Сағат
548 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Енді көзіңіз ілінді. Құздан құлап келе жатып, селк ете қалған кезіңіз болды ма😀?

Не үшін екенін білесіз ба? ⬇️

Адам ұйықтап жатқанда, оның бұлшықеттері босаңсып, тыныштық қалыпқа көшеді.

Бірақ ми әлі ұйықтаған жоқ және ол бұлшықеттердің босаңсуын қауіп ретінде қабылдайды. Физиологиялық тұрғыдан ұйқы өлімге ұқсайды, өйткені тыныс алу баяулайды, қан қысымы мен дене температурасы төмендейді.

Миға бұл құбылыс ұнамайды. Сосын ол бұлшық еттерді қозғалту үшін дабыл сигналын жіберіп, сізді селк еткізіп оятып алады.

#PQ

@human_1piece
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жүрек қаншалықты жылдам соғуы мүмкін?

Ол біздің денеміздің сұранысын қай дәрежеде орындай алады?

Ең жоғары қысым кезінде жүрек соғу жиілігі минутына 220 соққыға дейін жетуі мүмкін. Егер дәл осы пульс бір минут бойы сақталса, жүрек 40 литрге жуық қанды айдап үлгереді.

Дегенмен, минутына 220 жүрек соғысы - бұл өлім қаупі бар өте маңызды шек.

#PQ

@human_1piece
Құлпынай

Құлпынай йод мөлшері біздегі тамақ пен ауыз судағы жетіспеушілікті толық өтейді.

Құлпынайдың қан тазартатын қасиеті де бар, ол құрамындағы Р дәруменінің арқасында қан тамыры қабырғаларын нығайтады.

Құлпынайдың түсі неғұрлым қою әрі қанық болса, соғұрлым оның құрамында Р витамині көп болады.

#PQ
Жазғы күнмен мәміле😃

Күн астында жүру уақытын шектеңіз, әсіресе сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.

Қорғаныс киімін ұмытпаймыз: кең шляпа не бас киім, ұзын жеңді киімдер. Көзілдіріктің де көмегі зор.

Күннен қорғайтын кремді сыртқа шықпас алдын 20-30 минут бұрын қолданған жөн. Бұл кремнің әрекет етіп үлгеруіне мүмкіндік береді.

Егер шомылу немесе демалыс жоспарда болса, кремді екі сағат сайын және әр шомылғаннан соң жаңартып отырған абзал.

#PQ
Жаз ғой, керек бұл⬇️

Көк шай күн сәулесінен қорғайды.

Сондай-ақ балық, қара шоколад, қырыққабат, аскөк және қара шайдың кейбір түрлері.

Бұл өнімдерде кахетин бар. Бұл антиоксиданттар тері жасушаларының айналасында ультракүлгін сәулені кері шағылыстыратын кішкентай "барьер" жасайды.

#PQ
Кофе расымен энергия көзі ме🤔?

Неліктен адамдар таңертең ұйқы ашу үшін кофе ішіп жатады?

Кофеин іс жүзінде сергектік сыйламайды және қосымша қуат көзі де емес.⬇️


Біз үшін негізгі энергия көзі - АТФ. АТФ фосфор қышқылы молекуласы мен аденозиннен тұратын зат. Фосфор қышқылының молекуласы - бұл энергия көзі, ал аденозин энергия таусылған кезде бізге шаршау сезімін береді.


Кофеин, сондай-ақ теофиллин (шоколадта кездесетін зат) тек қана аденозин рецепторларын блоктайды, яғни шаршау белгілерін жояды.

Сонымен, үлкен көлемде кофеин қолдану денені өз шамасынан жұмыс істеуге мәжбүр етеді де, "аппатық" жағдай үшін сақталған энергия қорын ысырап етеді.

#PQ
ҚОЗҒАЛЫС - ӨМІР

Көбірек қозғалыңыз. Лифттің орнына баспалдақты пайдалану да пайдалы.

Күніне небәрі 8 минут жаттығу өмірді ұзартады.

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Неліктен жаттығу кезінде мұрнымен дем алу қажет?

Біріншіден, бұлай👃 тыныс алу арқылы ауа жылиды және ылғалданады, сонымен қатар сүзгіден өтеді.

Екіншіден, ауыз арқылы тыныс алу кезінде көп ылғал жоғалтамыз.

Сонымен қатар, мұрынмен тыныс алудан ауыз арқылы тыныс алуға ауысқанда, дем ырғақсыз әрі басқара алмай қаламыз.

Бұл жаттығу тиімділігін төмендетуі мүмкін.

#PQ
СУ - біздегі энергия көзі

Біздегі су үнемі азайып отырады: физикалық белсенділік кезінде, сөйлесу кезінде, ұйқы кезінде, тыныс алу кезінде.

Сондықтан су ішу әдеті жаңа күштердің ықтимал көзі болып табылады.

#PQ
Құлпынай – төмен калориялы

100 грам құлпынайда бар болғаны 33 килокалория бар, оны тек бірнеше минут белсенді жүгіру арқылы жағып жіберуге болады.

Ол төмен гликемиялық индекске ие, яғни ол майдың жиналуын болдырмайды, ⬅️оған плюс құрамында майдың жағылуына ықпал ететін заттар бар.

Жеңіл желпі бірдеңе жеп алайын дегенге, осы құлпынай🍓 жатады.

#PQ