QAZAQSTAN TARIHY
99 subscribers
85 photos
12 videos
53 links
Qazaqstan tarihy интернет-жобасының телеграм парақшасына тіркеліңіздер!!!
Download Telegram
🔸 «Көшелер тарихының» кезекті шығарылымы заңғар жазушы, академик Мұхтар Әуезов атындағы көше турасында болмақ

🔸 Мұхтар Әуезов көшесі Астана қаласының оң жағалауында орналасқан. Ол Амангелді Иманов көшесінен басталып, Әлия Молдағұлова көшесінде аяқталады.

🔸 Кенесары, Абай даңғылын, Жақып Омаров, Сәкен Сейфуллин, Әліби Жангелдин, Бөгенбай батыр даңғылын, Ықылас Дүкенұлы, Мәскеу көшелерін қиып өтеді.

📲 Толығырақ YouTube арнамыздан көре аласыздар. Сілтеме ⤵️

https://youtu.be/Fg_JkiiYQO0
🔹 Республика орталығы Астана қаласы тақыр жер, тайғақ өлкеде ғайыптан пайда болған жоқ. Оған дәлел – елорданың батысы Үркер шағын ауданының солтүстік қапталында орналасқан Бозоқ қалашығы. Бұл нысан хронологиялық тұрғыдан – ежелгі түрік, ортағасырлық қыпшақ, кейінгі Алтын Орда кезеңін бастан өткерген, яғни даладағы қала мәдениетінің үлгісі іспеттес.

🔹 Бұл нысан туралы зерттеушілер 1820 жылы Ресей императорлық «Сибирский вестник» журналында жарияланған орыс кен инженері Иван Шангиннің күнделігі арқылы таныс. Осындағы күнделікте, «Есіл-Нұра бойында Бұзық атты көлдің жағасында көне қоныстың орны бар» делінген.

🔹 Қалашыққа алғаш рет 1999 жылы зерттеу жүргізген танымал археолог Кемел Ақышев: «Бұл қоныс VII-IX ғасырлардан XVI-XVII ғасырларға дейінгі аралықта, ежелгі түркілердің киелі орны, одан кейін керуен саудасын бақылайтын қыпшақтар қо¬нысы болды» деген пайым жасаса, ескерткішке жүргізілген археологиялық зерттеулер қала құрылысының тарихи хронологиясын анықтады.

📲 Толығырақ сайтымыздан оқи аласыз. Сілтеме⤵️

https://e-history.kz/kz/news/show/339309
⚡️ Шу мен Талас аралығындағы өркениеттің қалыптасуы / Қалжан Рақымжанов

🔸 Қазақ даласында тарихи оқиғаларға куә болған мекен көп. Соның бірі әрі бірегейі, Шу мен Талас аралығындағы – Жетісу өңірі. Жетісу өлкесі кезінде алып мемлекеттердің, қаһарлы қағанаттардың астанасы, мәдени-экономикалық маңызы зор аймақ болды. Нақты қандай рөл атқарды? Бүгінгі санымызда баяндаймыз. Мархабат!

🔗 Сілтеме ⤵️

https://youtu.be/JZ97TcSfHjU
⚡️ Ахмет – ұлт ұстазы /Гүлмира Мұсаева

🔸 Ол – алаш қайраткері, ел жанашыры, ұлт ұстазы. Бүгінгі санымызда қазақ тілі мен әдебиетіне зор үлес қосқан, кеңестік жүйеден теперіш көріп, қайғы шексе де мойымаған Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына шолу жасаймыз.

📲 Толығырақ сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар. Мархабат! ⤵️

https://youtu.be/Sr_gcoiP2Kg
10 тамыз - Абай күні

Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады.

💫 Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймыз!
🔹 «Көшелер тарихының» бүгінгі шығарылымы Астана қаласындағы Амангелді Иманов көшесі туралы.

🔹 Амангелді Иманов көшесі Астананың Сарыарқа, Байқоңыр аудандарының аумағында. Ол М.Әуезов көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. Республика даңғылын және М.Ғабдуллин, Ш.Иманбаева, Генерал Сабыр Рахымов, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, Е.Брусиловский, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 4917,2 м.

📲 Толығырақ YouTube арнамыздан көре аласыздар. Сілтеме ⤵️⤵️⤵️

https://youtu.be/JAGFZ8E92gQ
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады.

Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
▪️ Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін).
▪️ Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
▪️ Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).

Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді:
▫️ Ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. – 140 мың жылдықтар);
▫️ Орта палеолит (б.з.б. 140 – 40 мың жылдықтар);
▫️ Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар).

t.me/soiletarih
🔹 Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы.

🔹 Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты.

🔹 ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.

t.me/soiletarih
▫️ Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.

▫️ Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған.

▫️ Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді.

t.me/soiletarih
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар).

▫️ Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

▫️ Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.

1. Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады.

2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығына көшеді.

3. Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.

▫️ Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.

t.me/soiletarih
🔹 Осыдан 112 жыл бұрын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы дүниеге келді.

https://t.me/soiletarih
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.

Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.

Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.

➡️ Көтеріліс хронологиясы ⬅️

t.me/soiletarih
🎞️ Фильм туралы 10 дерек

▫️ "Амангелді" фильмі қазақ кино тарихындағы алғашқы дыбыстық көркем фильм.

▫️ Фильм 1938 жылы түсіріліп, 1939 жылы 25 қаңтарда премьерасы өтті.

▫️ Фильмнің режиссері – М.З. Левин.

▫️ Фильмге Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі арқау болды.

▫️ 1936 жылы Ғабит Мүсірепов пен Бейімбет Майлин "Амангелді" деп аталатын пьесаға сценарий жазған. Кейіннен фильмге осы сценарий пайдаланылды.

▫️ Бұл картина Қазақ киносының "Алтын қорына" кіреді.

▫️ Басты кейіпкер Амангелді образын Елубай Өмірзақов сомдады.

▫️ Батырдың әйелі Балымды – биші Шара Жиенқұлова ойнады.

▫️ Фильмде эпизодтық рөлде қазақтың тұңғыш режиссеры Шәкен Айманов та ойнаған.

▫️ Фильм түсіріліп жатқанда, соның басы-қасында жүрген жазушы Бейімбет Майлинді Қарақастектен ұстап әкеткен.

t.me/soiletarih
✔️ Біз әлемдегі белгілі Абай ескерткіштерінің бірқатарына тоқталып өттік ⤵️

🔹 Өзбекстанда

Ташкенттегі Абай ескерткіші 2013 жылы ашылған. Ескерткіш Абай көшесіне орнатылды. Ескерткіштің авторлары – белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев.

🔹 Венгрияда
Будапешт қаласындағы ақын ескерткіші 2014 жылы қаладағы Астана көшесіне орнатылған. Қоладан жасалған бюстің биіктігі 1070 мм, ені 900 мм.

🔹 Мысырда
Каирдегі Абай бюсті 2016 жылы қаланың орталық саябақтарының бірінде орнатылды. Мүсіннің авторы белгілі мысырлық скульптор Усама Әл-Серуи.

🔹 Ресейде
Мәскеудегі ескерткіш 2006 жылы Қазақстан елшілігінің маңына орнатылған. Қоладан жасалған ескерткіш мүсінші М.Айнеков, дизайнер Т.Сулейменов, суретші Э.Дробицкий, сәулетші В.Романенколердің қолынан шыққан.

🔹 Қытайда
Бейжің қаласындағы Абай ескерткіші ескерткіш авторы Юань Сикуньнің ұсынысымен 2014 жылы "Цзинтай" музейінде орнатылды.

🤔 Тағы қай елдердегі ескерткіштер жетіспейді. Айта отырыңыздар 👇🏼

t.me/soiletarih
Тұрар Рысқұлов: 10 дерек

1. Тұрар Рысқұлов 1894 жылғы 26 желтоқсанда Жетісу облысы Верный уезінің Шығыс-Талғар болысында малшы отбасында дүниеге келген.

2. 1916 жылғы Орталық Азия халықтарының ұлт-азаттық көтерілісінің қатысушысы ретінде тұтқындалды.

3. 1917 жылы Меркеде «Бұхара» қоғамын (қазақ жастарының революциялық одағы) ұйымдастырды.

4. 1923 жылғы маусымда Сталин ұлттық республикалар мен облыстардың басшы кадрларының IV жиналысында «пантюркизм» саясатын жүргізуде және Татарстаннан келген көрнекті революционер-қайраткер Сұлтанғалиевті қолдағаны үшін де Сталиннің ұлттық мәселе бойынша саясатына ашық қарсы болды деген айыптар тағылды.

t.me/soiletarih
5. Тұрар Рысқұлов ОА, РФ және Моңғолия республикаларының экономикалық қайта құрылуына үлкен үлес қосты: оның бастамасы бойынша Түркістан-Сібір темір жолы салынды, Қарағанды көмір өндіру және металлургия кешендері, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның түсті металлургиясы, Батыс Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі пайда болды. Қазақстан мен ОА аумағында бүкілодақтық маңызы бар ірі ұлттық қорықтар құрылды. Моңғолия астанасының атауын да ұсынған. Оны америкалық тарихшы «Моңғолия астанасы» атты жинағында растайды.

6. Ол Қазақстанның советтік кезеңінің тарихшыларының бірі, талантты журналист ретінде танымал болды.

7. Сталиндік жаппай қуғын-сүргін кезеңінде ол «халық жауы» деп айыпталып, 1938 жылы 10 ақпанда атылды.

8. Рысқұловтың бірінші әйелі Татьяна Колосовскаядан Александр атты ұлы, екінші әйелі Надежда Пушкаревадан София есімді қызы, үшінші әйелі Әзиза Түбекқызынан Майя деген қызы дүниеге келген.

9. 2011 жылдың 11 тамызында Мәскеуде 1931-1934 жылдары Рысқұлов тұрған үйде ескерткіш тақта орнатылды.

10. Әдебиетте Рысқұловтың көркем бейнесін Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» атты романдар сериясында сомдады.

t.me/soiletarih
1938 жылғы 26 ақпанда ұлттық әдебиет пен өнердің аса көрнекті өкілдері нақақтан-нақақ оққа ұшып, Отанымыздың болашағы жолында құрбан болды. Атылған адамдардың арасында ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, тарихымыздың, өнеріміз бен саясатымыздың білгір мамандары мен шаруашылық-ұйымдастырушылық қабілеті жоғары іскер азаматтар бар еді. Барлығы да жоғары білімді, әр түрлі қызметтерде өздерін мойындатқан кесек тұлғалар болды. Олар кімдер еді десеңіз, тізімді толық жариялайық. ⤵️

1. Ашимхин Алексей Иванович
2. Биленко Владимир Леопольдович
3. Богатников Алексей Семенович
4. Бораев Оразғали
5. Варламов Николай Николаевич
6. Васильев Павел Алексеевич
7. Воробьев Иосиф Иннокентьевич
8. Дүйсенов Хаким
9. Есқалиев Сұлтан
10. Жансүгіров Ілияс
11. Жантілеуов Шайхы Османұлы
12. Железбаев Мақсұт
13. Жұлдызбаев Асқарбек Табылбекұлы
14. Журлов Владимир Лукич
15. Зефиров Сергей Павлович
16. Исмағұлов Ғазиз Манапұлы
17. Қабылов Ілияс
18. Күленов Сәлемхат
19. Күлетов Қазмұхамед Кәрібайұлы
20. Қаратілеуов Сәлімгерей
21. Қасаболатов Есенгелді Керейұлы
22. Лекеров Әзімбай Лекерұлы
23. Майлин Бейімбет Жармағамбетұлы
24. Мұхамеджанов Қапан
25. Орынбаев Мұқаш
26. Распонов Виктор Яковлевич
27. Сапарбеков Сәдібек
28. Сәбитов Бегім
29. Сейдалин Асқат Фазиұлы
30. Тортаев Шахман
31. Устинов Сергей Платонович
32. Часовников Виктор Иванович
33. Шанин Жұмат Тұрғымбайұлы
34. Шоманов Рахметжан Қалиманұлы
35. Ысқақов Ғарибулла Мұсабайұлы
36. Жүсіпбеков Хамза
37. Асфендияр Кенжин (Ә. Жангелдиннің қайын атасы себепті атылмай босатылған жалғыз адам)

t.me/soiletarih