TARAZ 24
122 subscribers
603 photos
92 videos
2 files
35 links
Download Telegram
⚠️Жамбыл облысындағы зауытта 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

29 қаңтарда Жаңа Жамбыл фосфор зауыты №5 цехінде пештен ыстық шоқ атқылап, үш бірдей жұмысшы күйіп қалды.

Зардап шеккен 31 жастағы жұмысшы денесінің 45 пайызын күйік шалып, көз жұмды.

Аталған оқиғаға қатысты тексеріс басталды.

Дереккөз: Massaget.kz
🇰🇿 Қазақстанда әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы онлайн форматқа ауыстырылды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына құжаттар тапсырудың цифрлық механизмін енгізді. 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау туралы өтініштер eGov.kz порталында онлайн режимде қабылданады.

Құжат тапсыруға 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

Өтініш беру үшін eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Әскери есеп және қауіпсіздік» – «Әскери қызмет» , бөлімдеріне кіру қажет. Содан кейін «Әскери оқу орындарына қабылдау өтініштерін беру» қызметін таңдап, электрондық форманы толтыру керек. Үміткер негізгі мәліметтерді көрсетіп, оқу орнын таңдап, жеке деректерді өңдеуге келісім береді және өтінішті қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы растайды.

Өтініш беруші туралы ақпарат автоматты түрде тексеріледі. Жүйе психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулез диспансерлерінен, сондай-ақ соттылығы мен мүгедектік мәртебесі туралы деректерді сұрайды. Жеке куәліктер, білім туралы мәліметтер және ҰБТ нәтижелері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден үміткердің қатысуынсыз алынады.

Өтініштің қаралу нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызмет алу тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Қабылданған жағдайда өкілетті тұлғаның цифрлық қолымен расталған электрондық құжат беріледі; бас тарту жағдайында негізделген хабарлама жіберіледі.

Құжаттарды онлайн тапсырудың жаңа форматы қабылдау процесін қолжетімді әрі ашық етеді. Әскери оқу орындарында білім беру бакалавриат бағдарламалары бойынша тегін жүзеге асырылады және жұмысқа орналастыру кепілдігі қарастырылған. Оқу аяқталғаннан кейін институт түлектеріне «лейтенант», ал колледж түлектеріне «сержант» әскери атағы беріледі.
Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов қызметінен босатылды

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов өз еркімен қызметтен кеткен. Бұл туралы басқарманың ресми хабарламасында айтылды.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде басқарма басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты видео тараған еді. Оқиғадан кейін Сәпиев «мәселе шешілді» деп мәлімдеген болатын. Алайда бүгін ол жаңа мәлімдеме жасап, орынбасарын айыптады.
🇰🇿Қазақстанда екінші АЭС-тің қай жерде салынатыны белгілі болды

Үкіметтің 26 қаңтардағы қаулысына сәйкес, Қазақстанда екінші атом электр станциясын салуға арналған жер белгіленді.

«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», – делінген үкімет қаулысында.

Былтыр ақпандар бірінші атом электр станциясы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы маңында салынады деп бекітілген болатын. Осылайша екі атом электр станциясын да Балқаш көлі жағасындағы ауыл маңына салынады.
⚡️РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ БОЛДЫ.

Ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысады. Мұны Ақорданың баспасөз қызметі растады.
🇰🇿ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫССЫЗ ӘКЕЛЕРДІҢ ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІНЕ ЕСЕПТЕЛЕДІ

Кәмелетке толмаған балаларына өзі күтім жасаған, бірақ ресми жұмыс істемеген әкелердің бұл уақыты енді зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі.

Сондай-ақ депутаттардың ұсынысымен жұмыс берушілерге жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынады.
❗️ЕРЛАН ҚАРИН: БІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БІРЕУ — ҚАЗАҚ ТІЛІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тілге лайықты мәртебе берілгенін айтты.

“Жаңа Конституцияның жаңа жобасында «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол — қазақ тілі. Басқа мемлекеттік жоқ”, — деді ол.
🔴ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ: БЛОГЕР ЖАНӘБІЛОВ ПЕН ӘЙЕЛІ ҮЙҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ

ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық табысты заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, ерлі-зайыптылар Instagram арқылы онлайн-курстарды сату желеуімен заңсыз лотерея ұйымдастырып, азаматтардың сенімін пайдаланған. Курстардың білімдік құндылығы болмаған, ал жүлде қоры қатысушылар төлеген қаражат есебінен қалыптастырылған.

Сонымен қатар «сәттілік барабанының» нәтижелері қолдан өзгертіліп, қымбат сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігі әдейі төмендетілген.

Нәтижесінде «Zhana Business» ЖШС шоттарына 247,5 млн теңге түскен. Сот шешімімен 10 автокөлікке, оның ішінде Lamborghini Urus пен Lexus LX 600-ге, сондай-ақ 17 iPhone-ға тыйым салынды.

Күдіктілер үйқамаққа алынып, іс материалдарымен танысып жатыр.
✍🏼 Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Қазақ поэзиясының мұзбалағы 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген.

Ол - қазақ поэзиясын қайталанбас туындылары мен отты жырлары арқылы жаңа деңгейге көтерген ақын.
Мемлекет басшысы:

«Мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарау қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Мұны орындауды созбалаңға салмаңыздар. Бұл істе Қаржы және Экономика министрліктері қатаңдық пен табандылық танытуы керек.

Бюджет қаржысын игерудің қазіргі критерийінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін басқаруды күшейткеніміз дұрыс.

Үкімет пен әкімдер бюджеттің игерілмей қалуынан қауіптеніп, жобаларға қаржы бөлу тәжірибесін доғаратын кез келді. Ең сорақысы, мұндай шешімдер субъективті түрде қабылданып, қаржы таңдаулыларға ғана беріледі. Тоқетері, әркім өз білгенін жасағанды қою керек.

Енді мұндайды мемлекет мүддесіне қасақана қарсы әрекет ету деп қарастырамыз.

Бюджет қаржысы азаматтарымызға нақты пайда әкелетін және ұлттық экономиканың дамуына септігін тигізетін жобаларға берілуге тиіс».
Жаңа Конституция: референдум күні қолданылатын дауыс беру бюллетенінің үлгісі жарияланды

Дауыс беруші бюллетеньдегі тиісті жолға белгі қою арқылы өз таңдауын білдіреді. Құжат екі тілде әзірленген және дауыс берудің құпиялылығы толық сақталады.

Референдум 15 наурыз күні өтеді.

📸: ОСК
‼️Мемлекет басшысы Ирандағы ахуалға байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️Иранда соққылардан кейін қаза тапқандар саны күрт артты

— Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы 201 адамның қаза тапқанын, тағы 747 адамның жараланғанын хабарлады. Соққылар елдің 24 провинциясын қамтыған.

— Бұған дейін мемлекеттік IRNA агенттігі Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуыл салдарынан 85 адамның қаза тапқанын жазған.

— Сондай-ақ Ламеред қаласында спорт кешені мен тұрғын аудандарға соққы жасалып, 15 адамның мерт болғаны хабарланған.

— Reuters агенттігінің мәліметінше, қаза тапқандар арасында жоғары лауазымды әскери қызметкерлер мен саясаткерлер, соның ішінде Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілдері бар.
1
❗️Иран басшысы Хаменеи қаза тапты

Жоғары лауазымды израильдік шенеунік бұл ақпаратты Reuters агенттігіне растаған. Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аятолла Әли Хаменеи қаза тапқанын көрсететін белгілер көбейіп жатқанын айтқанымен, оның өлімін тікелей растаған жоқ.

Нетаньяхудың сөзінше, Хаменеи резиденциясы жойылған. Израильдің Channel 12 телеарнасы кешенге 30 бомба тасталғанын хабарлады.
Қазақстан президенті Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады. 1 наурызға қараған түні Ақорда таратқан хабарламада осылай деп айтылады.

Онда Тоқаевтың “достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайтыны” жазылған.

Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды” деп жазылған хатта.

Ақорданың жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бауырлас араб мемлекеттеріне қал-қадерінше көмек көрсетуге дайын екенін айтып, аталған елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына үміттенетінін жеткізген.
🇰🇿 Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.

Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.
1
📞 Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇦🇪Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.

– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын, – деді Қазақстан Президенті.


Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайды.

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян еліміздің қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейіл екенін растады. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі елімізде өтетін болды.

26-29 наурыз аралығында Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде беделді халықаралық турнир жалауын көтереді.

Жарысқа әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Әлем кубогының кезеңі ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сындар бойынша ұйымдастырылады