Сағат
549 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Алла бізден сауапты қызғанбайды...⬇️

Алла бізден сауапты қызғанбайды, Ол бізді қорғап қалғысы келеді.

Барлығымызда пайдалы деген, көптеген "игі бастамамыз" соңына жетпей қалған кездер бар. Бастайсың, бірақ уақыт өте келе қалып кетеді. Себеп көп. Жалқаулық, әлсіздік, "малғұн" азғырады, т.с.с.

Тағы бір үлкен себеп - ниет.

Мысалы, бір бала өз денесіне көңіл бөлгісі келді (еркектердің 90% да болған). Жаттығу, качка т.б. Бірақ жете алмады. Сенің ниетің тек әдемі дене не мақтаныш болуы мүмкін. Ал оның соңы тәкаппарлық пен әлімжеттік есігі болуы мүмкін. Ал Алла тағала сені олай көргісі келмейді. Сол үшін қорғап қалады.

Ал ниетің "Қуатты мұсылман, әлсіз мұсылманға қарағанда Аллаға сүйіктірек" хадис аясында болғанда, нәтиже мүлде басқа болатын еді.

Дәл солай байлықта, мансапта, ұрпақта, өмірде.

Дәл бұлай кез келген дүниені аят, Хадиске байлап бастауға болады. Себебі оның түбі - Алланың разылығы. Біздің көп сауап алғанымызды, Алла бізден де артық қалайды.

Енді ісіңізді қалай бастау керек екенін түсіндіңіз ба?

#Сағаттанхат
Қазақ болғаның үшін де бір шүкір етші, қазір

Қазіргі көрші елдерде болып жатқан жағдай жүректі бір түртпей қоймайды. Ресей, Украина, Еуропа, АҚШ. Әйтеуір айқай-шу. Елдің ішін байлар қанап бітті деп шырылдап жүрген бір-халық.

Өз еліңе қарап, бір тамсанып алшы. Иә, жемқорлық бізде де бар шығар. Ойнап айтам, бар. Бірақ біздің халық әрқайсысы әр жерде жатса да бір бірін қолдап, қорғап әлек.

Сәбиім ауырды деп қазақ ана шыр ете қалса баж етеді де, 1 млрд жинай салады. Бір отбасы үйсіз қалдым дей бергені сол еді, топырлап жүріп үйін де әпере салады.

4 жыл бұрын ашылған Харекет қазір 570 ші үйін сыйлайын деп жатыр. Ал ол секілді қор қаншама. Үй үлкен мәселе ғой,енді.

Бір отбасының азық-түлігін, дәрі-дәрмегін, кішігірім сырқатын көрдім демей жүрген қорларды санаудың өзі жұмыс.

Көмекке мұқтаж да қазақ, сауапқа мұқтаж да қазақ. Осыны түсінген халық алтын ғой.

Енді біздің міндет осы халықты сүю. Себебі,

Қазақтың жанашыры қазақ қана!

#Сағаттанхат
Жәннатқа да, тозаққа да жол ашық

Сені, мені ешкім байлап тұрған жоқ. Жолыңды таңда да жүре бер. Таңдау берілді саған бұл өмірде. Біз өз еркімізбен пайда болған жоқпыз ғой. "Қой жаралайын" деп пайда болған жоқпыз ғой. Бізге тек мүмкіндік берілді. Мүмкіндік.

Үлгеру үшін мүмкіндік. Әйтпесе осыншама алып әлемнің Раббысы маған мұқтаж болып қалды ма? Әлде саған ба?

Жоқ бізге тек үлгеру керек. Жәннатқа асыққандардан қалмауға үлгеру керек. Тозақтан қашқандарға ілесіп үлгеру керек.

"Музыка тыңдауға болады ма?
Рассрочка, кредит бола ма? Анау бола ма? Мынау бола ма?"

Шыныңды айтшы.Бұл сұрақтармен сен қай жолды қимай тұрсың!? Қай жолды тастағың келмей тұр?!

Таңдауың Алламен бірге мәңгілік тыныштық болса, онда бұл жолға адал бол. Иә, адал бол. Себебі, сыналасың. Адалдығыңды көрсету керек осы сынақ кезінде.

#Сағаттанхат
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жалпы мен бұндай әңгіме қозғасам. Сіздерге бұл көзқарасты ұстаныңыз демеймін. Тек ұсынып көремін қажет болса аларсыз. Керек болмаса тұра берсін.


Кино

Кезінде еш шіміркпестен сағаттар жұмсай беретін едім. Кейіннен қарасам. Ол бізден тек уақыт алмайды екен. Ол бізді белгілі бағытқа бұрып тастайды. Бірден емес жай.


Байқағаным кино көрген соң, қызық әрі тартып тұратын кино, әсерінен шығу қиын. Кәдімгідей өзімнің шын әлемімді көпке дейін сезбей қаласың.

Кино арқылы Батыс өзінің мәдениетін бізге кіргізіп үлгерді. Тек бізге емес, әлемге.

Махаббат ұғымы тек қыз бен жігіттің ортасына байланды. Әйтпесе ол сұмдық үлкен дүние ғой. Күллі әлем сиятындай.

Бригада секілді киноның біздің буынға жаңа бір образ тауып бергені белгілі. Тамаша образ емес. Соңы өлім, түрме. Бірақ батыр секілді.


Бұл жай бірнеше мысалы.

Мен сіздерге пайдалы нәрсе ұсынғым келеді. Сол үшін кейде расымен пайдалы фильм болса бөлісейін.
Бірақ көбінесе мультфильм ұсынамын. Себебі фильмде әурет мәселесі көп сақтала бермейді.

#Сағаттанхат
Қазір өте маңызды дүние айтамын⬇️

Жалпы адам баласы қаласын, қаламасын білім алу үстінде. Дәл солай көзі мәңгіге ілінем дегенше жалғаса бермек. Тіпті "ой мен ештеңе оқығым келмейді" деген адамның өзіне күніне бір мәрте болсын бір тың, керемет ой келеді. Ол оны не пайдаға жаратады не ұмытады.

Алла тағала да Құранда адам баласының ұмытшақ екенін айтады.

Сол үшін енді бұл білімді нестейміз? ⬇️

Жазамыз.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Білімді жазу арқылы бекітіңдер!»

Ғалымдар:
"Білім бір ауланған аң сияқты. Оны жазу - оны байлап қою", - дейді.

Енді бүгін, ертеңнен бастап бір блокнотты өз біліміңізді бекітуге арнаңыз.

Менен мотивация болсын:

⬆️Жоғарыдағы блокнот менің екінші блокнотым. Біреу үшін ол болмашы қағаз, базарда да 1500-2000 тг. Ал мен үшін оның құны 100 000 нан көп. Себебі расымен оның ішіне жазылып отырған білімге соншалықты ақшам шығын болған.

#Сағаттанхат
Ұятсыздықтан пана тіле!

Адамдағы мінез құлықтардың маңыздылығы бойынша алар орындары бар.

Иман ең бірінші, екінші орынға ұятты бекітіп қойыңыз.

Бұл ерге, қызға қатысты. Ердің де ұяты күшті болуы керек. Ұят сізге келетін жақсылықты ешқашан бөгемейді. Сол үшін Ұятты бекітіңіз.

Себебі адам Алладан ұялмаса, ол адамнан әдеп кетеді. Адам адамнан ұялмаса оның шаруасы бітті.


Аузына келгенін айтып, жамбасын жариялап, санын жылтыратқан әйел не еркек, өзінде бар болған соң ғана солай жасап жүр ма?!

Оныкінен басқа дене бітім құрып қалыпты сонда әлемде, 8 млрд адамнан соның денесі ғана сұлу мекен сонда?! Оның тілі келген былапытқа біздің тіл бұрылмайды дейсіз бе?!

Жоқ. Мүлде олай емес. Оның ұяты өліп жатыр не өліп бітті.

Ұятты біз қазір мүлде басқаша көреміз. Бір жігіт ер басымен қыз баласына қолын созбаса, не бірінші болып сөйлемесе қазіргі қоғам оны "тормоз" көреді.

⬆️Бәрімізге ескерту біз ол адамның жүрегіне кіріп шыға алмадық. Оның жүрегі мүмкін Алладан сол дәрежеде ұялатын болса ше?!!

Сол үшін ұятты өз құндылықтарымыздың алдына шығарайық.

Алла біздің ұятсыздығымызды кешіп, ұяттылардан болуды жазсын. Амин.

#Сағаттанхат
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құран - ол әлемдегі ең көп оқылып және жатталатын кітап. Оған жолағанның күллісі жақсылыққа қауышады.

Пайғамбарымыз ( ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дейін де, кейін де Құраннан басқа кітап оқымады. Түсінген адамға Құран толығымен жеткілікті.


Құран - бақыт әкелмей қоймайтын кітап.

#Сағаттанхат
Канал админдеріне.

Мен кейде өзіме тіркелген адамдардың каналын қарап шығамын. Кей кісілердің еңбегі көрініп тұр. Біреуге жақсылығым жұқса екен деген еңбекті көресің. Ал кейде өмір сәттерін үздіксіз жазып отыратын жандар да бар.

Жалпы баршаңызға бір ауыз бауырлық насихат айтқым келеді.

Кәһф сүресінің 49 аятында⬇️:


(Қиямет күні) әр адамның алдына өзінің амал дәптері қойылады. Сол кезде дүниеде күнәға белшесінен батқан күнәһарлардың (амал дәптеріне жазылған күнәларын көріп) есі шыққанын көресің. Сонда олар аһ ұрып: «Құрыдық! Мынау өзі қандай дәптер?! Үлкенді-кішілі бірде-бір сөзді де, істі де қалдырмай (не істесек те, не айтсақ та бәрін жіпке тізгендей етіп) жазып алыпты ғой!» – дейді. Міне, осылайша, олар дүниеде не істеп, не қойған болса, соның бәрі алдарынан шығады. Раббың ешкімге әділетсіздік жасамайды.

➡️Сіз каналға бір дүние жазғанда, сіз тек телефонға емес. Өз жазбаңызды өз амал дәптеріңізге түсіріп жатсыз. Және ол үшін жауап бересіз.

Бірінші, жазғаныңыз үшін жауап бересіз.
Екінші, сізді оқыған адамның да уақыты сізге арналды. Сізді оқығаны үшін ол кісі қияметте өкініп қалмасын.

#Сағаттанхат
Тек Рамазан емес, Өмірді қалай берекелі етеміз?

Өміріміз берекелі болуы үшін, оны Алла сүйген іспен толтыруымыз қажет. Бұл өмірдің тек берекесі емес, мәні де кіреді. Алла сүйген істер сұмдық берекелі⬇️

Мысалы, 1⃣100 рет "СубхаанаАллаһ" дегенге қарағанда, 2⃣бізге Инстадан екі видео көрген жеп-жеңіл. Екеуіне кететін уақыт бірдей. Сенбеген адам тексерсін. Бізге бірақ 2⃣ жеңіл, 1⃣ ауыр. Себебі 1⃣ берекеге бай.

Бізге 20 минут сериал көру оп-оңай, бірақ 20 минут Құптан оқу қиын. Себебі, ол берекелі.

Біреуге қызымен 2-3 сағат сөйлескен дым емес, анасымен 15 минут сөйлесу жұмыс кәдімгі. Қызына табылған әңгіме бағып қаққан анаға шықпай қалды дейсіз бе?! Жоқ, әрине. Тек анаңа көңіл бөлу Құдай сүйген іс. Оның берекесі бар. Ол іс бізге ауыр.

Малғұн (Алланың оған лағынеті болсын) сіз бен біздің құндылықтарымызды ауыстырып, өміріміздің берекесін алуда. Рамазан ес жиып, өзімізге толық бір сілкініс жасауға мүмкіндік. Қапы қалмаңыз.

Алла сіз бен біздің өмірімізді берекелі етсін. Амин.

#Сағаттанхат
Ақша өздігінен залым емес!!

Ол адамның қолданылу мақсатына байланысты әртүрлі жолда қызмет ете береді!!!

Анық Залым біз екенбіз!!

Жалғыз бір адам емес!! Бәріміз түрлі деңгейдегі зұлымдықты шіміркпестен жасап жүрміз!!

Біз өмірге өте таза болып келеміз!!!

Таза жүрек, таза тән, таза сана. Бірақ біздің айналамыз бізді өзіміз таңдап көнген жаққа бұрады.

Кез келген сәбиге қараңыз!! Қолына қандай қару берсең де, ол бейкүнә өзінен басқа біреуге зиян тигізуі екі талай!!

Жерге адам болып келген барша адамның өмірі осы тазалықпен, пәктікпен басталды.

Бірақ сол сәби ертең млн адам өмірін көрдім демейтін диктатор болуы мүмкін, сол сәби ертең мың адамды азғырар жалаңаш болуы мүмкін. Бірақ оған әсер етті.

Біз әсер еттік.

Сізге де ертең бір сәбидің(ұрпақ) өмірі аманатталады. Оны сол таза күйінде ересек етіңіз. Бұл сіздің адамзат алдында өтелген борышыңыз болады.

#Сағаттанхат