Ruhnews.kz
109 subscribers
465 photos
82 videos
2 files
2.18K links
Информационный канал
Новости и актуальные события
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін – «Бәйтерек» монументінің туған күні.

Астананың символына айналған «Бәйтерек» туралы қызықты ақпаратты білгіңіз келсе, видеоны тамашалаңыздар.🙌
•29 тамыз - Семей ядролық полигоны жабылған күн.

2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды - Семей полигонының жабылған күні - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады.
Саяси сауаттылықты қалай дамытамыз?

Әлемде орын алып жатқан күрделі геосаяси, саяси-әлеуметтік процестерді бақылау, оларды түсіну үлкен маңызға ие. Әлемдегі саяси өзгерістерді зерттеу, олардың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын талдау оның салдарын болжауға, әр түрлі аймақтар арасындағы әлемдік динамика мен байланыстарды түсінуге, манипуляцияларды анықтауға және нақты негіздемелерді іздеуге мүмкіндік береді. Саяси өзгерістерді білетін азаматтар объективті деректер негізінде қоғамда саналы шешім қабылдай отырып, оң өзгерістерді белсенді түрде қолдап, теріс өзгерістерге қарсы тұра алады.

Тұтастай алғанда, саяси өзгерістерді білу және түсіну – қоғамның саяси шешімдерге белсенді қатысуына, саяси шындықты қалыптастыруға ықпал етудің негізі.

Толығырақ Ruh.kz сайтынан оқыңыз👇🏻

https://ruh.kz/2023/08/29/alemdik-dinamikany-tusinuding-birden/
Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды.  Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.  Конституция  «Жалпы ережелер»,  «Адам және азамат»,  «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», « Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару»,  « Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімдерінен тұрады. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.
📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.
Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні.

5 қыркүйек Қазақ халқы тілдері күні мерекесі. Бұл мереке – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Қазақстан халқы тілдері мерекесі 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап 2017 жылға дейін 22 қыркүйекте атап өтілетін. ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 5 қыркүйекке ауыстырылды.

Атаулы датаның ауыстырылуында өзіндік сыр бар. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлағатты сөз қалдырған, тіл тазалығы, ел егемендігі үшін басын бәйгеге тіккен, қазақ даласының бостандығын аңсап, Тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді.
📌Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл.

Мұхтар Әуезов – Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалаушы.

Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушы КСРО Мемлекеттік сыйлығы 1949 жылы алды. 1959 жылы төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.

Мұхтар Әуезов театрда да жұмыс жасаған.

Мұхтар Әуезов Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған.

Германияға, Үндістанға, Чехословакияға, Жапонияға, АҚШ-қа, Өзбекстанға және т.б. жиырмадан астам елге қызмет барысымен барып қайтқан.

Мұхтар Әуезовтің алғашқы шығармасы – «Дауыл»
📌Оралхан Бөкейдің арманы

Бүгін қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, Алтайдың кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл.

Оралхан мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзінің журналист, жазушы болғысы келетінін іркілмей айтқан. Мектеп бітіру кешінде жиылған ата-аналар мен мұғалімдер алдында: – Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін,- деген екен. Арманының алысқа жетелегіні де рас, жетелеп қана қоймай сол арманының шыңына шыққаны да рас.

Дереккөз:bokey.kz
📌Шерхан Мұртаза туралы 8 дерек

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде дүниеге келген.

1️⃣Шерхан Мұртаза 6 жерде бас редактор қызметін атқарды.

2️⃣Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізген.

3️⃣Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.

4️⃣Алғашқы «Құрылысшы Дәку» атты очерктер жинағы 26 жасында жарық көрді.

5️⃣Жазушының еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған.

6️⃣Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды «Қызыл жебе» деп аталады. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. Сондықтан да бұл халықтың ықыласына ерекше бөленген шығарма.

7️⃣Бір қызығы Шерхан Мұртаза бастапқыда жазушы, журналист ретінде емес ақындығымен танылған.

8️⃣Төс белгілер және асықтар жинағанды жақсы көрген.
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді.
⚜️Кең пейілімен ерекшеленген қазақ халқы әдет-ғұрыптарының дені қонақ күтумен байланысты. Мысалы дәмнен ауыз тию, ерулік беру сияқты дәстүрлерді сөзге тиек етуге болады. Ұмыт бола бастаған осындай дәстүрдің бірі «Қазан шегелеу» жайында бірнеше деректермен бөлісеміз.

⚜️Бұл дәстүрді кей өңірлерде үй көрсету немесе есік ашар деп те атайды. Алыс-жақын туыс өзара бас қосып, «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» деп ізгі ниетін білдіріп, ақ батасын береді. Ал үй иесі «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытып, ақ дастарханын жайып, келген қонаққа еншісін беретін.

⚜️Осы секілді атадан балаға мирас болып келе жатқан әдет-ғұрыптар арқылы халқымыздың қонақты қарсы алып, шығарып салуға үлкен мән беретінін байқауға болады. Мұны қазақ қонақпен бірге құт-береке еріп келеді деп түсінген.
5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.

2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Ұлттық статистика бюросы деректерді жариялады.

20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалды: Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны. Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді, - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.