Forwarded from ТеПлО мЕжДу БуКвАмИ…
Сағыну деген…
Сағыну деген – жүректің бір бұрышында үнсіз жанып тұрған шырақ сияқты. Кейде ол әлсіз жанып, жай ғана жылу береді, ал кейде лап етіп, тұла бойыңды өртеп жібереді. Сағынғанда адамның көзіне естеліктер келеді – күлкісі, дауысы, иісі… бәрі көз алдыңда тіріліп кеткендей.
Сағыну – әлсіздік емес. Ол – шын сезімнің бар екенінің дәлелі. Сағыну арқылы біз өзіміздің сүйе алатынымызды, бағалай алатынымызды түсінеміз!!!

❤6
Бірінші рет 25 жас мерейтойды тамада болып атқардым!
Бұндай да қабілетім бар екен, достар!
Бұндай да қабілетім бар екен, достар!
❤5
Ешкім мені менің аруым сияқты сүйе алмайды. Оның маған қарағандағы жанып тұрған көздеріндей көздер жоқ бұл әлемде. Аяулымымды шексіз сүйе беретінім туралы мәңгі айта бермекпін. Оған қалай ғашық екенімді білсеңдер ғой..
Айтпақшы, жақында сүйіктіме үйленуге ұсыныс жасадым.
Айтпақшы, жақында сүйіктіме үйленуге ұсыныс жасадым.
Ол "ИӘ!" деді!
❤8😍8
Қар аралас жаңбырдың жаууын бақылау бір қызық көрініс. Бүгін бұлттардың төмен түскенін де көрдім. Сосын менің махаббатымның мені жақсы көретінін жазған хатын оқыдым. Маған үшіншісі қаттырақ ұнады!
❤6
Өмірімде жаңа тарау басталғалы тұр.
ал бүкіл әлем дәл осындай кезде бізге қарсы келуде. бірақ тоқтайтын біз жоқ, қуантатыны да осы. бақытымыз үшін күресуден талмаймыз. ал адамдар келеді-кетеді, олардың пікірлері де, сөздері олармен бірге кетеді. қалатыны біз ғана, тек екеуміз. түбінде қолымыздан келгенін ең алдымен өзімізге, сосын басқаларға дәлелдеуіміз керек. ал бұл жол менің жауапкершілігімді арттырумен қатар, сана биігіне шығып, есеюме алып келуде. басы қатты болғанымен, соңы тәтті болатынына сенеміз.
ал саған айтқым келетіні, иә саған, осыны оқып отырған оқырман, егер сенің өмірің де шытырман арпалыс пен толғаққа ұқсас дүрбелеңге айналып жатса, еш берілме. өзіңе сен. потенциалың жер жаратынына күмәнім жоқ. қиындықтармен күресу қолыңнан келеді. тек сынба. осылайша басында күлгендерге соңында күлесің.
жеңістің бал дәмін тат!
ал сүйіктіме айтарым, мен не болса да, қасыңда боламын. сені бір сәтке де тастамаймын. біздің қолымыздан келеді, менің бұған еш күмәнім жоқ. менде сен барсың, сенде мен бармын. бұл жаңа тарау екеумізге де оң әсер етіп, махаббат жолында талай белестерді артта қалдырамыз. мен саған адалмын, адал бола да беремін, өйткені сезімім шынайы, еш қоспасыз, пәк.
бір жастықта қартаюды, әр сәттен бақыттың дәмін татуды бұйырсын. алда талай қызыққа толы күндерді бастан кешеміз. менің пәк махаббатым тек өзіңе тиесілі.
менің барым да сен, бағым да сен. бақытыма айналған жарық дүнием, сені шексіз сүйемін!

❤7😍7
Таңдау
Бұл бір күнде сан мың адам адасқан,
Мың бір түнде санасымен санасқан.
Шалғайдағы жерден тапқан мекенді,
Мен бір пенде жылулыққа таласқан.
Қарша борап, жаңбыр жауған кеудемде,
Әлем қарсы, мен өзіме сенгенде.
Шалыс бассаң қарқылдайды, мазақтап,
Озып кетсең, көзі түсер көргенде.
Жылулыққа зәру еді жанарым,
Мен де сірә, бір бақытты қаладым.
Ғажайыпқа толы болған өмірде,
Шекем тасқа тірелді ғой тамағым.
Бақыт тауып, қуандым мен балаша,
Жұбанғанмын, көңіл-күйім тамаша.
Бірде-бір жан тоқтата алмас адамды,
Шын бақытты жан-тәнімен қаласа.
Белгісіздік шырмап алған санамды,
Қорқыныштан келешегім қараңғы.
Тыныштықтан бір сәт ләззат алам да,
Жанымды ойлайм, таңып берген жарамды.
Олқылықтар жасайтын да шығармын,
Торғай емес, көкке самғар қыранмын.
Жақпай-ақ та қояйыншы бәріне,
Ең бастысы, сүйіктіме ұнармын.
Уайым меңдеп, салсын мейлі салмақты,
Мен ешкімге салмайды екем қармақты.
Не десең де, өзім шешем адамдар,
Мейлі тістеп қалсам-дағы бармақты.
Абыройлы бола алмассың әрдайым,
Оны ойласам, кеңейеді маңдайым.
Өз күйімді күйттеп жүрген адаммын,
Барлығының ойлай алмай жағдайын.
Эгоны да іске қостым бір кезде,
Бәрі қарсы шыға келді сол кезде.
Жерұйықты іздегендей Асаның,
Мендік көңіл жылулықты жүр іздеп.
Таптым бақыт, еркім менің өзімде,
Мақсатым бар, енді сонда көзім де.
Тоқтамаймын кешіріңдер адамдар,
Біткен менің жан-жүрегім езіле.
Мұз боп кеткен, менсінбейтін адамды,
Соқырлықтан кездерінде қараңғы,
дей беріңдер, маған енді бәрібір,
Ақталмаймын, төмен тұтып бағамды.
Тәрбием бар, келе жатқан бесіктен,
Адамдығым тығылмаған тесікке.
Мен жәй ғана есейгенмін, ес кіріп,
Армандарым қуып жетті кешіккен.
Берік болам мақсатымда мен айқын,
Істерді істеп тек өзіме ұнайтын.
Кедергілер болса егер жолымда,
Жоқ дей алам, кет немесе былай тұр.
Таңдамадым өзімді мен өткенде,
Талай жасты бөтендерге төккенде.
Енді міне сол уақытқа таядым,
Бала көңіл үміттеніп күткенде.
Алдымда бір шырайлы күн күтеді,
Уайым, қайғы ұмытылып кетеді.
Ақыл менен кеңес берген адамдар,
Ертелі-кеш бұл өмірден өтеді.
Мен бақытты таңдағанмын кешігіп,
Махаббатты келдім міне, кеш ұғып.
Бұл бақытқа сабырлылық сый болды,
Кетпейтінім анық енді есіріп.
Таңдауымды құптамасаң құптама,
Бұл бақытсыз өміріңде жұт қана.
Өз өмірің не болары белгісіз,
Сол үшін де, бөсіп мені соттама.
Өмір сүрем таңдауыма мәз болып,
Жұбайымды жүрем әр кез мәз қылып.
Өкінбеймін жасаған әр ісіме,
Кетсін бәрі әр ісімнен таз болып.
Отқа түсіп күйсем де өз өмірім,
Күйіп түрып сүйсем де өз өмірім.
Бұл шешімге келу оңай болмады,
Өз таңдауым, жеке менің өмірім.
Тоқтау болып тырыспағын сен маған,
Жұдырықтай бақыт деймін тең маған
Жүрегімнен бүршіктеніп шыққан сыр,
Сен бақытқа лайықтысың дер маған.
Құшақтайын, кел бақытым, кел маған!
Шуақ Тағай
16:55-18:03
10.11.25
Бұл бір күнде сан мың адам адасқан,
Мың бір түнде санасымен санасқан.
Шалғайдағы жерден тапқан мекенді,
Мен бір пенде жылулыққа таласқан.
Қарша борап, жаңбыр жауған кеудемде,
Әлем қарсы, мен өзіме сенгенде.
Шалыс бассаң қарқылдайды, мазақтап,
Озып кетсең, көзі түсер көргенде.
Жылулыққа зәру еді жанарым,
Мен де сірә, бір бақытты қаладым.
Ғажайыпқа толы болған өмірде,
Шекем тасқа тірелді ғой тамағым.
Бақыт тауып, қуандым мен балаша,
Жұбанғанмын, көңіл-күйім тамаша.
Бірде-бір жан тоқтата алмас адамды,
Шын бақытты жан-тәнімен қаласа.
Белгісіздік шырмап алған санамды,
Қорқыныштан келешегім қараңғы.
Тыныштықтан бір сәт ләззат алам да,
Жанымды ойлайм, таңып берген жарамды.
Олқылықтар жасайтын да шығармын,
Торғай емес, көкке самғар қыранмын.
Жақпай-ақ та қояйыншы бәріне,
Ең бастысы, сүйіктіме ұнармын.
Уайым меңдеп, салсын мейлі салмақты,
Мен ешкімге салмайды екем қармақты.
Не десең де, өзім шешем адамдар,
Мейлі тістеп қалсам-дағы бармақты.
Абыройлы бола алмассың әрдайым,
Оны ойласам, кеңейеді маңдайым.
Өз күйімді күйттеп жүрген адаммын,
Барлығының ойлай алмай жағдайын.
Эгоны да іске қостым бір кезде,
Бәрі қарсы шыға келді сол кезде.
Жерұйықты іздегендей Асаның,
Мендік көңіл жылулықты жүр іздеп.
Таптым бақыт, еркім менің өзімде,
Мақсатым бар, енді сонда көзім де.
Тоқтамаймын кешіріңдер адамдар,
Біткен менің жан-жүрегім езіле.
Мұз боп кеткен, менсінбейтін адамды,
Соқырлықтан кездерінде қараңғы,
дей беріңдер, маған енді бәрібір,
Ақталмаймын, төмен тұтып бағамды.
Тәрбием бар, келе жатқан бесіктен,
Адамдығым тығылмаған тесікке.
Мен жәй ғана есейгенмін, ес кіріп,
Армандарым қуып жетті кешіккен.
Берік болам мақсатымда мен айқын,
Істерді істеп тек өзіме ұнайтын.
Кедергілер болса егер жолымда,
Жоқ дей алам, кет немесе былай тұр.
Таңдамадым өзімді мен өткенде,
Талай жасты бөтендерге төккенде.
Енді міне сол уақытқа таядым,
Бала көңіл үміттеніп күткенде.
Алдымда бір шырайлы күн күтеді,
Уайым, қайғы ұмытылып кетеді.
Ақыл менен кеңес берген адамдар,
Ертелі-кеш бұл өмірден өтеді.
Мен бақытты таңдағанмын кешігіп,
Махаббатты келдім міне, кеш ұғып.
Бұл бақытқа сабырлылық сый болды,
Кетпейтінім анық енді есіріп.
Таңдауымды құптамасаң құптама,
Бұл бақытсыз өміріңде жұт қана.
Өз өмірің не болары белгісіз,
Сол үшін де, бөсіп мені соттама.
Өмір сүрем таңдауыма мәз болып,
Жұбайымды жүрем әр кез мәз қылып.
Өкінбеймін жасаған әр ісіме,
Кетсін бәрі әр ісімнен таз болып.
Отқа түсіп күйсем де өз өмірім,
Күйіп түрып сүйсем де өз өмірім.
Бұл шешімге келу оңай болмады,
Өз таңдауым, жеке менің өмірім.
Тоқтау болып тырыспағын сен маған,
Жұдырықтай бақыт деймін тең маған
Жүрегімнен бүршіктеніп шыққан сыр,
Сен бақытқа лайықтысың дер маған.
Құшақтайын, кел бақытым, кел маған!
Шуақ Тағай
16:55-18:03
10.11.25
😍4
18.11.2025
00:46
Қазір бәрі басқаша. Біз біргеміз.
Ол менің қасымда пысылдап ұйықтап жатыр. Қазір ғана оның арқасы мен аяғына массаж жасап болдым. Оның менің қасымда өзін қауіпсіз сезінетіні ұнайды. Мен оның тірегі, қорғаны және қамқоршысымын. Ол махаббатқа толық лайықты. Мен ол үшін тек жақсара беремін, оған ең керемет өмірді сыйлаймын. Оған менің осындай махаббатым ұнайды. Қазір де, болашақта да мен оған ұнайтынды істей бермекпін. Өйткені ол менің ең сүйікті ханшайымым, асыл жарым, жүрегімнің төрінен орын алған алтын жүректі әйелім. Мен сені сондай қатты сүйемін, Аяулымым!

❤12
Ашық талқылаулар пен шынайылықтың арқасында кез-келген қарым-қатынасты сақтап қалуға болады. Оған көзім күннен-күнге жетуде.
❤3
14:42-14:51 28.10.25
Мен өзімді таппаймын қараңғыдан,
Тырналуда ашылған жарам мынау.
Жүрегімнің айтқанын тыңдаудамын,
Тұншықтырып сезімге санамды да.
Өр мінез бар бойымда, Әкемнен бе?
Абыройсыз шығып кеттім пәтерден де.
Мен қауіпсіз жүрмін ғой деген кезде,
Артынан төніп келді қатер демде.
Аранын ауыз ашып жаралады,
Адамды адам құрлы санамады.
Бақытымды таптым-ау деген кезде,
Ең жақын адамдарым табалады.
Күрсініп, бас көтеріп жүрем биік.
Сүйіктімді таңдадым, жүрем сүйіп.
Арагідік көңілсіз қалған кезде,
Кеудемдегі тырналар білем күйік.
Мен бақыттан алыспын дей алмаймын,
Өзімді сен сүйгендей сүйе алмаймын.
Анам мені көтеріп қателесті,
Болмасам деп өмірде қиялдаймын.
Мен өзімді таппаймын қараңғыдан,
Тырналуда ашылған жарам мынау.
Жүрегімнің айтқанын тыңдаудамын,
Тұншықтырып сезімге санамды да.
Өр мінез бар бойымда, Әкемнен бе?
Абыройсыз шығып кеттім пәтерден де.
Мен қауіпсіз жүрмін ғой деген кезде,
Артынан төніп келді қатер демде.
Аранын ауыз ашып жаралады,
Адамды адам құрлы санамады.
Бақытымды таптым-ау деген кезде,
Ең жақын адамдарым табалады.
Күрсініп, бас көтеріп жүрем биік.
Сүйіктімді таңдадым, жүрем сүйіп.
Арагідік көңілсіз қалған кезде,
Кеудемдегі тырналар білем күйік.
Мен бақыттан алыспын дей алмаймын,
Өзімді сен сүйгендей сүйе алмаймын.
Анам мені көтеріп қателесті,
Болмасам деп өмірде қиялдаймын.
❤3
Өз таңдауыңа берік болсаң, бәрі өз ыңғайымен, өз бабымен болады екен. Шешім қабылдарда суық сана мен эмпат жүрек бірдей қолдаушың болса болды. Сонда жемісін, өз қалауыңдағы нәтиже мен діттеген мақсатыңды жоспар арқылы аяқтайтын қорытындыны көргенде бақытқа қол жеткізесің. Тәуекел көңіл тойғызар!
❤5
Сыр
Тұңғиық тасқа мені тірегенде,
Болмай қалып жатады асқа тәбет.
Бұратылып, аурудай жүдегенде,
Болашағың бүгінде басқа тебед.
Артылмасын сөздерің айтылмаған,
Шекараны бұз дағы істе бәрін.
Сырларымды көбіне ай тыңдаған,
Шықпасын бейшарадай түсте зарың.
Болашақтың байламағын бар байлығын,
Дәл қазір діттеулі тұр армандарың.
Мені кейін күтеді қандай білім?
Ал қазір білмей тұрмын қалғандарын.
Бір түйсік, шектелген ой, бұғау жүрек,
Шекарамды сыза алмай әлекпін мен,
Санама жиналғаны қырау дерек,
Өзегі құрттап кеткен дәнекпін мен…
23:11-23:26
18.12.25
Тұңғиық тасқа мені тірегенде,
Болмай қалып жатады асқа тәбет.
Бұратылып, аурудай жүдегенде,
Болашағың бүгінде басқа тебед.
Артылмасын сөздерің айтылмаған,
Шекараны бұз дағы істе бәрін.
Сырларымды көбіне ай тыңдаған,
Шықпасын бейшарадай түсте зарың.
Болашақтың байламағын бар байлығын,
Дәл қазір діттеулі тұр армандарың.
Мені кейін күтеді қандай білім?
Ал қазір білмей тұрмын қалғандарын.
Бір түйсік, шектелген ой, бұғау жүрек,
Шекарамды сыза алмай әлекпін мен,
Санама жиналғаны қырау дерек,
Өзегі құрттап кеткен дәнекпін мен…
23:11-23:26
18.12.25
Әйеліммен Энн сериалын бастадық. Жаның жәй табатын рахат сериал ғой, шіркін. Қыста осындай вайбты керек етеді екенсің. Энн тым ақылды жасөспірім қыз. Сериалдан визуалды кайф алып жүрмін. Әйеліме де ұнап жатыр. Жақсы күндер көп бола берсін
😍5❤2
Сидели мы однажды с моей второй половинкой в кафешке и одна официантка классно обслужила нас. Она понравилась моей девушке. Чтобы вы знали я тогда сделал предложение моей девушке и спел одну песню на сцене и она сказала ДА. Спустя некоторое время моя невеста предложила спеть еще одну песню для официантки. Мы сперва спросили как ее зовут. Ее звали Акнур. И я спел песню и для нее. Она так обрадовалась. И моя невеста тоже. Вот так.
Друзья, будьте просто добрее, и мир будет вам добр. Всем добра!
Друзья, будьте просто добрее, и мир будет вам добр. Всем добра!
😍4
Аяқ киім адамға сенімділік береді. Бірінші сапа, әдемілік, ыңғайлылық, сосын бағасы да лайықты болғаны жөн. Қайда барсаң да, көзге ең бірінші түсетіні аяқ киім. Бағаларыңызды көтеріп, четкий аяқ киім киіп жүріңіздер, достар!
❤3
https://www.tiktok.com/@shuaqtagai
достар маған 1 айда 10000 подписчик жинау керек, сондай тапсырма алдым.
тиктогыма өтіп маған тіркеліп кетіңдерші😻🙌🏻
достар маған 1 айда 10000 подписчик жинау керек, сондай тапсырма алдым.
тиктогыма өтіп маған тіркеліп кетіңдерші😻🙌🏻
TikTok
shuaqtagai on TikTok
@shuaqtagai 7771 Followers, 1 Following, 827.9k Likes - Watch awesome short videos created by shuaqtagai
❤1