Періштем бар
Көктен түскен нұрлы сезім,
Таза арман, мөлдір көзім.
Сақтап жүрер әрбір сәтте,
Періштем бар — жүрек сөзім.
Көлеңкеде қалсам егер,
Құлазыған жаным шөгер.
Сол сәттерде үнсіз ғана
Періштем бар — нұрын төгер.
Жақсылықтың жаршысына,
Тіршіліктің сыршысына.
Сенер үнсіз дұғасына —
Періштем бар — көтерет шың ұшына.
Авторы: Асан Бейбарыс
Көктен түскен нұрлы сезім,
Таза арман, мөлдір көзім.
Сақтап жүрер әрбір сәтте,
Періштем бар — жүрек сөзім.
Көлеңкеде қалсам егер,
Құлазыған жаным шөгер.
Сол сәттерде үнсіз ғана
Періштем бар — нұрын төгер.
Жақсылықтың жаршысына,
Тіршіліктің сыршысына.
Сенер үнсіз дұғасына —
Періштем бар — көтерет шың ұшына.
Авторы: Асан Бейбарыс
❤2
Ақтабан шұбырынды
Көк түріктің көне жұрты – кең далам,
Киіз үй мен малға толы сай-салаң.
Қаратау мен Ұлытауды мекендеп,
Жүрген еді жұртың тыныш, ел аман.
Көш ілгері кеткен еді бір заман,
Тыныштыққа қалған еді бір табан.
Сал-серілер әнмен бөлеп даланы,
Еркін өсті көрікті қыз, ер балаң.
Тал бесігі тербелетін шынардай,
Қыздар күлкі шашқан еді мұнардай.
Ат үстінде ойнақтаған бозбала,
Батырлықты іздейтін-ді қырандай.
Бейбіт еді сол бір уақыт, сол өмір,
Шалқар далам тербетілген көк өңір.
Байтақ елдің түнгі шуы – қымыз үн,
Күндіз күй боп төгілетін жыр өмір.
Шырқаушы еді арулары алтыбақан әндерін,
Қымыз-шұбат, аққа толы дастарқанның сәндерін.
«Ұл туған соң ел қорғайды» – деген сөз,
Намыспенен өсіретін ел қоғағайтын ерлерін.
Ұлыс, ру, тайпа – түгел ынтымақ,
Бейбіт жатқан елдің рухы тым жырақ.
Көз алартып жатқан жауға білінбей,
Сақадай сай, дайын жатты ел бірақ.
Атой салды бір күні жоңғарлар кеп,
Қарасы бұрынғыдан екі есе көп.
Сасып қалды қазақтар бұны көріп,
Үлгермеді қол жиылып, түзіліп шеп.
Күн күркіреп, түнерді аспан қабағы,
Жел де басқа – қоңыр күйден адады.
Алатаудан түсті үрей бұлт болып,
Елге атылды ата жаудың садағы.
Солтүстіктен суық самал еседі,
Тыныш жатқан елдің ішін теседі.
Жоңғар жауы жанына кеп жетіпті –
Жер түбінен жеткен қарғыс кеселі.
Көкте жүрген қырандардың көзіне
Көрінеді, оралмастай сол баяғы кезіне.
Қапыда кеп түскен жау – көп найзадай,
Тас-талқан қып түсті елдің ізіне.
Жарқ-жұрқ еткен жоңғарлардың қарасы,
Оқ жетер жер – жақын қалған арасы.
Енді қашып құтылмасын білген ел –
Абыржыды, сасып қалды санасы.
Алып қашты бүлдіршінді, әйелді,
Жетім етіп балаларды, бай елді.
Жылқы, түйе, азап, аштық, жан шулап –
Сай-сүйегің сырқырардай жай еді.
Жерге төкті жаралының жас қанын,
Жер аңқыды қан иісіне – қас-қағым.
Алқакөлге жеткені аман болғанмен –
Ақтабан боп шұбырғаны басқа сын.
Ана жылап, арқасында сәбиі,
Тербетер жоқ бесігі мен боз үйі.
Сықылдаған арба үніне қосылып,
Кемсеңдейді жұрт сайлаған ел биі.
Туы түспей, найзасы да сынбады,
Қазақ рухы жермен бірге тынбады.
Шайқалса да бәйтеректер майысып –
Бұтағынан жапырағы жаумады.
Түн қойнында тыншымаған дала бар,
Жылап жатты жетімдер мен аналар.
Жетісудың самалы да зарығып,
Жаспен бірге араласқан қаны бар.
Сол жылаған үнге жауап табылды,
Көк найзалы ұлдар қайта қауымды.
Қаратау мен Хантау, Шуға шақырып –
Бөгембайдың үні елге жарылды.
— Жеткен жері жеткен шығар төзімнің,
Бұл тұрған жер – ата жұртың, туған елің, өзіңнің.
Намыс отын үрлейікші ел болып,
Жау табанын басқызбайық! – анығы осы сөзімнің.
Қабанбай да қылышын күнге тіреп,
Түсі суық, от жанары шоқтай білеп:
— Қазақ қансыз болмайды, тусыз да емес!
Ұрпағымыз құл болмас – ұстап күрек!
Ел жиналды, сертке басты антымен,
Сөз сөйледі шежірешіл қартымен:
— Атамыздан қалған жерді бермейміз,
Сақтап жүрген ата-баба салтымен!
Көк найзалар көтерілді аспанға,
Қан қайнады – көкіректе жас бар ма?
Бұрын тыныш, енді тасып ат шапты,
Жауға шапты енді есейген жастар да.
Жоңғар жақтан тағы да үн күңіренді,
Қазақ жақтан – көк дауылдай дүр енді.
Шығыс жақтан шапқан түннің тұманын
Серпе ұрғандай ұлы дала түнерді.
Ұран шықты: «Аруақ!» – деп жар салып,
Сел тасыды, қанмен бірге жалғасып.
Ұл мен қыздың көздерінде от ойнап –
Жеңеміз деп, ата жауын қолдасып.
Жау жеңілді, бірақ ел де жүдеді,
Қан майданда қанша арман түнеді.
Қас батырын жер қойнына тапсырып,
Жеңіс пенен көз жас бірге жүреді.
Көктем келді, көк толқыды жусанда,
Қайта туды қырда ән мен думан да.
Бірақ қайта еске алса сол кезді –
Көздеріне жас келеді, кетпейтіндей қусаң да.
Қара түннен қара бұлтты ысырып,
Күн туды ақ, дала алды күрсініп.
Келін түсті, бесік тербеп аналар,
Қайта шулап кең далада балалар.
Алайда бір ой кетпейді көңілден –
Көшке ілескен, келместей боп көрінген…
Қайсар ұлттың санасында сақталды –
Сол бір жылдар, боздақ қаны төгілген.
Сол бір көштің көлеңкесі боп қалмақ,
Ұрпақтарға тарих болып сақталмақ.
«Ақтабан шұбырынды» атанған –
Қанды сөзбен жазылған бір хат қалмақ.
Өтті жылдар, жаңарды ел, жасарды,
Заман келіп, көкпен күн де ажарлы.
Бірақ елдің зердесінде сақталып –
Қалып қойды бұл қасірет, оқталып.
Кейде дала тынышталып қалғанда,
Көк түріктің көне жұрты – кең далам,
Киіз үй мен малға толы сай-салаң.
Қаратау мен Ұлытауды мекендеп,
Жүрген еді жұртың тыныш, ел аман.
Көш ілгері кеткен еді бір заман,
Тыныштыққа қалған еді бір табан.
Сал-серілер әнмен бөлеп даланы,
Еркін өсті көрікті қыз, ер балаң.
Тал бесігі тербелетін шынардай,
Қыздар күлкі шашқан еді мұнардай.
Ат үстінде ойнақтаған бозбала,
Батырлықты іздейтін-ді қырандай.
Бейбіт еді сол бір уақыт, сол өмір,
Шалқар далам тербетілген көк өңір.
Байтақ елдің түнгі шуы – қымыз үн,
Күндіз күй боп төгілетін жыр өмір.
Шырқаушы еді арулары алтыбақан әндерін,
Қымыз-шұбат, аққа толы дастарқанның сәндерін.
«Ұл туған соң ел қорғайды» – деген сөз,
Намыспенен өсіретін ел қоғағайтын ерлерін.
Ұлыс, ру, тайпа – түгел ынтымақ,
Бейбіт жатқан елдің рухы тым жырақ.
Көз алартып жатқан жауға білінбей,
Сақадай сай, дайын жатты ел бірақ.
Атой салды бір күні жоңғарлар кеп,
Қарасы бұрынғыдан екі есе көп.
Сасып қалды қазақтар бұны көріп,
Үлгермеді қол жиылып, түзіліп шеп.
Күн күркіреп, түнерді аспан қабағы,
Жел де басқа – қоңыр күйден адады.
Алатаудан түсті үрей бұлт болып,
Елге атылды ата жаудың садағы.
Солтүстіктен суық самал еседі,
Тыныш жатқан елдің ішін теседі.
Жоңғар жауы жанына кеп жетіпті –
Жер түбінен жеткен қарғыс кеселі.
Көкте жүрген қырандардың көзіне
Көрінеді, оралмастай сол баяғы кезіне.
Қапыда кеп түскен жау – көп найзадай,
Тас-талқан қып түсті елдің ізіне.
Жарқ-жұрқ еткен жоңғарлардың қарасы,
Оқ жетер жер – жақын қалған арасы.
Енді қашып құтылмасын білген ел –
Абыржыды, сасып қалды санасы.
Алып қашты бүлдіршінді, әйелді,
Жетім етіп балаларды, бай елді.
Жылқы, түйе, азап, аштық, жан шулап –
Сай-сүйегің сырқырардай жай еді.
Жерге төкті жаралының жас қанын,
Жер аңқыды қан иісіне – қас-қағым.
Алқакөлге жеткені аман болғанмен –
Ақтабан боп шұбырғаны басқа сын.
Ана жылап, арқасында сәбиі,
Тербетер жоқ бесігі мен боз үйі.
Сықылдаған арба үніне қосылып,
Кемсеңдейді жұрт сайлаған ел биі.
Туы түспей, найзасы да сынбады,
Қазақ рухы жермен бірге тынбады.
Шайқалса да бәйтеректер майысып –
Бұтағынан жапырағы жаумады.
Түн қойнында тыншымаған дала бар,
Жылап жатты жетімдер мен аналар.
Жетісудың самалы да зарығып,
Жаспен бірге араласқан қаны бар.
Сол жылаған үнге жауап табылды,
Көк найзалы ұлдар қайта қауымды.
Қаратау мен Хантау, Шуға шақырып –
Бөгембайдың үні елге жарылды.
— Жеткен жері жеткен шығар төзімнің,
Бұл тұрған жер – ата жұртың, туған елің, өзіңнің.
Намыс отын үрлейікші ел болып,
Жау табанын басқызбайық! – анығы осы сөзімнің.
Қабанбай да қылышын күнге тіреп,
Түсі суық, от жанары шоқтай білеп:
— Қазақ қансыз болмайды, тусыз да емес!
Ұрпағымыз құл болмас – ұстап күрек!
Ел жиналды, сертке басты антымен,
Сөз сөйледі шежірешіл қартымен:
— Атамыздан қалған жерді бермейміз,
Сақтап жүрген ата-баба салтымен!
Көк найзалар көтерілді аспанға,
Қан қайнады – көкіректе жас бар ма?
Бұрын тыныш, енді тасып ат шапты,
Жауға шапты енді есейген жастар да.
Жоңғар жақтан тағы да үн күңіренді,
Қазақ жақтан – көк дауылдай дүр енді.
Шығыс жақтан шапқан түннің тұманын
Серпе ұрғандай ұлы дала түнерді.
Ұран шықты: «Аруақ!» – деп жар салып,
Сел тасыды, қанмен бірге жалғасып.
Ұл мен қыздың көздерінде от ойнап –
Жеңеміз деп, ата жауын қолдасып.
Жау жеңілді, бірақ ел де жүдеді,
Қан майданда қанша арман түнеді.
Қас батырын жер қойнына тапсырып,
Жеңіс пенен көз жас бірге жүреді.
Көктем келді, көк толқыды жусанда,
Қайта туды қырда ән мен думан да.
Бірақ қайта еске алса сол кезді –
Көздеріне жас келеді, кетпейтіндей қусаң да.
Қара түннен қара бұлтты ысырып,
Күн туды ақ, дала алды күрсініп.
Келін түсті, бесік тербеп аналар,
Қайта шулап кең далада балалар.
Алайда бір ой кетпейді көңілден –
Көшке ілескен, келместей боп көрінген…
Қайсар ұлттың санасында сақталды –
Сол бір жылдар, боздақ қаны төгілген.
Сол бір көштің көлеңкесі боп қалмақ,
Ұрпақтарға тарих болып сақталмақ.
«Ақтабан шұбырынды» атанған –
Қанды сөзбен жазылған бір хат қалмақ.
Өтті жылдар, жаңарды ел, жасарды,
Заман келіп, көкпен күн де ажарлы.
Бірақ елдің зердесінде сақталып –
Қалып қойды бұл қасірет, оқталып.
Кейде дала тынышталып қалғанда,
❤3
Естілетін секілді үн кей маңда.
Алқакөлдің ақ самалын тыңдасаң –
Шешелердің жоқтауы тұр зарланба.
Кәрі тарих – тасқа сіңген таңбадай,
Сол заманның берген елге зардабы-ай.
Көне сүрлеу, қан кешкендей боз жусан –
Қазақ рухы тұрды мұңын таңдамай.
Көк туы бар, елдігі бар, тілі бар,
Қазақта бүгін еңсесі биік ұлы бар.
Бірақ соның әр тынысы, әр таңы –
Кешегі күн тартқан азап құны бар.
Қазақ елі, ұмытпа еш күндерді –
Ақтабанмен аңыраған түндерді.
Сол құрбандық – сендік бүгін еркін күн,
Тәубе қыл да, берік ұста іргеңді!
Авторы: Асан Бейбарыс
Алқакөлдің ақ самалын тыңдасаң –
Шешелердің жоқтауы тұр зарланба.
Кәрі тарих – тасқа сіңген таңбадай,
Сол заманның берген елге зардабы-ай.
Көне сүрлеу, қан кешкендей боз жусан –
Қазақ рухы тұрды мұңын таңдамай.
Көк туы бар, елдігі бар, тілі бар,
Қазақта бүгін еңсесі биік ұлы бар.
Бірақ соның әр тынысы, әр таңы –
Кешегі күн тартқан азап құны бар.
Қазақ елі, ұмытпа еш күндерді –
Ақтабанмен аңыраған түндерді.
Сол құрбандық – сендік бүгін еркін күн,
Тәубе қыл да, берік ұста іргеңді!
Авторы: Асан Бейбарыс
❤3🥰1
Періште емес пендемін
Періште емеспін — пендемін,
Періште болып көрмедім.
Бір қадам алға бассам да,
Мың күдікпен сенделдім.
Кей сәтте шыннан тайғанмын,
Кей сәтте шынға сайғанмын.
Ар менен нәпсі айқасқан,
Айдынды мұздан тайғанмын.
Жалғанда жаным жаралы,
Сынаққа толы сабағы.
Құлай да тұрып үйрендім,
Тағдырым ауыр таразы.
Періште емес пендемін,
Күнәм де бар менде мың.
Періштедей болмаймын,
Себебі мен пендемін.
Авторы: Асан Бейбарыс
Періште емеспін — пендемін,
Періште болып көрмедім.
Бір қадам алға бассам да,
Мың күдікпен сенделдім.
Кей сәтте шыннан тайғанмын,
Кей сәтте шынға сайғанмын.
Ар менен нәпсі айқасқан,
Айдынды мұздан тайғанмын.
Жалғанда жаным жаралы,
Сынаққа толы сабағы.
Құлай да тұрып үйрендім,
Тағдырым ауыр таразы.
Періште емес пендемін,
Күнәм де бар менде мың.
Періштедей болмаймын,
Себебі мен пендемін.
Авторы: Асан Бейбарыс
❤3🔥3
Өтірік
Сөз емес ол — көлеңке ғана,
Шындық киімін киіп алған.
Көзге көркем, көңілге жара,
Іші арам, беті — жалған.
Өтірік өсер — ұшқыр қанат,
Ардың жүзін жабар қамап.
Бір күн күлкі, бір күн жеңіс,
Ақырында жұтар сабап.
Жалғандықпен жүрген жанның,
Жолы — тұман, жарығы — қараң.
Тек шындықты серік етсең,
Ашылар бұлт, кетер арам.
Авторы: Асан Бейбарыс
Сөз емес ол — көлеңке ғана,
Шындық киімін киіп алған.
Көзге көркем, көңілге жара,
Іші арам, беті — жалған.
Өтірік өсер — ұшқыр қанат,
Ардың жүзін жабар қамап.
Бір күн күлкі, бір күн жеңіс,
Ақырында жұтар сабап.
Жалғандықпен жүрген жанның,
Жолы — тұман, жарығы — қараң.
Тек шындықты серік етсең,
Ашылар бұлт, кетер арам.
Авторы: Асан Бейбарыс
🔥2
Есейуге неге асықтым
Кейде ойланам: есейуге неге асықтым?
Асыққаннан бала шақтан асыппын.
Бала кезде елестетіп, армандап,
Есейгенді жақсы көрдім, асып тым.
Саусақпен санап күнімді мен өткіздім,
Санап жүріп, аттаппын ғой көп жүз күн.
Бала болып, ойын қуып жүрген ем,
Уақыт тартып қалыпты ғой боп тізгін.
Енді қазір есіме алсам өткенді —
Бермейді екен уақыт ұрлап кеткенді.
Есейуді себіп едім армандаған бағыма,
Енді арман өсірген бе сол бақшама еккенді?
Сонда неге асықтым мен өсуге,
Балалықтың қыл арқанын кесуге?
Қыл арқанды кескеніме өкінем,
Болмас па еді жай жалғауын шешуге?..
Авторы:Асан Бейбарыс
Кейде ойланам: есейуге неге асықтым?
Асыққаннан бала шақтан асыппын.
Бала кезде елестетіп, армандап,
Есейгенді жақсы көрдім, асып тым.
Саусақпен санап күнімді мен өткіздім,
Санап жүріп, аттаппын ғой көп жүз күн.
Бала болып, ойын қуып жүрген ем,
Уақыт тартып қалыпты ғой боп тізгін.
Енді қазір есіме алсам өткенді —
Бермейді екен уақыт ұрлап кеткенді.
Есейуді себіп едім армандаған бағыма,
Енді арман өсірген бе сол бақшама еккенді?
Сонда неге асықтым мен өсуге,
Балалықтың қыл арқанын кесуге?
Қыл арқанды кескеніме өкінем,
Болмас па еді жай жалғауын шешуге?..
Авторы:Асан Бейбарыс
❤3
Біз актермыз бұл өмірде
Біз актермыз бұл өмірде,
Тағдыр жазған мазмұнын.
Кейде күліп, кейде жылап,
Өтіп жатыр аз күнің .
Киіміміз — жалған кейіп,
Бетпердеміз — түрленген.
Іштен жанып, сырттан жайнап,
Күлкімен мұң бүркенген.
Кейіпкеріміз бұл өмірдің,
Сценарийі — біреу-ақ.
Кей тарауы — қайғы басқан,
Кей бетінде — үміт, бақ.
Рөлімізге шын сенеміз,
Қайсысы — біз, қайсы — елес?
Жүрек шымыр, жан тітіркеп,
Кей сәттерде үндемес.
Кей сахнада дос боламыз,
Кейде — жау боп қаламыз.
Жақсылыққа бастай алмай,
Жаман ойды табамыз.
Режиссер — бір Жаратқан,
Өмір — алып театр.
Бір актілі, бір-ақ жолдық,
Мәні терең, сәті — тұл.
Шымылдықтар жабылар күн —
Қашан келер, білмейміз.
Тек шындықтан тайқымайық,
Сахнадан түспей біз…
Авторы: Асан Бейбарыс
Біз актермыз бұл өмірде,
Тағдыр жазған мазмұнын.
Кейде күліп, кейде жылап,
Өтіп жатыр аз күнің .
Киіміміз — жалған кейіп,
Бетпердеміз — түрленген.
Іштен жанып, сырттан жайнап,
Күлкімен мұң бүркенген.
Кейіпкеріміз бұл өмірдің,
Сценарийі — біреу-ақ.
Кей тарауы — қайғы басқан,
Кей бетінде — үміт, бақ.
Рөлімізге шын сенеміз,
Қайсысы — біз, қайсы — елес?
Жүрек шымыр, жан тітіркеп,
Кей сәттерде үндемес.
Кей сахнада дос боламыз,
Кейде — жау боп қаламыз.
Жақсылыққа бастай алмай,
Жаман ойды табамыз.
Режиссер — бір Жаратқан,
Өмір — алып театр.
Бір актілі, бір-ақ жолдық,
Мәні терең, сәті — тұл.
Шымылдықтар жабылар күн —
Қашан келер, білмейміз.
Тек шындықтан тайқымайық,
Сахнадан түспей біз…
Авторы: Асан Бейбарыс
❤5
«ҚАРАМАН ҚАРАҚШЫ» (поэмадан үзінді)
Авторы: Асан Бейбарыс
Кіріспе:
Доңыз жылы, күзгі уақ,
Жайсыздау келген мезгіл бақ.
Күні жылы болғанмен
Суық желі өтті нақ.
Аспан мөлдір ашық еді,
Жел ызғары басып кетті.
Жалшы күпі, бай шапанмен,
Бәрібір тоңар суық келіпті
Жел ұйытқан дала төсінде,
Қаңбақ домалап көшуде,
Сай-саланы толтырып ап,
Балалар ойыны өсуде
Үйшік жасап қаңбақпенен,
Ойнады бала ермекпенен,
Қызық қуып өртеп алып,
Күлге айналды қызықпенен.
Сұр тартқан дала — сұрықсыз,
Суық желмен — жүзіп сыз
Мезгіл менен күз үні
Тұтасып бірге жүр үнсіз.
Караманда ер жетті
Көбірек тыңдап ертекті
Он бесіне толғанда
Әжесі оған сыр төкті
“Сол күні аспан сұрланып,
Күн кеткендей ұрланып,
Бір күннен соң сел төгіп,
Аспан кетті бұлданып.
Күндіздің өзі түн болып,
Аспан түгел сұр болып
Найзағай соқты аспанда,
Қара жерге мұң болып
Көшік датқа бурасын
Найзағай соқы мал басын,
Кой бастаған серкесін
Алып кетті бұрқасын
Жаңбыр жауып, жел тулап
Боран буып ел шулап
Мал біткен ықтап, тығылып,
Жыра-жарды қуалап
Екі күн бойы бөрілер
Боранды ықтап шегінер
Ауыл малын ойрандап
Жерге жетті көрінер
Құдайдың бұл құдіреті
Жеткендіктен құзыреті
Бес күн бойы толассыз,
Болғандай боп қызыметі
Алтыншы күн басылды,
Аспан бұлттан ашылды.
Күтпегеннен бұндайды
Датқа ауылы шашылды
Келес бойы қамыстан
Қыстауға олар асыққан
Бірақ көшу мұң болып
Күздеуде бұлтпен алысқан
Бес күн бойы тоқтамай
Төккен жауын боп талай
Су сорғалап төбеден,
Киіз қалды сақтамай
Бесікке әлі бөленбей
Қандақта жаттың көлемдей
Сол кезде тамған тамшы су
Бетіңе тамды сөлектей
Сол зауал толас тапқанда
Бір күні таң атқанда
Су тамған жер тамшылап
Жара қалды, боп таңба”
Атасы – даңқты болған соң
Әкесі – би болып қалған соң
Балаға түскен жараны
Емдету керек болған соң
Ташкеннен тәуіп шақыртып
Алдыларына алдыртып
Болған жайды баяндап
Айтып берді аяндап
Сол кезде тәуіп баланы
Көріп сұраққа алады
“Неше айлық бұл бала?”
Деді сөзі зіл бола
Жолшы сөзін бастады
Әр жерінен бір шала
“Қарашаның нөсері
Жетпей тұрып кеселі
Туылды сол кез алдын
Жаңбыр жауған еселі”
“Екі айдан енді асқан ба
Мені білсең, жасқанба
Көзіме не көрінді соны айтам
Шындықты айтам қашанда
“Мына бала көздерінде жалын бар,
Тұла бойы лапылдағын оты бар
Бұл туған күн, несер жауған айқындап
Тәңір белгі бергендей бір заты бар
“Қатарынан тым биікте қалады,
Қара үзіп алда ғана болады
Сол үшін де есімін мен айтайын
‘Караман’ деп қойғаныңыз жөн болады
“Жарасы су сорғалаған киізден,
Өткен ызғар бір кеселін тигізген
Бұл жараның шипасы бар іздесең
Жас жауқазын күлін әкеп тигізсең
Бірақ қазір жауқазын жоқ далада
Басқа ем қолдану керек балаға.
Мылтық оғы дәрісін сіз тапсаңыз
Ем болады мынау үлкен жараға
Бұл жарада айқындап тұр
Қаманның тағдырын
Енді мұны тоқтатар жоқ
Қара күш пен қарқынын
Оқ пен оттың ортасында,
Бұл баланың өтпек өмірі
Қайтпаған қайсар жүректі
Мойындар бұны өңірі
“Айтқаным ауыр болмаса
Көңілге реніш салмаса.
Бірақ мен көрдім осылай
Құдірет солай жазбаса.”
Сонда да айтқанын қалт жібермес,
Әскел тәуіп сөзіне қарсы келмес
Әкесі үнсіз ғана басын изеп
“Қараман” деп қойыпты атын сол кез
Мінеки, Қараманда ер жетті,
Он бес жасқа аяқ басып келдген-ді
Қатарласы шыбық мініп жүргенде
Өзі қатары алды болып өскен-ді
Авторы: Асан Бейбарыс
Кіріспе:
Доңыз жылы, күзгі уақ,
Жайсыздау келген мезгіл бақ.
Күні жылы болғанмен
Суық желі өтті нақ.
Аспан мөлдір ашық еді,
Жел ызғары басып кетті.
Жалшы күпі, бай шапанмен,
Бәрібір тоңар суық келіпті
Жел ұйытқан дала төсінде,
Қаңбақ домалап көшуде,
Сай-саланы толтырып ап,
Балалар ойыны өсуде
Үйшік жасап қаңбақпенен,
Ойнады бала ермекпенен,
Қызық қуып өртеп алып,
Күлге айналды қызықпенен.
Сұр тартқан дала — сұрықсыз,
Суық желмен — жүзіп сыз
Мезгіл менен күз үні
Тұтасып бірге жүр үнсіз.
Караманда ер жетті
Көбірек тыңдап ертекті
Он бесіне толғанда
Әжесі оған сыр төкті
“Сол күні аспан сұрланып,
Күн кеткендей ұрланып,
Бір күннен соң сел төгіп,
Аспан кетті бұлданып.
Күндіздің өзі түн болып,
Аспан түгел сұр болып
Найзағай соқты аспанда,
Қара жерге мұң болып
Көшік датқа бурасын
Найзағай соқы мал басын,
Кой бастаған серкесін
Алып кетті бұрқасын
Жаңбыр жауып, жел тулап
Боран буып ел шулап
Мал біткен ықтап, тығылып,
Жыра-жарды қуалап
Екі күн бойы бөрілер
Боранды ықтап шегінер
Ауыл малын ойрандап
Жерге жетті көрінер
Құдайдың бұл құдіреті
Жеткендіктен құзыреті
Бес күн бойы толассыз,
Болғандай боп қызыметі
Алтыншы күн басылды,
Аспан бұлттан ашылды.
Күтпегеннен бұндайды
Датқа ауылы шашылды
Келес бойы қамыстан
Қыстауға олар асыққан
Бірақ көшу мұң болып
Күздеуде бұлтпен алысқан
Бес күн бойы тоқтамай
Төккен жауын боп талай
Су сорғалап төбеден,
Киіз қалды сақтамай
Бесікке әлі бөленбей
Қандақта жаттың көлемдей
Сол кезде тамған тамшы су
Бетіңе тамды сөлектей
Сол зауал толас тапқанда
Бір күні таң атқанда
Су тамған жер тамшылап
Жара қалды, боп таңба”
Атасы – даңқты болған соң
Әкесі – би болып қалған соң
Балаға түскен жараны
Емдету керек болған соң
Ташкеннен тәуіп шақыртып
Алдыларына алдыртып
Болған жайды баяндап
Айтып берді аяндап
Сол кезде тәуіп баланы
Көріп сұраққа алады
“Неше айлық бұл бала?”
Деді сөзі зіл бола
Жолшы сөзін бастады
Әр жерінен бір шала
“Қарашаның нөсері
Жетпей тұрып кеселі
Туылды сол кез алдын
Жаңбыр жауған еселі”
“Екі айдан енді асқан ба
Мені білсең, жасқанба
Көзіме не көрінді соны айтам
Шындықты айтам қашанда
“Мына бала көздерінде жалын бар,
Тұла бойы лапылдағын оты бар
Бұл туған күн, несер жауған айқындап
Тәңір белгі бергендей бір заты бар
“Қатарынан тым биікте қалады,
Қара үзіп алда ғана болады
Сол үшін де есімін мен айтайын
‘Караман’ деп қойғаныңыз жөн болады
“Жарасы су сорғалаған киізден,
Өткен ызғар бір кеселін тигізген
Бұл жараның шипасы бар іздесең
Жас жауқазын күлін әкеп тигізсең
Бірақ қазір жауқазын жоқ далада
Басқа ем қолдану керек балаға.
Мылтық оғы дәрісін сіз тапсаңыз
Ем болады мынау үлкен жараға
Бұл жарада айқындап тұр
Қаманның тағдырын
Енді мұны тоқтатар жоқ
Қара күш пен қарқынын
Оқ пен оттың ортасында,
Бұл баланың өтпек өмірі
Қайтпаған қайсар жүректі
Мойындар бұны өңірі
“Айтқаным ауыр болмаса
Көңілге реніш салмаса.
Бірақ мен көрдім осылай
Құдірет солай жазбаса.”
Сонда да айтқанын қалт жібермес,
Әскел тәуіп сөзіне қарсы келмес
Әкесі үнсіз ғана басын изеп
“Қараман” деп қойыпты атын сол кез
Мінеки, Қараманда ер жетті,
Он бес жасқа аяқ басып келдген-ді
Қатарласы шыбық мініп жүргенде
Өзі қатары алды болып өскен-ді
❤4
Түс
Түсімде сені көрдім тағы да,
Гүл егіпсің жүректегі бағыма.
Неше түрлі жайнап өскен гүлдерден,
Көзім түсті тым ерекше ағына.
Жүгірдім де жетіп келдім қасына,
Көзім түсті шық жармасқан басына.
Шық дегенім — емес екен тамшы су,
Ұқсайды екен жанарыңның жасына.
Гүлдегі жас мені көріп жасына,
Ағып түсті аяғымның қасына.
Аз уақытта жерге сіңіп жоғалды,
Сен кеп түстің сол уақытта басыма.
Тез арада жерден көзді жұлып ап,
Айналамнан сені іздедім тұрып ап.
Анадайда бір ақ ару тұр екен,
Жерде өскен ақ гүлдерді жұлып ап.
Көзімді ашып бет-жүзіне қарадым,
Көзім жетпей бұлдырланып барамын.
Көзім жетіп көзіңе кеп түскенде —
Сен екенсің, ақ көйлекті адамым.
Жүрегіме найзадай кеп қадалды,
Саған қарай алшақ бастым қадамды.
Қанша ұзақ жүгірсем де жете алмай,
Ұзақ қудым ақ киімді адамды.
Бір уақытта ақ аруым жоғалды,
Жайқалған гүл бір уақытта тоналды.
Айналамда гүлдер емес — қара жер,
Қара жерге бар сұлулық қамалды.
Сол уақытта құлағыма үн келді,
Үнмен бірге қоюланып түн келді.
“Мені ұмытпа” деген үні естіліп,
Қараңғылық толық басып үлгерді.
Қою қара тұман басқан айналам,
Екі көзді қараңғылық байлаған.
Қара ішін қаға жарып мен келем,
Түсінбеймін жүрген жерім қай ғалам…
Қара ішінен ақ көйлекті іздедім,
Іздеуімнен үмітімді үзбедім.
Қара ішін жара тесіп шығатын,
Басы ілмек — қайта шықпас біз бедім.
Бір уақытта қараңғылық жоғалды,
Бірте-бірте ақырындап тоналды.
Көзімді ашып қарағаным сол еді —
Көз алдыма үй төбесі оралды.
Қаз қалпында есте қалды көргенім,
Ақ гүлдерді құшағыңа тергенің.
Қараңғылық құшағына түсіп ап,
Түсімдегі елесіңе ергенім.
Аз уақытқа созылды ма бұл бақыт?
Неге келіп сөйлемедің үн қатып?
Алыс жерден қарап тұрып алдыңда,
Кете бардың көздің жасын құрғатып…
Ойланумен төсегімнен тұрмадым,
Басқа жаққа көңілімді бұрмадым.
Өзіңді ойлап жата бердім төсекте,
Алабұртып, сені іздеп жүр жаным.
Өткенімді еске алдым өкіне,
Бір-екі жыл артқа тастап секіре.
Қайтып маған келмесіңді білсем де,
Қалай тастап кете барғам бекіне?
Өкінемін, өкінемін өткенге,
Өзіңменен өкпелесіп кеткенге.
Сол бір шақты тек сенімен бақытты
Жалмауыздай уақыт жалмап кеткен бе?..
Енді қайтем, сенсіз өмір сүрем бе?
Сені ойлап күні-түні жүрем бе?
Өмірімді қараңғылап кеткенді
Еске алып — жылап әлде күлем бе?
Қайсы түлен түртті екен мені кеп,
Күтетіндей келер ме деп сені тек?
Енді қайтсем ұмытамын мен сені —
Махаббаттың майданында жеңілсек…
Авторы: Асан Бейбарыс
Түсімде сені көрдім тағы да,
Гүл егіпсің жүректегі бағыма.
Неше түрлі жайнап өскен гүлдерден,
Көзім түсті тым ерекше ағына.
Жүгірдім де жетіп келдім қасына,
Көзім түсті шық жармасқан басына.
Шық дегенім — емес екен тамшы су,
Ұқсайды екен жанарыңның жасына.
Гүлдегі жас мені көріп жасына,
Ағып түсті аяғымның қасына.
Аз уақытта жерге сіңіп жоғалды,
Сен кеп түстің сол уақытта басыма.
Тез арада жерден көзді жұлып ап,
Айналамнан сені іздедім тұрып ап.
Анадайда бір ақ ару тұр екен,
Жерде өскен ақ гүлдерді жұлып ап.
Көзімді ашып бет-жүзіне қарадым,
Көзім жетпей бұлдырланып барамын.
Көзім жетіп көзіңе кеп түскенде —
Сен екенсің, ақ көйлекті адамым.
Жүрегіме найзадай кеп қадалды,
Саған қарай алшақ бастым қадамды.
Қанша ұзақ жүгірсем де жете алмай,
Ұзақ қудым ақ киімді адамды.
Бір уақытта ақ аруым жоғалды,
Жайқалған гүл бір уақытта тоналды.
Айналамда гүлдер емес — қара жер,
Қара жерге бар сұлулық қамалды.
Сол уақытта құлағыма үн келді,
Үнмен бірге қоюланып түн келді.
“Мені ұмытпа” деген үні естіліп,
Қараңғылық толық басып үлгерді.
Қою қара тұман басқан айналам,
Екі көзді қараңғылық байлаған.
Қара ішін қаға жарып мен келем,
Түсінбеймін жүрген жерім қай ғалам…
Қара ішінен ақ көйлекті іздедім,
Іздеуімнен үмітімді үзбедім.
Қара ішін жара тесіп шығатын,
Басы ілмек — қайта шықпас біз бедім.
Бір уақытта қараңғылық жоғалды,
Бірте-бірте ақырындап тоналды.
Көзімді ашып қарағаным сол еді —
Көз алдыма үй төбесі оралды.
Қаз қалпында есте қалды көргенім,
Ақ гүлдерді құшағыңа тергенің.
Қараңғылық құшағына түсіп ап,
Түсімдегі елесіңе ергенім.
Аз уақытқа созылды ма бұл бақыт?
Неге келіп сөйлемедің үн қатып?
Алыс жерден қарап тұрып алдыңда,
Кете бардың көздің жасын құрғатып…
Ойланумен төсегімнен тұрмадым,
Басқа жаққа көңілімді бұрмадым.
Өзіңді ойлап жата бердім төсекте,
Алабұртып, сені іздеп жүр жаным.
Өткенімді еске алдым өкіне,
Бір-екі жыл артқа тастап секіре.
Қайтып маған келмесіңді білсем де,
Қалай тастап кете барғам бекіне?
Өкінемін, өкінемін өткенге,
Өзіңменен өкпелесіп кеткенге.
Сол бір шақты тек сенімен бақытты
Жалмауыздай уақыт жалмап кеткен бе?..
Енді қайтем, сенсіз өмір сүрем бе?
Сені ойлап күні-түні жүрем бе?
Өмірімді қараңғылап кеткенді
Еске алып — жылап әлде күлем бе?
Қайсы түлен түртті екен мені кеп,
Күтетіндей келер ме деп сені тек?
Енді қайтсем ұмытамын мен сені —
Махаббаттың майданында жеңілсек…
Авторы: Асан Бейбарыс
❤4
Албан елім
Албаннан шыққан ұл едім,
Елім деп соққан жүрегім.
Албаннан шыққан әр адам —
Жерінде ерке білемін.
Таластан шыққан ұл едім,
Бойыма жиып тілегін.
Албаннан туған ауылым —
Қол созар түріп білегін.
Нарынқол — менің мекенім,
Өзіңді жырлап өтемін.
Албаннан шыққан жамағат —
Шәлкөде, Тұзкөл, Кегенім.
Албаннан шыққан ел едік,
Райымбектей ер едік.
Албаннан шыққан ақынды —
Мұқағалиға теңедік.
Көңілі жайсаң жұртының,
Намысын бермей ұлтының.
Ақиық, аңыз ақыны —
Мұқағалиды жұртының.
Аспанда қанат қағады,
Бөрідей билеп даланы.
Албанның асыл адамы —
Райымбектен тарады.
Нарынқол — менің мекенім,
Өзіңді асқақ етемін.
Тауын да, тасын билеген —
Хан Тәңірінің етегін.
Албаннан туған жұртыма,
Еңбегі тиген ұлтына.
Қарасаз, Текес, Қайнарым —
Бас ием алып рухыңа.
Көз тіге қалсаң көгіне,
Аспаны кетер шегіне.
Көмірші, Сарыжаз ауылым —
Тіл тигізбейтін тегіне.
Талғарым — Албан мекені,
Ақ сұңқар таудың етегі.
Шелектей ауыл іздесең —
Барлық өмірің кетеді.
Албандай адал адамзат —
Елім деп туған азамат.
Көгін де, жерін билеген —
Қыран құсы мен қазанат.
Жалаңаш — Албан ордасы,
Біріне — бірі қолдасы.
Жүректерінде түгі бар,
Тасашы ердің ортасы!
Авторы: Асан Бейбарыс
Албаннан шыққан ұл едім,
Елім деп соққан жүрегім.
Албаннан шыққан әр адам —
Жерінде ерке білемін.
Таластан шыққан ұл едім,
Бойыма жиып тілегін.
Албаннан туған ауылым —
Қол созар түріп білегін.
Нарынқол — менің мекенім,
Өзіңді жырлап өтемін.
Албаннан шыққан жамағат —
Шәлкөде, Тұзкөл, Кегенім.
Албаннан шыққан ел едік,
Райымбектей ер едік.
Албаннан шыққан ақынды —
Мұқағалиға теңедік.
Көңілі жайсаң жұртының,
Намысын бермей ұлтының.
Ақиық, аңыз ақыны —
Мұқағалиды жұртының.
Аспанда қанат қағады,
Бөрідей билеп даланы.
Албанның асыл адамы —
Райымбектен тарады.
Нарынқол — менің мекенім,
Өзіңді асқақ етемін.
Тауын да, тасын билеген —
Хан Тәңірінің етегін.
Албаннан туған жұртыма,
Еңбегі тиген ұлтына.
Қарасаз, Текес, Қайнарым —
Бас ием алып рухыңа.
Көз тіге қалсаң көгіне,
Аспаны кетер шегіне.
Көмірші, Сарыжаз ауылым —
Тіл тигізбейтін тегіне.
Талғарым — Албан мекені,
Ақ сұңқар таудың етегі.
Шелектей ауыл іздесең —
Барлық өмірің кетеді.
Албандай адал адамзат —
Елім деп туған азамат.
Көгін де, жерін билеген —
Қыран құсы мен қазанат.
Жалаңаш — Албан ордасы,
Біріне — бірі қолдасы.
Жүректерінде түгі бар,
Тасашы ердің ортасы!
Авторы: Асан Бейбарыс
❤4
Пендемізғой
Көңіліңнің көлеңкесін ысырып
Атақ атты абыройды түсіріп
Ұят деген аттан безген ұрпақпыз
Жаратқанды санамыздан ұшырып
Пендешілдік жеткен шығар шегіне
Тіл тигіздік тіпті ата тегіне
Құдай қалай махаббатпен жаратты
Бұлай жүрсек ілінеміз бір Құдайдың кегіне
Бас жиылса мәнсіз әлек әңгіме
Осы өмір басқасынан мәнді ме
Әлек болып жүргеніміз әзілмен
Құдай берген сыйлығынан сәнді ме
Айтсаң айттың десең дедің бәрі бір
Бірақ барлық пенделердің хәлі бір
Жаратқанға жалбарыну бар әлі
Шүкірлік жоқ бергеніне әлі бір
Қаңқу қаңқу сөздері көп пенденің
Қайғыртады қатарына енгенім
Өз сөздерін өздеріне ақтап ап
Айтқанына еріксізден сенгенім
О жаратқан кешіре гөр біздерді
Аузымызды жыра шыққан сөздерді
Тәубемізге түсеміз деп жүргенде
Жылатыппыз талай мөлдір көздерді
Қайтсек енді күнәмізді жоямыз
Асқан артық әңгімені қоямыз
Өзімізді өзгелерден артық деп
Неге тұрған сөзімізден таямыз
Неде болса болған ісің орнықты
Бәрінен де қара жерде көр мықты
Қанша жерден өлмейтіндей болсаңда
Қара көрде көрсетеді қорлықты
Оны сезу көру қазір белгісіз
Тіпті айту білуің де сенгісіз
Ойнап күліп жүргеніңде уайымсыз
Кезек келіп қалмасы да белгісіз
Көңіліңнің көлеңкесін ысырып
Атақ атты абыройды түсіріп
Ұят деген аттан безген ұрпақпыз
Жаратқанды санамыздан ұшырып
Пендешілдік жеткен шығар шегіне
Тіл тигіздік тіпті ата тегіне
Құдай қалай махаббатпен жаратты
Бұлай жүрсек ілінеміз бір Құдайдың кегіне
Бас жиылса мәнсіз әлек әңгіме
Осы өмір басқасынан мәнді ме
Әлек болып жүргеніміз әзілмен
Құдай берген сыйлығынан сәнді ме
Айтсаң айттың десең дедің бәрі бір
Бірақ барлық пенделердің хәлі бір
Жаратқанға жалбарыну бар әлі
Шүкірлік жоқ бергеніне әлі бір
Қаңқу қаңқу сөздері көп пенденің
Қайғыртады қатарына енгенім
Өз сөздерін өздеріне ақтап ап
Айтқанына еріксізден сенгенім
О жаратқан кешіре гөр біздерді
Аузымызды жыра шыққан сөздерді
Тәубемізге түсеміз деп жүргенде
Жылатыппыз талай мөлдір көздерді
Қайтсек енді күнәмізді жоямыз
Асқан артық әңгімені қоямыз
Өзімізді өзгелерден артық деп
Неге тұрған сөзімізден таямыз
Неде болса болған ісің орнықты
Бәрінен де қара жерде көр мықты
Қанша жерден өлмейтіндей болсаңда
Қара көрде көрсетеді қорлықты
Оны сезу көру қазір белгісіз
Тіпті айту білуің де сенгісіз
Ойнап күліп жүргеніңде уайымсыз
Кезек келіп қалмасы да белгісіз
❤2
Айтарым бар
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Қатарыңнан қалыс қалмай жүр басым.
Сүрінгенге сүрінбестей күлетін
Заман қазір алдап кетер сырласың.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Маңдай термен еріндерің құрғасын.
Елегізіп өткенді ойлап жүргенде,
Ұнамайтын ертеңің кеп тұрмасын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Сен өзгеше, елден ерек тұлғасың.
Балқыдым деп айтпа елдің сынына,
Балқып қатса, мықты болады қорғасын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Сөзім болсын ішіңдегі сырға сын.
Айдай сұлу ару көрсең құмартып,
Сау санаңды нәпсің келіп ұрмасын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Ойламасын жамандықты қу басың.
Жаман ойың айналмасын ісіңе,
Жақсы ой кеп жамандықты уласын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Сары тіл кеп өз тіліңді бұрмасын.
Сайрай берме орыс тілін салпылдап,
Қазақ деген ұлы жерде туғасын.
Айтарым бар, айтарым бар бәріңе –
Жасың түгіл еңкейген шал-кәріңе.
Құдай берген несібеңе шүкір қыл,
Бір Алланың берері көп бәріне.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Қатарыңнан қалыс қалмай жүр басым.
Сүрінгенге сүрінбестей күлетін
Заман қазір алдап кетер сырласың.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Маңдай термен еріндерің құрғасын.
Елегізіп өткенді ойлап жүргенде,
Ұнамайтын ертеңің кеп тұрмасын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Сен өзгеше, елден ерек тұлғасың.
Балқыдым деп айтпа елдің сынына,
Балқып қатса, мықты болады қорғасын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Сөзім болсын ішіңдегі сырға сын.
Айдай сұлу ару көрсең құмартып,
Сау санаңды нәпсің келіп ұрмасын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Ойламасын жамандықты қу басың.
Жаман ойың айналмасын ісіңе,
Жақсы ой кеп жамандықты уласын.
Айтарым бар, айтарым бар, құрдасым,
Сары тіл кеп өз тіліңді бұрмасын.
Сайрай берме орыс тілін салпылдап,
Қазақ деген ұлы жерде туғасын.
Айтарым бар, айтарым бар бәріңе –
Жасың түгіл еңкейген шал-кәріңе.
Құдай берген несібеңе шүкір қыл,
Бір Алланың берері көп бәріне.
❤3
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Талай адам соқпағында күйреген.
Бірі кешіп тасып аққан өзенін,
Бірін өмір ағысымен сүйреген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Тіршіліктің қамытын кім кимеген.
Бірі киіп алтын тәжін таласып,
Біреуінің тіпті қолы тимеген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Бұл жалғаннан керегін кім түймеген.
Ащысы да, тәттісі де қатар кеп,
Қатты тұсын ешбір пенде сүймеген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Бірін қарттық найзасына түйреген.
Бірін жастай сағасына жеткізіп,
Бірін алып жағасына сүйреген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Өмір жайын аңыз ақын бүй деген.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Қан майданда жалғыз ұлы күйреген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Талай адам соқпағында күйреген.
Бірі кешіп тасып аққан өзенін,
Бірін өмір ағысымен сүйреген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Тіршіліктің қамытын кім кимеген.
Бірі киіп алтын тәжін таласып,
Біреуінің тіпті қолы тимеген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Бұл жалғаннан керегін кім түймеген.
Ащысы да, тәттісі де қатар кеп,
Қатты тұсын ешбір пенде сүймеген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Бірін қарттық найзасына түйреген.
Бірін жастай сағасына жеткізіп,
Бірін алып жағасына сүйреген.
Өмір деген өлшеуі бар күйбелең,
Өмір жайын аңыз ақын бүй деген.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Қан майданда жалғыз ұлы күйреген.
Өміріме несіне өкпелейін?
Өміріме несіне өкпелейін,
Не берсе де басымнан өткерейін. Сағасына жеткенше желпірініп,
Уын ішіп, бергенін жеп көрейін.
Тағдырымды несіне жек көрейін,
Бәрібір созылмаса көпке дейін. Арпалысып, алысып өтіп кетем,
Ондай болса, несіне өкпелейін?
Өткеніме несіне қайғырайын,
Бәрібір бітпейді ғой қайғы-уайым. Құшақтап қу тізені қайғырғанша, Болашаққа қадамды сай қылайын.
Жүрегіме несіне мұң артайын,
Одан да мойныма құм артайын.
Қамытын тіршіліктің киіп алып, Құмартайын өмірге, құмартайын!
Өміріме несіне өкпелейін,
Не берсе де басымнан өткерейін. Сағасына жеткенше желпірініп,
Уын ішіп, бергенін жеп көрейін.
Тағдырымды несіне жек көрейін,
Бәрібір созылмаса көпке дейін. Арпалысып, алысып өтіп кетем,
Ондай болса, несіне өкпелейін?
Өткеніме несіне қайғырайын,
Бәрібір бітпейді ғой қайғы-уайым. Құшақтап қу тізені қайғырғанша, Болашаққа қадамды сай қылайын.
Жүрегіме несіне мұң артайын,
Одан да мойныма құм артайын.
Қамытын тіршіліктің киіп алып, Құмартайын өмірге, құмартайын!
❤2