🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады
Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Салтанатты шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған.

Мемлекет басшысы қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл шоғын қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары Ұлы Отан соғысы кезінде ірі шайқастар болған Ржев округіндегі тарихи жерлерге барудан басталды.
Мемлекет басшысы 100 және 101-дербес атқыштар бригадасының құрамында соғысқан қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл шоғын қойып, боздақтардың рухына тағзым етті.
Мемориал ұзындығы 27 метр, биіктігі 4 метр болатын гранит қабырғадан тұрады. Онда «100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадасының жауынгерлері мәңгі жадымызда сақталады. Сіздерге алғысы шексіз қазақстандықтар атынан» деп жазылған.
Ескерткіш тақтаның оң жағына Қазақстан картасы бар панно орнатылған. Онда 1941 жылы екі бригада жасақталған Алматы және Ақтөбе қалалары, сондай-ақ елордамыз – Астана қаласы белгіленген. Осы бригадалар сапына Қазақстаннан шақырылған 9312 жауынгердің есімі мәрмәр тақталарға қашалып жазылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің тарихында айрықша орны бар мереке. Сондай-ақ бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен аға буынның жанқиярлығын, қажымас қайраты мен ерік-жігерін әйгілейтін мейрам.
Сұрапыл соғыс жылдарында отандастарымыз қайсарлық пен қаһармандықтың теңдессіз үлгісін танытты. Майданға аттанған жауынгерлеріміздің тең жартысы ұрпақтың болашағы үшін жанын пида етті. Жеңіске тыл еңбеккерлері де өлшеусіз үлес қосты. Олар ел басына күн туғанда халқымыздың жұдырықтай жұмыла білетінін ерен еңбегімен дәлелдеді.
Соғыста опат болған боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік борышымыз. Біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін жеңімпаз аға буынға қарыздармыз. Олардың өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Майдангерлеріміз жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала береді.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ардагерлеріміз аман болсын! Жеңіс күні құтты болсын!

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды
Президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян болды.

Алматы облысында көпбалалы отбасы белгісіз заттан уланып, 5 адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Көліащы ауылында болған.
«Әкесі (1984 жылғы) мен төрт баласы (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қайтыс болды. Анасы (1985 жылғы) Шамалған ауылының Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Қазақстанда теміржол билеттері арзандауы мүмкін
Мәлімет бойынша, көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді жоспарлап жатыр.
Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды.
Осы нормативтік актіге биыл 21 ақпанда Бас көлік прокуратурасымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірілді, ол толық көлемде қанағаттандырылды.

Алдағы үш күнде елімізде қатты жаңбыр жауып, күн суытады
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді және бұршақ жаууы мүмкін. 11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда – солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда – орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.
Республика бойынша ауа температурасы төмендейді. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндізгі уақытта температура солтүстік-батыста және солтүстікте 5-15 градус жылы болады.

Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемипоны, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік актриса Малика Мұхтарова 23 жастан асқан шағында дүние салды, деп хабарлайды taulik.kz.
Қаралы хабарды Астана әкімдігіне қарасты Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров айтты.
Малика Мұхтарова 2000 жылы 21 наурызда Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында дүниеге келді. Қостанай қаласындағы Гафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектепті тәмамдады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін аяқтады.
Пара спорттан халықазалық дәрежедегі спорт шебері. Арбаға отырып спорттық би билеуден Республикалық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың жеңімпазы.

Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен босатылды деп хабарлайды taulik.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген құжатта.

⚡️ Президент:
«Мен оптимистік көзқараспен алдағы екі күнде өтетін конструктивті талқылау бізді оңтайлы шешім қабылдауға және алдағы уақытта әріптестікке бағыттайтынына сенім білдіремін.
Сөз соңында маған мына жайтты еске салуға рұқсат етіңіздер. Мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет.
Мен осы форумға және әрқайсыңызға сәттілік тілеймін. Баршаңызға бүгін біздің қатарымызға қосылғандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Талқылаулар сіздер үшін табысты болуына тілектестік білдіремін»

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жұрт байқамай жүрген бір кітапшасын тауып алдық. Бұл кітаптың табылуы тіптен қызық. Ат сабылтып, алыстан іздемедік. Өткен жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылы біршама олжалы болды. Бұл туралы taulik.kz Жас Алашқа сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымның күні бүгінге дейін табылмай келе жатқан «Мәдениет тарихы» бастаған бірнеше кесек еңбектерін қоспағанда, оншақты мақаласы мен арыз хаттарының табылуы қуанышты жаңалық. Белгілі ғалымдар тобы құрастырған он екі томдық толық жинағы мен бес томдық академиялық толық жинағына бұған дейінгі көп томдықтарына енбеген жазбалар қосылған болатын. Ал біздің бүгінгі сүйінші жаңалығымыздың құндылығы сол – алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар Ұлт ұстазының бұл кітапшасын қатпары мол қалың қалтарыстардан сан рет өтсе де байқамай келген. 1988 жылы ғана жазаланғанына елу бір жыл толғанда ақталған Ахмет мұрасы жұртымен қайта қауыша бастады. Одан бері сан рет толықтырылып, сан рет ықшамдалып басылған ғалым еңбектерінің қатарында бұл шағын кітапша айтылмай келді. Оқырман асыға күтіп отырған жаңалықты алғашқы болып айту – біз үшін теңдессіз бақыт.
Ахмет Байтұрсынұлы И.А. Крылов шығармаларынан аударған «Қырық мысалы» әмбеге аян. Алайда осы «Қырық мысалдың» ішіндегі бір мысалы – «Маймыл мен көзілдірік» атты шығарма өзі жеке бір кітапша болып шыққанын кім білген?! Мінеки, ғалым аударған құнды еңбектің бір парасы басылым көргеніне 101 жыл өткенде табылып отыр.

«Біз де адамбыз»: Газадағы өмір 22 жастағы журналист қыздың көзімен
Журналистердің көбі Израильдің Газа секторын бомбалап жатқанын айтып үлгергенімен, одан кейінгі жағдай бәріне бірдей анық емес. Тек сол жақта қалып қойған журналистер таратып отырған ақпарат ғана әлем назарын аударып отыр. Басты себептердің бірі – рұқсат жоқ.
Плестиа Алакад – сол жақта қалып қойған журналистердің бірі. 22 жастағы журналист қыз өз репортаждарын жеке әлеуметтік желісінде жариялап отырады. Бұған дейін Плестиа Press House Palestine басылымынан тәжірибеден өткен. Ал оның директоры Билал Джадаллах қараша айында израиль әуесоққысынан қаза тапқан болатын.
Алакада беретін ақпарат Газадағы бомбалаудың, күйреген үйлердің, әскерлердің қозғалысы және тірі қалу үшін бәрін жасап жатқан жандардың өмірі туралы есепті беруге жақын. Бұдан бөлек онда Газадағы адамдардың адамдық қасиеттері мен халқы туралы деректер де беріледі. @byplestia деген атаумен 4 миллионнан астам оқырманына үміт пен ақпарат беріп отырған оның парақшасынан жергілікті балалармен ойнап жүрген видеоларын, тасбақамен суретке түскен жылы суреттерін, жалпы Израиль әскерінің кіргенге дейін Газаның қандай болғанын көрсетеді.
Бір ай бұрын (қараша, 2023) Алакад Австралиялық отбасының жылдам виза жасап бергенінің арқасында Газадан кетуге мүмкін алған. Дегенмен сол кездегі шешімді журналист былай суреттейді: «Өмірімдегі қабылдаған ең қиын шешімдердің бірі болды».
Журналист Мэтью Лик 22 жастағы Плестиа Алакадтан сұхбат алған. Reuters-ке шыққан материалдың қазақшасын ұсынып отырмыз.
https://taulik.kz/17230/biz-de-adambyz-gazada-y-mir-22-zhasta-y-zhurnalist-yzdy-k-zimen

ТОП-10 ұл балаға қойылған есімдер🧑🏻🦱
- Алихан
- Омар
- Амир
- Алдияр
- Айсұлтан
- Алан
- Али
- Нұрислам
- Мухаммад
- Хамза
ТОП-10 қыз балаға қойылған есімдер👩🏻
- Медина
- Айша
- Айлин
- Асылым
- Сафия
- Томирис
- Раяна
- Амина
- Аяла - Айым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Димаш Құдайбергенге бүкіл партия таласады» деген Егізбаев нені меңзеді? (ВИДЕО)
Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасына келген «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Егізбаев партиялар арасындағы доданың қалай өтетіні туралы айтып берді.
Мәселен, президент сайлауғына түскен Қарақат Әбденді партия төрағасы сайлауалды стратегия мен тактикада пайдаланғандарын айтып отыр. Сұрақтан барынша қашқанымен, Егізбаев сұрақтың басын «әр партияның сайлау алдында өз тактикасы мен стратегиясы болады» деген сөзімен нақтылап берді.
Одан бөлек «Ауыл» партиясы ғана емес, мұндай тактиканы барлық партиялар пайдаланатынын айтады. Мәселен, еліміздегі ең көп дауы жинаған AMANAT партиясының тізімін атап, онда атақты спортшылар мен жұлдыздардың бар екенін айтып берді.
Димаш Құдайбергенге барлық партиялардың таласатынын, себебі ол сол партияда болса, адамдар соның артынан еріп дауыс береді дегенді айтып отыр. Осы Димаш пен Геннадий Головкинді AMANAT партиясы мүшелікке қосып алды дегенді де ашып айтты.
https://taulik.kz/17233/dimash-daybergenge-b-kil-partiya-talasady-degen-egizbaev-neni-me-zedi

taulik.kz
«Димаш Құдайбергенге бүкіл партия таласады» деген Егізбаев нені меңзеді? (ВИДЕО)
Серік Егізбаев - «Ауыл» партиясының төрағасы