Tiek
276 subscribers
378 photos
128 videos
1 file
112 links
Тілде тиек жоқ

Арнамызға жазыла отырыңыздар
Download Telegram
Ұлттық банк БЖЗҚ үшін ай сайын 200-250 миллион АҚШ долларын сатып алуды жоспарлап отыр


Бұл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) портфеліндегі валюталық үлесті 40% деңгейінде сақтау үшін қажет.
Бұл туралы Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов хабарлады.

"Қазіргі уақытта есептеулер бойынша, біз жыл соңына дейін ай сайын валюталық нарықтардан 200-250 миллион доллар сатып аламыз, бұл түсімдер мен активтердің өсуін ескере отырып, 40% үлесті сақтау үшін керек", - деді Тұрсынханов.

"Егер бұл үлесті сақтамасақ, яғни егер биыл зейнетақы активтері үшін доллар сатып алынбаса, бұл үлес 40%-дан төмен 35%-ға дейін төмендеуі мүмкін", - деп қосты ол.
Үкімет халықтың әл-ауқатын төмендетуге жол бермеу керек

Ақордада экономика мәселелеріне қатысты Қауіпсіздік Кеңестің жұмыс отырысын өткізген мемлекет басшысы осындай тапсырма берді

Сондай-ақ, президент Үкіметтің міндеті ретінде экономикалық өсім қарқыны мен тартылатын инвестиция көлемін арттыруды атады.
Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.

Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.
Қазақстанда эндаумент-қорлардың қызметі реттелетін болады

Қазақстанда эндаумент-қорлардың (мақсатты капитал қорлары) қызметі заң жүзінде реттелмек. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Эндаумент-қорларды басқару үшін коммерциялық емес ұйымдар құру ұсынылды. Заң жобасы меценаттық қызмет объектілерін қаржыландыруға бағытталған инвестициялық кірісті қалыптастыру, толықтыру және мақсатты пайдалану тәртібін белгілейді.
Инвестициялық кірістер мына салаларға бағытталады:
ғылым мен инновациялық қызмет;
-бұқаралық спорт;
-халықты әлеуметтік қорғау;
-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
-медициналық қызмет көрсету.
Қамқоршылық кеңестер құрылып, олар қордың жоғарғы әрі атқарушы органы және ішкі аудит қызметі ретінде әрекет етеді. Қорға ірі көлемде қаражат салғандар кеңес құрамына ене алады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл заң жобасы қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған:
«Біз үшін маңызды бағыт – қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамыту. Оны ынталандыру үшін арнайы салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда депутаттардың бастамасымен Салық кодексіне эндаумент-қорлар үшін салық жеңілдіктері енгізілді», – деді ол Мәжіліс отырысында.

Жаңа заң жобасы сонымен қатар мыналарды көздейді:
-активтер көлемі 15 000 АЕК-тен (58,9 млн теңге) асқан жағдайда, оларды кәсіби басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына міндетті түрде беру;
-қорлар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бөлек бухгалтерлік есеп жүргізу, есептілікті жариялау және жыл сайын аудиттен өту;
-қор құрылымы, инвестициялық саясат және басқарушы органдар құрамы туралы ақпаратты ашу талаптарын бекіту;
-қаржылық активтерді сенімгерлік басқаруға беру шегі – 10 000 АЕК, оларды беру мерзімі – үш ай;
-әкімшілік және басқарушылық шығындарға инвестициялық табыстың 15%-на дейін, ал табыс теріс болған жағдайда – активтердің орташа құнының 1%-дан 0,5%-ға дейін шектеу белгіленеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген  уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
АҚШ пен Украина сирек кездесетін минералдар туралы келісімге ақыры қол қойды

Осылайша Трамп діттегеніне жетті. Бұл ақпаратты Украинаның вице-премьері әрі Экономика министрі Юлия Свириденко әлеуметтік желіде мәлім етті. Сондай-ақ, Украинаны қалпына келтіруге арналған инвестициялық қорды құруға жол ашылғанын мәлімдеді. Қор елді қалпына келтіруге, инфрақұрылымды жаңғыртуға, бизнесті қолдауға және экономиканы дамыту үшін инвестиция тартудың тиімді құралына айналуы тиіс. Трамп Украинаға көрсеткен әскери көмегі үшін өтемақы ретінде табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға қол жеткізуді көздеп отыр.
Ресей тәліптерді террористтер қатарынан шығарды

Елдің Жоғары соты ресми түрде шектеу шараларын алып тастады. Лаңкес ретінде танылған топ 20 жыл көлемінде қара тізімде болған. Енді Мәскеу билігіне Ауғанстан басшылығымен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге жол ашылды. 2003 жылдан бері тек қылмыстық жазаға кесіліп келген радикалды қозғалыс мүшелері үшін де бұл жеңіс. Енді олар Ресеймен толыққанды саяси және дипломатиялық келіссөздер жүргізе алады. Орталық Азия елдерінен Қазақстан мен Қырғызстан да исламшыл топты террористтер қатарынан алып тастаған.
Енді қазақстандықтар зейнетақы жинаған кәмелетке толмаған балаларының еміне жұмсай алады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тиісті өзгерістерге қол қойды. Оған сәйкес, өтініш беруші немесе оның заңды өкілі қажет соманы зейнетақы қорынан сұратып алуы қажет.

Біржолғы зейнетақы төлемін емделуге пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизациядан өтіп, жеке кабинет ашып, онда электрондық өтініш толтырылады. Өтініште сомасы мен қаражатты пайдалану мақсаты көрсетіледі. Қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, алушы немесе оның заңды өкілі қалаған медициналық ұйымды таңдай алады.

Құжатта стоматологиялық қызметтерге қатысты талаптар да нақты көрсетілген. Атап айтқанда, медициналық ұйым азаматқа дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысын ем басталғанға дейін және ем барысында электронды не қағаз нұсқада ұсынуға міндетті.
Банктер мен айырбастау пунктерінде алтын құймаларын сату уақытша тоқтатылды

Ұлттық Банк мәліметінше, бұл өндіріс пен жеткізудегі жағдайларға байланысты болып отыр. Яғни құймаларды дайындау уақыт алады. Жаңа түсімдер осы жылдың екінші тоқсанының соңында келеді деп күтілуде деді.
Өткен жылы 71 мың құйма сатылды – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 84% - ға көп.

Айта кетсек, қазір алты бағасы шарықтап тұр. Бір унциясы 3 330 доллардан асты. Қазақстанда бір грамм алтын шамамен 55-60 мың теңге тұрады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жол жоқ ауылға облысы әкімі тікұшақпен барды

Біздің редакция бұған дейін батпақ болып езілген жолмен аудан орталығына қатынап жүрген Нұра ауылының мәселесін бірнеше рет жариялаған едік. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданындағы шалғай ауылға тікұшақпен барыпты. Жолсызбен жүргісі келмеген шығар
Еліміздегі салық бойынша қарызы бар ірі компаниялардың тізімі жарияланды

Мемлекеттік кірістер комитеті 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 150 АЕК-тен (589 800 теңгеден) асатын және төрт ай бойы өтелмеген салық қарызы бар заңды тұлғалардың тізімін жариялады. Тізімде 15 мыңнан астам компания бар.

Салық бойынша ең ірі берешегі бар компаниялар тізімі:
• Ai-To Progress (Алматы) – 104,1 млрд ₸
• TEX ALLIANCE (Алматы облысы) – 94,08 млрд ₸
• Alpha-bet ("Альфа-Бэт") (Алматы) – 88,1 млрд ₸
• OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі (Алматы) – 80,2 млрд ₸
• GB Invest (Алматы облысы) – 43,5 млрд ₸
• "Кастинг" (Алматы) – 18,1 млрд ₸
• "ҚазГерСтрой" бірлескен кәсіпорны (Астана) – 8,9 млрд ₸
•"ПФД Интернэшнл" Атырау филиалы (Атырау облысы) – 3,8 млрд₸
• "ФортСтрой-Т" (Астана) – 3,6 млрд ₸
• GL-TRANSPORT (Алматы) – 3,5 млрд ₸
• "БатысНефтеТрэйд" (Алматы) – 3,5 млрд ₸
• "MAG корпорациясы" (Алматы) – 3,03 млрд ₸
• CaspiOIlGas (Алматы) – 2,7 млрд ₸
• "Актөбе Электросетьстрой" (Актөбе облысы) – 2,5 млрд ₸
• Aktobe Smart Tech. (Актөбе облысы) – 2,5 млрд ₸

Толық тізімді КМД ресми сайтынан көруге болады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Берденовты жедел жәрдем көлігімен әкетіп жатқан сәт түсірілген бейне тарады
Күдікті -"Тұрғын үй Шымкент" ЖШС — нің 29 жастағы қызметкері екені анықталды. Ол ұсталып, изоляторға қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан адамды жылдам ұстауға Берденовтың жүргізушісі көмектескен

Шабуылдаушы әкімдік ғимаратының жанында шенеунікті күтіп, көшеге шыққан кезде жақын қашықтықтан бірнеше рет оқ жаудырған.

Мұны қызметтік көліктің жүргізушісі байқап, оқ атқан адамды көлікпен барып қаққан.
Русланға қорқытулар түскенін айтқан болатын

Бейбіт Әлібеков телеграм-каналында осындай жазба жариялады

"Лично я думаю, что это может быть связано с наведением порядка в строительной сфере Шымкента, сомнительно, что букмекеры. Только сегодня было жёсткое совещание на эту тему. Мне говорили, что Руслану поступали угрозы",
Денсаулық сақтау министрлігі Руслан Берденовке ота жасалып жатқанын хабарлады
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Берденовтың денсаулығы туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев баяндады
Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.

– Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.
Шымкент полициясы Берденовке жасалған шабуылдың себептері туралы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тараған қауесеттерді жоққа шығарды.

«Қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде шабуылдың себебі ретінде күдіктінің әйеліне қырындау (домогательство) болғандығы туралы жалған ақпарат тарады. Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаменті.

Айта кетейік, акимат ғимаратының маңында жарақат алған Шымкент қаласының орынбасары Руслан Берденов ота жасалып, есін жиған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Жеке мәселе” - Қожаназаров Берденовке жасалған қастандық туралы

Республика партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров партияласына қарсы шабуылға байланысты пікір айтты. Ол айтылып жатқан болжамдардың ешбіріне сенбеймін деді. Және Руслан Берденовтің жағдайы туралы да айтып берді

https://t.me/tiekkz
Дүниежүзілік банк 2025 жылға Қазақстанның ЖІӨ өсу болжамын төмендетті
«Жаһандық экономикалық перспективалар» атты сәуір айындағы есебінде Дүниежүзілік банк 2025 жылы Қазақстан экономикасының өсуін 4,5% деңгейінде болатынын болжады. Бұл қаңтардағы 4,7% көрсеткішінен сәл төмен. Ал 2026 жылға болжам 3,5%-тен 3,6%-ке өзгертілді.

2024 жылы ЖІӨ өсімі 4,8% болды деп бағаланып отыр, бұл 2023 жылғы 5,1% көрсеткішінен төмен. Дегенмен, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елдің ЖІӨ 5,8%-ке артқан.

Басқа халықаралық ұйымдар да болжамдарын қайта қарастырды:

Қазақстан Ұлттық банкі
2025–2026 жылдары экономикалық өсімді 4,2–5,2% аралығында болжайды.

Азия даму банкі 2025 жылға арналған болжамды 4,9%-ке дейін төмендетіп, 2026 жылға 4,1% деңгейін сақтап қалды.

Халықаралық валюта қоры 2025 жылға болжамды 4,9%-ке дейін төмендетіп, 2026 жылға 4,3%-ке көтерді.

Сарапшылар бұл өзгерістерді шикізат бағасының ауытқуы мен жаһандық геосаяси тәуекелдерге байланысты деп түсіндіреді.