Сағат
550 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Баланы қорықпайтын ер қылып өсіру үшін оның денесін һәм жанын сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Бөки келеді, жалмауыз кемпір келеді, пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды сөздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян. Мұндай сөздерді, ертегілерді, әңгімелерді естіп өскен бала өмір бойы су жүрек, қорқақ болады. Жасында қорқытып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген құр сөз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы, қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам өзі бірге алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсыл-гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың не екенін білмейді.
Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сөзден балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады. Яғни баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Жазамен қорқытқанда бала нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан ғана не істейді, не істемейді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен айрылып, миғұла болады. Өтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру баланың денесіне де көп зиян келтіреді.

Мағжан Жұмабаев "Педагогика"

@kitapuzindisi
​​Миға теріс әсер беретін 10 фактор:

Бүгінше бесеу⬇️

1. Ұйқының қанбауы

Бәріне таныс бұл құбылыс елеулі мәселеге айналып барады. БДҰ-ның мәліметінше, соңғы 100 жылда адамзат ұйықтау уақытын орташа есеппен 20%-ға азайтқан. Ұйқысыздықтың салдарынан адам сергек күйінде мидың әр жері баяу ұйқы фазасына ауыса бастайды. Бұл уақытта адам бір нүктеге «қадалып» қалады, бытыраңқы жүреді, ұсақ моторикасы бұзылады. Ұдайы ұйқысыздық ми жасушаларының өлуіне әкеп соғады.

2. Таңғы ас ішпеу

Таңғы ас ішпеу адамның еңбекке қабілеттілігі мен күні бойғы тонусына кері әсер етеді. Бұл түсінікті жайт болып көрінуі мүмкін, алайда мұнда тек ағзаға қажетті қуат алу мәселесі ғана емес, таңғы асты ішпеу қандағы қант мөлшерін азайтады. Ал бұл өз кезегінде, миға нәрлі заттардың жетуін төмендетеді және қиындатады.

3. Артық қант мөлшері

Алдыңғы тармақта мидың өнімді жұмыс істеуі үшін тәттіні, әсіресе ащы шоколадты не үшін жеу керектігі түсіндірілді. Алайда ағзада қанттың шамадан тыс көп болуы ақуыз бен нәрлі заттарды сіңіруді қиындатады. Нәтижесінде қант деңгейі төмен болған жағдай қайталанады: нәрлі заттар миға жетпей қалады.

4. Стресс

Қатты психоэмоционалдық стресс нейрондар арасындағы арақатынасты ажыратып, жағдайлардың себеп-салдар байланысын және жүйелілігін түсінуді қиындатады. Бұл жүйке жүйенің қатты қозуы мен шарасыздық сезімін тудырады. Жиналып қалған стресс есте сақтауды қиындатып, интеллектуалдық мүмкіндіктерді төмендетеді.

5. Антидепрессанттар мен ұйықтататын дәрілер

Жақсы әсер ететін дәрі-дәрмекке жаппай құмар болу мәселесі әсіресе АҚШ-та өзекті, себебі мұндай дәрілерді сатып алу оңай. Ұйықтататын дәрілер мен ксанакс сияқты танымал антидепрессанттарды ішу есті амнезияға дейін нашарлатуы мүмкін, сонымен қатар жарымес етіп, суицидтік ойларға жетелеуі мүмкін. 

#IQ
“Уа, Аллаһ тағалам! Саған жер мен көкті толтырардай шүкірліктер болсын”.

(Мисар ибн Кидам)

#Бүгінгідұға
​​Миға теріс әсер беретін 10 фактор

Жалғасы

6. Темекі шегу

Темекі шегудің ағзаға кері әсері жайлы әңгіме қозғалғанда, ең әуелі қарайған өкпе мен құрттаған тістерді елестетеміз. Дегенмен темекінің миға қалай әсер ететіні жайлы көп айтылмайды: никотин қан тамырларын тарылтады. Миға нәрлі заттарды жеткізбеу сияқты кері әсерімен қатар, бұл зиянды әдет Альцгеймер ауруына шалдығу қатерін бірнеше есеге арттырады. 

7. Күн

Адам ағзасына күн сәулесінің жетіспеуі адамның танымдық қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Біріншіден, күн сәулесімен бірге алынатын ультракүлгін, қан айналымын реттейді, яғни оттегі мен нәрлі заттардың тасымалын. Екіншіден, күн сәулесі серотониннің – адамның көңіл күйіне әсер ететін гормонның бөлінуіне әсер етеді. 

8. Су

Ағзаға судың жетіспеуі ми көлемінің кішірейуіне әкеледі, ал бұл оның еңбекке қабілеттілігін төмендетеді және ақпаратты сақтай алу қабілетін нөлдік деңгейге дейін түсіреді. Күніне шамамен 2 литр су ішу ұсынылады. 

9. Шамадан тыс көп ақпарат

Жыл өткен сайын адам қабылдайтын ақпарат мөлшері өсіп келеді. Бұл миды жаттықтыру мен оны қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектесетін сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде, шамадан тыс көп ақпаратқа ми қарсылықпен жауап береді. Ол ақпаратты мүлдем қабылдай алмай қалуы мүмкін, кейде тіпті көп нәрсе естен шығып кететін кездер болады. 

10. Бір мезетте көп ақпаратты қабылдау

Ақпараттық дәуірдің тағы бір дерті: адам бір мезетте бірнеше ақпаратты игеруге тырысады. Нәтижесінде, бірде біреуі лайықты түрде сіңірілмейді, ал ес осы режимге үйрене бастайды. Ақпарат атүсті қабылданады, екіншісіне ауыспай, біреуіне ғана ден қойып орындау күн өткен сайын қиындай түседі.

#IQ
“Тек Саған құлшылық етіп, жалғыз Сенен жәрдем сұраймыз”.

(Фатиха сүресі 5)

#Бүгінгідұға
Сөздік қор демекші, кім өзінің сөздік қорын арттырғысы келеді?

Сіздерге аз-маз білетін кеңестерімді айта кетейін.🌝

1. Барлық сөз бір әріптен басталатын сөйлем құрау

«Әкемнің әңгімелері әдеттегідей әсерлі»
деген сияқты.

Тек сөйлем емес, әңгіме құрап, мақала жазсаң да болады.

Ағылшын нейромаркетологтардың айтуы бойынша бұл жаттығу ми шығармашылығына 80% әсер етеді екен-мыс.
Сөйлем ұйқастыру, оны әдемі жеткізу барысында сөз таппай қиналасың, ізденесің, миға жаттығу жасап, миды қозғайсың.

Күн сайын жаңа әріппен, жаңа сөйлемдер құрап көр. Жиі жасаған сайын, сөздік қорыңа да әсер ететініні анық.

2. Қандайда бір кітаптан, әңгіме, сұхбаттан, жазбалардан, видео мен әннен естіген әдемі сөз тіркесін, ерекше сөз көрсең, жазып жүру

Ол да сөздің қорыңның молаюына әсер ететініне сенімдімін. Өз басым кітаптан, инстада посттан көріп қалсам, жазып алам. Кейін өзім мәтін жазғанда қолданамын сосын.

Тіпті сол сөздерді жазуға блокнот арнап қоюға да болады.

@oshpesiz

#Біліпжүр
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Миллиондаған адам анасымен ең болмағанда бір рет кездесіп сөйлесуі үшін қолындағы барын беруге дайын😥

Сіз ше, анаңызды қалай қуантар едіңіз?

@talim_tv_telegram

Бұл кісі мен ұнатып оқитын ақындардың бірі - Серік Қалиев.

Алда өлеңдерімен жиірек бөлісетін боламын.
“Уа, Раббымыз! Халқымның және мемелекетімнің құт-берекесін арттыр!”

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!!!
Мүмкін сіз шаршап жүрсіз?
Қарыз? Ауру? Проблема? Бақытсыз секілдісіз бе?

Бәрін бір сәтке ұмытып, шын жүрекпен, сезініп бір шүкір етіңізші Аллаға!!

Неге? Себебі, сізде мына жағдай болып жатқан жоқ⬇️.

Демек, сіз бақыттысыз.
🔹Ашудың жетегінде істелген істің кейбірін қалпына келтіру мүмкін емес.

🔸Тек шариғатқа бойұсыну арқылы ғана қателіктен сақтанамыз.

🔹Қандайда бір ісің шариғат тұрғысынан айыпты болып табылса, онда ақталып (өзіңді де, өзгені де алдап) әуре болма. Себебі, Раббыңнан ﷻ жақсырақ білуші емессің.

@taammul
Лимфа түйіндері - біздің денедегі губка.

Қызметінде де, құрылымы жағынан да губкаға ұқсас.

Өйткені, лимфа түйіндерінің қызметі - организмнен тазалау қажет барлық нәрсені - бөтен бөлшектерді, микроорганизмдерді және өзінің өлі жасушаларын дене тіндерінен «сіңіру».

Олардың құрылымы да губкаға ұқсайды, өйткені ол өз бойынан лимфаны(сұйықтық) жоғарыдағы аталған заттармен қоса иммундық жасушалармен бірге өткізеді.

Тағы бір ұқсастығын келтіре кетейік. Бұл түйіндерде жад жасушалары немесе антиденелер бар. Бұл жасушалар иммундық жүйенің арнайы жасушалары, олар бұрын денеге енген бактериялар мен вирустар туралы ақпаратты сақтайды.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Мен саған қарыздармын❤️

Мен Саған қарыздармын, Алла!
Жырғалтып жорға мінгізгенің үшін.
Ырғалтып жарды сүйгізгенің үшін.
Алшаң да басып жүргізгенің үшін.
Алшыдан қалпақ кигізгенің үшін.
Гауһардан қымбат көз бергенің үшін.
Алқалы топта сөз бергенің үшін.
Иманды досқа кез келгенім үшін.
Мұсылман болып өзгергенім үшін.

Мен Саған қарыздармын, Алла!
Жеті қат көкті төбеме шатыр еткенің үшін.
Әр гүлін дархан даламның әтір еткенің үшін.
Жер үстін маған жайлаған тұрақ қылғаның үшін.
Күн көзін маған жайнаған шырақ қылғаның үшін.
Өзіңді таныр жүрек пен сана бергенің үшін.
Негізгі тамыр – бауыр мен бала бергенің үшін.

Мен Саған қарыздармын, Алла!
Күзің мен қысың, жаз бенен көктемің үшін.
Іздеген ісім арман боп жеткенім үшін.
Атамды менің Адам ғып жаратқаның үшін.
Жаһанға бізді жұрт қылып таратқаның үшін.
Мұхит пен көкті біздерге жол еткенің үшін.
Мейіріміңді мейлінше мол еткенің үшін.

Мен Саған қарыздармын.
Сағынам Алла, бағынам, табынам, Алла,
Құлшылықтарын құлыңның қабыл ал, Алла!

📓 Болашаққа хат
Серік Қалиев
“Уа, Аллаһ тағалам! Не бұйырсаң да әміріңе құлдық. Бар жақсылық Өзіңнің қолыңда. Жақсылықтар Сенен келеді әрі Саған қайтадан қайтады”.

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сілекей - өте қарқынды процесс

Қарқындылығы сонша, біздегі сілекей бездері күніне 0,5-1,5 литр сілекей шығарады.

Неге? Қалай? Менде ондай емес.😁

Себебі, біз оны үнемі рефлексті түрде жұтып қоямыз – әйтпесе біз әлдеқашан тұншығып қалар едік.

Бірақ бұл тұншығу⬆️ түнде әбден мүмкін, өйткені адамдар ұйқыда жұтынбайды. Сондықтан ұйқыда организм сілекей мөлшерін азайтып, таңертең аузымыз құрғап тұрады.

Болмашы нәрсе. Бірақ махаббат❤️⬇️

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Найзағай құпиясы.

Есте болсын, найзағай ең биік және электр тогын жақсы өткізетін нысанға түседі. Жазық жердің ортасындағы кез келген жалғыз ағаш найзағай нысанасы болып табылады. Мұны саяхаттағанда және найзағайлы жауын жауған кезде де ескеріңіз.

Бейнебақылау камерасы Үндістандағы Харьяна штатында болған оқиғаны түсіріп алған. India Today агенттігінің хабарлауынша, төрт бағбан жаңбырды ағаш астында күте тұруды шешкен.

Видеодағы төрт кісі де үлкен көлемдегі дене күйіктерін алған. "Заземление" арқылы тоқ негізі жерге өтіп кетеді.

Құдай сақтасын. Бірақ, жалпы керек мағлұмат деп ойлаймын.

#Біліпжүр
“Уа, Аллаһ тағалам! Ұлы құдіретіңмен қосылып тұрған екі теңіздің суын бір-біріне араластырмағаныңдай, тозақ отынан және қабір азабынан мені қорғай гөр!”

(Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздегі жүрек неткен күшті еді.

Ол ғарыштық жылдамдықпен жұмыс істейді.

Дене тыныштықта болған кезде қанның жүректен өкпеге және қайтадан кері өтуі үшін небәрі 6 секунд қажет!

Ал жүректен миға және кері жолы - 8 секунд қана.

Алла кемшілік атаулыдан пәк!!

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
ЖАУАП БЕРЕМІЗ!

Әрбір адам:
«мен Алланың аманат діні үшін не істедім?» деп күн сайын өзінен есеп алуы керек. Ақіретте атқарған амалы аз боп қалып, масқараға ұшырауы
әбден мүмкін…

«Алдына келгенін жей беру айуанның ісі, аузына келгенін айта беру ақымақтың ісі». Көп адам сөзіне жауап бермейді. Істі боп қалған адам протокол толтырып
отырған прокурордың алдында қалай абайлап сөйлесе, екі иықта әр сөзіңді тіркеп отырған періштелердің алдында одан да бетер сақ болу керек. Өйткені әр сөзіміз үшін үлкен сотта сөзсіз жауап береміз. Ол сот процессін Ұлы Аршының Раббы Өзі жүргізеді. Сол секілді сынақ өмірдегі айналамызда болып жатқан
оқиғалардың бәріне болмаса да, шын ұмтылсақ, өзгертімізге болатын көбі үшін жауап беруге тиісті боламыз.

Сіз білетін шығарсыз...
Ұлттық рухтың ұйқыға қалай кеткенін,
Аймандай қылып тарихтың талай беттерін,
Қынадай қырған халықты қанішерлердің
Құбыжық жүзін біздерге «арайлы» еткенін?

Сіз білуіңіз керек,
Маңғаз халықты қалайша мәңгүрт қылғанын,
Қуғынға салып қазақтың қаңғыртты ұлдарын.
Шолжаңдап жатқан еркенің неліктен бірден,
«Орыс кеп қалды!» дегенде, қарғып тұрғанын?

Есіңізге түсіріңіз…
Қалайша біздің жүректер суық, тас болғанын,
Жүзіміздегі қызылды жуып тастағанын.
Арулар біздің некесіз тапқан ұлдарын,
Қоқыс пен әжетханаға туып тастағанын!
Сананы біздің тастүнек қапас қылғанын.
Топырлап жүрген тобырды топас қылғанын.
Сексенге келген кемпірге макияж жасатып,
Шараппен улап шалдарды шатастырғанын.
Сұңғыла адам сумақай сұмға жақпаған.
Шариғатты айтсаң шатынай бір қарап қалған,
Ақылсыз қарттар тойларда тайраңдап билеп,
Бетіне қарап әркімнің ыржалақтаған.
Еріккендерге экранды аңдытқандарын,
Сериялға елітіп сорлы елді қалғытқандарын.
Өз бауырына бүйрегі бүлк етпейтіндер
Кейіпкерге бола қайғыдан қан жұтқандарын.

Әңгіртаяқ жегендей әттең-әттең,
Намысыма жылаймын жатқа кеткен.
Өгейсітіп өз тілін өңшең өгіз
Өзге тілде көкуді мақтан еткен.

Сіз мыналарға қараңызшы:
Құнжың да құнжың құрметке құныққандарды,
Ұяттың қандай екенін ұмытқандарды,
Ұлықты көрсе алдына ұлып барғанды,
Қылықтыларға қылмыңдап ылыққандарды.
Оңбаған аз ба Отанын сата салатын.
Ұнамағанды оп-оңай ата салатын.
Атын да сұрап үлгірмей күлімкөздердің,
Айуанға ұқсап, қасына жата салатын.
Қойныңда қос-қос диплом, сауатты ер еңіз.
Басқаның басын бірақта, қауақ демеңіз!
Қоғадай жанбай бықсыған бұл қоғам үшін,
Күндердің күні бәріміз жауап береміз!..

📓Болашаққа хат
Серік Қалиев