study with raissov
2.48K subscribers
340 photos
23 videos
1.01K files
186 links
Preparation for IELTS/NUET or SAT with Raissov
Q&A үшін https://t.me/+PK2CkPMzEgg5NTky Оқудан басқа әңгімелер үшін: https://t.me/raissov1
Басқада сұрақтар үшін: @raissov01
Only english/kazakh тілде сөйлесеміз
Download Telegram
Forwarded from Laurii
📜 AVENA.GLOBAL ACADEMIC халықаралық тарих бойынша жаңа білім беру жобасын іске қосады!

Біз жасөспірімдерге арналған заманауи әрі қызықты тарих курсын бірге жасайтын команда іздейміз.

Ашық вакансиялар:
• Оқушылармен жұмыс жөніндегі менеджер;
• Волонтёрлермен жұмыс жөніндегі менеджер;
• Презентация дизайнері;
• Топ ассистенті (куратор);
• Тарих пәні бойынша бейнесабақтарды жазатын спикер.

Сонымен қатар, тарихты заманауи форматта оқығысы келетін оқушыларға да тіркелу ашық!

Курс форматы:
• Қысқа әрі қызықты бейнесабақтар;
• Шығармашылық тапсырмалар;
• Курс соңында сертификат.

Егер сіз жобаның бір бөлігі болып, тарихи білімнің дамуына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, AVENA.GLOBAL ACADEMIC командасына қосылыңыз!

📩 Қатысу үшін бізге жеке хабарлама жазыңыз:
@Ghdgjl

📢 Telegram арнамыз:
https://t.me/globalglobalavena

🌍 Жоба тілдері: 🇬🇧 Ағылшын және 🇷🇺 орыс тілдері.
❤‍🔥4💘1
🎓 Қазақстан студенттеріне арналған мүмкіндік!

Konrad-Adenauer-Stiftung қоры Sur-Place стипендиясына конкурс жариялады.

Бұл бағдарлама Қазақстандағы жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын бакалавриат және магистратура студенттеріне арналған.

Кімдер қатыса алады?

• Қазақстан Республикасының азаматтары
• Қазақстандағы ЖОО-да күндізгі бөлімде оқитын студенттер
• Бакалавриат немесе магистратура студенттері
• Құжат тапсыру кезінде жасы 30-дан аспаған үміткерлер

Іріктеу кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысатын, ой-өрісі кең, мақсатшыл және белсенді өмірлік ұстанымы бар студенттерге басымдық беріледі.

💰 Стипендия мөлшері: ай сайын 85 000 теңге
⏳ Төлем мерзімі: 12 ай
📅 2026 жылғы 1 қыркүйектен 2027 жылғы 31 тамызға дейін

Іріктеу 2 кезеңнен тұрады:

Құжаттар пакетін тапсыру
Бірінші кезеңнен өткен үміткерлер үшін сұхбат
Сұхбат офлайн немесе онлайн форматта, ағылшын немесе неміс тілінде өтеді.

Қажетті құжаттар:

• Толтырылған өтініш формасы және фото
• Резюме
• Мотивациялық хат
• Бағалар транскрипті
• Оқу орнынан анықтама
• Магистратура студенттері үшін бакалавр дипломы мен қосымшасы

Құжаттар ағылшын немесе неміс тілінде қабылданады.

📌 Дедлайн: 2026 жылғы 31 шілдеге дейін
📩 Құжаттарды бір PDF-файл ретінде жіберу қажет: sps-kaz@kas.de

Бұл — белсенді, мақсатшыл және халықаралық мүмкіндіктерге қызығатын студенттер үшін өте жақсы мүмкіндік. Егер сіз қоғамдық өмірге араласып, өзіңізді дамытуға дайын болсаңыз, міндетті түрде қатысып көріңіз!

https://www.kas.de/ru/web/kasachstan/veranstaltungen/detail/-/content/russkij
❤‍🔥3💘1
🎓 Маркетингті үйренгің келеді, бірақ курсқа 60 000₸ төлеуге дайын емессің бе?

📌 Маркетинг, SMM, SEO, таргет, digital-маркетинг және сату салаларын тегін бастауға болатын платформалар!

1️⃣ HubSpot Academy — маркетинг, сату, Email және CRM

Егер сен digital-маркетинг, сату, CRM немесе email-маркетингті үйренгің келсе, осы платформадан бастағаның дұрыс.

🎓 Тегін курстар мен сертификаттар бар.
💼 Жаңадан бастаушыларға да, білімін толықтырғысы келетіндерге де қолайлы.

👉🏻 https://academy.hubspot.com/courses?

2️⃣ Google Digital Garage — Digital-маркетинг

Интернеттегі бизнесті қалай дамытуға болады?
Digital-маркетинг қалай жұмыс істейді?
Онлайнда аудиторияны қалай тартуға болады?

Осы сұрақтарға жауап іздесең, Google Digital Garage — жақсы бастама. 🔥

💡 Digital-маркетингтің негізгі принциптерін үйренуге көмектеседі.

👉🏻 https://grow.google/intl/europe/

3️⃣ Meta Blueprint — Instagram және Facebook жарнамасы

Егер сенің қызығушылығың таргет, Instagram және Facebook-тағы жарнамаға байланысты болса, бұл платформа саған арналған. 🎯

Meta-ның жарнама құралдарын үйреніп, жарнамалық кампанияларды қалай іске қосу және басқару керегін түсіне аласың.

📈 Болашақ таргетологтар мен digital-маркетологтарға пайдалы.

👉🏻 https://www.facebook.com/business/learn?
4️⃣ Semrush Academy — SEO, контент және SMM

Сайтқа органикалық трафик тартуды, SEO-ны және контент-маркетингті үйренгің келе ме? 🔎

Semrush Academy арқылы digital-маркетинг пен SEO бағытында біліміңді жетілдіре аласың.

🎓 Кейбір курстарды аяқтағаннан кейін сертификат алуға болады.

👉🏻 https://www.semrush.com/academy/?

5️⃣ Coursera — Stanford, Yale, Google және басқа да ұйымдардың курстары

Бұл — білім алуға арналған нағыз үлкен платформа. 🤩

Мұнда әлемдегі танымал университеттер мен компаниялардың көптеген курстарын табуға болады.

🎓 Маркетингтен бастап IT, бизнес және басқа да салаларға дейін.

💡 Кейбір курстарда тегін оқу мүмкіндігі немесе қаржылық көмек қарастырылған, бірақ шарттары әр курсқа байланысты.

👉🏻 https://www.coursera.org/

6️⃣ VK Образование — таргет және жарнама

Егер сен таргет пен әлеуметтік желідегі жарнамаға қызықсаң, VK-ның білім беру материалдарын да қарап шығуға болады. 🎯

Әлеуметтік желіде бизнес пен жобаларды қалай жылжытуға болатынын үйренуге көмектеседі.

👉🏻 https://education.vk.company/
———
Постты сақтап қой 📌 — кейін керек болып қалуы мүмкін!

Ал маркетингке қызығатын досың болса, оған да жіберіп қой. ❤️
Алдымен ағылшын тілі деңгейіңізді көтергіңіз келсе, реакция 🔥
❤‍🔥64💘1
Грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймын! 🥳🎉

Бұл – еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыз бен төккен терлеріңіздің жемісі. Алдағы студенттік өмірлеріңіз сәттілікке, жарқын жетістіктерге, жаңа мүмкіндіктер мен ұмытылмас сәттерге толы болсын!

Армандарыңыз орындалып, білім жолында биік белестерді бағындыра беріңіздер. Әрқашан талмай ізденіп, өз мақсаттарыңызға сеніммен қадам басыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және жарқын болашақ тілеймін! 💙

Ал грантқа түсе алмаған жандарға айтарым – бұл өмірдің соңы емес. Әр сынақтың артында жаңа мүмкіндік жатады. Ең бастысы – өздеріңізге деген сенімді жоғалтпаңыздар, еңбектенуді тоқтатпаңыздар. Барлығы өз уақытында келеді. Алдағы қадамдарыңыз сәтті болып, армандарыңызға міндетті түрде жетулеріңізге тілектеспін! 🤍
😍22🕊5🆒2❤‍🔥1💘1
Сәлем! Универге дайындық қалай өтіп жатыр? Жаңа кезеңге дайынсыңдар ма? 👀 Университетке енді түскен сендерге бірнеше маңызды кеңес жинап қойдым:

1️⃣ GPA-ды бірінші күннен ойлаңдар. Ол стипендияға және болашақтағы мүмкіндіктерге әсер етеді. 70% жеткілікті болса да, сонымен тоқтап қалмай, жоғары нәтижеге (90-100%) ұмтылыңдар.

2️⃣ Сабақта белсенді болыңдар. Жауап беріп, тапсырмаларды уақытында өткізіңдер. Профессорлар еңбектеріңді байқаса, кейде бағаны көтеруге немесе «автомат» қоюға мүмкіндік болады.

3️⃣ Сұрақ қоюдан және балл сұраудан ұялмаңдар. Бір нәрсені түсінбесеңдер — сұраңдар. Аз ғана балл жетпей тұрса, сыпайы түрде қосымша тапсырма сұрап көріңдер. Көбінесе профессорлар түсініп, жолдарың болып қалуы мүмкін :)

4️⃣ Академиялық мобильностьқа міндетті түрде өтініш беріңдер. Университетте сондай мүмкіндік болса, «Мен өтпеймін» деп алдын ала бас тартпаңдар. Ағылшын тілін жақсартып, құжаттарды ертерек дайындаңдар.

5️⃣ Алғашқы айларда ашық әрі белсенді болыңдар. Көбіне достар ортасы дәл осы уақытта қалыптасады. Студенттік клубтарға қатысып, топтастарыңмен, жоғары курс студенттерімен және мұғалімдермен танысыңдар. Универ тек білім емес, болашақта үлкен мүмкіндіктер бере алатын орта мен байланыстар да сыйлайды.

6️⃣ Ақша жинауды қазірден бастаңдар. Ай сайын аз мөлшерде болса да жинап отырыңдар. Кейін ол курсқа, сапарға, техникаға немесе күтпеген шығындарға қажет болуы мүмкін.

Бірінші курс өте жылдам өтеді. Сондықтан қорықпай, өздеріңді көрсетіп, барлық мүмкіндікті пайдалануға тырысыңдар! ✨



Студенттік өмірді тиімді өткізу үшін қосымша: https://t.me/studywithme_r/3107
💘17😍1
Тағы да қандай кеңестерді қосатын едіңіздер?😋
Forwarded from Ayazhan
Сәлеметсіздер ме! 👋
Біз — SDU студенттері, қазіргі таңда ғылыми зерттеу жұмыстарымен (research) айналысуға қызығатын және осы бағытта алғашқы қадамдарын жасағысы келетін оқушылар арасында «Ғылым және мүмкіндіктер» тақырыбында шағын сауалнама жүргізіп жатырмыз.

Егер сіз шетелде білім алуды, ғылыми жобаларға қатысуды, research paper жазуды немесе болашақта өзіңізді ғылым саласында дамытуды армандасаңыз, бұл сауалнама сіз үшін пайдалы мүмкіндіктердің бастамасы болуы мүмкін! 🔍

📌 Сауалнаманы толтыруға бар болғаны 2–3 минут уақытыңыз кетеді.
🎁 Сонымен қатар, сауалнаманы толтырған қатысушыларға жеке хабарлама арқылы пайдалы чек-листтер жібереміз!
Сіздің әрбір жауабыңыз біз үшін маңызды және жобамыздың дамуына үлкен үлес қосады. Алдын-ала рақмет!

Сауалнама сілтемесі: https://forms.gle/gYZRgD52iphEQDXy7