💬 Бүгін, 14 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің тоғызыншы кезеңі аяқталды. Шабандоздар белгіленген маршруттың 850 шақырымын басып өтті.
🏆 Тоғызыншы кезең қорытындысы бойынша, Алматы облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы қостанайлық шабандоздар мәре сызығына екінші болып келсе, Жетісу облысының командасы үшінші болып жетті.
☑️ Өкінішке қарай, бұл кезеңде Жамбыл облысы командасымен қоштасуға тура келді.
Марафонның бас төрешісі Надежда Купцованың айтуынша, жамбылдық жылқының тұяғы абайсызда шұңқырға кіріп кетіп, ақсап қалған.
«Команданың қалған екі шабандозы командадан тыс Түркістанға дейін жету мақсатын орындайды. Олар осы уақытқа дейін үздіктер қатарында болды. Жарыстан шығып қалуы бәріміз үшін оңай тимеді. Дегенмен дода болған соң, жеңіліс те болады. Қалған 11 командаға мұқият болыңыздар дегім келеді», - деп атап өтті бас төреші.

📣 Бүгін, 15 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің оныншы кезеңі аяқталды. Шабандоздар белгіленген маршруттың 950 шақырымын басып өтті.
Оныншы кезең қорытындысы бойынша, Түркістан облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы маңғыстаулық шабандоздар мәре сызығына екінші болып келсе, Қостанай облысының командасы үшінші болып жетті.
⛔️ Өкінішке қарай, бұл күні екі күн қатарынан жеңімпаз болған Алматы және Ұлытау облысының атынан шыққан командалармен қоштасуға тура келді.
Марафонның бас төрешісі Надежда Купцованың айтуынша, Алматы облысы командасының бір аты 10-кезеңнің алғашқы 50 шақырымында болдырып, команда финишқа жете алмапты. Ал ұлытаулық аттың аптап ыстықтан жүрек соғысы жиілеп, қалыпқа түсуі қиындаған. Ветеринарлар жағы команда жетекшісіне тәуекелге бармай, осы жерден бәрін тоқтату керек десе де, ұлытаулық шабандоз ешкімге құлақ аспай, Түркістанға дейін баруға бекініпті.
Бас серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры Sport Qory

“Ұлы дала жорығы”: “Рекорд” командасына қомақты қаржылай сыйлық бекітілді
Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен “Рекорд” командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған. Арқадан атқа қонған үш шабандоз қара жерді қайыстыра Түркістанға таяп келеді.
Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлдеқоры бекітілді.
1-орынға - 2 миллион теңге, 2-орынға - 1,5 миллион теңге, 3-орынға - 1 миллион теңге беріледі.
Әзірге командадағы 3 шабандоздың уақыты әртүрлі. Атап айтқанда, 12-кезең бойынша, Маңғыстау командасының шабандозы 89 сағат 46 минут есебімен алда келе жатыр. Екінші орын - 92 сағат 10 минут уақыт есебімен Жетісу командасының рекордсменінің еншісінде. Үшінші орында - 92 сағат 33 минут есебімен Астана командасының шабандозы тұр.

19 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 14-кезеңі аяқталып, еліміздің рухани астанасы Түркістан төрінде жеңімпаздар анықталды.
Жалпы, 5-19 қыркүйек аралығында марафоншылар елордадан Түркістан қаласына дейін 1 300 шақырымнан аса қашықтықты басып өтті. Марафон 14 сатыға бөлінген. Оған еліміздің 19 өңірінен 1 командадан қатысты.

🏆Маңғыстау облысының Адай жылқысы рекорд жасады.
«Рекорд» командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1 300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 09 секундта бірінші болып кесті.
Мәреге жетісулық шабандоз екінші болып келсе, артынша астаналық шабандоз жетті.
1 300 шақырымды 1 атпен бағындырған азаматтар 1-орын үшін 2,5 миллион теңге, 2-орынға – 2 миллион теңге, 3-орынға 1,5 миллион теңге көлемінде сыйақы алды.

Дүбірлі доданың жабылу салтанаты «Түркістан-арена» стадионы маңында өтті.
Салтанатты шарада «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, Ұлттық спорт қауымдастығының Президенті Исламбек Салжанов, “JORYQ” ат спорты федерациясының Президенті Бақытжан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.