For your peace of mind 🤍🫂
8 subscribers
Download Telegram
Ассаламу алейкум ва рахматуллахи ва баракатуху🤍Мен бұл каналды ең көркем әрі ең шынайы дін Ислам туралы жүргізгім келеді🤍
2
Сонымен Алланың қалауымен бастаймыз🤍
1. Алла («Құдай») – Құрандағы ең көп таралған және мұсылмандар арасында белгілі сөз. Бұл есім Аллаһтың жалғыз Тәңір екенін және Одан басқа ешкім лайықты емес екенін білдіреді.
2
Ізгі ниет, ықылас және шынайылық

Оларға (Кітап иелеріне мінсіз
әрі саф сенімді ұстана отырып, шынайы ықыласпен
Аллаһқа ғана құлшылық ету; намазды шарттарына сай
толық оқу, зекетті толық беру бұйырылған-тын. Міне,
осы – нағыз тура дін» («Бәйинә» сүресі, 5-аят).
2
Құран кəрімде адамның жаратылуы жөніндегі аяттардың барлығында да хазірет Адамның
топырақтан жаратылғандығы айтылады. Ол туралы Құранда: «Аллаһ тағала сені (Адам атаны)
топырақтан, сосын бір тамшы судан (Адам атаның ұрпағын) жаратты», – дейді. Арғы
бабамыз жаратылған топырақты Ұлы Жаратушы адам баласының қияметке дейін ғұмыр кешетін,
өзі мекендейтін қара жер бетінен алдыртады. Ол жай ғана топырақ емес, жер бетінің өзегі мен
дəнін құрайтын топырақ. Яғни жердің барлық элементтерін қамтыған топырақ.
Сондай-ақ, Аллаһ тағала «Сад» сүресінде адамды тікелей Өзі құдірет қолымен
жаратқандығын айтады. Аяттағы «Құдірет қолмен жаратуы» адамды жалпы жаратылыстан
үстем, ардақты етіп жаратқандығын білдіреді.
Адам атаның жаратылуы – Аллаһ тағаланың тікелей мұғжизасы. Құран кəрімде Адам атаның
жаратылуы хазірет Исаның жаратылуына ұқсас екендігі білдірілген. «Əли Имран» сүресінде:
«Шын мəнінде, Аллаһтың қасында (дүниеге келуі тұрғысынан) Исаның жағдайы (Исаның
Мəриям құрсағында əкесіз жаратылуы); топырақтан жаратып, сонан соң «бол» дегенде бола
қалған (əкесіз тіпті анасыз жаратылған) Адамның жағдайы сияқты», – делінген.
Сонымен қатар, Құранда Адам атаның (а.с.) жаратылысы жайлы айтылғанда, адамның
жаратылысы да баяндалады.
Құранда: «Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны (Адам
атаның ұрпағын) шəуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (ана құрсағына)
орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны
мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық,
сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық (жан беріп
сөйлеттік)», – дейді.
Яғни бұл аяттан түсінгеніміз, адам жаратылысы бірнеше сатылардан тұрады.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Сіздердің əрқайсыларыңыздың жаратылысыңыз əуелі
ана жатырында қырық күнде жүзеге асады. Кейіннен ұйыған қанға, одан бір жапырақ етке
айналады. Содан кейін барып оған періште жіберіліп, жан бітіріледі. Періштеге сəбидің
«несібесін, ажалын, амалын, бақытсыз я бақытты болатынын тағдырына жазу
бұйырылады»деген хадисі де бұл аятта айтылған ақиқаттарды құптай түседі.
2
Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Расында, мен тозаққа кіріп-шығатындардың ішінен ең
соңғы болып шығатын адамды, яғни, жұмаққа ең соңғы
болып кіретін адамды жақсы білемін. Бір адам тозақтан
жер бауырлап шығады. Сонда құдіреті күшті Аллаһ
тағала оған: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Әлгі
адам жұмаққа барғанда, ол жер оған аузы-мұрнынан
шығып тұрғандай боп көрінеді. Содан ол кері қайтып:
«Уа, Раббым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Құдіреті
күшті Аллаһ тағала оған тағы да: «Бар да жұмаққа
кір», – деп бұйырады. Жұмаққа келсе, әуелгідей аузы-
мұрнынан шығып тұрғандай боп көрінеді. Сөйтіп ол
тағы да кері қайтып: «Уа, Раббым! Жұмақ лық толы
екен», – дейді. Құдіреті күшті Аллаһ тағала оған үшінші
рет: «Бар да жұмаққа кір», – деп бұйырады. Жұмаққа
келсе, алғашқыдай аузы-мұрнынан шығып тұрғандай
көрінеді. Сөйтіп, ол тағы да кері қайтып: «Уа, Раб-
бым! Жұмақ лық толы екен», – дейді. Сол кезде Аллаһ
тағала оған: «Бар да жұмаққа кір. Жұмақта саған кеңдігі
дүниедей және одан он есе үлкен (немесе дүниеден онесе кең) жер беріледі», – деп айтады. Сонда әлгі бей-
шара (мұндай тосын сыйды естігенде өз құлағына өзі
сенбей, сасқан күйде): «Уа, Раббым! Сен әлемдердің
жалғыз Билеушісі бола тұра мені мазақтап (немесе мені
күлкі қылып) тұрсың ба?» – дейді», – деген».
Ибн Масғуд (р.а.): «Сол кезде Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Міне жұмаққа кіргендердің ең
төменгі дәрежелісі сол болады», – деп азу тістері
көрінетіндей ақсия күлгеніне куә болдым», – деген
(Бұхари, риқақ 51; Муслим, иман 308).
2
2. Ар-Рахман («Рақымды») – Жаратушы Иенің шексіз мейірімінің бар екенін білдіреді, оны Аллаһ пенде мүмін болсын, кәпір болсын, барша жаратылысқа көрсетеді.
2
Әбу Сайыд (р.а.) жеткізген хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «О дүниеде
Аллаһ тағала жаннаттық құлдарына: «Әй, жаннаттық
құлдарым!» – дегенде олар: «Ләббәйк» (алдыңдамыз)
Раббымыз! Әміріңе құлдық! Барлық жақсылық Сенің
ғана қолыңда!» – деп айтады. Сонда Аллаһ тағала олар-
дан: «Маған ризасыңдар ма?» – деп сұрайды. Олар: «Уа,
Раббымыз! Әрине, ризамыз! Шынында, Сен бізге ешбір
жаратылысқа нәсіп етпеген ең үлкен нығметті бердің.
Саған қалай риза болмаймыз?» – деп тіл қатады. Сонда
Аллаһ тағала: «Сендерге бұдан да үлкен нығмет нәсіп
етейін бе?» – дейді. Жаннаттықтар: «Мұнан да үлкен
қандай нығмет болуы мүмкін?!» – дейді таңданыстарын
жасыра алмай. Сонда Аллаһ тағала: «Бұдан былай сен-
дерге әрдайым разы болып, әсте ашуланбаймын!» – деп
айтады», – деген (Бұхари, риқақ 51; Муслим, жәннә 9)
4
3. Ар-Рахим («Мейірімді») – бұл есім Жаратушының өзіне иман келтіріп, құлшылық ететіндердің барлығына мейірімділік танытатынын айтады.
4
4. Әл-Мәлік («Барлық нәрсенің Раббысы») – Раббыны бүкіл жаратылысқа абсолютті билік иесі ретінде әлемдердің Раббысы ретінде сипаттайды.
4
5. Әл-Құддус («Қасиетті») – Жаратушы адамдарға тән кемшіліктер мен жағымсыз қасиеттерден пәк.
4
Өзің білмейтін (әрі өзіңе қатысы жоқ)
нәрсеге елікпе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді
көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында,
құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерінің бәрі де
(Аллаһтың алдында) жауапқа тартылады» («Исра» сүресі,
36-аят).
3
6. Әс-Сәләм («Тыныштық беруші») – Алла иман келтірген адамдар үшін тыныштық пен берекенің қайнар көзі.
3
7. Әл-Мумин («Тұрақтылық пен иман Беруші») – Алла Тағаланың қалауымен адамдардың жан дүниесінде иман пайда болады және тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қайнар көзі – Раббысы.
3