Сағат
549 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Лимфа түйіндері - біздің денедегі губка.

Қызметінде де, құрылымы жағынан да губкаға ұқсас.

Өйткені, лимфа түйіндерінің қызметі - организмнен тазалау қажет барлық нәрсені - бөтен бөлшектерді, микроорганизмдерді және өзінің өлі жасушаларын дене тіндерінен «сіңіру».

Олардың құрылымы да губкаға ұқсайды, өйткені ол өз бойынан лимфаны(сұйықтық) жоғарыдағы аталған заттармен қоса иммундық жасушалармен бірге өткізеді.

Тағы бір ұқсастығын келтіре кетейік. Бұл түйіндерде жад жасушалары немесе антиденелер бар. Бұл жасушалар иммундық жүйенің арнайы жасушалары, олар бұрын денеге енген бактериялар мен вирустар туралы ақпаратты сақтайды.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сілекей - өте қарқынды процесс

Қарқындылығы сонша, біздегі сілекей бездері күніне 0,5-1,5 литр сілекей шығарады.

Неге? Қалай? Менде ондай емес.😁

Себебі, біз оны үнемі рефлексті түрде жұтып қоямыз – әйтпесе біз әлдеқашан тұншығып қалар едік.

Бірақ бұл тұншығу⬆️ түнде әбден мүмкін, өйткені адамдар ұйқыда жұтынбайды. Сондықтан ұйқыда организм сілекей мөлшерін азайтып, таңертең аузымыз құрғап тұрады.

Болмашы нәрсе. Бірақ махаббат❤️⬇️

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздегі жүрек неткен күшті еді.

Ол ғарыштық жылдамдықпен жұмыс істейді.

Дене тыныштықта болған кезде қанның жүректен өкпеге және қайтадан кері өтуі үшін небәрі 6 секунд қажет!

Ал жүректен миға және кері жолы - 8 секунд қана.

Алла кемшілік атаулыдан пәк!!

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адам жаратылысы Алла тағаланың қамқорлығы мен махаббатына толып тұр.

Бұл жайлы бұрынғылар да, Абай атамыз да айтып кеткен. Сол кісілердің ізін жалғап "Сағат"- та айтып келеді.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті.

Осы екі қатар өлеңге тағы бір үлкен дәлел⬇️⬇️

Неліктен адамға жаңадан тіс шықпайды?

Адамда сүт тіс түсіп қалған жағдайда ғана жаңа тіс өсіп шығады.⬇️

Өйткені, біздің денеміз екі тіс жиынтығымен «жабдықталған»: сүт тіс және ересек кезде шығатын тіс. Сүт тістері уақытша ғана және 14 жасқа дейін өздігінен түсіп қалады.

Сүт тісінің басты қызметі - тістеуді қалыптастыру. Біздің жақ сүйегіміз шайнау процесі себебінен өзгеріп, кеңейеді. Яғни, сүт тісі ұзақ, әрі мықты болатын тістерге арналған «төсекті» қалыптастырады.

Ескеру қажет

Баланың сүт тістерін емдеп отыру керек. Кері жағдайда тістеу бұзылады және кейіннен брекет киюге тура келеді.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздің қолымыз❤️

Бұл біздің әлеммен байланысудың әмбебап құралы.

Тіпті алақандағы тері де ерекше.
Ол түрлі жағдайға өте төзімді, оған қарамастан ол сезімталдықтың ең жоғары дәрежесіне ие. Осыған байланысты алақанда шаштар мен май бездері мүлде жоқ.

Алақан терісінің астында фасция бар - алақанда бетінде үшбұрыш тәрізді, өте берік, бұлшықет бетін мата секілді жапқан тері бар. Егер бұл тері болмаса, алақанымыз бір затты ұстаған кезде қолғап сияқты сырғып кететін еді.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иіс сезу іштен қалай көрінеді👆🏻

Біздің иісті әрқалай сеземіз.

Дүниеде бір иісті дәлме дәл бірдей сезетін екі адам жоқ. Болмайды😁

Неліктен?

Біздің әрқайсымыздың иіс сезу аппаратымызда біз тани алмаған иістерді сұрыптап алар аймақтар бар. Бұл жиынтық өз алдына жеке дара❤️, қайталанбайды.

Осы үшін бір иіссудан сіз раушан гүлін сезсеңіз, ал досыңыз шөптің иісін сезуі мүмкін.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сау эритроцит және оның «зейнеткер» әріптесі

Жас эритроцит жеткілікті дәрежеде серпімді, сол үшін тамыр «тесігінен» өтуге қабілетті. Ал 120 күн (эритроциттің өмір сүру ұзақтығы) өмір сүрген қарияның енді бұған шамасы келмейді.

Ол қабат бетінде қалады да, оны макрофаг тауып алады⬆️. Себебі ескі жасушалар пайдасыз жасушалар.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мынау тағы да сол макрофаг

Денеңіздегі керемет❤️

Жалбырағы бар жасыл микроорганизмдер ішек таяқшасы болып табылады. Оларды белсенді түрде қуып келе жатқан үлкен және жеңіл жасуша - макрофаг. Олардың ағзадағы міндеті - бөтен бөлшектерді жою.

Бірақ олар тек бактерияларды ғана емес, сонымен қатар вирустарды, өлі жасушалардың қалдықтарын, улы бөлшектерді және денедегі «біздікі емес» басқа жасушаларды жойып жүреді.

Айтпақшы, "макрофаг" сөзбе-сөз аударғанда жегіш деп аударылады📌 Өте орынды есім.

Құдайдың сіздің денеңізге салған кішкене махаббаты. Бәрі сіздің қамыңыз.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әрбір жасуша - жеке организм

Жасуша да мүшелерден тұратындықтан, біздің денеміздегі әрбір жасушада өзінің "мүшелері" - органеллалар.

Жасуша ядросы біздегі ми секілді, жасушаның қалай жұмыс істеуі және көбеюі керек жайлы ақпаратты қамтиды.

Митохондрия ас қорыту жүйесіне ұқсас, ондағы заттар энергия айналады. Энергия көзі.

Гольджи жиынтығы жасуша өміріне және тұқым қуалайтын материалға қажетті ақуыздарды синтездеу үшін қажет.

Цитоплазма-бұл барлық органеллаларды қан сияқты біріктіретін жасушаның сұйық бөлігі.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жүрек кәдімгі бұлшықетен несімен ерекшеленеді?

Жүрек өмір бойы үздіксіз жұмыс істейді, ал денеміз жаттығу залында бір сағаттан кейін өлердей ауыратынын ескерсек, ол екеуінің бұлшықет құрылысы екі түрлі екенін білуге болады.

Шынында да, қаңқа бұлшықеттері миоциттерден тұрады. Жүректе арнайы жасушалар - кардиомиоциттер бар.

Кардиомиоциттерде миоциттерге қарағанда митохондрия(алдыңғы пост⬆️) 30 есе көп болады. Сондықтан олар пайдалы жұмысқа кететін энергияны көп өндіреді.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты