Tiek
275 subscribers
384 photos
130 videos
1 file
114 links
Тілде тиек жоқ

Арнамызға жазыла отырыңыздар
Download Telegram
Мұнай бағасы тағы да түсті

Жаһандық экономика қарқынының төмендеуі қара алтын құнының арзандауына алып келді. Қазір Brent маркасының бір баррелі 64 доллар 63 центке саудаланып жатыр. Ал, WTI бағасы 61 доллар 38 центке түскен. Алдын ала болжамдар бойынша, алдағы апта қара алтын нарығы үшін сәтсіз аяқталмақ. Сарапшылар, мұнай бағасы тағы да құлдырайды деген пайымда. Айта кетейік, бір айда оның құны 10 долларға арзандаған.
3 айда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1,44 трлн теңге жұмсалды

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемі 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы — 8,5%-ға артты. Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 65%-дан 70%-ға дейін ұлғайтылып, 32 360 теңге болды, ең жоғары мөлшер 105%-дан 110%-ға дейін көтеріліп, 50 851 теңгені құрады. Орташа алғанда қазақстандық зейнеткерлер айына 131 500 теңге алып отыр.
Бұл Байденнің соғысы. Бұл менің соғысым емес -Трамп

Президент АҚШ Дональд Трамп мәлімдеді, ол Украинадағы қақтығысты тоқтатуға тырысатынын айтты.

"Бұл Байденнің соғысы. Бұл менің соғысым емес. Бұл Байденнің кезінде басталған соғыс, мен тек оны тоқтатуға тырысып жатырмын, осылайша көптеген өмірлерді сақтап қалуға болады", — деді Трамп.

Трамп сондай-ақ: "Менің ойымша, осы соғыстың басталуы — бұл билікті теріс пайдалану. Егер мен президент болғанда, бұл соғыс басталмас еді", — деп қосты.

Сондай-ақ, ол жексенбіде өзінің арнайы елшісі Стив Уиткоффпен кездескенін айтты, ол жақында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Трамп Уиткоффтың "Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастарға байланысты жақсы кездесулер өткізгенін" атап өтті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Есірткімен күрес комитеті ата-аналарға маңызды Үндеу жолдады

Бұан соңғы уақытта балалардың есірткі айналымына тартылу жайттарының көбейіп жатқаны түрткі болып отыр. Жыл басынан бері елімізде есірткі сақтау және тарату күдігімен 23 жасөспірім ұсталған. Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар.
Еліміздегі 125 теміржол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу басталды

Ғимараттарды қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту бірінші кезекте вокзалдардың өткізу қабілетін артырады. Сондай-ақ интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер ашуға мүмкіндік береді.

«Ірі қалалар мен қатар шалғай аудандарда орналасқан нысандарды да қамтылып отыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық 5 вокзал, Ақмола облысында – 16, Атырау облысында – 9, Алматы облысында – 5, Ақтөбе облысында – 7, Абай облысында – 10, Жетісу облысында – 8, Батыс Қазақстан өңірінде – 4, Қарағанды облысында – 11 және басқа да өңірлердегі вокзалдар да жаңартылады», – деді көлік вице-министрі.
Голан жоталарында бітімгерлік миссиясын ерекше атқарғандар марапатталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанда төлем қабілеті нашарлаған банктердің жұмысын реттеудің жаңа механизмі әзірленді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымованың мәліметінше, бұл шаралар банктер мен банк қызметі туралы жаңа заң жобасында көрсетілген.

«Банк қаржылық жағдайының нашарлауының алғашқы белгілері пайда болғанда, ол күшейтілген бақылауға алынып, қалпына келтіру жоспарлары жаңартылады. Егер жағдай одан әрі нашарласа, қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру режимі іске қосылады, оған тұрақтандыру шаралары енгізіледі. Ал егер банк төлем қабілетсіз деп танылса, реттеу режимі іске қосылады, ол үшін уақытша әкімшілік тағайындалып, мекеменің өміршеңдігі бағаланады» -деп атап өтті Әбілқасымова.

Сондай-ақ ол бұл нормалардың басты мақсаты — мемлекеттік қолдауды мүмкіндігінше аз қолдану, ол тек жүйелік маңызы бар банктер үшін және қаржы жүйесіне минималды қауіп төндіретін жағдайда ғана беріледі деді.
Босаңсуға мүлде болмайды. Алдымызда мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту міндеті тұр – Мемлекет басшысы


Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

Болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында өтіп жатқан басқа да миссияларға қатысуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, Қазақстан жер жүзіндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға белсенді түрде атсалыса бермек.

– Қарулы күштер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің басты тіректерінің бірі. Ең алдымен, сарбаздары мен офицерлерінің рухы асқақ, кәсіби деңгейі жоғары, жауынгерлік машығы мінсіз, тәртіп пен тазалықты мүлтіксіз сақтайтын әскер қуатты болады. Армия – қайсарлыққа баулитын, жігерді жанитын нағыз мектеп. Сіздер азаматтық борыш пен әскери антқа адалдық танытып, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеттіңіздер. Мінсіз қызметтеріңіз өскелең ұрпаққа өнеге. Мемлекет басшысы ретінде мен қауіпсіздік және құқық қорғау саласына әрдайым айрықша көңіл бөлемін. Жақында Ақордада арнаулы жасақтар арасындағы беделді халықаралық жарыстан жүлдемен оралған күштік құрылым қызметкерлерін марапаттадық. Жалпы, әскери бөлімдер мен күштік құрылымдардың беделі мен даярлық деңгейі едәуір өсті. Құқық қорғау және арнаулы органдар қылмыспен күресте, терроризм мен есірткі бизнесінің жолына тосқауыл қоюда тиімділігін көрсетіп келеді. Алайда босаңсуға мүлде болмайды. Алдымызда мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту міндеті тұр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз ел болуға тиіс деп санайды. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шара қабылданып жатыр.

– «Заң мен тәртіп», отаншылдық пен жауапкершілік – әскери қызметшілерге ғана емес, еліміздің барлық азаматтарына ортақ аса маңызды құндылықтар. Осы жасампаз қасиеттер қоғамда жан-жақты дәріптелуге тиіс. Себебі біз қазір бәріміз бір ел болып Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақс412:13
Прокомментировать
«Астрахань – Манғышлақ» су құбырының құрылысына бөлінген қаржыны ұрлады деп күдікке ілінгендердің құны 1,1 млрд теңге болатын мүлкі тәркіленді

Бас прокуратура бюджет қаржысының игерілуін тексеру барысында 6,4 миллиард теңгенің жоғалғанын анықтаған. Күдікке «Магистральды су құбыры» кәсіпорнының бұрынғы бас директоры мен оның орынбасары іліккен. Бұл ұжым «ҚазТрансОйл» ұлттық компанияның еншілес мекемесі болып табылады. Сонымен қатар, қылмыстық істің фигуранттары қатарында мердігер ұйымның өкілі мен жобалық ұйымның құрылтайшысы да бар. Қазір іс сотқа жіберілген.
Антикор сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында жаңа сайт ашты

Бұл портал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы ақпаратты жүйелеуге арналған.

Порталға кірген азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыстармен танысып, қызықты оқу курстарын тауып, онлайн-тесттен өтіп, сертификат ала алады. Сонымен қатар, азаматтар әлеуметтік сауалнамаға қатысып, оның нәтижелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету мен тиімділігін бағалау үшін пайдалана алады.

Порталда «Сыбайлас жемқорлық картографиясы» да бар, ол коррупциялық тәуекелдерге ұшырайтын лауазымдар мен мемлекеттік органдар мен өңірлердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсетеді. Сондай-ақ, волонтерлік қызметке арналған бөлімде жұмыс істеп жатқан волонтерлер мен ұйымдар туралы ақпарат ұсынылған. Қалағандар өздерін волонтер ретінде қарастыру үшін анкетаны жіберуге мүмкіндігі бар. Портал арқылы азаматтар парақорлық туралы хабарлама жібере алады.
Бүгін – "Қазақ" деген атымыз қайтарылған тарихи күн

📅 1925 жылдың 15 сәуірі

100 жыл бұрын, дәл осы күні Қызылордада өткен Қырғыз (Қазақ) КСР Кеңестерінің V съезінде Ахмет Байтұрсынұлының ұсынысымен халқымызға өзінің түпкі тарихи аты – "қазақ" ресми түрде қайтарылды.

Ахмет Байтұрсынұлы бұл мәселеде батыл сөз сөйледі:

«Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді... Ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», – деді ол.

💬 Осылайша, 1925 жылдан бастап барлық ресми құжаттарда "Қырғыз КСР" емес, "Қазақ КСР" деп жазыла бастады.

📌 Бұл – жай ғана атау емес. Бұл – ұлттық болмысымыздың, тарихымыздың, рухымыздың қайтарылуы еді.

🔔 Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі – қазақты қайтадан "қазақ" атандырып бергені.

📍Бүгінгі ұрпақ үшін бұл күн –

өз атымызды қайтарған бабалар ерлігін еске алу,

ұлттық сана мен рухтың қадірін түсіну күні.

#АхметБайтұрсынұлы #ҚазақАты #ТарихТамыры #15Сәуір

https://t.me/tiekkz
Тасқын құрбандары артып жатыр

Бұл жолы Абай облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшәулі ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Қарақол өзенінің үстінен өтетін көпір опырылып, 3 адам суға ағып кеткен. Ауыл тұрғындары таратқан дерекке сүйенсек, 2 азамат мал іздеуге шығып, өткелден мотоциклін өткізбек болған. Ал үшінші адам көмектеспек болған көрінеді.

Іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Аман болса деп тілейміз.
Ресми органдардың жауабын күтеміз

https://t.me/tiekkz
Трамп ерікті түрде депортацияланған әр шетелдік үшін ақша төлеуге дайын


Ақ үй басшысы мигранттарға арналған осындай жаңа бағдарлама қабылдамақ. Нақты айтқанда, келімсектерге стипендия тағайындап, елден тезірек шығарудың амалын жасауда. Трамп оны «өзін-өзі депортациялау бағдарламасы» деп атаған. Жаңа жоба қаржылық көмек қана емес, уақыт өте елге заңды түрде қайта кіруге мүмкіндік береді. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен. Қазір оларды жаппай шығару және қамауға алу процесі жүріп жатыр.
Қазақстанда ажырасқан немесе бөлек тұратын ата-аналардың және туыстарының баламен қарым-қатынас тәртібі бойынша дауларды шешудің бірыңғай ережелері күшіне енді

2025 жылдан бастап Қазақстанда ажырасқан немесе бөлек тұратын ата-аналар мен жақын туыстардың (ата-әже, аға-әпке) балаға бару тәртібін реттейтін жаңа бірыңғай ережелер қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін мұндай даулар әр өңірде әртүрлі тәсілдермен шешілетін, енді барлық ел бойынша ортақ тәртіп бекітілді. Бұл өзгеріс баланың құқықтарын қорғауға және ересектер өзара келісімге келе алмаса да, оның жақындарымен байланысын сақтауға бағытталған.

Егер ата-ана немесе басқа жақын туыс балаға баруға шектеу қойылғанын сезінсе, олар қамқоршылық органына өтініш бере алады. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркелуі қажет:

Жеке куәліктің көшірмесі;
Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар;
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
Тұратын мекенжайын растайтын құжат.
"Мұндай сезімтал мәселелерді қараудың бірыңғай тәртібі алғаш рет мемлекеттік деңгейде енгізіліп отыр", – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Осы уақыт ішінде мамандар тараптармен әңгімелесу жүргізеді, қажет болса тұрғын үй жағдайын тексереді және 10 жастан асқан баланың пікірін міндетті түрде ескереді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада заңсыз майнингпен айналысқан 3 адам жазаланды

Олар 2022-2024 жылдарда майнинг фермасын жасырын ұстап, бір мегаполистің тұрғын ауданы тұтынатын айлық электр энергиясын пайдаланған.

Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды.

Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.

Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді.

Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.
Tiek
Тасқын құрбандары артып жатыр Бұл жолы Абай облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшәулі ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Қарақол өзенінің үстінен өтетін көпір опырылып, 3 адам суға ағып кеткен. Ауыл тұрғындары таратқан дерекке сүйенсек, 2 азамат мал іздеуге шығып…
Өкінішке орай Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылында суға құлаған 3 азаматтың екеуі қайтыс болғаны белгілі болды

Құтқарушылар Қаракөл өзенінен марқұмдардың денесін алып шыққан.
Олар: Паль Василий Владимирович 18.09.1980
Бобко Юрий Андреевич 15.09.1978

Ал, үшінші адам Каймолдинов Бөкейхан 02.10.1967 туған әлі іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетсек, 15 сәуірінде 15 -00 шамасында Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылдық округі, Ақшәулі ауылы, Қаракөл өзені, Көк-кәмір учаскесінде 3 жұмысшы аспалы көпірден өтіп жатқанда суға құлап кеткен. Іздестіру шараларына 12 адамнан тұратын Жедел-құтқару жасағының (ЖҚЖ) жеке құрамы, 18 полиция қызметкерлері, 25 аудандық әкімшілік қызметкерлері, 110 волонтер тартылды.
Өскеменде "Азия Авто" компаниясының бұрынғы басшыларына сырттай үкім шығарылды

Өскемен қаласында "Азия Авто" компаниясының бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаевқа сот үкімі шығарылды. Екеуі де – Ресей Федерациясының азаматтары. Сот отырысына айыпталушылар қатыспаған, үкім сырттай шығарылды.

Анатолий Балушкин ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы – "Өзгелердің мүлкін аса ірі мөлшерде алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен иелену (алаяқтық)" бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ерір Сағымбаев 190-бап, 4-бөлік, 2-тармақ және 245-бап, 3-бөлік – "Қылмыстық топпен немесе аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару" баптары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерге тыйым салынды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот жәбірленуші тарап – ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талабын қанағаттандырудан бас тартты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тергеу нұсқасы бойынша, Балушкин мен “Азия Авто” бас директоры Сагымбаев 230 млрд теңгені жымқырып, бұл қаражатты банк несиелерін төлеуден және салық төлеуден жалтару үшін пайдаланған. Бұл ақша бастапқыда автокөлік өндірісінің өнеркәсіптік зауытын салуға арналған болатын.
Бұл істе жәбірленушілер ретінде Jusan Bank пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (қазіргі – Индустрия және құрылыс министрлігі) танылды.
Алтын бағасы бұрын соңды болмаған рекорд көрсетті

Нью-Йорк тауар биржасында COMEX алтынға арналған маусым айының фьючерсі тарихи максимумға жетті. Алтынның тройлық унциясы $3 301,4 деңгейінде саудаланып, абсолютті рекорд жаңартылды. Бұл алтын бағасының өсуі әлемдік экономикалық белгісіздік пен инфляциялық қауіп-қатерлердің әсерінен инвесторлардың осы құнды металлға деген қызығушылығының артуын көрсетеді.