Сағат
591 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
“Уа, Раббым! Көзімізге, құлағымызға, жүрегімізге, жұмыстарымызға және бала-шағамызға береке бергейсің. Тәубемізді қабыл еткейсің. Сен тәубелерді қабыл етушісің һәм ерекше мейірмідісің”.

(Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) )

#Бүгінгідұға
Кофеин мөлшері

Оның шамадан тыс көп болуы күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.

Орталық жүйке жүйесінің стимуляторы ретінде әрекет ететін кофеин жүрекке қосымша күш түсіреді.

#PQ
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/254/254d4b012779bc849b8300ab04567590.pdf&ln=kz

📓Бір тамшы көздің жасындай
Исраил Сапарбай
“Уа, Раббымыз! Иманымызды күшейт, денімізге саулық, көңілдерімізге мейірім, дүниеде аманшылық, ақыретте құтылуды нәсіп етіп ет. Және де ауыруларға шипа, дерттілерге дауа, қарызданғандарға құтылуларына жәрдем бергейсің”.

(Хатым дұғасынан)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иіс сезу іштен қалай көрінеді👆🏻

Біздің иісті әрқалай сеземіз.

Дүниеде бір иісті дәлме дәл бірдей сезетін екі адам жоқ. Болмайды😁

Неліктен?

Біздің әрқайсымыздың иіс сезу аппаратымызда біз тани алмаған иістерді сұрыптап алар аймақтар бар. Бұл жиынтық өз алдына жеке дара❤️, қайталанбайды.

Осы үшін бір иіссудан сіз раушан гүлін сезсеңіз, ал досыңыз шөптің иісін сезуі мүмкін.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
Енді көзіңіз ілінді. Құздан құлап келе жатып, селк ете қалған кезіңіз болды ма😀?

Не үшін екенін білесіз ба? ⬇️

Адам ұйықтап жатқанда, оның бұлшықеттері босаңсып, тыныштық қалыпқа көшеді.

Бірақ ми әлі ұйықтаған жоқ және ол бұлшықеттердің босаңсуын қауіп ретінде қабылдайды. Физиологиялық тұрғыдан ұйқы өлімге ұқсайды, өйткені тыныс алу баяулайды, қан қысымы мен дене температурасы төмендейді.

Миға бұл құбылыс ұнамайды. Сосын ол бұлшық еттерді қозғалту үшін дабыл сигналын жіберіп, сізді селк еткізіп оятып алады.

#PQ

@human_1piece
Жер – адамның игілігі болғанымен, Алланың иелігі екенін аз күнде ада-күде ұмытып шыға келдік. Осыншама азғындайтындай, құдай-ау, бізге не көрінді?

* * *

Халықты құл деме,
Ол – Алланың есімі,
Әйелді күң деме,
Ол – әлемнің бесігі!

* * *

Арнаңнан асып-таспа
Төгіліп қаласың.
Көпке топырақ шашпа,
Көміліп қаласың.

* * *

Жан жақсыға құмар,
Тән нәпсіге құмар

* * *
Мүлгіген жетпес мұратқа,
Қалғыған мінбес құр атқа.
Көңілің жүрер Жұмақта,
Көзіңді салсаң жыраққа

📓Бір тамшы көздің жасындай
Исраил Сапарбай
Тағдырдың жазуымен мәңгі тұтқынға түскен жүректің зар-мұңын, арзу-арманын Тәңірім болмаса, пешенелі пенде қауымы қайдан ұға қойсын, тәйірі....

📓Бір тамшы көздің жасындай
Исраил Сапарбай
“Уа, жомарттық Иесі, Раббым! Өзіңнің рақым есігіңді қайта келіп қағып тұрмын. Қолымды бос қайтармайтыныңа сенімім мол”.

(Фәридуддин Аттар)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сау эритроцит және оның «зейнеткер» әріптесі

Жас эритроцит жеткілікті дәрежеде серпімді, сол үшін тамыр «тесігінен» өтуге қабілетті. Ал 120 күн (эритроциттің өмір сүру ұзақтығы) өмір сүрген қарияның енді бұған шамасы келмейді.

Ол қабат бетінде қалады да, оны макрофаг тауып алады⬆️. Себебі ескі жасушалар пайдасыз жасушалар.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мынау тағы да сол макрофаг

Денеңіздегі керемет❤️

Жалбырағы бар жасыл микроорганизмдер ішек таяқшасы болып табылады. Оларды белсенді түрде қуып келе жатқан үлкен және жеңіл жасуша - макрофаг. Олардың ағзадағы міндеті - бөтен бөлшектерді жою.

Бірақ олар тек бактерияларды ғана емес, сонымен қатар вирустарды, өлі жасушалардың қалдықтарын, улы бөлшектерді және денедегі «біздікі емес» басқа жасушаларды жойып жүреді.

Айтпақшы, "макрофаг" сөзбе-сөз аударғанда жегіш деп аударылады📌 Өте орынды есім.

Құдайдың сіздің денеңізге салған кішкене махаббаты. Бәрі сіздің қамыңыз.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

@human_1piece
“Уа, Раббым! Өзіңнің Жамалыңнан басқа нәрсе үшін көздерді ұйқыдан қалдыру қандай өкініш әрі Өзіңді жоғалту үрейінен басқа мақсатпен жылау нендей бекершілік!”

(Имам Ғазали)

#Бүгінгідұға
Бүгін ешқандай пайдалы жазба болмады. Кешірім сұраймын.

Бөлісетін бір жазба бар.

Бұл менің инста парақшама сілтеме⬇️

https://z-p42.www.instagram.com/ruslan.rustemuly/?hl=ru

Маған тіркелудің қажеті жоқ. Тек менің "подписки" бөліміндегі адамдарға тіркелсеңіздер болады. Бәріне емес. Ол жерде түрлі тақырыптағы парақшалар. Таңдап керегін аларсыз.

Тағы да ескертемін. Маған тіркелудің қажеті жоқ. Ол жақта мүлде активный емеспін.


Қайырлы түн!!!
“Уа, Раббым! Мені және бауырымды кешіріп, бізді өз мейіріміңе бөле. Сен мейірімділердің ең мейірімдісісің”.

(Хазірет Мұса (а.с))

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жүрек қаншалықты жылдам соғуы мүмкін?

Ол біздің денеміздің сұранысын қай дәрежеде орындай алады?

Ең жоғары қысым кезінде жүрек соғу жиілігі минутына 220 соққыға дейін жетуі мүмкін. Егер дәл осы пульс бір минут бойы сақталса, жүрек 40 литрге жуық қанды айдап үлгереді.

Дегенмен, минутына 220 жүрек соғысы - бұл өлім қаупі бар өте маңызды шек.

#PQ

@human_1piece
Ағылшын тілін үйренуге қатысты мен білетін бірнеше пайдалы кеңес.

(мен қолданатын емес, білетін🙂)

1⃣Ankidroid деген приложение, өзіңізге қажетті кез келген тіл, болмаса басқа да мамандық сөздігін күнделікті норма белгілеу арқылы жаттап отыра аласыз.

Ең тиімді жерлерінің бірі

Бүгін өткен сөздердің ауырлық деңгейіне байланысты, қайта қайталау уақыт арақашықтығын өзіңіз белгілейсіз.

2⃣English with Student каналы

@englishwithstud

Бұл каналда орысша мен ағылшынша сөздер араласқан мәтіндер беріледі. Кейін сөздер бойынша тест алынып, біраз уақыттан соң мәтінді екі тілде толық жазылған нұсқада жібереді. Және дұрыс оқылу аудиосы да келеді.

Өз қатеңізді тексеріп, сөздерді нақтылау үшін. Бұл каналда сіз ағылшын тілі бойынша есту, оқу, түсіну қабілетіңізді жақсы арттыра аласыз.

Бастама кезең үшін жеткілікті ақпарат ⬆️. Мұның өзі біраз күшпен, ерік жігерді талап етеді. Менің қолданбайтын себебім, қазір тіл үйренуге фокус қойып жүрген жоқпын. Бірақ ойлап жүрген бастапқы қадамым осы. Сізде біліп жүрсін деп бөлісіп жатырмын.

#Біліпжүр
Forwarded from Сағат
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ассаламу Алайкум

Пайдалы программа AnkiDroid

Кез келген салада,сөз жаттауға арналған. Күнделікті карточка арқылы.

Сөзді қайталау уақытын өзіңіз белгілейсіз. Тіл үйренуде көп көмек береді.
“Уа, кешірімі шексіз Раббым! Өзіңнен жалынып-жалбарынып сұраймын, бізді кешір!”

(Абдулқадир Гәйлани)

#Бүгінгідұға
Оқу басталар күзде Әдия әпкем Машанды ертіп келді. Айшаға:
− Мына Машан осы үйде жатып оқиды. Ауырсынба. Жағдайларыңды білем. Шамам келгенше үн, картоп әкеп тастармын, – деді.
Айша:
− Машанға бола бөлек қазан аспаймыз ғой. Қатықсыз қара көжені балалармен бөліп ішер, о не дегенің, – деді қайын-сіңілісіне.
Машанның келгені жақсы болды. Екеуміз құлын-тайдай тебісіп жатамыз. Төбелесіп те қаламыз, татуласамыз. Аға орнына аға еді.


📚Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза


Әдия Шерхан Мұртазаның әкесінің қарындасы, ол кісінің ауылында 4 сыныптық қана мектеп болғандықтан, баласы Машанды Айшаға( Шерхан Мұртазаның анасыны) алып келіп тастауға мәжбүр болады. Себебі, бұл ауылдағы мектеп 7 сыныптық еді. Айша қиын жағдайға қарамастан баланы сыртқа теппеді. Бұл үзіндіден түсінетін құндылық- бауырмашылдық.


#Ұлттықкод
Құлпынай

Құлпынай йод мөлшері біздегі тамақ пен ауыз судағы жетіспеушілікті толық өтейді.

Құлпынайдың қан тазартатын қасиеті де бар, ол құрамындағы Р дәруменінің арқасында қан тамыры қабырғаларын нығайтады.

Құлпынайдың түсі неғұрлым қою әрі қанық болса, соғұрлым оның құрамында Р витамині көп болады.

#PQ
«Бір айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық баланы дүниеге әкелген анадан сұра;

Бір аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұра;

Бір сағаттың қадірін білгің келсе, көрісуді қалаған ғашықтардан сұра;

Бір минуттың қадірін білгің келсе, пойызға кешігіп қалған жолаушыдан сұра;

Бір секундтың қадірін білгің келсе, жол апатына ұшыраған жүргізушіден сұра;

Бір секундтан да аз уақыттың қадірін білгің келсе, олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған ойыншыдан сұра.

Әрбір сәтіңді бағала. Әр минутыңды сен үшін ең қымбат, уақытыңа ортақ қыла алатын адаммен бөліс. Ұмытпа! Уақыт ешкімді күтіп тұрмайды. Өткен тарих. Болашақ белгісіз, сырға толы. Қазіргі уақыт қана саған берілген мүмкіндік.

Бүгінгі күнің... Уақыт: Қазір! Кемелдікке ұмтыл! Қолда бар мүмкіндіктер мен бойдағы потенциалдарды аша біл. Бұл сізге ерекше бір көңіл күй сыйлайды. Бақытты етеді».

(Интернеттен алынды).

📚 Уақыттың қадірі

@galymdarkz