Сағат
610 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Audio
Бұл кезге дейін бұл уағызды да, хадисті де естіген емеспін.

Бар жоғы 1 минут 34 секунд

Бірақ, сіздегі бар шаршау, ауру, проблема, сынақ, бас ауру бәрінің мәнін түсіндіретін уағыз.

Мұның бәрі Алла тағала сізге атаған Жәннәттағы дәрежеңізге жету жолындағы шаршау.

Шама келсе, оны да махаббатпен қарсы алыңыз❤️
“Уа, Аллаһ тағалам! Сенен түгесілмес ризық, үзілмейтін қуаныш сұраймын. Мені тағдырыңа разы қылуыңды, өлімнен кейінгі өмірде жеңіл өмір сүруді сұраймын”

(Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ми - қомағай орган😀

Ми тамырларын құрайтын "бұтақ" саны өөөте көп☝🏻

Ми оттегісіз де, глюкозасыз да өмір сүре алмайды. Жүйке жасушаларының жұмыс істеуі және өмір сүруі үшін осы екі зат қажет.


Егер 3-5 минут ішінде ми жеткілікті мөлшерде оттегі немесе глюкоза алмаса, онда қайтарымсыз зақым тиюі мүмкін.

Ми жасушаларында азда болсын оттегі мен глюкоза бар болса, ол әлі де бірнеше минут бойы өмір сүре алады.

#PQ
Forwarded from Абылай Кенжалы (Abylai)
Алла қаласа 4 сағаттан кейін канал күзге дейін жабық болады.

4500 оқырманнан күзге дейін 3000 оқырман қалып, оның 1000ы күнделікті жазбаларды қалдырмай оқып, солардың ішіндегі 100-і амал етіп, 10-шақтысы ғана рухани-тұлғалы дамыған болып шықса, соның өзі үлкен жеңіс.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Бізге ішкізіп-жегізген әрі бізге қамқор болған Раббымыз Аллаһ тағалаға сансыз шүкірліктер болсын”.

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адам жаратылысы Алла тағаланың қамқорлығы мен махаббатына толып тұр.

Бұл жайлы бұрынғылар да, Абай атамыз да айтып кеткен. Сол кісілердің ізін жалғап "Сағат"- та айтып келеді.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті.

Осы екі қатар өлеңге тағы бір үлкен дәлел⬇️⬇️

Неліктен адамға жаңадан тіс шықпайды?

Адамда сүт тіс түсіп қалған жағдайда ғана жаңа тіс өсіп шығады.⬇️

Өйткені, біздің денеміз екі тіс жиынтығымен «жабдықталған»: сүт тіс және ересек кезде шығатын тіс. Сүт тістері уақытша ғана және 14 жасқа дейін өздігінен түсіп қалады.

Сүт тісінің басты қызметі - тістеуді қалыптастыру. Біздің жақ сүйегіміз шайнау процесі себебінен өзгеріп, кеңейеді. Яғни, сүт тісі ұзақ, әрі мықты болатын тістерге арналған «төсекті» қалыптастырады.

Ескеру қажет

Баланың сүт тістерін емдеп отыру керек. Кері жағдайда тістеу бұзылады және кейіннен брекет киюге тура келеді.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Банк

Алла үш түрлі адамды жек көреді екен. Олар: зинашы кәрі, өтірікші басшы, тәкәппар кедей. Қазақ «кедейдің кербезінен сақта» деген. Өзі кедей бола тұрып, онысын білдірмейін деп кредит алып, қымбат ресторанға той жасайтын, қымбат көлік мініп, үйін евроремонтпен сәндейтін адамдарды ғалымдар осы
үшінші топқа жатқызады екен. Олар аталарымыздың «байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес» деген мақалына пысқырмайды да!

Қайда барып құтылам, Банк, сенен?
Саясатың – сұрқия, анық сенем!
Уәдеңнің өзінен у тамшылап,
Азабың аз болмай тұр халық шегер.

Сөйлеуің де сұмпайы сенің көкіп,
Құрдымыңа барады елім кетіп.
Өтірікті шындай қып, момындарға
Өрмекшінің өтесің торын тоқып.

Кетті талай өркендер өспей солып,
Өлтіресің өзегін теспей сорып.
Ұялмаған қалпыңмен, бұйырмаған
Сыбағаны соғасың мешкейше орып.

Бетің сенің — безерген кірпіш қалың,
Пайдаң үшін кімдермен қырқыспадың?
Айдаладан айналған ақша көрсең,
Тістеп алып қаласың бір пұшпағын.

Көз жасына Несиең жүр шыланып,
Ломбардың да білегін тұр сыбанып.
Жалшы зорға жеткенде жалақыға,
Банкоматың қалады қыршып алып.

Ипотекаң аңқауды шаттандырып,
Депозитің жемісін мақтан қылып,
Аман жүрген адамды алдап-сулап,
Ақша аласың өмірін сақтандырып.

Қан құстырып қазақты қақсаттың ғой,
Қара жолдың бәріне қақпан құрып!
Қызыл-жасыл құлпырған жарнамаңның,
Арғы жағы қоқырсып жатқан былық.

Бір ілдіріп алған соң қармағыңа,
Бүліндіріп бастайсың сотқар қылық.
Он пайызың көбейіп он есеге,
Алтын бастар дал болды көп қаңғырып.

Өсіміңе ілесе алмағанды,
Соттан-сотқа сүйрейсің көкпар қылып.
Бар тапқанын сыпырдың байқұстардың,
Табанының астынан от жандырып.

Тартып алдың мал-мүлкі, баспанасын,
Қалтасының түптерін ақтарды жұрт.
Ары қарай шыдамы жетпегенді,
Арғы өмірге жібердің аттандырып.

Улағанмен әлсіздің ой-санасын,
Ақиқаттан бәрі-бір тайсаласың.
Қанша табыс тапқанмен, қанағат жоқ,
Жарымайтын, тоймайтын бейшарасың.

Тиын-тебен сылдыры сұйық десе,
Сұрланасың сене алмай күйіп неше.
Қаласың ғой боқ сасып, бұқараның
Білімі мен иманы биіктесе.

📓Болашаққа хат
Серік Қалиев
“Уа, Раббым! Өткен өмірінде шектен шығып, Өзіңе бойұсынбаған мына күнәһар құлыңның күнәларын жарылқағайсың!”

(Зәмахшәри)

#Бүгінгідұға
Керек болып қалар🙂⬇️

Сарымсақ

Суық тиюдің алғашқы белгілерінде сарымсақ тұтыныңыз, бұл аурудың одан әрі дамуын болдырмауға көмектеседі.

Сарымсақ құрамында антибиотикалық, бактерияға қарсы және вирусқа қарсы қасиеттері бар қосылыстар бар.

#Біліпжүр
Жәннатқа барсақ....

Жәннатқа барсақ бәріміз құрдас боламыз.
Сағынып тұрар бір-бірін шын дос боламыз.
Шаттықтан бар жұрт мақтадай қалықтайтын болады.
Қанша өмір сүрсе де еш адам жалықпайтын болады.

Күйбең тірлікпен күйі кетіп торықпайтын болады.
Ит тістеп, жылан шағады деп қорықпайтын болады.
Жалақы қашан тиер деп зарықпайтын болады.
Жұмыстан қысқарып қалам деп қамықпайтын болады.

Өсем деп онда ешкімге пара бермейсің.
Жер мен үй сұрап әкімге бара бермейсің.
Кигеніміз жібек, ыдысымыз алтыннан болады.
Ыстық, суықсыз ауа райы салқыннан болады.

Ләззаттан балқып, бақыттан балбырайтын боламыз.
Көркіміз күнде нұрланып, албырайтын боламыз.
О жақта бүгін көргенің ертең болмайды.
Бұ жақта ешкім ондағыдай көркем болмайды.

Жақпайтын тамақ жеп онда ішің ауырмайды.
Халуадан асап жесең де тісің ауырмайды.
Мың жүзім дәмі бір-біріне ұқсамайтын болады.
Мезі етіп адамдар бір-бірін қыстамайтын болады.

Жанұяның ойлап жағдайын жасып жүрмейсің.
Қарызданып қалып біреуге қашып жүрмейсің.
Ондағы өмір ешқандай сынақ болмайды.
«Не істедің?», «неге өйттің?» деп сұраққа алмайды.
Ондағы шаттық жалауы құлап қалмайды.
Шайтан жоқ онда, бөгде әйел ұнап қалмайды.

Бұлақтар, көлдер, өзендер шырын, бал болады.
Бұлбұлдар әні, сүйкімді шырылдар болады.
Әйелің сені әр қыздан қызғанбайтын болады.
Кешіксең «қайда болдың деп?» сызданбайтын болады.
Құштарлық толы кеуделер күмбірлейтін болады.
Іштарлық жайлы адамдар дым білмейтін болады.

Ол үшін бүгін тазалап ойларымызды,
Күнәдан аулақ ұстайық бойларымызды.
Үйлендіріп әрбір салт басты бойдағымызды,
Адал аспенен тойлайық тойларымызды.
Ұмытып кетіп қайдағы, жайдағымызды,
Жайбарақат жұрт болайық, жайдары жүзді.
Ықыласымызды арттырып амалдарымызды.
Көбірек басып мешітке қадамдарымызды.
Жақсыға үндеп дос, бауыр, жарандарымызды,
Жомарттыққа шақырып сараңдарымызды,
Тайғанақтатпай тірлікте табандарымызды,
Түзейік ой мен тілдегі жамандарымызды.
Жәннатқа барсақ бәріміз құрдас боламыз.

📓Болашаққа хат
Серік Қалиев
“Уа, Аллаһ тағалам! Өмірімнің қайырлы кезеңі – өмірімнің соңы болуын, амалымның ең қайырлысы – соңғы амалым болуын, ал күндерімнің ең қайырлысы – Саған қауышатын күн болуын Өзіңнен тілеймін”.

(Хазірет Әбу Бәкр (Алла оған разы болсын))

#Бүгінгідұға
Ауыл адамдары қонақтарды құрметпен қарсы алуға сақадай сай тұр. Міне екі жақ құшақ жая қауышып кетті де, күлкіге-күлкі, тілекке-тілек ұласты. Әйелдер жағы көрісіп, ерлер жағы қол берісіп, төс тиістіреді.

- Тойларың құтты болсын!
-Тойларың тойға ұлассын
-Ауылдарыңнан той үзілмесін
-Ниеттерің баянды болсын!



📚 Ұшқан ұя
       Бауыржан Момышұлы


Қазір ер мен әйелдің қол алысып амандасуын жиі кездестіреміз. Тіпті, нормаға айналып кеткендей. Бірақ, бұл мұсылман әдебіне сай емес. Ата-бабаларымыз да шариғаттың осы талабын мүлтіксіз орындағандығын байқаймыз.


#Ұлттықкод
Бүйректегі тастың алдын алу

Қарбыз шырыны бауыр мен бүйректі токсиндерден тамаша тазартады, осылайша тас түзілу кезеңінде бұл органдардың жағдайын жақсартып отырады.

Сондықтан бауыр мен бүйректе тастардың пайда болуына бейім адамдарға қарбыз ұсынылады.

Қарбыз пісуге жақын қалды. Маусымды тиімді пайдаланып қалыңыз.


#PQ
Жерұйық

Нью-Иорк, Мәскеу, Парижіңе де бармадым,
Малайзия, Тайланд суына аяқ салмадым.
Қазақтың жері қаз басқан күннен тұғырым,
Ризамын мәңгі осында өтсе ғұмырым.

Мүмкіндік тапсам, Меккеге ғана барармын,
Бұйыртса Алла жүз мыңдап сауап аламын.
Варшава, Лондон, Пекиніңді де көргем жоқ,
«Көрмедім-ау» деп ішім бір күйіп өлгем жоқ.

Тек аман болсын қастерлі Қазақстаным,
Мендегі осы өзгермес берік ұстаным.
Пайғамбар жатқан Мәдинаға мен барармын,
Мешітінен оның мың-мыңдап сауап алармын.

Токиоңа да, Бомбейге де аяқ баспадым,
Канада асып, казиноға ақша шашпадым.
Жетісу, Арқа, Атырауым мен Алтайым,
Көзіме ыстық Көкшедегі ару тал, қайың.

Тәуір бір күнде Қағбаға тәуәп етермін,
Хош көрсе Алла, Жәннатқа бәлкім жетермін.

📓 Болашаққа хат
Серік Қалиев
“Уа, Аллаһ тағалам! Сен мені естисің, көресің һәм жасырын және жария нендей нәрсем болса Сен оны білесің. Істерімнен еш қайсысы Саған жасырын емес. Мен өте әлсізбін. Өзіңнен жәрдем һәм аманшылық тілеймін”.


(Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы)

#Бүгінгідұға
Ұлға тентектік, қызға еркелік жарасушы еді...

Қызым, сен тентек болып барасың.
Ұлым, сен ерке болып барасың.

Ерке ұл ержетіп жарытпайды.
Тентек қыз бойжетіп жарытпайды.

Ұлым, сен есіңді жи да тегіңді ойла.
Қызым, сен ертеңгі барар еліңді ойла.

(с) Исраил Сапарбай, "Бір тамшы көздің жасындай"

#ғибрат

@Shlounak
“Уа, Аллаһ тағалам! Исламды қауіп-қатерден ұзақ қыл. Исламды қорлағысы келгендерге мұрсат берме һәм Исламға үстемдік бер”.

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Неліктен көп жаяу жүруге кеңес беретінін білесіз бе?

Еш себепсіз, кез келген мамандық иесіне жаяу жүруге кеңес беріледі.⬇️

Бір қадам жасай отырып, біз кем дегенде 200 бұлшықетті пайдаланамыз!
Бірақ бұл жерде тек аяқтың бұлшықеттері есептеліп тұрған жоқ.

Иә, жаяу жүру кезінде негізгі күш жамбас, бөксе және балтыр бұлшықеттеріне түседі. Бірақ сонымен қатар іш бұлшықеті(пресс) мен ондаған тұрақтандырушы бұлшықеттер белсенді жұмыс істейді.

@human_1piece

#PQ
Бұл жазба "Сағат" оқырмандарына қатысы жоқ деп ойлаймын. Бірақ біліп, ескерте жүру үшін жаңа ақпарат⬇️

Шылым шегу

Темекі шегу теріге зиянды екені белгілі. Ол терінің қартаю процесін тездетіп қана қоймайды, сонымен қатар тоналды креммен жасыру қиын болатын сау емес, күңгірт, сарғыш реңк береді.

Сондай-ақ, көп темекі шегетіндердің терісі дөрекіленіп, серпімділігін жоғалтып, тез қартаяды.

#PQ
“Уа, Аллаһ тағалам! Менің дене-пішінімді көркем жаратқаныңдай, жан-дүниемді де көркем ете гөр! Менің жүзімді тозақ отынан сақтағайсың”.

(Айнаға қарағанда оқылатын дұға)

#Бүгінгідұға