. Яғни есімінің қасына әкесінің атын жазады. Мысалы Қамажай Әділ деп тұрса, Әділ деген әкесінің есімі. Осылай бір отбасыда бәрінің ‘фамилиясы’ әртүрлі болады.
8👍1🔥1
🍞 нан бар жердің бәрі әдемі

🇬🇧 Осы жаңа филім қарап отырып, ағылшынша break bread дегенді естіп қалдым. Мән-мәтін арқылы ‘бірге ас ішу’ дегенді білдіретіні түсінікті еді. Сөйтіп, басқа тілдерде бар-жоғын қарап қайттым. Нәтижесі мынадай:

🇰🇿 Қазақша — нан бөліп жеу / бөлісу
🇹🇷 Түрікше — ekmek bölüşmek (нан бөлісу)
🇩🇪 Немісше — das Brot brechen / Brot teilen (нан сындыру / бөлісу)
🇫🇷 Французша — rompre le pain / partager le pain (нан сындыру / бөлісу)
🇪🇸 Испанша — partir el pan (нан бөлу)
🇸🇦 Арабша — بيننا خبز وملح
[baynanā khubz wa milḥ] арамызда нан мен тұз бар
1
🇺🇦 Украинада ең кең тараған тек жалғаулары

Шевченко елдегі ең кең таралған тек болғаны да бекер емес, елдің біраз жерінде -енко жалғауы басым екен
8
😡 Ашулану дегенді білдіретін сөздер:


1) бет-әлпетке қатысты:

түсі бұзылу, танауы қусырылу, көзі шатынау, қабағынан қар жауу, оқты көзімен қарау, түгін сыртқа тебу, күре тамыры адыраю, қан-сөлін ішіне тарту, шекесі тырысу, түрі сұрланып кету

2) іс-әрекетке қатысты:

талағы тарс айырылу, ұрынарға қара таппау, шыж-быжы шығу, бұлқан-талқан болу, сақалын жұлу, күйіп-пісу, шалқасынан түсу, екі иығын жұлып жеу, боғын пышақтау, сідігі бетіне шығу
👍2
eline sağlık kardeşim 🫰😎

🇰🇿 қолың дерт көрмесін
🇰🇬 колуң дарт көрбөсүн
🇺🇿 qo’ling dard ko’rmasin
🇹🇲 eliň dert görmesin
🇦🇿 əlin dərd görməsin | ӘLİNӘ SAĞLIQ
🇹🇷 ellerin dert görmesin | ELİNE SAĞLIK

🇹🇯 дастат дард накунад
🇦🇫/🇮🇷 دست شما درد نکنه [dast-e šomâ dard nakone]
6