204 subscribers
2.84K photos
946 videos
16 files
798 links
ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті
Download Telegram
🔹2026 жылы ауқымды жол жұмыстары жалғасуда

2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы маусымның басты ерекшелігі — жол төсемінің негізінен бастап үстіңгі қабатына дейінгі конструктивті қабаттарды кезең-кезеңімен төсеуге баса мəн берілуінде. Бұл болашақ автожолдардың сапасы мен ұзақ жылдар бойы шыдас беруінің басты кепілі болмақ.
2026 жылы күрделі жөндеу аясында 25 нысан бойынша жалпы 321 км автомобиль жолдары қамтылды, олардың 19-ы өткен жылдан өтпелі, ал 6-уы жаңа нысандар болып табылады. Маусым басынан бері негізгі жұмыстар жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға шоғырланған. Жоспарланып, орындалған жұмыстар аясында 231 км-де негіздің төменгі қабаты, 190 км-де негіздің жоғарғы қабаты, 230 км-де жабынның төменгі қабаты және 78 км-де жабынның жоғарғы қабаты салу жұмыстары атқарылып жатыр.
Сонымен қатар ағымдағы жылы 124 нысан құрамында 69 өтпелі және 55 жаңа учаскені қамтитын жалпы 3,7 мың км автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар шеңберінде де негізгі көлем жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға тиесілі: маусым басынан бері жоспарланып, негіз қабатын салу жұмыстары жүргізілуде — 1,1 мың км-де, жабынның төменгі қабаты — 1,8 мың км-де, ал жабынның жоғарғы қабаты — 2,4 мың км-де орындалуда.

***

🔹Масштабные дорожные работы продолжаются

С начала дорожно-строительного сезона 2026 года в Казахстане активно продолжаются работы по капитальному и среднему ремонту автомобильных дорог республиканского значения. Основной акцент текущего сезона сделан на поэтапное устройство конструктивных слоев дорожной одежды — от основания до верхнего покрытия, что формирует основу долговечности и качества будущих автодорог.
В рамках капитального ремонта в 2026 году охвачено 321 км автомобильных дорог по 25 объектам, из которых 19 являются переходящими с прошлого года и 6 — новыми. С начала сезона основные работы сосредоточены на устройстве конструктивных слоев дорожной одежды. Запланированоустройство нижнего слоя основания на 231 км, верхнего слоя основания — на 190 км, нижнего слоя покрытия — на 230 км и верхнего слоя покрытия — на 78 км.
Параллельно продолжаются работы по среднему ремонту, которым в текущем году охвачено 3,7 тыс. км автомобильных дорог в составе 124 объектов, включая 69 переходящих и 55 новых участков. Основной объем работ также приходится на устройство конструктивных слоев дорожной одежды: с начала сезона запланировано и выполняются устройства основания на 1,1 тыс. км, нижнего слоя покрытия — на 1,8 тыс. км и верхнего слоя покрытия — на 2,4 тыс. км.
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» жолы қашан аяқталады?

Ұзақ жыл бойы көлік жүргізушілерінің ең өзекті мәселесіне айналған «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысы былтыр басталды. Жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайтын бұл жол – еліміздің батысы мен орталығын жалғап, Ресейге шығатын стратегиялық маңызды «Самара – Шымкент» халықаралық дәлізінің негізгі бөлігі. Бүгінде тәулігіне 18 мыңға жуық көлік қатынайтын екі жолақты жолдың тарлығы, тозығы жеткен жабыны мен жиі болатын жол-көлік оқиғалары көптен бері күрделі мәселеге айналған еді.

https://egemen.kz/article/413399-aqtobe-%E2%80%93-qarabutaq-%E2%80%93-ulghaysyn-dgoly-qashan-ayaqtalady
🔹ҚазжолҒЗИ Алматы филиалының базасында жол инженерлерінің жаңа буынын даярлайтын кафедра ашылды
 
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының» АҚ (ҚазжолҒЗИ) Алматы филиалының базасында Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының (ҚазАЖИ) «Көлік құрылысы және урбанистика» кафедрасының ашылу салтанаты өтті. Жаңа білім беру форматы студенттерге ғылыми-өндірістік ортада тікелей оқуға және практикалық дайындықтан өтуге мүмкіндік береді.
 
Жоба ҚазжолҒЗИ мен ҚазАЖИ арасындағы практикаға бағытталған білім беруді, ғылыми қызметті дамыту және жол саласы үшін білікті инженерлік кадрларды даярлауға бағытталған ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылды.
 
Кафедраның еліміздің жол саласындағы жетекші ғылыми институтының базасында тікелей ашылуы дуальды оқытуды дамытудағы маңызды қадам болды. Дайындықтың жаңа моделі білім беру процесін, ғылыми зерттеулерді және практикалық қызметті біртұтас жүйеге біріктіреді.
 
Студенттер тек теориялық білім алып қоймай, сонымен бірге заманауи зертханалық жабдықтармен жұмыс істей алады, жол-құрылыс материалдарын сынау әдістерін үйренеді, сондай-ақ институт мамандарының басшылығымен нақты инфрақұрылымдық жобалардың зерттеу жұмыстарына және жаңа технологияларды сынақтан өткізуге қатыса алады.
 
«Бүгінгі таңда салаға оқу процесінде-ақ практикалық тәжірибе жинақтап, нақты өндірістік процестерді түсінетін мамандар қажет. ҚазжолҒЗИ базасында кафедраның ашылуы жол саласының заманауи сын-қатерлеріне және жұмысқа орналасқан алғашқы күннен бастап практикалық қызметке дайын инженерлерді даярлауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Ғалия Асанова.
 
Мамандардың пікірінше, бұл тәсіл университет білімі мен жұмыс берушілердің талаптары арасындағы алшақтықты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Болашақ инженерлер оқу кезінде-ақ заманауи технологияларды меңгеріп, практикалық дағдылар мен кәсіби ортада жұмыс тәжірибесін ала алады.
 
Жаңа кафедра студенттерді, ғалымдарды және практик мамандарды біріктіретін автожол саласы үшін кадрлар даярлайтын толыққанды алаңға айналады деп күтілуде. Болашақта ғылым, білім және өндірістің мұндай өзара іс-қимыл моделін инженерлік кадрларды даярлаудың басқа да бағыттарына тарату мүмкіндігі қарастырылуда.
🔹На базе Алматинского филиала КаздорНИИ открылась кафедра КазАДИ для подготовки дорожных инженеров нового поколения
 
В Алматы на базе Алматинского филиала АО «Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт» (КаздорНИИ) состоялось открытие кафедры Транспортное строительство и урбанистики Казахского автомобильно-дорожного института имени Л.Б. Гончарова (КазАДИ). Новый образовательный формат позволит студентам проходить обучение и практическую подготовку непосредственно в действующей научно-производственной среде дорожной отрасли.
 
Проект реализован в рамках меморандума о долгосрочном сотрудничестве между КаздорНИИ и КазАДИ, направленного на развитие практико-ориентированного образования, научной деятельности и подготовку квалифицированных инженерных кадров для автодорожной сферы.
 
Открытие кафедры непосредственно на базе научного института дорожной отрасли страны стало важным шагом в развитии дуального обучения. Новая модель подготовки объединяет образовательный процесс, научные исследования и практическую деятельность в единую систему.
 
Студенты смогут не только получать теоретические знания, но и работать с современным лабораторным оборудованием, изучать методы испытаний дорожно-строительных материалов, а также участвовать в исследованиях и апробации новых технологий на реальных инфраструктурных проектах под руководством специалистов института.
 
«Сегодня отрасли необходимы специалисты, которые уже в процессе обучения получают практический опыт и понимают реальные производственные процессы. Открытие кафедры на базе КаздорНИИ позволит готовить инженеров, готовых к современным вызовам дорожной отрасли и практической работе с первого дня трудоустройства», — отметила заместитель директора Алматинского филиала АО «КаздорНИИ» Галия Асанова.
 
По словам специалистов, такой подход позволит значительно сократить разрыв между университетским образованием и требованиями работодателей. Будущие инженеры еще во время обучения смогут освоить современные технологии, получить практические навыки и опыт работы в профессиональной среде.
 
Ожидается, что новая кафедра станет полноценной площадкой для подготовки кадров для автодорожной отрасли, объединяющей студентов, ученых и практикующих специалистов. В перспективе рассматривается возможность масштабирования подобной модели взаимодействия науки, образования и производства и на другие направления подготовки инженерных кадров.
🛣️Жазғы маусымдағы туристік аймақтардың көліктік қолжетімділігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі еліміздің негізгі туристік бағыттарының көліктік қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл жұмысқа автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңмен жақсартуды, жол бойындағы сервисті дамытуды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуі кіреді. Жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде танымал демалыс аймақтарына баратын негізгі маршруттар нормативтік жағдайға келтіріліп, автокөлік ағынына дайын. Сонымен қатар, туристерге шипажайларға ыңғайлы әрі түсінікті жол нұсқаулығы қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда, Бурабай курорттық аймағына кіру Щучинск қаласы арқылы «Астана – Петропавл» автомобиль жолымен жүзеге асады, бұл жол курорттық аймаққа кірудің негізгі және барынша ыңғайлы бағыты болып табылады.

Зеренді ауылына кіру «Көкшетау – Атбасар» бағытымен, сондай-ақ «Щучинск – Зеренда» автомобиль жолымен қамтамасыз етілген. Бұл жол Ақмола облысының шипажай аумақтарын – Бурабай мен Зерендіні тікелей байланыстырады.

Қарқаралы курорттық аймағына өткен жылы жөндеуден өткен «Қарағанды – Қарқаралы» республикалық маңыздағы автомобиль жолымен жетуге болады. Осының арқасында жол жақсы жағдайда, қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.

Баянауыл шипажайы Павлодар мен Қарағанды облыстарын байланыстыратын республикалық маңызы бар «Қалқаман – Баянауыл – Ботақара» автомобиль жолының бойында орналасқан.

Балқаш көліне автокөлікпен екі жолмен жетуге болады. Негізгі жол «Қарағанды – Алматы» автомобиль жолы, одан әрі Балқаш қаласынан Бұрылбайтал ауылына дейін батыс жағалау желісінің бойымен жүру арқылы жүзеге асады. Мұнда жақында жүргізілген реконструкциядан кейін жол жүрудің жағдайлары жақсартылған және тұрақты өткізу қабілеті қамтамасыз етілген. Қосымша көлдің оңтүстік-шығыс жағалауына облыстық маңызы бар «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автомобиль жолы арқылы жетуге болады.

Алакөлге екі негізгі қозғалыс бағыты ұйымдастырылған: солтүстік жағалауға «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан «Таскескен – Бахты» жолы, одан әрі «Мақаншы – Қабанбай» маршруты бойынша кіруге болады. Ал көлдің оңтүстік жағалауына «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан соңғы жылдары реконструкциядан өткен және курорттық аймақпен сенімді көліктік байланысты қамтамасыз ететін «Үшарал – Достық» автожолы апарады.
🛣️О транспортной доступности туристических направлений Казахстана в летний сезон

В преддверии летнего туристического сезона Министерством транспорта Республики Казахстан проводится системная работа по повышению транспортной доступности основных туристических направлений страны, включая поэтапное улучшение качества автомобильных дорог, развитие придорожного сервиса, а также обеспечение безопасного и комфортного передвижения граждан. В результате реализуемых мероприятий основные маршруты к популярным зонам отдыха приведены в нормативное состояние и готовы к потоку автотранспорта, при этом туристам обеспечена удобная и понятная схема подъезда к курортам.

Так, проезд к курортной зоне Бурабай осуществляется через город Щучинск по автомобильной дороге «Астана – Петропавловск», которая является основным и наиболее удобным направлением для въезда в курортную зону.

Подъезд к селу Зеренды обеспечен по направлению «Кокшетау – Атбасар», а также по автомобильной дороге «Щучинск – Зеренды», которая напрямую связывает курортные территории Акмолинской области — Бурабай и Зеренды.

Курортная зона Каркаралы доступна по автомобильной дороге республиканского значения «Караганда – Каркаралы», где в прошлом году был проведен ремонт. Благодаря этому дорога находится в хорошем состоянии и обеспечивает безопасное и комфортное движение. Курорт Баянаул расположен вдоль автомобильной дороги республиканского значения «Калкаман – Баянаул – Ботакара», соединяющей Павлодарскую и Карагандинскую области.

Добраться до озера Балхаш автомобильным транспортом можно двумя способами. Основной подъезд осуществляется по автомобильной дороге «Караганда – Алматы» с дальнейшим движением вдоль западной береговой линии от города Балхаш до поселка Бурылбайтал, где после недавней реконструкции обеспечены улучшенные условия проезда и стабильная пропускная способность. Дополнительно доступ к юго-восточному побережью водоема обеспечивается через автомобильную дорогу областного значения «Алматы – Усть-Каменогорск – Лепсы – Актогай».

К озеру Алаколь организованы два основных направления движения: к северному берегу подъезд от автомобильной дороги «Талдыкорган – Усть-Каменогорск» осуществляется через дорогу «Таскескен – Бахты» и далее по маршруту Маканшы – Кабанбай, а к южному берегу водоема от автомобильной дороги «Талдыкорган – Усть-Каменогорск» ведет автодорога «Ушарал – Достык», которая в последние годы прошла реконструкцию и обеспечивает надежное транспортное сообщение с курортной зоной.
🛣️Қазақстанда жол құрылысына арналған отандық цементтерге ауқымды талдау басталды
 
«ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары еліміздегі автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде қолданылатын қазақстандық өндірістегі цементтерді кешенді зерттеу жұмыстарын бастады.

Зерттеу «Қазақстандық өндірістегі цементтердің химиялық құрамы мен физика-механикалық қасиеттерін талдау» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жүргізілуде. Жобаның негізгі мақсаты – отандық цементтердің сапасын бағалау және Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жол цементтеріне қойылатын ғылыми негізделген талаптарды қалыптастыру.

«Жол құрылысында цемент негізгі материалдардың бірі болып табылады. Оның сапасына жол жамылғысының беріктігі, аязға төзімділігі, температуралық өзгерістерге тұрақтылығы және автомобиль жолының қызмет ету мерзімі тікелей байланысты. Сондықтан, цемент қасиеттерін зерттеу елдің көлік инфрақұрылымының сенімділігін арттыруда стратегиялық маңызға ие»,

– деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» мамандары.

Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ҰК», Жол активтері сапасының ұлттық орталығы және цемент өндіруші зауыттардың өкілдерінің қатысуымен цемент сынамаларын бірлесіп іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Қазақстанда құрылыс саласына өнім шығаратын 11 цемент зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы, сондай-ақ Шымкент қаласындағы кәсіпорындардан сынамалар алынды. Сынамалар тікелей өндірістік алаңдарда іріктеліп, шығарылатын өнімнің сапасы туралы барынша объективті деректер алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу барысында ғалымдар цементтердің физика-механикалық қасиеттері мен химиялық құрамына кешенді талдау жүргізіп, минералдық және химиялық қоспалардың әсерін бағалайды, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың өнім номенклатурасы мен өндіріс көлемдері туралы деректер жинайды.

Ғылыми жұмыстың негізгі нәтижелерінің бірі ретінде «Жол құрылысына арналған цемент» нормативтік-техникалық құжат жобасы әзірленеді. Бұл құжат цементбетон жолдарын салуда қолданылатын цементтерге бірыңғай талаптар белгілеуге мүмкіндік беріп, саланың нормативтік базасын жетілдірудегі маңызды қадам болмақ.

Мамандардың пікірінше, зерттеу нәтижелері жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыруға, цементбетон жамылғыларының ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етуге және Қазақстанда заманауи жол құрылысы технологияларын кеңінен енгізуге негіз болады.
🛣️В Казахстане начался масштабный анализ цементов отечественного производства для строительства дорог

Специалисты АО «КаздорНИИ» приступили к масштабному исследованию цементов казахстанского производства, которые применяются при строительстве, реконструкции и ремонте автомобильных дорог страны.

Работа проводится в рамках научно-исследовательского проекта «Анализ химического состава и физико-механических свойств цементов казахстанского производства». Основная цель исследования оценить качество отечественной продукции и сформировать научно обоснованные требования к дорожным цементам с учетом климатических особенностей Казахстана.

«В дорожном строительстве цемент является одним из ключевых материалов, от которого напрямую зависят прочность, морозостойкость, устойчивость покрытия к температурным перепадам и общий срок службы автомобильной дороги. Поэтому изучение его характеристик имеет стратегическое значение для повышения надежности транспортной инфраструктуры страны»

- отметили в «КаздорНИИ»

На сегодняшний день уже проводится совместный отбор образцов цемента с участием представителей АО «НК «КазАвтоЖол», Национального центра качества дорожных активов и заводов-изготовителей. Всего в Казахстане действуют 11 цементных заводов, выпускающих продукцию для строительной отрасли. В настоящее время специалистами уже произведен отбор проб на предприятиях Мангистауской, Кызылординской и Туркестанской областей, а также города Шымкент. Пробы отбираются непосредственно на производственных площадках предприятий, что позволяет получить максимально объективные данные о качестве выпускаемой продукции.

В ходе исследований ученые проведут комплексный анализ физико-механических свойств и химического состава цементов, оценят влияние минеральных и химических добавок, а также соберут данные о номенклатуре и объемах производства отечественных предприятий.

Одним из ключевых результатов научной работы станет разработка проекта нового нормативно-технического документа «Цемент дорожный». Документ позволит установить единые требования к цементам, применяемым при строительстве цементобетонных дорог, и станет важным шагом в совершенствовании нормативной базы отрасли.

По мнению специалистов, результаты исследования помогут повысить качество дорожно-строительных материалов, обеспечить долговечность цементобетонных покрытий и создать основу для более широкого применения современных технологий дорожного строительства в Казахстане.