ЖАҢБЫР💧
Бұлты жаңа төңіректе қара аспан
Асқақ шыңым арманыммен таласқан
Айға қарап асу асқым келеді
Жұлдызымен жарасқан
Күзгі тамшы таңырқатып ғаламды
Тамырларым қызыл қанға таланды
Дүниеге айқайлағым келеді
Саған арнап бар әнді
Ескерусіз қалар осы сәт қалай
Қарап тұрып жанарыңа бар маңай
Саған қарап қызығады көкжиек
Төбелесіп күн мен ай
Жаушы жаңбыр боялдыршы нұрыңа
Маған ренжіп қалдыма деп түн мына
Нөсерлетіп таңырқатшы тағы бір
Шомылайын суыңа
Тағы жаушы,тәңірден сұратайын
Түнім ауып,күнімді жылат айым
Мүмкіндік бер,жаралы жүрегіме
Тым болмаса жаңбырды ұнатайын
Бұлты жаңа төңіректе қара аспан
Асқақ шыңым арманыммен таласқан
Айға қарап асу асқым келеді
Жұлдызымен жарасқан
Күзгі тамшы таңырқатып ғаламды
Тамырларым қызыл қанға таланды
Дүниеге айқайлағым келеді
Саған арнап бар әнді
Ескерусіз қалар осы сәт қалай
Қарап тұрып жанарыңа бар маңай
Саған қарап қызығады көкжиек
Төбелесіп күн мен ай
Жаушы жаңбыр боялдыршы нұрыңа
Маған ренжіп қалдыма деп түн мына
Нөсерлетіп таңырқатшы тағы бір
Шомылайын суыңа
Тағы жаушы,тәңірден сұратайын
Түнім ауып,күнімді жылат айым
Мүмкіндік бер,жаралы жүрегіме
Тым болмаса жаңбырды ұнатайын
❤1
Жүрегімнің таба алмай дым емін,
Қиялыммен жүрегіңе түнедім,
Сені сонша ойлайтындай күнімен,
Мені ғашық қылатындай кім едің?
Қиялыммен жүрегіңе түнедім,
Сені сонша ойлайтындай күнімен,
Мені ғашық қылатындай кім едің?
ҚЫЗ ДЕМІ
Қолдарына алуан түрлі гүл ұстаған
Салқынның самалына тыныстаған
Сендер десе алып ұшып атой салып
Қаламымнан параққа жыр құстырам
Сезссемде күннің нұры себілгенін
Болмады қызыл шие ерніңде мін
Ауаға алпыс әтір себілседе
Артық еді бәрінен сенің демің
Абдырап ақша бұлтты аралыппын
Кетсе де көңілімді жаралап мұң
Көзін қысып жүз ару өтседағы
Біреуіне бұрылып қарамаппын
Есінен ескі таспа өшірмеген
Дүниенің ілесіп көшінде мен
Бұзылып кірбең шалса ажарыңды
Ескірмеген өтімді есімде өлең
Жайқалған жапырақтай жайып құшақ
Елестей есімді ұры айымды ұстап
Сағым болып кетпесең келші күнім
Естелікті ескіге айырбастап
Қолдарына алуан түрлі гүл ұстаған
Салқынның самалына тыныстаған
Сендер десе алып ұшып атой салып
Қаламымнан параққа жыр құстырам
Сезссемде күннің нұры себілгенін
Болмады қызыл шие ерніңде мін
Ауаға алпыс әтір себілседе
Артық еді бәрінен сенің демің
Абдырап ақша бұлтты аралыппын
Кетсе де көңілімді жаралап мұң
Көзін қысып жүз ару өтседағы
Біреуіне бұрылып қарамаппын
Есінен ескі таспа өшірмеген
Дүниенің ілесіп көшінде мен
Бұзылып кірбең шалса ажарыңды
Ескірмеген өтімді есімде өлең
Жайқалған жапырақтай жайып құшақ
Елестей есімді ұры айымды ұстап
Сағым болып кетпесең келші күнім
Естелікті ескіге айырбастап
ЖОЛДАСЫМА
Қандай мекен іздедім жолдасымай
Сен жүретін соқпақ жол болмас оңай
Таза сезім у қосып көз жасыңа
Соқыр болып қалмашы жан досым ай
Қызың ба әлде көкірекке гүл еккен
Алма сұрап,алма өспейтін теректен
Көкке самғап,әперем деп жұлдызды
Өзің ба әлде жігеріңді құм еткен
Көтер қане азулы айбыныңды
Жоғалтып ал керексіз қайғы мұңды
Еремін деп қол жетпес шыңға шығып
Ұмытып кетпе нағыз байлығыңды
Эй жолдасым қайғырма бойжеткенге
Көз сораңды ағызып кім кеткенге
Сен саласың әніңді сол бір қызға
Анаң салған нағыз жыр тербеткенде
Мұңды ойлар мазалап кеме күнгі
Ай жамылып қараңғы келбетіңді
Бұрышта бұқтырылған қызыл шоқтай
Тұтата берме жаман темекіңді
Қандай мекен іздедім жолдасымай
Сен жүретін соқпақ жол болмас оңай
Таза сезім у қосып көз жасыңа
Соқыр болып қалмашы жан досым ай
Қызың ба әлде көкірекке гүл еккен
Алма сұрап,алма өспейтін теректен
Көкке самғап,әперем деп жұлдызды
Өзің ба әлде жігеріңді құм еткен
Көтер қане азулы айбыныңды
Жоғалтып ал керексіз қайғы мұңды
Еремін деп қол жетпес шыңға шығып
Ұмытып кетпе нағыз байлығыңды
Эй жолдасым қайғырма бойжеткенге
Көз сораңды ағызып кім кеткенге
Сен саласың әніңді сол бір қызға
Анаң салған нағыз жыр тербеткенде
Мұңды ойлар мазалап кеме күнгі
Ай жамылып қараңғы келбетіңді
Бұрышта бұқтырылған қызыл шоқтай
Тұтата берме жаман темекіңді
❤4🕊2💯1
Сен менен жасырыдыңда жасыттыңғой
Саған менің көңілім ашық тұр ғой
Сен түсінбеген түріктің әндеріндей
Менде саған дәл солай ғашықпынғой
Саған менің көңілім ашық тұр ғой
Сен түсінбеген түріктің әндеріндей
Менде саған дәл солай ғашықпынғой
❤1
Сезімім саған деген ұнап жатса
Қалмайды екен көңілде ішімде мұң
Сенің маған өмірің кітап болса
Мен сенің кітабыңның ішіндемін
Мінезіңе сай болып құлап талса
Жастығымды мәңгіге өшіремін
Сен дегенде жүрегім құлыпталса
Не десең де қалқатай кешіремін
😱😱
Қалмайды екен көңілде ішімде мұң
Сенің маған өмірің кітап болса
Мен сенің кітабыңның ішіндемін
Мінезіңе сай болып құлап талса
Жастығымды мәңгіге өшіремін
Сен дегенде жүрегім құлыпталса
Не десең де қалқатай кешіремін
😱😱
❤1
МЕНІҢ ШИМАЙЛАРЫМ pinned «Сезімім саған деген ұнап жатса Қалмайды екен көңілде ішімде мұң Сенің маған өмірің кітап болса Мен сенің кітабыңның ішіндемін Мінезіңе сай болып құлап талса Жастығымды мәңгіге өшіремін Сен дегенде жүрегім құлыпталса Не десең де қалқатай кешіремін 😱😱»
Көркем мінез,әдемі биік талғам
Сен үшін суықтағам күйіп тонғам
Толған айдың сәулесі сәуегейлеп
Сол сәуледен мен сені сүйіп қалғам
Мен сен үшін жанғамын тоңыпта алғам
Сезімің көңілімде тұнып қалған
Қайда кетсен кет мейлі мен сен үшін
Шалғайға,қиырғада шауып барам
Жаным ау бәрібір сені алып қалам
Сен үшін суықтағам күйіп тонғам
Толған айдың сәулесі сәуегейлеп
Сол сәуледен мен сені сүйіп қалғам
Мен сен үшін жанғамын тоңыпта алғам
Сезімің көңілімде тұнып қалған
Қайда кетсен кет мейлі мен сен үшін
Шалғайға,қиырғада шауып барам
Жаным ау бәрібір сені алып қалам
“Өзіңнен өзгеге ғашық бола алмадым” деп алдыма келші,Ең алғашқы пәк сезімдей қайтадан сүйейін!
САҒЫНЫШ МУЗЕЙІ
Жанарыңды жарыққа шылап
мұңмен
Сәттеріңді ұмытпайм жылап күлген
Түсінем деп ойлама бұл сезімді
Сенің сағынышыңды ұнаттым мен
Беймаза мұңға малып,көп күрсініп
Бақытымды қияр шың көкке ұмсынып
Сенің сағынышыңа мойынсынбай
Қараңғылау түнекке кеттім сіңіп
Сағынышқа сарылтып даңғаза түн
Сені ойлайтын болыппын таңға жақын
Тамыз айы ең соңғы ай болдыма
Сен туралы ең соңғы жыр жазатын
Музейде тұр мүсінің жазың жүдеп
Енді қайтып алмаймын назыңды көп
Мен жазатын жырларға сусын болған
Сендегі сол жақтағы нәзік жүрек
Менің соңғы жартасым құлап мінген
Жанарыңа мұң шақтым жылап күлген
Сенің бота көзіңді жақсы көрмейм
Сендегі сағынышты ұнаттым мен
Жанарыңды жарыққа шылап
мұңмен
Сәттеріңді ұмытпайм жылап күлген
Түсінем деп ойлама бұл сезімді
Сенің сағынышыңды ұнаттым мен
Беймаза мұңға малып,көп күрсініп
Бақытымды қияр шың көкке ұмсынып
Сенің сағынышыңа мойынсынбай
Қараңғылау түнекке кеттім сіңіп
Сағынышқа сарылтып даңғаза түн
Сені ойлайтын болыппын таңға жақын
Тамыз айы ең соңғы ай болдыма
Сен туралы ең соңғы жыр жазатын
Музейде тұр мүсінің жазың жүдеп
Енді қайтып алмаймын назыңды көп
Мен жазатын жырларға сусын болған
Сендегі сол жақтағы нәзік жүрек
Менің соңғы жартасым құлап мінген
Жанарыңа мұң шақтым жылап күлген
Сенің бота көзіңді жақсы көрмейм
Сендегі сағынышты ұнаттым мен
…….
Көмескі ойға көмеме мені перілер
Тәніңе ғана жаныңа ғана сеніп өл
Жүректі сендік жетелемейді бақытқа
Саныңды ұстап сипалап жүрген серілер
Үзілген шақта үзеңгісіне үміткер
Жабырқау мұңды жан азығыңа жығып көр
Пәк көңіліңді кірлетіп кетер сұм оймен
Беліңнен сенің құшақтап жүрген жігіттер
Қоштасуғада қия алмауғада хақың бар
Сендік сезімге енді кім тағы жақындар
Жеткізе алмас дәл мендей сұлу сезімді
Еріндеріңді шөлпілдететін батырлар
Көмескі ойға көмеме мені перілер
Тәніңе ғана жаныңа ғана сеніп өл
Жүректі сендік жетелемейді бақытқа
Саныңды ұстап сипалап жүрген серілер
Үзілген шақта үзеңгісіне үміткер
Жабырқау мұңды жан азығыңа жығып көр
Пәк көңіліңді кірлетіп кетер сұм оймен
Беліңнен сенің құшақтап жүрген жігіттер
Қоштасуғада қия алмауғада хақың бар
Сендік сезімге енді кім тағы жақындар
Жеткізе алмас дәл мендей сұлу сезімді
Еріндеріңді шөлпілдететін батырлар
Тәуелсіздігін тойлауға қорқатын жалғыз ел,тәуелсіздігің құтты болсын🌸🇰🇿🇰🇿
❤3
Күте күте сарғайған күдікті арман
Жасап алып былық пен бүлік қолдан
Сен шалатын телефон қоңырауы
Менің жырық жаныма үміт болған
Жасап алып былық пен бүлік қолдан
Сен шалатын телефон қоңырауы
Менің жырық жаныма үміт болған
❤3