Сағат
548 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Forwarded from NAMYS TV
МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АУЫРТПАЛЫҒЫ

Шура сүресі, 30-аят: «Бастарыңа келген ауыртпалық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіріп жібереді». Имам әл-Куртуби бұл аяттың тәпсірінде: «Біздің ғалымдарымыз аятта мұсылмандар жөнінде айтылуда, себебі кәпірлердің жазасы Қиямет күніне дейін шегерілген», - деп жазады (Куртуби 18/480).

Шынында, имам әш-Шафии мұсылмандардың медицинаны зерттемегені үшін жиі қапаланатын еді және: «Сіздер білімнің үштен бірін қолдан жіберіп алдыңыздар және оны иудейлер мен христиандардың қамқорлығына қалдырдыңыздар», - деп айтатын (Қараңыз: Сияр, Манакиб). Басқа дереккөзде имам әш-Шафии: «Харам мен халал туралы ғылымынан кейін медицинадан артық ешбір ғылымды білмеймін. Және Кітап иелері (христиандар мен иудейлер) бізді одан (яғни медицинадан) жеңіп кеткені өкінішті», - деп айтқан.

Мұсылмандар медицина, химия, физика және басқа да ғылымдардан озық болды. Қараңыз #ИсламныңАлтынДәуірі. Алайда ол білімдерді қолдан жіберіп алды. Қараңыз #НМЖҒАҚ. Сол олқылықтың нәтижесін бүгінгі мұсылмандар тартып жатыр. Көп ұзамай ғылыми-технологиялық жетістіктердің нәтижесінде христиандар мұсылман елдерін жаппай отарлай бастады. Қараңыз #АфрикағаТалас.

Кезінде француздарға би билеуге тыйым салған һәм бүкіл Еуропаны бақылауда ұстаған Осман халифаты ойсырата жеңіле бастады. 1922 жылы біржола жойылды. 1830-1962 жылдар аралығында Алжир Францияның жекеменшігі болды. Алдыңғы өлім-жітімді санамағанда, тек 1954-1962 жылдардағы азаттық күресінде 2 млн-ға жуық адам өлді. Ирак, Палестинадағы өлім-жітім саны да бірнеше миллионмен есептеледі. Құлдыраған экономика, күнкөрістің нашарлауы басқа да факторлар - мұсылмандардың жер бетіне тарыдай шашылуына алып келді.

Нәтижесінде Ислам әлемінің дамуы тежеді. Жерлері талан-тараж болды. Берекесі мен тыныштығы қашты. Соңғы екеуі жоқ жерде дін де жоқ, ғылым да жоқ, өркендеу де жоқ. Жоғарыдағы аятта айтылғандай: «Бастарыңа келген ауыртпалық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады». Қазақ халқының орысқа бодан болуы да дәл осы санатқа жатады. Мұны көбелек әсері деп айтамын. Қараңыз #КөбелекӘсері. Тарих ұлы ұстаз, одан сабақ алмаған оңбайды!