Сағат
548 subscribers
321 photos
139 videos
18 files
88 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
“Уа, Раббым! Жүрегімізді Өзіңнен басқа бір нәрсеге байланудан сақта. Бізді өзгелерге һәм шайтанға таба қылма. Дұғаларымызды қабыл ете гөр. Дұғаларды Сен ғана қабыл етесің”.

#Бүгінгідұға
Forwarded from NAMYS TV
МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ АУЫРТПАЛЫҒЫ

Шура сүресі, 30-аят: «Бастарыңа келген ауыртпалық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіріп жібереді». Имам әл-Куртуби бұл аяттың тәпсірінде: «Біздің ғалымдарымыз аятта мұсылмандар жөнінде айтылуда, себебі кәпірлердің жазасы Қиямет күніне дейін шегерілген», - деп жазады (Куртуби 18/480).

Шынында, имам әш-Шафии мұсылмандардың медицинаны зерттемегені үшін жиі қапаланатын еді және: «Сіздер білімнің үштен бірін қолдан жіберіп алдыңыздар және оны иудейлер мен христиандардың қамқорлығына қалдырдыңыздар», - деп айтатын (Қараңыз: Сияр, Манакиб). Басқа дереккөзде имам әш-Шафии: «Харам мен халал туралы ғылымынан кейін медицинадан артық ешбір ғылымды білмеймін. Және Кітап иелері (христиандар мен иудейлер) бізді одан (яғни медицинадан) жеңіп кеткені өкінішті», - деп айтқан.

Мұсылмандар медицина, химия, физика және басқа да ғылымдардан озық болды. Қараңыз #ИсламныңАлтынДәуірі. Алайда ол білімдерді қолдан жіберіп алды. Қараңыз #НМЖҒАҚ. Сол олқылықтың нәтижесін бүгінгі мұсылмандар тартып жатыр. Көп ұзамай ғылыми-технологиялық жетістіктердің нәтижесінде христиандар мұсылман елдерін жаппай отарлай бастады. Қараңыз #АфрикағаТалас.

Кезінде француздарға би билеуге тыйым салған һәм бүкіл Еуропаны бақылауда ұстаған Осман халифаты ойсырата жеңіле бастады. 1922 жылы біржола жойылды. 1830-1962 жылдар аралығында Алжир Францияның жекеменшігі болды. Алдыңғы өлім-жітімді санамағанда, тек 1954-1962 жылдардағы азаттық күресінде 2 млн-ға жуық адам өлді. Ирак, Палестинадағы өлім-жітім саны да бірнеше миллионмен есептеледі. Құлдыраған экономика, күнкөрістің нашарлауы басқа да факторлар - мұсылмандардың жер бетіне тарыдай шашылуына алып келді.

Нәтижесінде Ислам әлемінің дамуы тежеді. Жерлері талан-тараж болды. Берекесі мен тыныштығы қашты. Соңғы екеуі жоқ жерде дін де жоқ, ғылым да жоқ, өркендеу де жоқ. Жоғарыдағы аятта айтылғандай: «Бастарыңа келген ауыртпалық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады». Қазақ халқының орысқа бодан болуы да дәл осы санатқа жатады. Мұны көбелек әсері деп айтамын. Қараңыз #КөбелекӘсері. Тарих ұлы ұстаз, одан сабақ алмаған оңбайды!
Каналдағы екінші админ аты Ерасыл деп таныстырған едім.

Енді ол жүргізетін каналмен бөлісейін⬇️

#Ұлттықкод жазбаларын көбірек оқығыңыз келсе, тіркеліп алыңыз

@kozkarasdep
“Уа, Раббым! Біздей әлсіз құлдарыңның кемшіліктерін елемей, тәубемізді қабыл ете гөр әрі күнәларымызды Өз кеңшілігіңмен кешіре гөр! Бізді әрқашан сергек рухты, терең пікірлі һәм тақуалық кернеген жүрекке ие құлдарыңның қатарына қоса гөр!”

(Омар Насухи Билмен)

#Бүгінгідұға

Жұма мүбәрәк болсын!!!
Негізі әдеби кітаптарда қазақы құндылықтар өте көп. Әдеби кітап оқығанда осындай⬇️ сәттерді ұстап қалуға тырысамын:



Әңгіме былай өрбиді. Сайлау болады, сол сайлауаға екі кісі үміткер болады. Олар - Текебай би мен Қабылбек. Қазақтың қисық күңшілдігіне салып Қабылбек жақ Текебайға арыз жаудырады. Соған шыдамаған Текебайдың ұлы Қабылбекке барып айтпағанды айтып, дау тудырып кетеді. Ұлының осы амалына ұялған әкесі Қабылбектен кешірім сұрауға келген беті осы:


Текебай ат-шапан айыбын дайындап, жанына жиын ертіп, Қабылбектің ордасына өзі барған екен.

Жанабай жағы: Текебай қол жиып соғысқалы келе жатыр екен деп қалса керек, өздері де сап түзеп, сақадай сай қарсы шығады. Қабылбектiң ордасына ат шаптырым калғанда Текебай қасына Серкебайды алып, басқалардан оқ бойы озып шығып, әкелі-балалы екеуі Қабылбек жағына келе жатады.



Қабылбек те: "Е, мынау соғысатын жердi айт деп келе жатыр ғой" деп өзі жеке шығып, Текебайға тура тартады. Сонда Текебай сонадайдан аттан түсіп, Қабылбектiн касына келіп:

-Менің күшігім саған қарап шәуiлдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелi келдiм алдыңа. Кешiремiсiң, сірә!- депті.


Мына сөзден Кабылбектің қабырғасы сөгiлiп, қалбалақтап атынан аунап түседі:

- О, тектi би Текебай! Сенiн балаңның айыбынан менің айыбым асып кеттi бiлем. Аға болсаң да, сенi мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетiмiзге таңба болатын болды ғой, ой әттеген-ай. Ат-шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстiндегi зерлi шекпенін шешiп Текебайдың иығына жауыпты. Сөйтiп тұрып Жаңабай жағына қарап: Уа, ағайын! Сайлауда Текебайға дауыс берiңдер! Мен қойдым дауысқа түскендi!- деп айқай салған.

📚Ұшқан ұя


Мына үзіндіде кішіпейілділік қалай суреттелген. Би үлкен басымен ұлының айыбын көтеріп кешірім сұрап келді. Кішіпейілділік деп осыны айт!




Иә... Мәтін ұзақ,бірақ пайдалы


#Ұлттықкод
“Күллі жан иесін жаратқан һәм оларды түрлендірген Ұлы Жаратушыны пәктеймін. Барша жан иесінің ешқайсысын ұмытпастан олардың ризықтарын берген Аллаһ тағалаға мақтау айтамын.”

(Имам Ағзам Әбу Ханифа)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бас қалай ауырады?

Негізі мидың ауырсыну рецепторлары жоқ.

Бұл дұрыс, бірақ дәл осы рецептор бастың басқа қабатында кездеседі. Оларға әсіресе қан тамырларының қабырғалары мен мидың қатты қабаты бай. Соңғысы - миды жабатын «чехол».

Сонымен, ауырсыну негізінен артериялық және бас сүйек қысымына байланысты пайда болады.

Бұл тіндердің шамадан тыс керіліп және олардағы ауырсыну рецепторының іске қосылуына әкеп соғады.

#PQ
Жағымсыз ойды келгенде, оны шегінен асырып маңызсыз деңгейге жеткізу қажет.


Яғни - оны күлкілі ету.

Сіз өзіңізді жаман ой үстінде ұстап алсаңыз, мидың алдап отырғанын білесіз.

Мысалы⬇️

1⃣ "Қазір көпшілік алдында шығып қалай айтамын?" ⬅️ Әйгілі қорқыныш

2⃣ "Мен қазір шығамын да сөзімді ұмытып, шыға салып етбеттеп құлап, жюриге прикол ұстап кетемін"

Оқып болсаңыз, байқайсыз ба? Бізде ендігі 1⃣ қорқыныш жоқ.

Бұл да пайдаға жарар бір әдіс.

#Біліпжүр
Live stream started
Live stream finished (43 seconds)
...Сонда ғана әжем бәрiмiздi өзiне шақыртты. Бiз кiргенде, әжем жастыққа сүйеніп, әрең бас көтерiп отыр екен.

- Ал шырақтарым, менiң де аттанар сәтiм жеткен сияқты, - деп барып демiн алды. Сөйтті де болмашы езу тартып, сөзiн жалғады. Кәне, маған деген "жасау-жабдыктарыңды"
көрсетіңдерші. Мұны естігенде үлкен апамыз Пияш көзіне жас алып, дауыс шығарып еді, әжем әмірлі үнмен тыйып тастады.

- Көз жасынды көрсетпе, былай!


Әкем қинала отырып, қолы қалтырап, әжеме арналған бұйымдарды көрсете бастады. Содан соң әжем Момынқұл көкемдi қасына отырғызды да, құран жолдарын дауыстатып оқытып көрді. Әжем тап қазір көз жұмады екен деп, үрейленген бәрiмiздiң де зәре-құтымыз қалған жоқ. Әсіресе қолына құран ұстаған көкем біртүрлi өзін-өзі игере алмай, теңселіп кетті. Құран бетін әзер ашып отыр. Сол күйі дауысы бұзылып оқи бастап едi, әжем қолынан ұстап тоқтатты.

- Е-е, балам-ай, "бисмиллахир-рахмани рахимді" қайда тастап кеттің. Қайтадан баста.

Бисмиллахир-рахманир-рахим. Ағузибиллаһи минаш-шайтани ражим...- деп көкем даусы сүрiнiп қайта оқыды.

Әжем көзiн жұмып, біртүрлі рақаттанғандай, бiраз тыңдап жатты.




📚Ұшқан ұя



Жалпы адам қалай өмір сүрсе, солай өледі деп айтып жатады ғой. Өмір бойы билеп өткен кісі өлер алдында билеп өлді дейді-мыс.

Ақтық демімізді Алла ғибратты етсін! Амин. Бос сөз, бос өмірден Алла бізді сақтасын!! Амин.


#Ұлттықкод
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ибн Масғұд (Алла оған разы болсын)

«Ғылымның жоғалуы - ғалымдардың өлімімен болады. Жаным құзырында болған Алланың атымен ант етемін, Алла разылығы үшін өлген шейіттер ғалымдарға берілген жоғарғы дәрежелерді көргенде, ғалым болу үшін дүниеге қайта келуді тілейді» дейді.
“Уа, Аллаһ тағалам! Қарағанда әрбір нәрседен ғибрат алуымды, үндемеген кезімде жаратылысқа ой жүгіртуімді және сөйлеген кезімде Өзіңді еске алуды маған нәсіп ете гөр!”

(Укалаул Мәжаниден)

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көлікте жүрек неге айнып кетеді?

Мұндай жекеменшік (жағымды емес) қасиет ми мен дене арасындағы қарым-қатынас заңдылығына байланысты.

Жүріс кезінде вестибулярлық жүйе(тепе-теңдік органы) мен көру органдары дененің қозғалыста екен деп, ал бұлшықет рецепторлары оның тыныштықта деп қабылдайды. Және көп жағдайда ми осы екі қарама-қайшы ақпаратты салыстыра алмайды.

Оларды бір бірімен сәйкестендіре алмау осындай сезімдерге әкеледі☝🏻

#PQ
Факт

Мұздатылған жеміс мен көкөніс дұрыс жиналып, мұздатылған болса, жаңа піскен жемістей пайдалы жақсы болуы мүмкін.

Сонымен қатар, суықпен өңдеу және ауа өткізбей орау, күнде немесе супермаркет тоңазытқышында қалған жаңа тағамға қарағанда әлдеқайда витаминдерді көп сақтайды.

#PQ
Бір шығыс ойшылының айтқаны бар:

«Бәріміз күнкөрістің қамы үшін жүрміз...

Нәпақа табудың, тіпті байлыққа қол жеткізудің табиғи түрде үш жолы бар: өндіріс, сауда және ауыл шаруашылығы. Менің пайымдауымша, елге қызмет ету арқылы дүние-байлыққа қол жеткізу - табиғи түрде баюдың жолы емес.

Кімде-кім қызметкерлік міндетін пайда табудың көзіне айналдырса, ел алдында нақ қайыршының өзі болады. Өйткені елге қызмет етем деп лауазымды жұмысқа кірiскен адам елді ғана ойлайды, ұлты үшін
ғана отқа түседі.»

Түбі тапсаң да сыналасың, жоғалтсаң да.
Мінез қалыптаспай, көкірек толмай байлықтың да, мансаптың да қайыры жоқ сыңайлы...

📕 “Біз күткен бақыт” кітабынан

Кітап авторы Мәлік Отарбаев жақында Президенттің кеңесшісі болып сайланды.
“Уа, Аллаһ тағалам! Мені таң сәріде таратқан ризық-несібеңнен нәсібі бар құлдарыңнан ете гөр. Маған тура жол бер”.

(Абдуллаһ ибн Омар (р.а))

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Эмбриогенез(ұрықтың дамуы) кезіндегі мидың қалыптасу процесі

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
“Уа, Аллаһ тағалам! Менің дене-пішінімді көркем жаратқаныңдай, жан-дүниемді де көркем ете гөр! Менің жүзімді тозақ отынан сақтағайсың”.

(Айнаға қарағанда оқылатын дұға)

#Бүгінгідұға
Құрма пайдасы

Таңғажайып факт, бірақ кептірілген құрма, бойында ылғал аз болғандықтан, әлдеқайда пайдалы, ол әртүрлі пайдалы микроэлементтердің қоймасы болып табылады.

Сонымен қатар, құрманың көру қабілетіне, жүрек-тамыр жүйесіне де оң әсері бар.

#PQ