Сағат
550 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Каналда өзгеріс бар!!

Әуелден каналда өз ойымды жиі айта бермеймін деп сөз еткен едім. Әлі де сол ұстанымды ұстауға тырысамын. Мейлінше, аз болса да пайдалы ақпарат жіберсем деймін.

Каналда екінші админ пайда болды.

Есімі Ерасыл.

Сіздер үшін қазақтың өмірі мен дәстүріндегі даналығын паш етпек үшін #Ұлттықкод хэштегімен жазба салып отырады.

Себеп те бар. Жалпы біз еліктеуге құмартып тұрамыз. Әсіресе біздің буын.

Біздегі мақсат

Басқа ұлт бұл қазақтың руханиятына мұқтаж болмаса, анық қазақ өзгенің қаңсығына еш мұқтаж емес!!!

Осыны көрсету ғана.
Каналдағы екінші админ аты Ерасыл деп таныстырған едім.

Енді ол жүргізетін каналмен бөлісейін⬇️

#Ұлттықкод жазбаларын көбірек оқығыңыз келсе, тіркеліп алыңыз

@kozkarasdep
Негізі әдеби кітаптарда қазақы құндылықтар өте көп. Әдеби кітап оқығанда осындай⬇️ сәттерді ұстап қалуға тырысамын:



Әңгіме былай өрбиді. Сайлау болады, сол сайлауаға екі кісі үміткер болады. Олар - Текебай би мен Қабылбек. Қазақтың қисық күңшілдігіне салып Қабылбек жақ Текебайға арыз жаудырады. Соған шыдамаған Текебайдың ұлы Қабылбекке барып айтпағанды айтып, дау тудырып кетеді. Ұлының осы амалына ұялған әкесі Қабылбектен кешірім сұрауға келген беті осы:


Текебай ат-шапан айыбын дайындап, жанына жиын ертіп, Қабылбектің ордасына өзі барған екен.

Жанабай жағы: Текебай қол жиып соғысқалы келе жатыр екен деп қалса керек, өздері де сап түзеп, сақадай сай қарсы шығады. Қабылбектiң ордасына ат шаптырым калғанда Текебай қасына Серкебайды алып, басқалардан оқ бойы озып шығып, әкелі-балалы екеуі Қабылбек жағына келе жатады.



Қабылбек те: "Е, мынау соғысатын жердi айт деп келе жатыр ғой" деп өзі жеке шығып, Текебайға тура тартады. Сонда Текебай сонадайдан аттан түсіп, Қабылбектiн касына келіп:

-Менің күшігім саған қарап шәуiлдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелi келдiм алдыңа. Кешiремiсiң, сірә!- депті.


Мына сөзден Кабылбектің қабырғасы сөгiлiп, қалбалақтап атынан аунап түседі:

- О, тектi би Текебай! Сенiн балаңның айыбынан менің айыбым асып кеттi бiлем. Аға болсаң да, сенi мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетiмiзге таңба болатын болды ғой, ой әттеген-ай. Ат-шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстiндегi зерлi шекпенін шешiп Текебайдың иығына жауыпты. Сөйтiп тұрып Жаңабай жағына қарап: Уа, ағайын! Сайлауда Текебайға дауыс берiңдер! Мен қойдым дауысқа түскендi!- деп айқай салған.

📚Ұшқан ұя


Мына үзіндіде кішіпейілділік қалай суреттелген. Би үлкен басымен ұлының айыбын көтеріп кешірім сұрап келді. Кішіпейілділік деп осыны айт!




Иә... Мәтін ұзақ,бірақ пайдалы


#Ұлттықкод
...Сонда ғана әжем бәрiмiздi өзiне шақыртты. Бiз кiргенде, әжем жастыққа сүйеніп, әрең бас көтерiп отыр екен.

- Ал шырақтарым, менiң де аттанар сәтiм жеткен сияқты, - деп барып демiн алды. Сөйтті де болмашы езу тартып, сөзiн жалғады. Кәне, маған деген "жасау-жабдыктарыңды"
көрсетіңдерші. Мұны естігенде үлкен апамыз Пияш көзіне жас алып, дауыс шығарып еді, әжем әмірлі үнмен тыйып тастады.

- Көз жасынды көрсетпе, былай!


Әкем қинала отырып, қолы қалтырап, әжеме арналған бұйымдарды көрсете бастады. Содан соң әжем Момынқұл көкемдi қасына отырғызды да, құран жолдарын дауыстатып оқытып көрді. Әжем тап қазір көз жұмады екен деп, үрейленген бәрiмiздiң де зәре-құтымыз қалған жоқ. Әсіресе қолына құран ұстаған көкем біртүрлi өзін-өзі игере алмай, теңселіп кетті. Құран бетін әзер ашып отыр. Сол күйі дауысы бұзылып оқи бастап едi, әжем қолынан ұстап тоқтатты.

- Е-е, балам-ай, "бисмиллахир-рахмани рахимді" қайда тастап кеттің. Қайтадан баста.

Бисмиллахир-рахманир-рахим. Ағузибиллаһи минаш-шайтани ражим...- деп көкем даусы сүрiнiп қайта оқыды.

Әжем көзiн жұмып, біртүрлі рақаттанғандай, бiраз тыңдап жатты.




📚Ұшқан ұя



Жалпы адам қалай өмір сүрсе, солай өледі деп айтып жатады ғой. Өмір бойы билеп өткен кісі өлер алдында билеп өлді дейді-мыс.

Ақтық демімізді Алла ғибратты етсін! Амин. Бос сөз, бос өмірден Алла бізді сақтасын!! Амин.


#Ұлттықкод
Тағы бiр жай ойыма оралады... Киіз үйдiң төрiнде бiр топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып, баппен қымыз iшiп отыр екен... Әкем дастарқан шетiнде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: "Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенiм қайда" деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кiрдiм. Көпшілікке қол қусырып тұрып: "Ассялам алейкум, аталар" деп әр сөздi қадап-қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлiсiп жатыр. Әйткенмен менi араз етiп алмау үшiн, бәрi де бiр ауыздан: "әлейкум салам!" десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнiң тiзесiн ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: "Жарайсың, балам! Үйге кiргенде әрқашан үлкендерге сәлем берудi ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді." дейтін.




📚 Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы



Қазақта "Сәлем - сөздің анасы" дейтін әдемі сөз бар. Сәлем беру-адамдардың бір-біріне шын жүрекпен жақсылық, береке тілеуі. Сәлем беру - пайғамбар ﷺ сүннеті, хақтың бұйрығы. Адамдар қол беріп амандасқанда (ер адам мен ер адам) саусақтарының арасынан күнәлары төгіледі дейді-мыс. Тіпті, үйге кіргенде де сәлем беріп кіруді бұйырады. Осы хақтың бұйрықтарын салт-санамыздан, дәстүрімізден көру қандай нығмет 😍


#Ұлттықкод
– Ура! Тәтем застаптан бір шелек сорпа әкеле жатыр! – деп, үйге атой салып кірдім.
Төсегінде қисайып жатқан шешем басын әнтек көтеріп алды. Үйге тәтем де кірген еді. Сорпаның бұрқыраған тамаша иісі лезде үйдің ішін алып кетті.
– Шырақ-ау, бұның не? – деді шешем үріккен жүзбен.
– Сорпа, жеңеше.
– Тарт әрі! Шошқаның сорпасы шығар. Аулақ әкет!
Тәтем ақталып жатыр:
– Шошқанікі емес, жеңеше. Побыр өзі айтты. Кеше өгіз сойған, өгіздің сорпасы.
– Жо-жо, әкет! Көрсетпе!

***

Шешемнің ойы белгілі еді. Заставада шошқа да, өгіз де сойылып жатады. Тамақ бір қазанда жасалады.
Шошқа еті пісірілген қазаннан дәм тату – харамның өзін жегенмен пара-пар. Яғни ауыр күнә.



📚Балалық шаққа саяхат
Бердібек Соқпақбаев



Қазақта "ауру -астан" деген сөз бар. Ішім-жеген дүниелеріміздің істеп жүрген әрекетімізге, мінезімізге, денсаулығымызға әсері өте үлкен. Асқа өте сақ қарау керек. Себебі, қазір көптеген тағамдардың құрамында зиянды дүниелер көп болады. Абайламай,ғапылдықпен татқан бір асымыз үлкен кеселдерге жол ашуы бек мүмкін. Ертеректе ес білген бабаларымыз астың адалдығына қалай мән бергендікі жайлы үзінді көрдіңіз.

#Ұлттықкод
Денсаулық жайлы ақпаратты қайдан аласың?⬆️

Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Жасыратын ештеңе жоқ))) Бұған дейін де бөліскен едім.
Бұл 1⃣

Маған денсаулық жайлы жазба астында, түрлі сұрақтар қойып жатады. Тіпті біреулер диагноз сұрап жатады😃 Сәйкесінше, жауап жазбаймын. Себебі мен дәрігер емеспін.

Менің мамандығым құрылыс саласы. Тек медицина, анатомия, жаратылыс бағыты маған қызықты тақырыптардың бірі. Сол үшін де Сағаттағы медицина менің қызығушылық деңгейімде ғана жарық көруде.

Бұл2⃣

Сағат жұмыс істеп бастағалы бері мақсаты бірнеше рет өзгерді.

Қазіргі біздің міндет - жалпыға бірдей түрлі салада пайдалы дүниелермен бөлісу. Дәл осы⬅️ мақсатпен жұмыс жасап жатқан басқа каналдардан айырмашылығы біреу ғана - біз бұл салалардың барлығын тек Алламен байлап, Онымен ғана жеңіс пен тыныштық барын білдіріп, рухани байлықпен ұштастырғымыз келеді.

Бұл3⃣

Каналда қозғалып жүрген тақырыптар⬇️

Анатомия
Салауатты өмір салты
Жеке даму
Ұлт байлығы

Каналда адам саны көбейген сайын жауапкершілік те ұлғая бермек. Сол үшін алдағы уақытта әр салада өз маманын сөйлетуге тырысамыз.

#Ұлттықкод жазарманы Ерасыл - педагог. Тақырыбына сәйкес жазарман.

Енді бізге қажеті дәрігер. Мейлі ол студент болсын.

Бізде бір ғана талап бар, ол танып білген әрбір жаңа жасушасында Құдай ізін көре білуі керек. Сонда ғана ол Жаратушы Жалғыз Иеміздің сізге деген ерекше махаббатын жеткізе алады.

Егер сізде бізге сай таныс болса, не сізде ниет болса, біздің құшақ та, ортамыз да, жекеміз де ашық🙂🙂🙂

Уақыт сағатқа қарамай тоқылдата беруге рұқсат⬇️⬇️

Бұл4⃣
Ауыл адамдары қонақтарды құрметпен қарсы алуға сақадай сай тұр. Міне екі жақ құшақ жая қауышып кетті де, күлкіге-күлкі, тілекке-тілек ұласты. Әйелдер жағы көрісіп, ерлер жағы қол берісіп, төс тиістіреді.

- Тойларың құтты болсын!
-Тойларың тойға ұлассын
-Ауылдарыңнан той үзілмесін
-Ниеттерің баянды болсын!



📚 Ұшқан ұя
       Бауыржан Момышұлы


Қазір ер мен әйелдің қол алысып амандасуын жиі кездестіреміз. Тіпті, нормаға айналып кеткендей. Бірақ, бұл мұсылман әдебіне сай емес. Ата-бабаларымыз да шариғаттың осы талабын мүлтіксіз орындағандығын байқаймыз.


#Ұлттықкод
(Гончаров атты орыс шаруасы Момыштың үйін қонаққа шақырады,Тишко деген сол шаруаның баласы. Бұл үзіндіде орыс шаруасының Момышқа асты алаңдамай жей беруге болатындығын айтқандығы көрсетілген. Бұл Момыштың астың адалдығын нақтылап алмайынша дәмге қол созбағандығын көрсетеді.)


Гончаровтар құдайларының қасына барып шоқынды да, асқа келді. Кемпірі шай құйды. Шал әкемді дәмге шақырып ишарат білдірді. Тишко бұл сөзді аударып берді.
— Әкем мына дастарқанның үстінде шошқа атаулының исі араласқан тағам жоқ дейді. Міне нан, мынау шекер, мынау картоп, жеміс — бәрімізге ортақ. Қазандағы — құстың еті. Сондықтан Момыш тартынбай, жиіркенбей, сескенбей, өз үйіндей отырып тамақтансын, — деп отыр.
Тишконың тілмаштығынан кейін шешесі күліп жіберді.
— Мыналарың не деп жатыр, Тишко? — деп сұрады әкем әлгі күлкіден қысылып.
— Бұлар Момынқұл дастарқанға күдікпен қарап отыр,— деп күліп жатыр, — деді Тишко бізге қарап күліп қойып.
— Ал дәм алыңыздар.



📚Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы





#ұлттықкод
— Жарайды, орысша оқытайық деп талап қылған екен, қала қойсын. Көрерміз, бәлкім еңбегіміз жанып, үйреніп кетер. — Сөйтті де Василийге бұрылып:— Сен енді бұған көмектес. Әйтпесе оқи алмай жүрер,— деді.
—Көмектесем.
Көкем "әдепті бол, ұқыпты бол. Бұзықтармен дос болма. Сабағыңа көбірек көңіл бөл. Шошқаның етін жеп жүрме. Орыс құдайына табынып жүрме" деп пысықтады да, ауылға аттанып кетті


📚Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы


Жоғарыдағы үзіндіде Момынқұл(Бауыржанның көкесі) Бауыржанның қалада оқуға алып келіп, Гончаровтартың үйіне орналастыруда. Сонда Бауыржанға асқа ұқыпты болуға әрі шоқынып кетпеуді қатаң ескереді.
Бұл текті халықтың бір көрінісі деп есептесек болады.

#Ұлттықкод
Оқу басталар күзде Әдия әпкем Машанды ертіп келді. Айшаға:
− Мына Машан осы үйде жатып оқиды. Ауырсынба. Жағдайларыңды білем. Шамам келгенше үн, картоп әкеп тастармын, – деді.
Айша:
− Машанға бола бөлек қазан аспаймыз ғой. Қатықсыз қара көжені балалармен бөліп ішер, о не дегенің, – деді қайын-сіңілісіне.
Машанның келгені жақсы болды. Екеуміз құлын-тайдай тебісіп жатамыз. Төбелесіп те қаламыз, татуласамыз. Аға орнына аға еді.


📚Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза


Әдия Шерхан Мұртазаның әкесінің қарындасы, ол кісінің ауылында 4 сыныптық қана мектеп болғандықтан, баласы Машанды Айшаға( Шерхан Мұртазаның анасыны) алып келіп тастауға мәжбүр болады. Себебі, бұл ауылдағы мектеп 7 сыныптық еді. Айша қиын жағдайға қарамастан баланы сыртқа теппеді. Бұл үзіндіден түсінетін құндылық- бауырмашылдық.


#Ұлттықкод
− Ал енді, мен майданнан мүлде қайтқан жоқпын, – деді Батыр.
− Аз күн демалыс алып келдім. Мен майданда жүргенде, әкем Момыш қайтыс болыпты. Соған құран оқиын деп келдім.
Содан соң көптің ішінен біреуді іздегендей, үп-үлкен шоқтай көздері жарқ-жұрқ етті.
− Дошанай! Дошанай көке, қайдасың! – деді. Басында қазандай дөңгелек қара бөркі бар, аппақ қудай сақалы көлкілдеген Дошанай атамыз:
− Мен, мен мұндамын, Бәужан қарағым, – деп, даусы дірілдеп, орнынан әрең тұрды.
− Бауырың Момыш өлгенде, басына құран оқымапсың, оның қалай? – деп ақырды Бауыржан.
− Қатты боран болды, қарағым, ауыл арасы едәуір, үйден шыға алмай қалдым, табан аяқ боп қалдым, Бәужан қарағым, кешір мен бейбақты, – деп, Дошанай атам еңкілдеп жылап жіберді.
Ол кезде өлген адамға құран оқып, дұға қылатын заман ба? Құран оқығаныңды көрсе, ана Жуанқұлдар табанда түрмеге апарып тықпай ма? Мына Батыр соны да білмей ме?



📚 Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза



Бауыржан Момышұлы өз ауылына бірер күнге демалысқа келгендегі ниеті әкесінің қабіріне құран оқу болыпты. Балалардың ата-анасының алдындағы бір борышы дұға оқу болса керек-ті.


#Ұлттықкод
Шерхан Мұртазаның шешесі Айша хал үстінде жатқан кездегі Дошанай молда келіп дем салған кезі:


Айша көзін әрең ашып, Дошанайды таныды.
− На - ға - шы, – деді сыбырлап. Бір нәрсе айтқысы келді, бірақ молда:
− Сөйлеме, Айша, сөйлеме, – деп безілдеді. Жарықтық өзі жардай ірі кісі болса да, даусы жіңішке еді. Сөйтіп, тамырын ұстады. Ұзақ ұстады. Босатқан кезде, Айшаның қолы сылқ ете қалды. Құрмаш жылап жіберді, оны көріп Батырхан да аңырап жіберді. Дошанай ашуланып:
− Тәйт! Дыбыс шығарма,дұға оқимын, − деді. Содан соң біз білмейтін, біз түсінбейтін тілде, әдемі, әуезді үнмен бір сарнады дейсің. Сай-сүйегіңді сырқыратып, әрі елжіретіп әкеткендей әуезге басты.
Не дегені бізге түсініксіз. Бірақ жүрекке шым-шым еніп, шымырлатып барады. Үміт отын үрлеген бір жылы леп ескендей болады. Бірақ маған түсініксіз. Дошанай атам Айшаны ажалдан құтқармақ болып жанталасып бір Құдайға жалбарынып отыр ма, әлде... иман үйіріп отыр ма? Өйткені Айша қыбыр етпейді. Шыдай алмай, Айшаның қолына қолымды создым, білегі жылы сияқты.
Өзім молдадан қорықсам да сипап отырмын. Атама қарасам, көзінен жас шығып кеткен екен. Дүниені ұмытып, мүлде бөтен әлемде отырғандай. Тек үні зарлана, боздаған аруана тектес тартады.



📚 Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза


Өмірінің соңына дейін Алладан үмітін үзбеген қазағым-ай 💔

#Ұлттықкод
Соғыс кезі. Пәшира апаның Өскенбай деген ұлының соғыстан оралуы. Дошанай- Өскенбайдың әкесі:


Пәшира апамның маған сүйіншіге беретін несі бар? Өскенбай оны сезген болса керек.
Дошанай атам болса, екі калошын қоңылтаяқ киіп, көрші Өреке ауылында көкжөтел қысқан бір баланы емдеуге кеткен екен. Пәшира апам маған:
− Айналайын, Барсхан, Өрекеге барып, атаңды алып келе ғой, − деді. − Абайла, байғұс қуанғаннан кәрі жүрегі жарылып кетіп жүрмесін.
Кешке жұмыстан қайтқан қатын-қалаш, бала-шаға − бәрі Дошанай атамның үйіне жиналды. Ауыл аш отырса да, кәдімгідей той болды. Ай, шіркін, сондағы ауылдың бауырмалдығы-ай. Әркім үйінен барын алып келді: біреу құртын, біреу талқанын, біреу сүтін... Біледі ғой, Дошанай бозқасқа сойып тастамайтынын. Сояр еді − жоқ қой



📚Ай мен Айша
Шерхан Мұртаза



#Ұлттықкод
Акбар қожа мен Барсхан (Шерхан Мұртаза) түнделетіп келіп бір үйге түседі, мына үзіндіде сол үйдің көрсеткен қонақжайлылығы байндалған. Міні, қазақең осындай!


Айтқұл деген кісінің үйіне түстік. Қожаны алақанына салғандай аялап, қол қусырып, кеш те болса тоқты сойып, жаны қалмады.
Шәйдан кейін мен ұйықтап қалыппын. Түннің бір мезгілінде біреу сипалап оятты. Қарасам, Саид – Акбар қожа: «Тұр. Тамақ пісті. Қолыңды жу», – деді.
Қазақтың қонақжайлылығы осы.


📚 Ай мен Айша


#Ұлттықкод
Дастархан басындағы әдеп:



Қазақ әдетінде, жас адамның алдына келген асқа үлкендерден бұрын сұғына қоймайтынын білем. Сол әдетті сақтаған нағашым екеуміз, екі жақ қанатымызда жайыла қатарласқан қартаң адамдардың бәріне де аяқ үлестіріп, олар қымыздан ауыз тигенше татпай отырдық.


📚 Мөлдір махаббат
Сәбит Мұқанов




#ұлттықкод
Қазақта дәмнен үлкен ештеңе жоқ. Өзгеге бармайтын қазақ дәмге міндетті түрде барады.

***

Елде талай қырқысқан ағайындар, дәм татысса-ақ тату боп кететінін көргем. " Бір күн дәм татқанға 40 күн сәлем" деген, "дәм тұзымды тат, расыңды айт" деген мақалдар бары, "дәм ұрсын" деген қарғыс бары, " татқан дәмге қас қылған адам оңбас" деген өсиет өлең бары есімде. Бұл ұғым менің санама шешемнің сүтімен бірге кірген. Қазақтың ұғымында - " сүтпен кірген, сүйекпен шығады..."



📚Мөлдір махаббат
Сәбит Мұқанов


#ұлттықкод


Асыл дінімізбен қазақ салтының тағы бір үйлесер тұсы
Мысалы, «Денсаулық үшін алып қояйық!» дегеннен басқа тілек айтуға шорқақ кей жастарымызға қазақтың батасы ескіліктің қалдығындай көрінетін. Батаның астарында қаншалықты даналық, кісілік жатқанын ұқтыру қиын еді. Ал Батаның мазмұнына үңіліп қарасақ, қазақ баласы атам заманнан бір-біріне жақсы тілек айтып келген ғой. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, оның сылтаулары көп: дастарқан қайырса да, баласы атқа мінсе де, келін түсіріп, қыз берсе де, біреуі алыс сапарға шықса да, бата беріп жатады. Және ойдан құрап, қиыстырып айтуға қандай шебер! Қазақтың ақсақалының аузынан шыққан батасы өзіне лайық, өзі батасына лайық бола білген.


📚Жаным садаға
Алма Қыраубаева


#ұлттықкод