Мектепке дейінгі ұйым педагогтары
2.87K subscribers
1.06K photos
231 videos
8 files
359 links
Download Telegram
«АЛАҚАЙ, ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ КЕЛДІ»
жазғы-сауықтыру шаралары

Мектепке дейінгі ұйымдар арасында жазғы сауықтыру кезеңіне сәйкес:
- «Ұлы дала баласы»;
- «Жүгіреміз, зырлаймыз;
- «Спорттық ойындар күні»;
- «Менің көңілді добым»;
- «Олимпиада алауы» тақырыптарында шынықтыру шаралары ұйымдастырылады.

Шынықтыру шараларын өткізу шарттары:
- ұйымдастырылған шынықтыру шаралары бейнероликтерге түсіріледі;
- бейнеролик ұзақтығы 1-2 минуттан аспайды;
- бейнероликті @doshkola_kz парақшасын белгілеп мектепке дейінгі ұйымның Instagram желісіне орналастырылады.

Үздік ұйымдастырылған шынықтыру шаралары Институттың @doshkola_kz парақшасына салынып, сториске жарияланады.
17 шілдеде Облыстық білім басқармаларының оқу-әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің, аудандық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жауапты әдіскерлерінің қатысуымен «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік-нұсқау хат» мазмұнын түсіндіру бойынша республикалық вебинары өтті.

Вебинар жұмысына 2 мыңнан аса әдіскерлер қатысты.

Жұмысы барысында Институт директорының міндетін атқарушы Мария Наятовна Ерманова мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру барысында 2024-2025 оқу жылының негізгі ерекшеліктеріне тоқталды.
Вебинар соңында кері байланыс орнатылып, сұрақтарға жауап берілді.
2024 жылдың 22 шілде - 01 тамызы аралығында Қарағанды облысы бойынша «Тілге бойлау» жобасы аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» біліктілік арттыру курсы басталады.
Курсты жүргізуге мектепке дейінгі ұйымдардың өзекті мәселелерін зерттеуге ат салысқан ғалымдар мен зерттеушілер, өңірлік білім басқармаларының сарапшылары, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері тартылады.

Аталған курс басқа өңірлерде өз жалғасын табады.
🔖Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздік шараларын сақтауы аса маңызды. Ата-аналарды, балаларды суға түсу ережелерімен танысуға және ол шарттарды сақтауға шақырамыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔖Соблюдение мер безопасности в летний период особенно важно. Призываем родителей и детей ознакомиться с правилами купания и соблюдать их.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📚"Дана бала" республикалық ғылыми-ақпараттық әдістемелік журналының кезекті саны.
📧 Журналды Институттың www.irrd.kz сайтынан жүктей аласыздар.

http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/2024/07/07/%E2%84%962%20(38),%202024.pdf
📧Сайтта орналасқан «Мақаланы рәсімдеу ережелері мен үлгісіне» сәйкес жазылған мақалаңызды i-rrd2021@mail.ru электронды поштасына ұсынуға болады.

📍Талаптарға сәйкес жазылған мақала аталған журналға тегін орналастырылады.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТІҢ ҚЫЗМЕТІ
Мақсаты: ата-аналарға психологиялық - педагогикалық көмек көрсету.
Республика өңірлерінде консультациялық пункттер мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір нысаны болып табылады.
Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымдардың, шағын орталықтардың базасында құрылды.
Консультациялық пункттің қызметін мектепке дейінгі ұйым басшысы бақылайды, ал оның жұмысын әдіскерлер үйлестіреді.
Логоритмикалық жаттығулар:
⤵️ 
🔸 Әр түрлі бағытта жүру және жүру
🔸Бұлшықет тонусын реттеуге арналған жаттығулар
🔸 Тыныс алуды, дауысты, артикуляцияны дамытуға арналған жаттығулар
🔸 Зейін мен есте сақтауды белсендіруге арналған жаттығулар
🔸 Санау жаттығулары
🔸 Музыкалық сүйемелдеусіз сөйлеу жаттығулары
🔸 Ырғақты жаттығулар
🔸Қарқын сезімін дамыту
«АЛАҚАЙ, ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ КЕЛДІ»
ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ 50 МЫҢНАН АСА
ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ🏅

Жаз айынан бастап «Алақай жаз келді» тақырыбында жазғы сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатында республика бойынша 6 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйым түрлі форматта 50 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырды.
Балаларды шынықтыру-сауықтыру жұмысына арналған:
🔸 таңертеңгі жаттығу, спорттық және қимылды ойындар, дене жаттығулары, дене шынықтыру, емдік-сауықтыру, жұмыстары;
🔸 гигиеналық шаралар кешені;
🔸 мерекелері мен сауық-кештер;
🔸 серуендер мен экскурсиялар;
🔸балалар шығармашылығы мен отбасылық байқаулар көрмесі;
🔸 бала ағзасын шынықтыру, күн сәулесі және ауа ванналары, шөптің үстінде жалаң аяқ жүру, шомылу және т. б. шаралар қамтылды.
Барлық іс-шаралар келесі тақырыптар аясында өткізілді:
🔹 «Бақытты балалық шақ»;
🔹 «Жас із кесушілер»;
🔹 «Жаз да келді, көңілді»;
🔹«Қауіпсіз жаз»;
🔹 «Гүлденген табиғат»;
🔹«Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы»;
🔹 «Жазғы сайыстар»;
🔹 «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма»;
🔹 «Менің достарым».
Жаз мезгілінде таза ауада болу баланың ағзасын нығайтады және шынықтырады, оның жан-жақты дамуына оң әсер етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңі тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Балаларды сауықтыру және шынықтыру бойынша шаралары тамыз айында да жалғасатын болады
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

Балаларды ерте дамыту институты 2024 жылы 05-16 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру және педагогикалық процестің сапасын қамтамасыз ету» педагогтердің біліктілігін арттыру курсын бастады.
Курсқа 100 тыңдаушы қатысуда.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ШАРАЛАР 🌋⤵️

▪️Дүрбелеңге түспеу, сабыр сақтау және жиналғандарды жігерлендіру;
▪️Суды, электр қуатын және газды дереу өшіру;
▪️Мүмкіндігінше өзіңізбен бірге құжаттарды, ақшаны, қажетті заттарды және фонарь алу;
▪️Сыртқа шығу;
▪️Құлаған заттардан, сымдардан және басқа қауіптерден сақ болу;