Tiek
274 subscribers
389 photos
132 videos
1 file
116 links
Тілде тиек жоқ

Арнамызға жазыла отырыңыздар
Download Telegram
Өскеменде "Азия Авто" компаниясының бұрынғы басшыларына сырттай үкім шығарылды

Өскемен қаласында "Азия Авто" компаниясының бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа сот үкімі шығарылды. Екеуі де – Ресей Федерациясының азаматтары. Сот отырысына айыпталушылар қатыспаған, үкім сырттай шығарылды.

Анатолий Балушкин ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы – "Өзгелердің мүлкін аса ірі мөлшерде алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен иелену (алаяқтық)" бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ерір Сағымбаев 190-бап, 4-бөлік, 2-тармақ және 245-бап, 3-бөлік – "Қылмыстық топпен немесе аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару" баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерге тыйым салынды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот жәбірленуші тарап – ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талабын қанағаттандырудан бас тартты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тергеу нұсқасы бойынша, Балушкин мен “Азия Авто” бас директоры Сагымбаев 230 млрд теңгені жымқырып, бұл қаражатты банк несиелерін төлеуден және салық төлеуден жалтару үшін пайдаланған. Бұл ақша бастапқыда автокөлік өндірісінің өнеркәсіптік зауытын салуға арналған болатын.
Бұл істе жәбірленушілер ретінде Jusan Bank пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (қазіргі – Индустрия және құрылыс министрлігі) танылды.
Алтын бағасы бұрын соңды болмаған рекорд көрсетті

Нью-Йорк тауар биржасында COMEX алтынға арналған маусым айының фьючерсі тарихи максимумға жетті. Алтынның тройлық унциясы $3 301,4 деңгейінде саудаланып, абсолютті рекорд жаңартылды. Бұл алтын бағасының өсуі әлемдік экономикалық белгісіздік пен инфляциялық қауіп-қатерлердің әсерінен инвесторлардың осы құнды металлға деген қызығушылығының артуын көрсетеді.
Ауғанстанның солтүстік-шығысында қуаты 6,2 болатын жер сілкінісі болды

Алтай-Саян геофизикалық қызметінің оперативтік өңдеу деректері бойынша, сілкініс 04:14 Астана уақытымен тіркеліп, оның эпицентрі Пәкістанмен шекарадан шамамен 14 км қашықтықта, Ауғанстанның Асадабад қаласынан 89 км солтүстікке орналасқан.

Эпицентрдегі жер дүмпулері интенсивтілігі бойынша "жойқын" деп бағалануда. АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 5,6 деп бағалаған. Оның деректері бойынша, жер сілкінісінің ошағы 99 км тереңдікте болған.
Әскери парадтың дайындығына қатысты Астана әуе жайында шектеулер енгізілмек

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз:

Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77
Астана: + 7 (7172) 58 44 77
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999
Ұлттық банк БЖЗҚ үшін ай сайын 200-250 миллион АҚШ долларын сатып алуды жоспарлап отыр


Бұл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) портфеліндегі валюталық үлесті 40% деңгейінде сақтау үшін қажет.
Бұл туралы Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов хабарлады.

"Қазіргі уақытта есептеулер бойынша, біз жыл соңына дейін ай сайын валюталық нарықтардан 200-250 миллион доллар сатып аламыз, бұл түсімдер мен активтердің өсуін ескере отырып, 40% үлесті сақтау үшін керек", - деді Тұрсынханов.

"Егер бұл үлесті сақтамасақ, яғни егер биыл зейнетақы активтері үшін доллар сатып алынбаса, бұл үлес 40%-дан төмен 35%-ға дейін төмендеуі мүмкін", - деп қосты ол.
Үкімет халықтың әл-ауқатын төмендетуге жол бермеу керек

Ақордада экономика мәселелеріне қатысты Қауіпсіздік Кеңестің жұмыс отырысын өткізген мемлекет басшысы осындай тапсырма берді

Сондай-ақ, президент Үкіметтің міндеті ретінде экономикалық өсім қарқыны мен тартылатын инвестиция көлемін арттыруды атады.
Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.

Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.
Қазақстанда эндаумент-қорлардың қызметі реттелетін болады

Қазақстанда эндаумент-қорлардың (мақсатты капитал қорлары) қызметі заң жүзінде реттелмек. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Эндаумент-қорларды басқару үшін коммерциялық емес ұйымдар құру ұсынылды. Заң жобасы меценаттық қызмет объектілерін қаржыландыруға бағытталған инвестициялық кірісті қалыптастыру, толықтыру және мақсатты пайдалану тәртібін белгілейді.
Инвестициялық кірістер мына салаларға бағытталады:
ғылым мен инновациялық қызмет;
-бұқаралық спорт;
-халықты әлеуметтік қорғау;
-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
-медициналық қызмет көрсету.
Қамқоршылық кеңестер құрылып, олар қордың жоғарғы әрі атқарушы органы және ішкі аудит қызметі ретінде әрекет етеді. Қорға ірі көлемде қаражат салғандар кеңес құрамына ене алады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл заң жобасы қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған:
«Біз үшін маңызды бағыт – қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамыту. Оны ынталандыру үшін арнайы салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда депутаттардың бастамасымен Салық кодексіне эндаумент-қорлар үшін салық жеңілдіктері енгізілді», – деді ол Мәжіліс отырысында.

Жаңа заң жобасы сонымен қатар мыналарды көздейді:
-активтер көлемі 15 000 АЕК-тен (58,9 млн теңге) асқан жағдайда, оларды кәсіби басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына міндетті түрде беру;
-қорлар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бөлек бухгалтерлік есеп жүргізу, есептілікті жариялау және жыл сайын аудиттен өту;
-қор құрылымы, инвестициялық саясат және басқарушы органдар құрамы туралы ақпаратты ашу талаптарын бекіту;
-қаржылық активтерді сенімгерлік басқаруға беру шегі – 10 000 АЕК, оларды беру мерзімі – үш ай;
-әкімшілік және басқарушылық шығындарға инвестициялық табыстың 15%-на дейін, ал табыс теріс болған жағдайда – активтердің орташа құнының 1%-дан 0,5%-ға дейін шектеу белгіленеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген  уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
АҚШ пен Украина сирек кездесетін минералдар туралы келісімге ақыры қол қойды

Осылайша Трамп діттегеніне жетті. Бұл ақпаратты Украинаның вице-премьері әрі Экономика министрі Юлия Свириденко әлеуметтік желіде мәлім етті. Сондай-ақ, Украинаны қалпына келтіруге арналған инвестициялық қорды құруға жол ашылғанын мәлімдеді. Қор елді қалпына келтіруге, инфрақұрылымды жаңғыртуға, бизнесті қолдауға және экономиканы дамыту үшін инвестиция тартудың тиімді құралына айналуы тиіс. Трамп Украинаға көрсеткен әскери көмегі үшін өтемақы ретінде табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға қол жеткізуді көздеп отыр.
Ресей тәліптерді террористтер қатарынан шығарды

Елдің Жоғары соты ресми түрде шектеу шараларын алып тастады. Лаңкес ретінде танылған топ 20 жыл көлемінде қара тізімде болған. Енді Мәскеу билігіне Ауғанстан басшылығымен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге жол ашылды. 2003 жылдан бері тек қылмыстық жазаға кесіліп келген радикалды қозғалыс мүшелері үшін де бұл жеңіс. Енді олар Ресеймен толыққанды саяси және дипломатиялық келіссөздер жүргізе алады. Орталық Азия елдерінен Қазақстан мен Қырғызстан да исламшыл топты террористтер қатарынан алып тастаған.
Енді қазақстандықтар зейнетақы жинаған кәмелетке толмаған балаларының еміне жұмсай алады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тиісті өзгерістерге қол қойды. Оған сәйкес, өтініш беруші немесе оның заңды өкілі қажет соманы зейнетақы қорынан сұратып алуы қажет.

Біржолғы зейнетақы төлемін емделуге пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизациядан өтіп, жеке кабинет ашып, онда электрондық өтініш толтырылады. Өтініште сомасы мен қаражатты пайдалану мақсаты көрсетіледі. Қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, алушы немесе оның заңды өкілі қалаған медициналық ұйымды таңдай алады.

Құжатта стоматологиялық қызметтерге қатысты талаптар да нақты көрсетілген. Атап айтқанда, медициналық ұйым азаматқа дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысын ем басталғанға дейін және ем барысында электронды не қағаз нұсқада ұсынуға міндетті.
Банктер мен айырбастау пунктерінде алтын құймаларын сату уақытша тоқтатылды

Ұлттық Банк мәліметінше, бұл өндіріс пен жеткізудегі жағдайларға байланысты болып отыр. Яғни құймаларды дайындау уақыт алады. Жаңа түсімдер осы жылдың екінші тоқсанының соңында келеді деп күтілуде деді.
Өткен жылы 71 мың құйма сатылды – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 84% - ға көп.

Айта кетсек, қазір алты бағасы шарықтап тұр. Бір унциясы 3 330 доллардан асты. Қазақстанда бір грамм алтын шамамен 55-60 мың теңге тұрады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жол жоқ ауылға облысы әкімі тікұшақпен барды

Біздің редакция бұған дейін батпақ болып езілген жолмен аудан орталығына қатынап жүрген Нұра ауылының мәселесін бірнеше рет жариялаған едік. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданындағы шалғай ауылға тікұшақпен барыпты. Жолсызбен жүргісі келмеген шығар
Еліміздегі салық бойынша қарызы бар ірі компаниялардың тізімі жарияланды

Мемлекеттік кірістер комитеті 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 150 АЕК-тен (589 800 теңгеден) асатын және төрт ай бойы өтелмеген салық қарызы бар заңды тұлғалардың тізімін жариялады. Тізімде 15 мыңнан астам компания бар.

Салық бойынша ең ірі берешегі бар компаниялар тізімі:
• Ai-To Progress (Алматы) – 104,1 млрд ₸
• TEX ALLIANCE (Алматы облысы) – 94,08 млрд ₸
• Alpha-bet ("Альфа-Бэт") (Алматы) – 88,1 млрд ₸
• OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі (Алматы) – 80,2 млрд ₸
• GB Invest (Алматы облысы) – 43,5 млрд ₸
• "Кастинг" (Алматы) – 18,1 млрд ₸
• "ҚазГерСтрой" бірлескен кәсіпорны (Астана) – 8,9 млрд ₸
•"ПФД Интернэшнл" Атырау филиалы (Атырау облысы) – 3,8 млрд₸
• "ФортСтрой-Т" (Астана) – 3,6 млрд ₸
• GL-TRANSPORT (Алматы) – 3,5 млрд ₸
• "БатысНефтеТрэйд" (Алматы) – 3,5 млрд ₸
• "MAG корпорациясы" (Алматы) – 3,03 млрд ₸
• CaspiOIlGas (Алматы) – 2,7 млрд ₸
• "Актөбе Электросетьстрой" (Актөбе облысы) – 2,5 млрд ₸
• Aktobe Smart Tech. (Актөбе облысы) – 2,5 млрд ₸

Толық тізімді КМД ресми сайтынан көруге болады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Берденовты жедел жәрдем көлігімен әкетіп жатқан сәт түсірілген бейне тарады
Күдікті -"Тұрғын үй Шымкент" ЖШС — нің 29 жастағы қызметкері екені анықталды. Ол ұсталып, изоляторға қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адамды жылдам ұстауға Берденовтың жүргізушісі көмектескен

Шабуылдаушы әкімдік ғимаратының жанында шенеунікті күтіп, көшеге шыққан кезде жақын қашықтықтан бірнеше рет оқ жаудырған.

Мұны қызметтік көліктің жүргізушісі байқап, оқ атқан адамды көлікпен барып қаққан.
Русланға қорқытулар түскенін айтқан болатын

Бейбіт Әлібеков телеграм-каналында осындай жазба жариялады

"Лично я думаю, что это может быть связано с наведением порядка в строительной сфере Шымкента, сомнительно, что букмекеры. Только сегодня было жёсткое совещание на эту тему. Мне говорили, что Руслану поступали угрозы",
Денсаулық сақтау министрлігі Руслан Берденовке ота жасалып жатқанын хабарлады
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Берденовтың денсаулығы туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев баяндады