Орындалған бір арман🙌🏼
Былтыр тұңғышыммен Жапонияға жол түсер деп ойлап қойғанмын. Құрбыммен біраз дайындалдық. Өкінішке қарай денсаулық жағдайына байланысты бұл сапар кейінге шегерілді. Ұлына уәде берген ана жүрек бір жыл бойы тырысты. Биыл 10 күнге үлкенім екеуміз барып келдік. Мәдениеті, тарихы, жастардың субмәдениеті өзіме қызық болды.
✅ Осака, Окинава, Токиоға бару бұйырыпты. Жазда өте ыстық, тым ылғалды мемлекет. Ығы-жығы адам, жанталас.
✅ Жапония десе аниме елкстейтін болды ғой. Көшеде нешетүрлі аниме кейіпкерлері сияқты киінгендер көп. Жастар тұрмақ, үлкендердің өзі «сен өзі түрлі-түрлі, түрлі екенсің» болып жүр😄
✅ Тазалыққа енді сөз жоқ. Тәртіпті биік қойған халық. Бір бос бөтелкені құшақтап 3 сағаттай жүрдім. Қоқыс жәшігін сол күйі таппадым. Қоқыстың бәрін жинап, күнде бөлмеге көтеріп келеміз
✅ Еуропадағыдай бала да, екіқабат әйел де аз. Google-ға Жапония туралы қызық факт деп жазсам, «баладан қарағанда үй жануары көп» дейді.
✅ Еңбекқор халық. Күні-түні жұмыс істеуге бар. Сосын толық (семіз) адамдар өте аз. Жоқ, айтарлықтай спортпен де айналыспайды. «Гены» дейді.
Қысқасы, күннің ыстығына төзіп, қалаларды барынша жаяу аралауға тырыстық. Контрастқа толы мемлекет. Әлі талай оралармыз, бұйырса🙌🏼
#саяхат #балам #Жапония