Qyzylorda NEWS
5.37K subscribers
245 photos
19 videos
59 links
• Өзекті жаңалықтар
• Санайғақтар
• Сараптамалар
🔻Ресми сайт🔻
https://kyzylorda-news.kz/
Download Telegram
Орталық алаң жаңа кейіпке енуде

Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да қойылатын болады. Ыбырай Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен Орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады. Көпшілікке көзайым боларлық жобаны бұл салада мол тәжірибесі бар «Техоснастка-Ремсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады.

– Қазіргі таңда құрылыс жұмысының 70 пайызы бітті. Маусым айына дейін жөндеу жұмысы толықтай аяқталып, қала тұрғындарына пайдалануға беріледі. Орталық алаңға енген өзгерістер қала тұрғындары мен жастардың талап-тілектерін ескере отырып жасалды. Сырдың перзенті, меценат Асқар Әубәкіровтің қолдауымен 1 млрд теңге бөлініп, қызу жұмыс басталып кеткен еді. Алаңдағы ашық жатқан жерлер жасыл екпелермен көмкерілетін болады. Қалада бұрын болмаған, арнайы тапсырыспен алынған ағаш түрлері егіледі. Ерекше архитектуралық формалар мен тұрғындарға арналған демалатын орындар да қарастырылуда, – дейді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.
Қазақтардың саны 14 миллионнан асты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті, — делінген хабарламада.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың үлесі 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті.

Статбюро дерегінше, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың).
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде Tik Tok әлеуметтік желісіне шектеу қойыла ма?

Бұл сұраққа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді.
Tik Tok-қа шектеу қойылған дұрыс па?
Anonymous Poll
82%
Иә, қолдаймын!
18%
Жоқ, қарсымын!
Қызылорда қалалық білім бөлімінің жаңа басшысы – Жанат Садвакасова.
Гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттан 1 млрд теңге жымқырылған

Бұл туралы қаржылық мониториң агенттігі хабарлады.

Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты, — делінген хабарламада.

Қаржылық мониториң агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексеретініне де тоқталды.
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КІТАПХАНАСЫ БАР «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданында «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мәдениет саласының ардагері Әлмырза Ноғайбаев қатысты.

Аймақ басшысы барлық ауданда бой көтеретін «Руханият» орталықтарындағы кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейтінін, орталықтар құрылысына бюджеттен 11 млрд 500 млн теңге бөлінгенін айтты. Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар ашу – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, кітап оқитын ұлтқа айналу жолындағы аса маңызды қадам. Оның оқырмандарына әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармалар, арнаулы әдебиеттер қолжетімді болмақ.

Жиында Мұрат Әбенов пен Әлмырза Ноғайбаев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА "РУХАНИЯТ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Биылғы «Руханият жылы» аясында Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында серпінді, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Кешелі бері көпшілікті қуантқан ақжолтай жаңалықтың бірі – барлық аудан орталықтарында 11 млрд. 500 млн. теңгеге тәулік бойы жұмыс жасайтын кітапханалары бар «Руханият» орталықтарының құрылысы басталды.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагері Әзия Қыстаубаева қатысып, аудан тұрғындары да жиналды.

Аймақ басшысы жаңа нысанның салынуына негіз болған мақсат, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ардагерлер мен аналардың рөлі турлы айтып, ауданның жетістіктеріне тоқталды.
Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімінде Мұрат Әбенов пен Әзия Қыстаубаева тұрғындарды құттықтады.
Мәслихат депутаты ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын өсіруді ұсынған. Халық қалаулысының сөзінше, нан 500 теңге болуы керек екен.
Торғай өзені көтерілді: Ақтөбедегі Ырғыз ауданын су басып жатыр
Нұрада 67 үй, Мамырда – 10, Белшерде 4 үй су астында қалды. 25 сәуірге қарай олардың саны өсті. Нұрада 84 үйді су басып қалды. Ауыл аудан орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан, қазір тек айналма жол бар және ұзындығы – 180 шақырым . Ауылда 112 үй, 691 тұрғын бар. 14 сәуірде мұнда биіктігі 2 метрге дейін судан қорғау үшін салынған бөгетті су шайып кетті. Бөгет 5 шақырымға нығайтылды, ені – 3 метр, биіктігі – 2,5 метр. https://kyzylorda-news.kz/kogam/torghaj-oezeni-koeterildi-akhtoebedegi-yrghyz-audanyn-su-basyp-zhatyr-26-04-2024
Қазақстанда 600 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылған 2024 жылдың ақпан айында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басшысы Әсет Оспанов республика бойынша 6 мың ата-ана есепке алынып, 12 мыңы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, 600-і ата-ана құқығынан айырылып, 340-ы шектелгенін айтқан еді.
Биыл соңғы қоңырау болмайды
"Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады" - деді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланғаны айтылған. Қолда бар дерекке сенсек, биыл 6900 орындық 10 мектеп, 2025 жылы 5400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылысы былтыр басталған барлық мектептерге жер телімдері беріліп, құжаттары рәсімделді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Тереңөзек кентінде 1 мектеп салынады.
Өткен жылы Жаңақорған кентінде 50 отбасы баспанаға ие болды. Биыл 150-ге тартатұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті мен Жаңарық елді мекенінде құрылыс басталды. Жаңа білім ордалары алдағы оқу жылында іске қосылады.
Шиелі кентіндегі электр желілерін қайта құрылымдауға өткен жылы 100 млн теңге бөлінсе, биыл 619 млн теңге қаржы қаралып, тозығы жеткен трансформаторлар мен желілер ауыстырылып жатыр.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жобалық құны 4,5 млрд теңге болатын Шиелі кентіндегі қосалқы станцияны қайта жаңғыртуға Ұлттық қор есебінен 1,5 млрд теңге бөлінген. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бидайкөл, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев ауылдарының сыртқы электрмен қамту желілерінің құрылысына республикалық бюджеттен 153 млн теңге қаралды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда. Отбасы – шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің де басты қызметтері бар. Солардың бірі – ағаш отырғызу.

«Жасыл аймақ» апталығында жаңадан шаңырақ көтерген 10 отбасы былтыр ғана ел игілігіне берілген Отбасы орталығы аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске жұмыла кірісті.

«Атадан мал қалғанша,тал қалсын» деген сөз бар. Жас отбасылар отырғызған ағаш расында жаңа өмірдің алғашқы баспалдағын аттаған жас жұбайлар іспеттес. Күтімі күпті,бабы мықты болса сол ағаштың да жапырағы жайқалып, берік әрі мығым бола түседі. Ізгі шараға атсалысқан жас отбасылар экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды көздеген науқан аясында қала тұрғындарын барынша белсенді болуға шақырды. Естелік ретінде шара соңында жас отбасылар фотозоналарда түсірілім жасап, көтеріңкі көңіл-күйде шараны қорытындылады.
Тілеуімбетов төраға тағында «AMANAT» партиясы Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың Саяси кеңес Бюросында облыстық мәслихаттың төрағасы лауазымына кандидатураны келісіп, Фракция арқылы сессияға ұсыну қарастырылған. Фракция мүшелері сессия жұмысының алдында партияның облыстық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты төрағалығына ұсынылған Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлының кандидатурасын бірауыздан қолдап, мәслихаттың сессиясына ұсынған болатын.

Соған сәйкес, сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамовтың ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты байланысты, оны облыстық мәслихат депутаты, мәслихат төрағасы қызметінен босатып, мәслихаттың жаңа төрағасы қызметіне ашық дауыс беру жолымен Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлын бірауыздан сайлады.