Сағат
548 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Ми жайлы деректерді ұсынамыз:

1. Ми ауыртпалықты сезбейді.

2. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын құрайды.

3. Ақылдылық қызметіне жауап ретінде адамдар өмір бойы жаңа нейрондарды жасап шығарады.

4. Алкоголь нейрондардың арасын жалғайтын процеске кедергі жасайды. Сол үшін мас адам "дені дұрыс" нәрсе айтпайды))

5. Дауыстап оқу, кішкене баламен ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін тигізеді.

6. Әр түрлі нейрондарға байланысты ақпараттар әр түрлі беріледі. Денедегі нейрондардың типіне байланысты ақпараттардың  ең баяуы 0,5 м/сек , ал жылдамы 120 м/сек болуы мүмкін.

7. Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие оны ары қарай қалай дамытатындығын көрсетеді.

8. Мидың сол жақ бөлігі оң жақ денені, мидың оң жақ бөлігі сол жақ денені басқарады.

#IQ
“Мен жүзімді көктерді және жерлерді жаратқан Жаратушы Иеге бұрдым әрі Оған ортақ қосушылардан емеспін. Намазым, һәм басқа да құлшылықтарым, денсаулығым мен өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы болған Аллаһ тағалаға тән. Оның ешқандай да серігі жоқ. Мен иман келтіргендерденмін.

#Бүгінгідұға
Егер бір істі соңына дейін жеткізе алмай немесе бір дүние үйрену жолында жалқаулық қылып жатсаңыз. Ол тек сіздің кінәңіз емес.

Тағы бір фактор бар. Ол - Қант. Я кәдімгі қант. Адам рационында қант көп болса, дофамин гормоны көп бөлінеді. Тиісінше сіз қарапайым оқу процесінен ләззат ала алмай қаласыз.


#PQ
“Уа, Аллаһ тағалам! Мені Өзіңді, періштелеріңді, елшілеріңді әрі салих құлдарыңды жақсы көргендермен бірге қыл. Мені Өзіңе, періштелеріңе, елшілеріңе әрі салих құлдарыңа сүйгіз”.

(Абдуллаһ ибн Омар (р.а))

#Бүгінгідұға
Факт

Адамдар теледидар қарауға неғұрлым көп уақыт жұмсаса, соғұрлым қандағы холестерин деңгейі жоғары болады.

#Біліпжүр
🔹Ашудың жетегінде істелген істің кейбірін қалпына келтіру мүмкін емес.

🔸Тек шариғатқа бойұсыну арқылы ғана қателіктен сақтанамыз.

🔹Қандайда бір ісің шариғат тұрғысынан айыпты болып табылса, онда ақталып (өзіңді де, өзгені де алдап) әуре болма. Себебі, Раббыңнан ﷻ жақсырақ білуші емессің.

https://t.me/taammul
“Уа, Раббым! Өзің разы болмайтын нәрселерден мені алыс ет. Жүрегімді нұрыңмен жарқырат һәм тіліме Саған шүкір етуді үйрет. Сені пәктеуіммен көңіліме тазалық бер”.

(Низами Гәнжәуи)

#Бүгінгідұға
Құлақ пішіні есту қабілетінің жақсаруына немесе нашарлауына әсер ете ме?

Мұндай күрделі «геометрия» сұлулық үшін қажет емес шығар, енді?

Шынында да, құлақ ахуалына оның пішіні тікелей әсер етеді. Арнай тәжірибе бойынша⬇️:


Адамдарға құлақтарының пішінін өзгертетін пластик төсеніш тағылған. Бұл төсенішті ұзақ уақыт кию себепті, олардың есту қабілеті нашарлаған. Өйткені, біздің миымыз белгілі бір қабық арқылы дыбысты қабылдауға үйренген.

Адамдардан төсенішті алып тастаған соң, олар қайтадан қалыпты естуі үшін, тағы бірнеше апта қажет болған🔉

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Сағат pinned a file
“Уа, Раббым! Менің қателіктерімді, білместікпен жасағанымды, іс-әрекеттерімдегі шектен шығуымды һәм Өзің менен жақсы білетін қателіктерімді кешіргейсің”.

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#Бүгінгідұға
Павловтың «Я – невежда», Лениннің «Мен білетінімді ғана білемін, білмейтінім ұшан-теңіз» дегенін бұрын да түсінетін едім. Бірақ жай қарапайымдылықпен айтыла салған сөз деп ойлайтынмын. Қазір анық түсіндім. Бұл жерге қарапайымдылықтың еш қатысы жоқ екен. Шынында да аз оқитын адам баяғыда көз жүгірткен бірдеңелеріне малданып, «мен білемін» деп өзін өзі алдап жүреді. Ал, күнде оқитын адам «Ойпырм-ай, мен мұны осы уақытқа дейін қалай білмей келгенмін» деп қапалану арқылы білімге тоймайды.
Кеше бір кітапты оқып отырсам, жер бетіндегі бір адамға 200 миллион жәндіктен келеді екен! 7,2 миллиард адам х 200 миллион жәндік! Осы сұмдықты кешеге дейін білмей келгеніме таң қалдым. Шынында да ештеңе білмейтін сияқтымын.

📚 Оңашадағы онлайн ойлар
Шархан Қазығұл
Ғұмырыңды сез!

Өмірінің қанша бөлігі өтіп кеткені кез келген адамға қызық шығар.

Шығарып алып бояп көріңіз.

Өмірдің қысқа екені, сіз ойлағаннан да жылдам екенін сезініп көріңіз.

Бұл жерде 90 жыл.

Ал оған көп адам жете бермейді.

Өмірімнің қалған бөлігін "қалай өткіземіз" деген жоспарға пайдалансаңыз да болады.

Жалпы пайдалы трекер.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көзіңіз жолыққан кез-келген ақпаратқа сене бермеңіз. Себебі кейбірі жеңіл қабылданса, кейбірі көзқарасты өзгертуге итермелеуі мүмкін.

Ақпаратқа сыни көзбен қарап дағдыланыңыз.

Теріс ақпаратқа болса, дұрыс жағын іздеп және тигізуі мүмкін пайдасын, оң болса соңында әкелуі мүмкін зиянын іздеп көрген жөн.
“Уа, Раббым! Өз кеңшілігіңмен тура жолға салған жүрегімізді қайта адасудан сақта. Жамандықтарды бізден кетіріп, алыстата гөр”.

(Мәуләна)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кішкентай адамның құпиялары

Өте кішкентай адам.

Міне, адам эмбрионы дамудың ерте сатысында. Оның ақырында сәби болатынын елестету қиын.

Тануға болатын жалғыз дүние - жүрек. Осы кезеңде де ол, бәрімізге белгілі органға қатты ұқсайды

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Аллаһ тағалам! Исламды қауіп-қатерден ұзақ қыл. Исламды қорлағысы келгендерге мұрсат берме һәм Исламға үстемдік бер”.

#Бүгінгідұға
Таразы..

Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған боларсыз... Маған бір келі ет өлшеп жіберіңіз дейсіз өзіңізге ұнаған майлы жамбасты не бел омыртқаны нұсқап. Сатушы сіз нұсқаған етті сылқ еткізіп таразыға тастай салды. Таразының тілдері ары-бері теңселіп біраз уақыт өз-өзіне келе алмай тұрады, дәл болу, әділ болу оңай дейсіз бе?

Қадыр Мырза Әлі.
Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.

Скотт Ридли


Кітаптың миға пайдасы өте көп.

Кітап оқығанда адам оқиға орнын, кейіпкер, салыстыруларды үнемі елестетіп отырады. Тиісінше мида үлкен жұмыстар жүріп, оның қабілеттерінің ашылуына үлкен пайда береді.

Ал видео, не кино арқылы адам ол секілді пайда алмайды. Себебі барлығы дайын. Әрі айқын.

#IQ
Бұлтты күндерде адамдардың көпшілігі күйзеліске түсіп, энергияны жоғалтады.

Бұл денеде күн сәулесінің әсерінен белсендірілетін серотонинді немесе «бақыт гормонын» шығармайтындығына байланысты.

#Біліпжүр