Сағат
548 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Шай ішу
Шай тіс жегісін тудыратын бактериялардың таралуын болдырмайды.

#PQ
Мидың негізгі басқару орталығы

Бұл оның маңдай бөліктері. Бұл бөлік мидың атқарушы функциялары, яғни мотивацияны, жоспарлауды, әрекетті орындауды және мақсатты мінез-құлықтарды басқарады.

Бірақ бұл маңдай бөлікке тағайындалған ең қарапайым тапсырмалар ғана. Әлдеқайда күрделісі бар.

Когнитивті икемділік (көп тапсырманы орындау қабілеті), жақсылықты кейінге қалдыру (болашақтағы көбірек сыйақыдан бас тарту мүмкіндігі), ұтымды мінез-құлық және т.б. әрекеттер.

Сондықтан, егер сіз «жан қайда» деген тақырыпта әңгімеле бастасаңыз, оның ең ықтимал тұратын жері - маңдай бөлік деп айтсаңыз болады.

Енді қараңызшы сіздің мінез-құлық, іс әрекетке жауапты бөлікке тағы қандай амал жүктелді⬇️

Сәжде.

Сәждені мойындамаған адамға Алла не деді?

"Әлақ" сүресінің 15-16 аятын оқыңызшы. 96:15-16.

Сіз бұл хатты оқысаңыз, сізде әлі мүмкіндік бар!!!
“Қиыншылықта да, жайшылықта да еске алынып, алғыс етілетін ұлы Аллаһқа сансыз шүкірлер болсын!”

Хазірет Фатима (Алла ол кісіге разы болсын)

#Бүгінгідұға
Жұмыс пен үйде өзіңізге ыңғайлы орта жасап алыңыз.

Сіздегі үй мен кеңсе жағдайы сіздің көңіл-күйіңізге және ішкі тыныштыққа тікелей әсер етеді.

Айналаңыздағы кеңістікті ең жақсы түрде ұйымдастырыңыз: отырған бөлменің тазалығы мен гигиенасына мән беріңіз, айналаңызды көзге ұнайтын заттармен қоршаңыз(гүл, үстелге үйлесімді аксессуар).

#PQ
Audio
Асықпай тыңдап шығыңыз.

Біздегі өшіп бара жатқан мейірім жайлы.
Live stream started
Live stream finished (1 minute)
Сура Al-Insan – Махди аш-Шишани
t.me/KitabAllah
Каналдағы 742 адамның қалауы мен қажеті әр түрлі.

Бірақ сол 742 жүрекке керегі бір ғана дүние.

Қайырлы түн!!
“Уа, Раббым! Мен өте әлсізбін, маған күш-қуат бер! Тас жүрекпін, жүрегімді өзің жұмсарт! Аллаһ тағалам,мен сараңмын, менің қолымды ашық қылғайсың!”

(Хазірет Омар (р.а)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Капилляр - біздің денеміздегі ең көп қан тамыр.

Ересек адам ағзасында шамамен 150 миллиард капилляр бар!

Бұл ең жұқа тамырлардың қызметі қоректік заттарды тіндерге жеткізу және қан қысымын реттеуге қатысу.

Тор тәрізді қызықты қан желілерін жасайтын капилляр☝🏻

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Сағаттанхат.pdf
461.5 KB
Бір деммен оқуға болады.

Бұл дүниені оқуға баршаңызға кеңес берер едім. Керемет пайдалы болған соң емес. Менімен, көзқарасыммен кішкене таныс боласыз.

Ұнап жатса әрі қарай Сағатта қаларсыз , ұнамаса уақыт сіздікі.

Канал админдеріне өтініш!

Топқа жіберер ойыңыз болса, алдымен толық оқып шықсаңыз.
“Уа, Аллаһ тағалам! Дүниеде һәм ақыретте Өзіңе қауышуымызды нәсіп еткейсің. Жақындығың мен Жамалыңды тамашалаудың дәмін татқызғайсың. Бізді Өзіңнен басқаның бәрін тәрік етіп, жалғыз Өзіңмен ғана жаны жай табатындардан ете гөр”.

(Абдулқадир-и Гайлани)

#Бүгінгідұға
Берекелі өмір

Адам жалғыз өзі бірнеше адамның өмірін сүруі мүмкін бе, қалай ойлайсыз?

Мысалы, бір адамда мақсат түбі Құранды толық жаттау, ал бір бала оны 7-8 жасында жаттап қойды. Ол мына адамның өмірлік мақсатын 7 жасында орындап тастады.

Бүл жерде тағдыр да, оған берілген қабілет те маңызды роль ойнайды, білем. Бірақ, барлық жағдайда олай емес қой. Біреу тек жалқаулығы үшін жақсылықты кешіктіріп жүр ғой.

Шафиғи мазхабының ғалымы Имам Суюти 61 жыл өмір сүрген. Бірақ 700 дей кітап жазып қалдырған. Туылғанынан бастап жылына 2 кітап жазса да, тек 122 кітап жазар еді, бірақ жоқ 700 кітап жазды. Бұл әлі ештеңе емес.

Ол кісі онымен қоса бір күнде 50 000 салауат айтатын болған екен. Енді кішігірім математика⬇️

Ең қысқа салауат 2 секунд делік. Бір сағатта 3600 секунд бар. Сағатына 1800 салауат айтады.

1800×24=43 200

Сіз бен біз бұны есептегенмен түсінбейміз. Бұл жерде біздің 24 сағат жарамайды. Бұл жерде Алланың уақыты жүріп жатыр. Оның береке қосқан уақыты.

Берекелі өмір тек артта қалған атақ, даңқпен өлшенбейді. Бір адамның ғибратты ғұмыры да - берекелі өмір.

Ғибратты өмір сүру үшін көп жыл қажет емес. 6 жыл жетеді екен. Дәлел қажет па? ⬇️

6 жасар бала өмірден өтер алдын, өзінің еміне қайырымдылықпен жиналған ақшаны алып, ата-анасының зекетін есептеп, несиесін жауып кеткен.

Мына видеоның 1 сағат 14 минут - 1 сағат 19 минут аралығын көрсеңіз, түсінесіз.

Бұл секілді мысалдар өте көп. Әрине әркімнің шама шарқы, қабілеті әр деңгейде.

Бірақ қазірдің өзінде сезіп отырмын. Осы Сағаттың өзінде, қанша қари, қанша ғалым, қанша ұлы адамдар отыр. Енді тек ұзақ уақыт салмай әрекет керек. Сол кезде өмірі дүние мен ақырет кітабында "берекелі өмір" тізіміне ілінер.

Алла сіз бен біздің өмірімізді берекелі етсін. Амин.
Сағат
Сағаттанхат.pdf
Мына жазбаны 39 адам бөлісіпті. Әрине рақмет.

Бірақ⬇️
Сағат
Voice message
Мына секілді жазбаны көбірек бөліссеңіз қаттырақ қуанар едім.

Себебі, бұл жердегі сөзден он адам әрекетке түссе де, қаншама жануар, тіршілік көзін аман сақтап қалар едік.

Бір репост = бір өмір

Осы керемет емес пе?
Пікірді білдірмей ашық қалдырайын десем. Адамдар қайта мақтап бастады 😀😀

Өтірік жақсы адам болмайын, маған да мақтау сөз ұнайды😁


Тек "Кім не дер екен?" деген ойға түсесің. Бұл сені пайдалы боламын деген ниеттен, бұл жолы одан да күшті қыламын деген ниетке бұруы мүмкін. Сол үшін келесі пікір ашқанда, олай жасамасақ.

Алғыс, ұсыныс, сұрақ ол орынды.

Ал мақтау керек емес)))
“Уа, Жаратушы Ием! Қалайша Өзіңнің кешіріміңнен үміт үземін, расында Сен аса кеңсің! Қалайша ғапылдыққа салынып, жайбарақат күйде боламын, расында Сен Қаһарлысың!”

(Яхиа ибн Муаз)

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұлшықетте микрожарақат жиі болып тұрады.

Және үнемі қалпына келіп отырады.

Барлығы миосателлит жасушасының арқасында. Олар бұлшықеттердің өсуі мен бұлшықеттегі регенерацияда (қайта қалпына келу) негізгі қатысушылар болып табылады.

Олар жарақатта немесе жаттығуда белсендіріліп, жетілген бұлшықет тініне айналады☝🏻

Качоктардың денесі осылай өседі😀

#Махаббатпенжаратқанадамзатты