Al-Maturidiyyah Notes
357 subscribers
46 photos
9 videos
3 files
Ақыл мен нақылдың үндестігін іздегендерге арналған жазбалар.
Матуриди ақидасы, усул әл-фиқһ және мантық ілімінен қысқа, анық түсіндірулер.

🧠 “Ақыл – иманның айнасы.”
Download Telegram
Мәдиун- қарызы бар адам (مديون).
Мәдиунер -қарызы көп адам . Миллионер деген сияқтығо😁
🤣12🤯4😁3💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ілім талап етушілерге Шейх Холид Харсадан насихат📌

Ризықты еш уайымдамаңыздар бауырлар🫂🫰


"Кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе Аллаһ оған жеткілікті"

Оқу ,оқу тағы да оқу🤓
💯1612🥰3👏2😭1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар


Тәуелсіздік күні құтты болсын🇰🇿🫂❤️
23👍2
Бұрыннан бері шейхті көру арман болып жүрген еді 🙂

Бұл ғалымды таныстырудың да қажеті жоқ қой иә)
😍157👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😍15🔥42😢2
Шейх Мухаммад Аууама (Хафизаһуллаһ)дәрістерінен :

Хадис еңбектерінің ең мәшһүр жазылу стилі -ол фиқһи бабтарға бөліп жазу . Бұхари ,Муслим, 4 Сунна кітаптары секілді.

Бұл аталған кітаптардың ең сенімдісі әрине ол -Сахих Бұхари еңбегі. Имам Бұхари бір бабқа атау бергенде ол бір шариғи үкім ,ал сол бабта келетін хадис сол үкімнің дәлелі деп айтсақ болады.

Ғалымдардың тұжырымы бойынша :

Сахих Бұхари еңбегінде келген барлық хадистер сохих деп нақты айта аламыз. Ал кейбір жарх жасалған сөздерді имам Бұхари белгілі бір мақсат үшін әкелді десек болады.


Екінші:
Имам Бухари егер бір хадисті сол хадиске тікелей байланысы болмаған басқа орында келтірсе, бұл нәрсе ол хадиспен фиқһи тұрғыдан амал етпегендігін білдіреді.


Үшінші :
Имам Бұхаридің
" Әт-Тарих әл-кәбир" еңбегі .
Бұл кітапта имам көптеген адамдарың биографиясын келтіреді.
Бұл кітапты кейде жарх және тағдил кітабы деп атайды . Алайда бұл кітапты жарх-тәғдил кітабы деп айта алмаймыз. Өйткені бұл кітапта имам Бухари өте аз адамға ғана жарх және тағдил жасайды.

Және бұл кітаптың негізгі аты :Әт-Тарих әл-Кәбир емес бәлкім
"Әт-Тобақот уә Тарих"


Және тағы да басқа дүниелер көп айтылды , бірақ өзім жазған нақты үш дүние осы болды)
🔥138❤‍🔥2
Емтихан тапсыруды жақсы көрем деп ойламаппын:)
Ия шыныменде медреседе оқып жүргенде емтихан десе шошып ,әйтеуір тапсырып шықсақ болды деп жүруші едік. Ал қазір емтихан тапсыру екі-үш айда өткен бүкіл мағлуматтарды бір жинап жақсылап қайталап алудың керемет тәсілі. Шейх Надир (хафизаһуллаһ) “егер емтихан уақытында бар күштеріңді салып оқығандарың секілді жыл бойы сол қарқынмен оқитын болсаңдар баяғыда ғалым болып кетер едіңдер"- деп айтушы еді.
Шынымен-ақ емтихан уақыттарында артық бір күш пайда болама әлде ұстаздардың алдында қара бет болып қалмайын деген бір намыс па әйтеуір барыңды салып оқып шығасың:). Оның үстіне емтихан парақтарын тапсырып шыққан соң “қап-ай мына сұраққа басқаша жауап бергендеғой 🤦‍♂️“ “ біліп тұрған нәрсемді жазбай қалдымау😬” деген секілді сезімдердіңде орны ерекше болады. Сұрақты бір оқығанда есіңде тұрған нәрсені кейін жазатын уақытта ұмытып қалып соны еске түсіре алмай жарты сағат отыратын уақыттарда болады🫠.кей емтихандарда 4 беттен аса жауап жазып бергенде сол нәрсеге балаша қуанып отыратын кездерде бар🙂. Айта берсең қызығы көп😉...
19😁10💯7🕊1
Имам Бұхари (Мұхаммед ибн Исмағил) – үммет тарихында теңдесі жоқ хадис ғалымы.
Ол Мысыр жерінде дүниеге келген. Әкесі Исмағил – өмірінде бір де бір харам мал жимаған, адалдығымен танылған тақуа жан еді.

Имам Бұхари он жасына жетпей жатып-ақ хадис іліміндегі тізбектердің (иснадтардың) қателерін түзетіп отыратын дәрежеге жетті. Бұл – жәй ғана зеректік емес, Аллаһтың ерекше сыйы еді.

Ол өзінің әйгілі «Сахих» кітабындағы баптарды Пайғамбарымыз ﷺ-ның мешітінде үш мәрте қайта қарап, тиянақтап жазып шыққан. Әрбір хадиске үлкен жауапкершілікпен, жүрекпен қараған.

Имам Бұхаридің зеректігі жайлы оқиғалар өте көп. Соның бірі: бір топ ілім талап етушілермен бірге Басра қаласына хадис жинау үшін сапар шегеді. Ол кіаінің әдеті -хадисті жазбайтын еді , тек есіне сақтап жаттап алатын.
Бұл жағдайға күмәнданған кейбір бауырлары Имам Бұхариды сынағысы келеді .
Сонда Имам Бұхари еш мүдірместен, жаттаған хадистерінің барлығын дәлме-дәл айтып береді.
"Сол сапарда біз он бес мың хадис жазған едік"-деп еске алады бауырлары.

Кейін ол Бағдад қаласына келеді. Бағдадтың ғалымдары мен тұрғындары Имам Бұхариді сынау үшін жүз хадистің тізбектерін әдейі шатастырып береді. Имам Бұхари әр хадистің қате нұсқасын да, дұрыс нұсқасын да бөлек-бөлек айтып, соңында барлығын өз орнына дәлме-дәл қайтарады.

Осы керемет зеректік пен ілімге тәнті болған Бағдад халқы Имам Бұхариді зор құрметпен шығарып салған екен.

Сонымен қоса Имам Бұхаридің "Сохих Бұхари еңбегі " тек қана хадистер жинағы емес бәлкім Имам Бұхаридің фиқһы мен Тағлилдерін жинаған еңбек.
17
Бірде шәкірті Шейх Али Куржу(Рохимаһуллаһ) ұстазы Шейх Зәһид Кәусаридан(рохималлаһ) араб тілін қалайша осындай биік дәрежеге жеткізгендігінің сырын сұрайды .

Сонда Ұстаз Зәһид -Кәусари:
"Менің әкем беделді ұстаз болатын. Мені Стамбулға оқуға жіберіп жатқанда осы өсиетті айтқан еді:
"Балам , Сен түрік тілін кішкентайыңнан үйрендің ,ол сенің ана тілің, және сен оны ешқашан ұмытпайсың . Бірақ араб тілі сенің ана тілің емес , Ендеше маған хат жазғаныңда тек қана араб тілімен жаз. Және де әр сөзіңе мән беріп жоғары деңгейде жазуға тырыс . Осылайша екеуміз тек қана араб тілінде сөйлесетін боламыз"

Осылайша мен әкеме арабша хат жолдайтынмын әкем маған арабша жауап беретін " -дейді ғалым Зәһид Кәсари
17👍3
Білім қалай ізделеді?

"
Ей бауырым ! Жалған сенімдерге , Қисық ақидаға еріп кету адам баласы үшін ең қауіпті нәрсе . Бұл нәрсеге адам баласы тек ілім алумен ғана тойтарыс бере алады. Міне осы себепті Ілім-ол ең абзал құлшылық деп естептелінеді. Сол үшін бар ынта-жігерлеріңді ілім алуға жұмсаңдар!
Егер де бір мәселені түсіну қиынға соқса, немесе мәселенің дұрыс-бұрысын білмей жатсаңдар оны ұстаздан сұраудан тартынбаңдар.
Бір мәселені түсінбей екінші мәселеге өтуші болмаңдар. Ұялшақтық , Кішіпейілділік Сендерді сұрақтан тосып қоймасын . Сұрау -ол ілімнің кілті. Ілімнің кемелін тек сұрақ қою арқылы ала аласың.
Біз кішкентай кезімізде "Бина"кітабынан етістіктердің түрленуін оқып жатқанымызда Ұстазымыз үнемі осы сөзді қайталайтын:
" Ілімге бір мәселеден кейін екінші мәселені үйрену арқылы қол жеткіздім"

Толиб бір мәселенің кемеліне жетпейінше екінші мәселеге өтпеу керек. Осылайша реттілікпен және деңгейін көтере отыру арқылы ілімге қол жеткізеді

Шейх Мухаммад Зәһид Әл-Каусари(Рохимаһуллаһ)
18👍4
Оқып шығуға кеңес беремін.
Пайдалы ақпараттар өте көп
7❤‍🔥2🥰2
"إياك نعبد و إياك نستعين"

<Тек саған ғана
құлшылық қыламыз және тек бір өзіңнен жәрдем тілейміз.>


Бұл аятта бірінші ғибадатты айтып кейін барып жәрдем тілейміз деп келуінің сыры:
Пенде әуелі құлшылық ,жақсылық жасаған соң барып Құдай тағаладан жәрдем сұрайтын болса дұғасының тез қабыл болу ыхтималдығы әлде қайда арта түсетіндігіне ишара бар.

Тафсир Байдоуи📚
❤‍🔥136👍4
Шейх Надирмен(Хафизаһуллаһ) осы жылы бітірген алғашқы кітап
Мақулат ілімі-Пәлсапа ілімінің бір бөлігі. Ақида пәнін терең түсінуде маңызды құрал ілімдерінің бірі болып табылады. Әсіресе терминдерді дұрыс түсінуді, мағыналарды шатастырмауды үйретеді. Бұрын соңды кезіктірмеген қызық мәселелерді осында табасыз📚📌
21
Бүгін кітап алмадым деп көңіл күй кішкене болмай отыр еді. Аллаһтың қалауымен әйгілі мухаддис ,фақиһ ғалым Шейх Уәйл Ханбалимен(Хафизаһуллаһ) жолығып өз қолынан құнды еңбектерін алу нәсіп болды🥹.

Алтынға тең келер насихат:

"Адамдарды діннен бездіретін сөздерден сақтаныңдар. Халықты Исламға көркем түрде шақырыңдар. Бүлік шығаратын нәрселермен шұғылданбаңдар.Мұсылмандардың арасында алауыздық тудыратын мәселені қозғамаңдар .Елге дінге Аллаһ разылығы үшін қызмет жасаңдар. "
31😍4👏2❤‍🔥1🥰1🤩1🕊1🐳1
📌Жақында шейх Ахмад Фадл (Хафизаһуллаһ) әрбірімізге көне кітаптардың екі бетін тахқиқ жасап келуді тапсырған еді. Тілі жеңіл, ақидаға қатысты кітап болса да, бар-жоғы екі бетті тахқиқ ету көп уақытты талап етеді екен. Әрбір хадиске тахриж жасау керек, мәтінде келген мәселелерді қосымша түсіндіріп, ашып жазу қажет. Қысқасы, жұмысы өте көп.

Осыны істей отырып, бір кітапты тұтастай тахқиқ жасаудың қаншалықты уақыт пен еңбекті талап ететінін түсінгенде, мухаққиқ ғалымдардың еңбегінің қадірін терең сезіне бастайды екенсің . Көз майын тауысып, көне жазуларды оқудың өзі бір машақат.
Ілім үшін деп қаншама еңбектерді жарыққа шығарған ғалымдарымздан Аллаһ өзі разы болсын

Біздікі, әрине, тек қарапайым практика ғана. Соған қарамастан, бұл жұмыс өте қызық екен. Көне кітаптарды ашып оқу – мүлде бөлек әсер береді. Бір қызығына кіріп алсаң, басыңды көтере алмай қалатындай, өзіне тартып әкететін дүние секілді.
23🔥5❤‍🔥2👏2👍1🕊1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥17😍8❤‍🔥3😭2🕊1
"Мұнафық дегеніміз -тек адамдардың алдында ғана немесе уағыз мәжілістерінде ғана Құдай Тағаланы еске алып, жалғыз қалғанда Құдайын ұмытып қоятын, ойына келгенін жасайтын адам "

🖊️Имам Абдуллаһ Сирожуд-дин(Рохимаһуллаһ)
😭137🔥6💯2🕊1