Сағат
591 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Бүйректегі тастың алдын алу

Қарбыз шырыны бауыр мен бүйректі токсиндерден тамаша тазартады, осылайша тас түзілу кезеңінде бұл органдардың жағдайын жақсартып отырады.

Сондықтан бауыр мен бүйректе тастардың пайда болуына бейім адамдарға қарбыз ұсынылады.

Қарбыз пісуге жақын қалды. Маусымды тиімді пайдаланып қалыңыз.


#PQ
Жерұйық

Нью-Иорк, Мәскеу, Парижіңе де бармадым,
Малайзия, Тайланд суына аяқ салмадым.
Қазақтың жері қаз басқан күннен тұғырым,
Ризамын мәңгі осында өтсе ғұмырым.

Мүмкіндік тапсам, Меккеге ғана барармын,
Бұйыртса Алла жүз мыңдап сауап аламын.
Варшава, Лондон, Пекиніңді де көргем жоқ,
«Көрмедім-ау» деп ішім бір күйіп өлгем жоқ.

Тек аман болсын қастерлі Қазақстаным,
Мендегі осы өзгермес берік ұстаным.
Пайғамбар жатқан Мәдинаға мен барармын,
Мешітінен оның мың-мыңдап сауап алармын.

Токиоңа да, Бомбейге де аяқ баспадым,
Канада асып, казиноға ақша шашпадым.
Жетісу, Арқа, Атырауым мен Алтайым,
Көзіме ыстық Көкшедегі ару тал, қайың.

Тәуір бір күнде Қағбаға тәуәп етермін,
Хош көрсе Алла, Жәннатқа бәлкім жетермін.

📓 Болашаққа хат
Серік Қалиев
“Уа, Аллаһ тағалам! Сен мені естисің, көресің һәм жасырын және жария нендей нәрсем болса Сен оны білесің. Істерімнен еш қайсысы Саған жасырын емес. Мен өте әлсізбін. Өзіңнен жәрдем һәм аманшылық тілеймін”.


(Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы)

#Бүгінгідұға
Ұлға тентектік, қызға еркелік жарасушы еді...

Қызым, сен тентек болып барасың.
Ұлым, сен ерке болып барасың.

Ерке ұл ержетіп жарытпайды.
Тентек қыз бойжетіп жарытпайды.

Ұлым, сен есіңді жи да тегіңді ойла.
Қызым, сен ертеңгі барар еліңді ойла.

(с) Исраил Сапарбай, "Бір тамшы көздің жасындай"

#ғибрат

@Shlounak
“Уа, Аллаһ тағалам! Исламды қауіп-қатерден ұзақ қыл. Исламды қорлағысы келгендерге мұрсат берме һәм Исламға үстемдік бер”.

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Неліктен көп жаяу жүруге кеңес беретінін білесіз бе?

Еш себепсіз, кез келген мамандық иесіне жаяу жүруге кеңес беріледі.⬇️

Бір қадам жасай отырып, біз кем дегенде 200 бұлшықетті пайдаланамыз!
Бірақ бұл жерде тек аяқтың бұлшықеттері есептеліп тұрған жоқ.

Иә, жаяу жүру кезінде негізгі күш жамбас, бөксе және балтыр бұлшықеттеріне түседі. Бірақ сонымен қатар іш бұлшықеті(пресс) мен ондаған тұрақтандырушы бұлшықеттер белсенді жұмыс істейді.

@human_1piece

#PQ
Бұл жазба "Сағат" оқырмандарына қатысы жоқ деп ойлаймын. Бірақ біліп, ескерте жүру үшін жаңа ақпарат⬇️

Шылым шегу

Темекі шегу теріге зиянды екені белгілі. Ол терінің қартаю процесін тездетіп қана қоймайды, сонымен қатар тоналды креммен жасыру қиын болатын сау емес, күңгірт, сарғыш реңк береді.

Сондай-ақ, көп темекі шегетіндердің терісі дөрекіленіп, серпімділігін жоғалтып, тез қартаяды.

#PQ
“Уа, Аллаһ тағалам! Менің дене-пішінімді көркем жаратқаныңдай, жан-дүниемді де көркем ете гөр! Менің жүзімді тозақ отынан сақтағайсың”.

(Айнаға қарағанда оқылатын дұға)

#Бүгінгідұға
(Гончаров атты орыс шаруасы Момыштың үйін қонаққа шақырады,Тишко деген сол шаруаның баласы. Бұл үзіндіде орыс шаруасының Момышқа асты алаңдамай жей беруге болатындығын айтқандығы көрсетілген. Бұл Момыштың астың адалдығын нақтылап алмайынша дәмге қол созбағандығын көрсетеді.)


Гончаровтар құдайларының қасына барып шоқынды да, асқа келді. Кемпірі шай құйды. Шал әкемді дәмге шақырып ишарат білдірді. Тишко бұл сөзді аударып берді.
— Әкем мына дастарқанның үстінде шошқа атаулының исі араласқан тағам жоқ дейді. Міне нан, мынау шекер, мынау картоп, жеміс — бәрімізге ортақ. Қазандағы — құстың еті. Сондықтан Момыш тартынбай, жиіркенбей, сескенбей, өз үйіндей отырып тамақтансын, — деп отыр.
Тишконың тілмаштығынан кейін шешесі күліп жіберді.
— Мыналарың не деп жатыр, Тишко? — деп сұрады әкем әлгі күлкіден қысылып.
— Бұлар Момынқұл дастарқанға күдікпен қарап отыр,— деп күліп жатыр, — деді Тишко бізге қарап күліп қойып.
— Ал дәм алыңыздар.



📚Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы





#ұлттықкод
Күннен қорғайтын көзілдірік

Бұл көзілдірік көздің зақымдалуының алдын алады. Катаракта(көз қарашығының ағаруы) және тері қатерлі ісігінің даму ықтималдығын азайтады.

99-100% ультракүлгін сәуледен қорғайтын көзілдірікті таңдаған жөн.

Есіңізде болсын: аксессуар🕶 көлемі неғұрлым үлкен болса, қорғаныс деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Жаз мезгілінде көзілдірік тағудың тағы бір үлкен артықшылығы бар. Бәріміз білеміз, күн ысыған кезде қабақ-басымыз тырысып, маңдайымыз ыржым-тыржым😀 болып кетеді. Үш ай жазда бұлай жүру маңдай бөлікте әжімнің пайда болуына әкеп соғады. Көзілдірік ⬅️ сізді осы салдардан да қорғай алады.

Түсінікті ма?))

Жаз мезгілінде көзілдірік тағу әлдекімнің "крутой" болып кеткенін білдірмейді😃😃

#PQ
“Уа, Раббым! Менің зұлымдығымды һәм жақсылықты бағалай алмауымды кешіре гөр”.

(Хазірет Омар (р.а))

#Бүгінгідұға
Аштық сезініп жатсаңыз, бірден асқа жүгірудің қажет жоқ.

Егер сіз бірдеңе жегіңіз келсе және оның не екенін білмей отырсаңыз))), бұл жай ғана су болуы мүмкін.

Бір стақан су ішіп көріңіз, егер аштық басылса, тамақ уақытын сәйкесінше қайта жоспарлауға болады. Ал расымен аштық болса, сіз ендігі артық тамақ жемейтініңіз анық.

Пайдалы дүние емес пе?🙂

#PQ
Көздің шүкірі - Құдай тыйған бірнеше затқа қарамай, күллі әлемге қарау, олардан Жаратушымыздың Ұлылығын көру.

Көз жайлы терең ой жүгірту керек. Жеті қабаттан тұратын көздің бір қабатына зиян тиер болса, құрыды деген сөз. Әлемнің бар байлығына көзін айырбастайтын адам табылар ма екен? Тіпті, көздің күрделі жүйесін эволюциялық себептермен байланыстыра алмай қиналған Чарльз Дарвиннің өзі: "Көз - ең күрделі механизммен құрастырылған мүлтіксіз жүйе дейтін болсақ, оның әртүрлі қашықтықта фокусының өзгеріп отыруы, жарық пен түрлі-түсті фоторецептор арқылы қырағылықпен ажырата білу қабілеті сияқты күрделі механизмдерді табиғи сұрыпталу процесі арқылы пайда болды деу ақылға сыймайды", - деп кеткен жоқ па?!

📓 Көзді күнәдан қалай қорғаймыз?
“Уа, Тәңірім! Өзің жайлы хабар берген тілді азапқа душар етпе! Өзіңді танытатын білімге қараған көзді азапқа душар етпе!”

(Ибн Жәузи)

#Бүгінгідұға
— Жарайды, орысша оқытайық деп талап қылған екен, қала қойсын. Көрерміз, бәлкім еңбегіміз жанып, үйреніп кетер. — Сөйтті де Василийге бұрылып:— Сен енді бұған көмектес. Әйтпесе оқи алмай жүрер,— деді.
—Көмектесем.
Көкем "әдепті бол, ұқыпты бол. Бұзықтармен дос болма. Сабағыңа көбірек көңіл бөл. Шошқаның етін жеп жүрме. Орыс құдайына табынып жүрме" деп пысықтады да, ауылға аттанып кетті


📚Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы


Жоғарыдағы үзіндіде Момынқұл(Бауыржанның көкесі) Бауыржанның қалада оқуға алып келіп, Гончаровтартың үйіне орналастыруда. Сонда Бауыржанға асқа ұқыпты болуға әрі шоқынып кетпеуді қатаң ескереді.
Бұл текті халықтың бір көрінісі деп есептесек болады.

#Ұлттықкод
“Уа, Раббым! Бізге Өзің үшін жасаған азды-көпті (болмашы) амалдарымызға қарап үкім бере гөрме. Өзіңнің жомарттығың мен кеңшілігің арқылы үкім бергейсің”.

(Мәулана)

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!!
Қарбыз

Қарбыз құрамы⬇️

88 - 94% су,
9% - жеңіл сіңетін қант,
В1, В2, С витаминдері,
минералдар - магний, темір, калий бар.

Дәл осы элементтер адам ағзасындағы ас қорыту процесіне өте пайдалы.

#PQ

Қысқа жазба, бірақ сезонный жазба
“Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүректерімізді ауытқыта гөрме!”.

(Али Имран сүресі 8)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздің қолымыз❤️

Бұл біздің әлеммен байланысудың әмбебап құралы.

Тіпті алақандағы тері де ерекше.
Ол түрлі жағдайға өте төзімді, оған қарамастан ол сезімталдықтың ең жоғары дәрежесіне ие. Осыған байланысты алақанда шаштар мен май бездері мүлде жоқ.

Алақан терісінің астында фасция бар - алақанда бетінде үшбұрыш тәрізді, өте берік, бұлшықет бетін мата секілді жапқан тері бар. Егер бұл тері болмаса, алақанымыз бір затты ұстаған кезде қолғап сияқты сырғып кететін еді.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Forwarded from Торғын