өздеріңде не жаңалық
416 subscribers
248 photos
20 videos
11 files
153 links
Саят Әділбайұлы

@sayattello
Download Telegram
👍71
17-қара сөздің қысқаша мазмұны

Қайрат, ақыл және жүрек Ғылымға жүгінеді.

1. Қайрат «менсіз ешбір іс бітпейді» (ЭНЕРГИЯ)
2. Ақыл «менсіз пайда мен зиянды ажырату мүмкін емес» (КОМПЬЮТЕР)
3. Жүрек «менде жан мен ізгі қасиеттер мекендейді» дейді. ( ФИЛЬТР, БАСШЫ)

Ғылым қайраттың зиянсыз емес, ақылдың амал-айлаға бейім екенін айтып, билеуші етіп жүректі таңдайды.
Өйткені жүрек ақылды тек жақсылыққа бағыттап, қайратты орынды іске ғана жұмсайды.
Тұлғалық даму жағынан түйгенім:

1. Бәрі энергиядан басталады. Қайратсыз ешнәрсе жасай алмайсың. Сол үшін Денсаулықтан бастау керек. Содан кейін Білім мен Руханият.

2. Үшеуі бірінсіз болмайды.

1. ТЕК ҚАЙРАТ (Энергия) БОЛСА

«Жүргізушісіз, тежегішсіз және рульсіз формула-1 көлігі»

- Адам үздіксіз қозғалыста, бірақ қайда барарын білмейді.
- Компьютер (ақыл) жоқ – есептеу, болжау, салдарды ойлау мүмкін емес.
- Жүрек жоқ – бағыт-бағдар, құндылық, эмпатия, мораль жоқ.
- Нәтиже: Шаршап-шалдығу, ретсіз әрекет, өзіне-өзі зиян, агрессия, мақсатсыз шаңғыту. Энергия жақсылыққа да, жамандыққа да бірдей жұмсалады, бірақ басқаратын ешкім жоқ.

2. ТЕК АҚЫЛ (Компьютер) БОЛСА

«Жаны жоқ, сезімсіз суперкомпьютер»

- Адам бәрін сараптайды, есептейді, болжайды, бірақ ешнәрсеге итермелейтін күш (энергия) жоқ.
- Энергия (қайрат) жоқ – ешқандай әрекетке ден қоймайды, прокрастинация, мүлде әрекетсіздік.
- Жүрек жоқ – қандай шешім «дұрыс» екенін анықтайтын моральдық өлшем жоқ. Компьютер пайда/зиян есептейді, бірақ адамдық құндылықтарды түсінбейді.
- Нәтиже: Шешім шығарады, бірақ орындамайды. Салқын, бей-жай, манипуляцияға бейім, «есеп бойынша тиімді» амалдар табады, бірақ ол амалдар азғын да болуы мүмкін.

3. ТЕК ЖҮРЕК БОЛСА

«Рульі мен газы бар, бірақ жол картасы мен бензині жоқ көлік»

- Тек сезім, рақым, ниет, бірақ логика жоқ, есептеу жоқ, күш-жігер тұрақсыз.
- Нәтиже: Хаостық эмоция, еркелік, үнемі асығыс әрекет, ұзақ мерзімді мақсат жоқ. Жақсы ниетті, бірақ тиімсіз.

ҮШЕУІ ТОЛЫҚ БОЛМАСА НЕ БОЛАДЫ?

Егер үшеуінің біреуі жетіспесе:

- Энергия жетіспесе – ақыл мен жүрек бар, бірақ әрекетке көшпейді, «ойшыл» күйде қалады.
- Ақыл жетіспесе – энергия мен жүрек бар, бірақ соқыр сезім мен ретсіз әрекет – әуре-сарсаңға ұрынады.
- Жүрек жетіспесе – энергия мен ақыл бар, бірақ «адамдық» өлшем жоқ – мықты, тиімді, бірақ қатыгез, азғын, манипулятор болып шығуы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ (Абай рухында)

Абай айтқан үшеуі теңдесіп, жүрек басқарғанда ғана толық адам болады. Яғни:
> Компьютер (ақыл) → есептейді,
> Энергия (қайрат) → қозғайды,
> Жүрек → бағыт береді және басқарады.

Сонда ғана адам зиянсыз, әділ, мақсатты болады.
👍5
Лидер шаршамайды,
Лидер уақытылы демалуды біледі.
👍6
өздеріңде не жаңалық
іштен 🐣 жарып шыққаны
— өмір

сырттан жарылса — өлім
👍2
Forwarded from Sezim Joly
Іс, іс, іс… Нокаут! деп қуып кететінім бар, сорри))
Мәселе істе емес! Мәселе бағытта! Сен ісіңмен құнды емессің! Сен дым істемегенде, жаратылғанда уже құнды едің! Бұл өмірде дым бітірмесең де құндысың! Мәселе істе емес!
болмауы да мүмкінмен манипуляция жасау — қорқыту

100% болатынды (өлім) еске алу — ескерту
кейде өлім қыс айларында болатын аурулардан және қарттық шақта келеді деп ойлап қаламыз

бірақ жаз айларындағы ыстықтан инфаркт инсульт алып, және жастайынан да адамдар кетіп жатқаны да аз емес екен
3👍2
баласының тәрбиесін қалай “аутсорсқа” беріп қояды

деп ойлап жүрсем, кейде өз өмірімді де біреуге беріп тастап жүреді екенмін ғой
#парадокс

адамдың адамзатқа ең пайдалысы — өзімен ғана шаруасы бар адам

басқаға жақсылық жасайын деген ниет те тек
• өзін кемелдендіру
• өз жауапкершілігін орындау
• өзіндегі өзгенің ақысын беру жолында ғана жасалуы керек

әйтпесе
• біреуді тәрбиелейін
• біреу маған мұқтаж
деудің бәрі бос әуре

P.s. бұл ойдың өзі бір адамның өзгелер туралы тым көп сөйлеуінен туындап отыр. Өзім де өзіме қарамай, біреудің минусын теріп тұрм ғой сонда
11👍3
Зұлымдық үшін - жақсылардың үндемеуі жеткілікті
👍1
“Адам саудасына қарсымын” деген акция өтіп жатыр екен осы күндері

Бірақ мені сатып кеткендер қаншама 😔

p.s. осындай бірдеңелер жазатын едік бұрын твит қылып 😂
10
Қазанаттың құйрығы – әрі жібек, әрі қыл,
Азаматтың мінезі – әрі мырза, әрі құл
👍3
өздеріңде не жаңалық
#парадокс адамдың адамзатқа ең пайдалысы — өзімен ғана шаруасы бар адам басқаға жақсылық жасайын деген ниет те тек • өзін кемелдендіру • өз жауапкершілігін орындау • өзіндегі өзгенің ақысын беру жолында ғана жасалуы керек әйтпесе • біреуді тәрбиелейін…
Эго заманы 🫵🏻

Әркім өзі жеке өмір сүре алам деп ойлайды

Бірақ 🧑🏻‍💻 КС екеш КСтің өзіне 5 адам іздеп кетеміз ғой

Сол үшін, коммунальный рай-да 🛁💡 өмір сүріп жатқанымызды ұмытпай, уайфайдың өзі үшін қаншама адам, жалпы адамзат болып жұмылғанымызды естен шығармау керек ең азында

Бәріміз бір-бірімізге, қоғамға мұқтажбыз
10
Очень часто мы понимаем, как решить наши проблемы, от чего должны отказаться и что принести в жертву ради нашей цели.

Однако нас так и не научили брать ответственность за свою жизнь, ведь всегда говорили, что нужно делать. И вот мы ждём разрешения, указа.

А что, если мы научимся разрешать себе?
👍3
аш кезіңде магазинге барма

#парадокс
👍3