ТелеТвит
1 subscriber
Download Telegram
Channel created
Шынайы сұлулық.

Мен өте қуаныштымын және ризамын. Айналамды бақылап қарасам, жанымда көптеген жаны таза, әсем, көркем және өте сүйкімді адамдар қаптап жүр. Олардың жандарының сұлулығы сондай, егер ол саған жаманшылық жасап кетсе де, сенің оған деген, ішіңдегі жылуың ешқашан өшпейтінін білесің. Оған деген құрметіңнің еш азаймайтынын сезесің.

Мен олардың жанының сұлулығына және тазалығына көзімді талай жеткізгенмін. Себебі, мен олардың тәнімен емес тікелей жанымен талай рет тілдесіп, ішкі жан-дүниесін ақтарып, көзімді жеткізгенмін.

Иә, адамдар өзгеруші. Өзгеруі әп-сәтте. Мен меңзеп отырған адамдар да өзгереді, тіпті өзгеріп те кетті. Алайда тек тәндері ғана өзгереді. Ал жандары болса, сол сұлу, таза және әсем күйінде мәңгі сақталып қалады.