Сағат
557 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
“Уа, Жаратушы Ием! Үмбетті жеңілдіре гөрме, дұшпандарымызды басындырма, бізді жеңіске жеткіз”.

(Фатих Султан Мехмед)

#бүгінгідұға
Уа, Раббым! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш нәрсе жоқ. Егер Сен қаласаң қандай ауыр істі де жеңілдетесің.

#бүгінгідұға
“Уа, Жаратушы Ием! Барлық қателіктерімді мойындап, Өзіңнің құзырыңа келіп тұрмын. Мені кешіруіңді сұраймын”.

(Сади Ширази)

#бүгінгідұға
“Қабіріме соңғы кірпіш қойылып, адамдардан үмітім үзілгенде және жарығым біткенде Өзің маған жарық сыйла”.

(Фәридуддин Аттар)

#бүгінгідұға
“Уа, Алла тағалам! Қарызға батудан һәм аштықтан Өзіңе сыйынамын. Расында аштық нендей қиын”.

#бүгінгідұға

Жұма мүбәрак болсын!!
“Бізге ішкізіп-жегізген әрі бізге қамқор болған Раббымыз Алла тағалаға сансыз шүкірліктер болсын”.

#бүгінгідұға
“Уа, Раббым! Өзіңе жалбарынып сұраймын. Өлімімді, есебімді жеңіл қылып, жәннатыңа кіргізе гөр.

#бүгінгідұға
Аллаһым!! Маған намазға жалқауланбайтын және кешіктірмей оқитын жүрек нәсіп ет. Аллаһым!! Намазымды барлық қиындықтан құтылатын және өзіңнен келетін тыныштық пен қауіпсіздіктің есігі ет!!

#бүгінгідұға
“Уа, Раббым! Мені қанағатшыл ет. Маған берген ризығыңды берекетті қыл”.

(Абдулла ибн Аббас (р.а))

#бүгінгідұға
“Уа, Алла тағалам! Барлық бұрыс міндеттерден, жағымсыз орындардан, теріс іс-әрекеттерден, пайдасыз сөздерден һәм пасық ой-пікірлерден сақта деп Өзіңе сыйынамын әрі кешірім сұраймын”.

(Мухаммед ибн Уаси)

#бүгінгідұға
“Уа, Раббым! Жүректерімізді безендір һәм бейнемізді көркемде”.

#бүгінгідұға
“Уа, Алла тағалам! Саған жер мен көкті толтырардай шүкірліктер болсын”.

(Мисар ибн Кидам)

#бүгінгідұға

Жұма мүбәрак болсын!!
“Уа, Алла тағалам! Тура жолдан тайып кетуден немесе адасудан, біреуге зұлымдық жасап қоюдан немесе зұлымдыққа ұшырап қалудан, бір нәрсені ойланбай істеп, жаза басудан Өзіңе сыйынамын”.

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#бүгінгідұға
“Осы күні мені бейқамдықтың қалың ұйқысынан тұрғыз, күнәмді кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Мені кешір уа, күнәларды кешіруші Раббым!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

#бүгінгідұға
“Уа, жүрегімізді тыныштандырушы Раббымыз! Өзіңнен басқа мұңымызды шағар кіміміз бар? Алдыңа келген мына күнәһар құлыңа рақымдылық қыл”.

(Укалаул-Мәжаниннен)

#бүгінгідұға
“Уа, Раббым! Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме”.

#бүгінгідұға
“Уа, Алла тағалам, бізге жәрдеміңді бер! Шынында Сен олардың бізден үстем болғанын қаламайсың!”

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) Меккені алар алдында оқыған дұғасы)

#бүгінгідұға
“Уа, ең көзге ілгісіз жаратылыстардың жасырын тілектерін, жалбарынуларын білетін, еститін әрі жауап беретін Ұлы Раббымыз! Сен қандай да бір әлсіздіктен пәксің һәм ұзақсың. Сенен өзге құдай жоқ. Бізді тозақ отынан құтқар”.

#бүгінгідұға
"Я, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!"

#бүгінгідұға

Көктемнің алғашқы жұмасы мүбәрак болсын!! Әрі алғыс айту күні құтты болсын!!