112 KZ
25.8K subscribers
8.79K photos
4.93K videos
7 files
6.75K links
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері:

https://www.youtube.com/@emergencykz

https://instagram.com/tjm_mchs?igshid=YmMyMTA2M2Y=

www.tiktok.com/@tjm_mchs
Download Telegram
💡#СІЗБІЛЕСІЗБЕ

✔️Өрт сөндіру машинасының шақыру орнына келу нормативі қалада - 10 минутқа дейін, ауылдық елді мекендерде - 20 минутқа дейін.
 
✔️Қазақстандық өрт сөндірушілердің қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің жалпы саны - 3228 бірлік.

✔️Су бензинге қарағанда ауыр екені белгілі, сондықтан жиі көбік қолданылады. Әр машинада көбік шығаратын резервуар бар. Көбік үлкен қысыммен торы бар арнайы жеңқұбыр арқылы шығады.
 
✔️Заманауи машиналардың жабдықтарына "лафетті" деп аталатын арнайы оқпан кіреді. Оның көмегімен суды немесе көбікті дәл және нақты бағыттауға болады.
 
✔️Реактивті қондырғы өртке 30 000 литрден астам су шаша алады. Газ-су ағынының жылдамдығы сағатына 1240 км дейін жетеді!

✔️Өрт сөндіру машиналарының баспалдақтары өте ұзын. Оларды төрт қабатты тұрғын үйдің биіктігіне дейін шығаруға болады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💡#СІЗБІЛЕСІЗБЕ

✔️Созылатын үш иінді саты – үш жалғанатын бөліктен (иін) тұратын құрылым.
Өрт сөндіру машиналарын жарақтандырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
 
2 және 3 қабаттардың терезесіне немесе 2 қабатты ғимараттың төбесіне көтерілуге, құтқару жұмыстары мен оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге арналған.
 
Жиналған күйдегі сатының ұзындығы - 4,4 м, созылған күйінде - 10,7 м. Құрылымның жалпы салмағы шамамен 50 кг.
 
Үш иінді сатыны жұмыс жағдайына келтіру үшін екі адам қажет. Біреуі құрылымды сақтандырып тұрады, ал екіншісі сымарқанды қолына алып, саты қажетті биіктікке созылғанша тартады.
 
Егер сымарқан ұзақ мерзімді пайдалану есебінен кенеттен үзіліп кетсе, бұл төтенше жағдайға әкеп соқпайды: серіппенің әсерінен фиксатор жақын тұрған баспалдақты бірден іліп алады, яғни сымарқан бекітіледі.
 
✔️Пайдалану ресурсы - 3000 цикл, яғни өрт сатысын осынша рет созуға және жинауға болады.
💡#СІЗБІЛЕСІЗБЕ

✔️Қытайда 2004 жылы көмір кен орнында шамамен 130 жыл бойы жанып, жылына шамамен 2 000 000 тонна көмірді жойған өрт сөндірілді.

✔️Мәскеуде патша Алексей 31 030 Михайлович темекі шегуге қатаң тыйым салған, зияндылығына байланысты емес, оны өрттің жиі себебі деп санаған.

❗️Айта кету қажет, Қазақстанда өткен жылы осы себептен 1000-нан астам өрт оқиғасы орын алды.

✔️Өртеу үшін рекордтық түрмеге қамау жазасын XVIII ғасырда француз Жан-Батист Мурон алды. Ол 16 жасында 100 жылға сотталып, 116 жасында бостандыққа шықты.

✔️Жылжымалы өрт сатысы 1766 жылы АҚШ-та ойлап табылды, содан бері дизайн тұрғысынан аса өзгерген жоқ.

✔️Екінші қабаттан бірінші қабатқа тез түсуге арналған алғашқы өрт сөндіру шесті ХІХ ғасырдың аяғында Чикаго қаласында орнатылды. Басқа қалалар мен елдердің өрт сөндірушілері бұл өнертабысты тез бағалады.

✔️Бұрын жапондық өрт сөндірушілер өртті сөндірудің арнайы техникасын қолданған. Олар дымқыл киіммен жанып жатқан үйге кіріп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін қабырғаларды қиратып, өрттің өзі сөнуін күткен. Бұл әдіс зардап шеккендердің санын және ірі өрттердің санын XIX ғасырдың соңына дейін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

✔️Латын Америкасындағы Парагвайда мемлекеттік деңгейдегі өрт сөндіру бөлімі жоқ. Мұнда барлық өрт сөндірушілер - бос уақытында ерікті өрт сөндірушілер болып жұмыс істейтін еріктілер. Оларда өрт сөндіру бекеті, машиналар мен арнайы жабдықтар бар, бірақ олардың барлығы жеке қаражатқа, сондай-ақ қарапайым азаматтардың қайырымдылықтарына сатып алынады. Ал Чили Республикасында мемлекеттік өрт сөндіру қызметі болғанымен, жұмыстың негізгі үлесін Парагвайдағыдай ерікті өрт сөндірушілер жасайды.

💡#АЗНАЕТЕЛИВЫ

✔️В Китае в 2004 году потушили пожар, пылавший на угольном месторождении около 130 лет и уничтожавший порядка 2 000 000 тонн каменного угля в год.

✔️В Москве царь Алексей Михайлович строго запрещал курение, но не из-за вредности этого занятия, а потому что полагал его частой причиной пожаров.

❗️Кстати, в Казахстане за прошлый год произошло более 1000 случаев пожаров по аналогичной причине.

✔️Рекордный тюремный срок за поджоги получил француз Жан-Батист Мурон, ещё в XVIII веке. Его приговорили к 100 годам, и поджигатель, попав за решётку в 16-летнем возрасте, ухитрился дожить до освобождения, выйдя на свободу в возрасте 116 лет.

✔️Раздвижная пожарная лестница была изобретена в США в 1766 году, с тех пор мало изменилась с точки зрения конструкции.

✔️Первый пожарный шест для быстрого спуска со второго этажа на первый был установлен в городе Чикаго в конце XIX века. Пожарные из других городов и стран быстро оценили это изобретение.

✔️В прошлом японские пожарные использовали особую технику тушения пожара. Они заходили в горящий дом в мокрой одежде, чтобы не загореться самим, разрушали стены, чтобы не дать огню распространиться дальше, а затем ждали, пока пожар потухнет сам. Этот метод позволял существенно снизить количество пострадавших и число крупных пожаров вплоть до конца XIX века.

✔️В латиноамериканской стране Парагвай пожарная служба на государственном уровне отсутствует. Здесь все пожарные – это добровольцы, которые в своё свободное время выступают волонтёрами-огнеборцами. У них есть и пожарное депо, и машины, и специальное оборудование, но всё это покупается и содержится на их личные средства, а также на пожертвования рядовых граждан. А в Республике Чили государственная пожарная служба есть, но основную долю работы делают пожарные-волонтёры, как и в Парагвае.
💡Құстар ормандарды ұйымдасып өртеумен айналысатынын

#СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🦅 Ғалымдар Австралиялық отты қаршығаның орман өрттерін әдейі жағатынын анықтады. Аборигендер бірнеше ұрпақ бойы отты деп атаған бұл қаршығаларға (firehawks) жыртқыш құстардың 3 түрі жатады: қара кезқұйрық, ысқырғыш кезқұйрық және қоңыр сұңқар.

🔥Құстар аң аулау үшін от жағуды үйренді. Олар өрттен қашқан қорғансыз жануарларға шабуыл жасау үшін отты пайдаланады. Жануарлар үрейленіп жалыннан қашып бара жатқанда, айлакер жыртқыш құстар кішкентай жануарларға шабуыл жасайды.

Австралиялық отты қаршығалар жайлы фактілер:

✔️Бұл құстар жанып тұрған бұтақтарды іліп алып, өрт көзінен бір шақырым қашықтыққа дейін тасиды.

✔️Австралиялық отты қаршығалар тудыратын бақыланбайтын жағулар көбінесе адамдар жаққан оттар немесе басқа да кішігірім өрттерден басталады және адамдар мен үй жануарларына қауіп төндіре отырып, үлкен аумақтарға таралуы мүмкін.

✔️Австралиялық отты қаршығалар өртеу мінез-құлқына байланысты адамдардың қудалауына ұшырайды.

✔️Австралиялық отты қаршығалар індерінен отпен алдап шығаратын олжаға басқа құстар жиі шабуыл жасайды.

✔️Австралиялық отты қаршыға ретінде танымал қара кезқұйрықтың Еуропада, Азияда және Африкада басқа да түрлері бар.


💡#АЗНАЕТЕЛИВЫ

что птицы занимаются организованным поджогом лесов


🦅 Ученые выяснили, что Австралийские огненные ястребы намеренно разжигают лесные пожары. К этим огненным ястребам (firehawks), как их называли аборигены на протяжении многих поколений, относятся 3 вида хищных птиц: черный коршун, коршун-свистун и бурый сокол.

🔥Птицы научились применять огонь для охоты. Они пользуются огнем для того, чтобы напасть на беззащитных животных, спасающихся от огня. Во время того, как животные в панике бегут от надвигающегося на них пламени, хитроумные пернатые хищники атакуют некрупных зверушек.

Факты об австралийском огненном ястребе:

✔️Эти птицы подбирают горящие ветки и разводят костры на расстоянии до километра от источника.

✔️Неконтролируемые отжиги, вызываемые австралийскими огненными ястребами, часто начинаются с разведенных людьми походных костров, или других небольших возгораний и могут распространяться на большие площади, подвергая опасности людей и домашний скот.

✔️Австралийские огненные ястребы подвергаются преследованиям со стороны людей из-за их поджигательского поведения.

✔️Другие птицы часто налетают, чтобы разграбить добычу, которую австралийские огненные ястребы выманивают огнем.

✔️Черный коршун, один из видов, известных как австралийский огненный ястреб, имеет и другие подвиды в Европе, Азии и Африке.
💡Көбікті өрт сөндіру неге ең тиімді болып саналатынын #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

Көбік оттегінің өрт ошағына түсуіне, сол арқылы оттың өршуіне жол бермейді.

✔️ Көбіктер дисперсті жүйелер болып табылады, соның арқасында су шығынын бірнеше есе азайтуға болады.

Сапалы көбік түзгіштерді қолданған жағдайда көлемді өртті сөндіруге болады.

Резервуарлардағы мұнай өнімдерінің тұтануын сөндіру үшін тиімді. Ерекше физикалық қасиеттеріне байланысты көбік мұнай өнімінің қабатына жіберіледі.

Ылғалдандыру қабілетінің жоғарылығы. Кеуекті заттардың тұтануын тиімдірек сөндіруге мүмкіндік береді (сумен салыстырғанда).

Қарапайым жинау құралдарымен оңай жойылады, бұл объектінің жұмысын минималды мерзімде қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

✔️ Жану орнына ғана емес, сонымен қатар өрттің көрші аумақтарға одан әрі таралуына жол бермей, бөлменің аумағын толығымен толтырады.
💡#СІЗБІЛЕСІЗБЕ

✔️Атың шықпаса жер өрте демекші, өз атын шығару үшін ежелгі Грециядағы ең үлкен өртті ұйымдастырған танымал өрт сөндіруші Эфестегі Артемида ғибадатханасын өртеп жіберген Герострат болды.

✔️1776 жылы 16 жасар француз Жан Батист Мурон бірнеше рет өрт шығарғаны үшін "100 жыл 1 күнге” бас бостандығынан айырылып, өртеу үшін түрмеде отыру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты және 116 жасында түрмеден шықты.

✔️Қасақана өрт шығарғаны үшін сотталған ең танымал адам, ағылшын королі I Джеймске қарсы "Оқ-дәрі қастандығының" қатысушысы - Гай Фокс. Ол Лондондағы лордтар палатасының астындағы оқ-дәрімен толтырылған бөлмеге апаратын фитильді жағып жіберіп, сол жерде қамауға алынды.

✔️1666 жылы болған "Ұлы Лондон өрті" 4 күнге созылды. 87 шіркеу мен үй өртеніп, өрт қаланың 1/3 бөлігін қиратты.

✔️1177 жылы Рязань князі Глеб Мәскеу князімен ұрсысып қалып, Кремльге келіп, оны өртеп жіберген.
    
✔️1571 жылы Қырым ханы Дәулеткерейдің әскерлері Мәскеуге жақындағанда, татарлар астананы толығымен өртеп жіберді.
    
✔️1712 жылы түнде Нью-Йоркте Питер Ван Тилбургтің үйінде флигельді өртеп жіберген құлдардың алғашқы ірі көтерілісі болды. Қылышпен, пышақпен, балтамен және мылтықпен қаруланған афроамерикандықтар тобы қала құлдарын қожайындарына қарсы көтеріліске шабыттандыруға тырысты.

✔️1812 жылы Наполеонның шабуылы кезінде Мәскеу өрті болды, ол үйлерді, храмдарды және басқа құрылыстарды қиратты.

✔️1874 жылы Қытайдағы көмір кен орнында өрт пайда болды, ол 2004 жылы 130 жылдан кейін ғана сөндірілді. Өрт жалыны жылына 2 миллион тоннаға жуық көмір жағатын.

💡
#АЗНАЕТЕЛИВЫ

✔️Caмым извecтным пoджигaтeлeм, устроившим самый большой поджог в Древней Греции был Гepocтpaт, кoтopый иcключитeльнo для тoгo, чтoбы пpocлaвитьcя, cжёг xpaм Apтeмиды в Эфece.

✔️В 1776 году за серию поджогов 16-летнего француза Жана Батиста Мурона приговорили к каторге на срок "100 лет и 1 день", который вышел из тюрьмы в 116-летнем возрасте и установил рекорд по длительности тюремного срока за поджоги.

✔️Самым знаменитым человеком, осужденным за поджог является Гай Фокс, участник «Порохового заговора» против английского короля Якова I. Он зажёг фитиль, ведущий к наполненному порохом помещению под палатой лордов в Лондоне, где и был арестован.

✔️«Великий Лондонский пожар» в 1666 году длился 4 дня. Cгopeлo 87 цepквeй, и домов, пожар уничтожил 1/3 города.

✔️В 1177 году Рязанский князь Глеб, повздорив с московским князем, пришел к Кремлю и спалил его.
    
✔️В 1571 году, когда к Москве подошли войска крымского хана Девлет-Гирея, татары почти полностью сожгли столицу.
    
✔️В 1712 году ночью в Нью-Йорке произошло первое крупное восстание рабов, которые подожгли флигель в доме Питера Ван Тилбурга. Вооружившись мечами, ножами, топорами и ружьями, группа афроамериканцев стремилась вдохновить городских рабов на восстание против своих хозяев.

✔️В 1812 году во время нападения Наполеона произошел Московский пожар, который уничтoжил дома, храмы и другие сооружения.

✔️В 1874 году на китайском угольном месторождении возникло возгорание, которое удалось потушить только в 2004 году, спустя 130 лет. Пламя сжигало почти 2 миллиона тонн угля в год.
💡Зерқоңыздың (Melanophila acuminata) көбеюі үшін дала өрті қажет екенін #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

✔️Ол күйген ағашты тауып алып, онда жұмыртқа салады. Бұл жұмыртқаны жарып шығатын дернәсілдер үшін таптырмас орын, себебі ағаш енді олардан химиялық жолмен де, шайырмен де қорғана алмайды.

✔️Мұнда дернәсілдерді жыртқыштар мазаламайды, өйткені олар өздері өрттен қорғану үшін орманнан қашады. Қарайған қабықтың астында дернәсілдер өсіп, өніп, дамиды.

✔️Зерқоңыз өртті бірнеше шақырым қашықтықтан кеудесіндегі миниатюралық инфрақызыл рецепторлардың көмегімен анықтайды. Өрт түтін шығармаса да, қоңыз оның жылуын анықтай алады.

✔️Ғалымдар қоңыздарды зерттеудің нәтижелері сезімтал өрт датчиктерін жасау үшін пайдалы болуы мүмкін деп санайды.
💡#СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🚐ТРЭКОЛ (ТРанспорт ЭКОЛогиялық) - бұл жол жоқ жерде экстремалды жағдайларда қолданылатын суда жүре алатын 6 доңғалақты жол талғамайтын көлік . Іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ құтқарушылар мен қажетті жабдықтарды төтенше жағдай орнына жеткізуге арналған.

✔️Суда 400 кг-ға дейін жүк көтере алады, ал жер бетінде одан екі есе көп. Салмағы 2,8 тонна.

✔️Қысымы өте төмен доңғалақтарының арқасында тундраның мүк жамылғысын зақымдамай қозғала алады.

✔️ — 60°С -тан + 60°С-қа дейінгі температурада пайдаланылады. Максималды жылдамдығы - 70 км/сағ. Трэкол су арқылы қозғалуға арналған винтпен жабдықталады.

✔️ТРЭКОЛ жолдарда шектеусіз қозғалады, себебі рұқсат етілген енінен (2550 мм) аспайды.  

✔️Автокөлік көбінесе қыста боран, қарлы боран кезінде, адамдарды қар құрсауынан тасымалдау үшін қолданылады. Қазақстанда тіпті Трэколдың жылы кабинасы біраз уақытқа дәрігерлер үшін операция жасайтын бөлмеге айналған жағдай да болды.
💡#СІЗБІЛЕСІЗБЕ

✔️Құтқарушылар бұғатталған үй-жайларды жедел ашып кіру, жолдардағы түрлі аварияларда конструкциялардың механикалық бөлшектерімен қысылып қалған адамдарды босату үшін, табиғи апаттар мен техногендік апаттардан кейін пайда болған үйінділерді жою кезінде гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдаланады. Қазақстандық құтқарушылар мұндай құралдың Холматро деп аталатын ең жақсы түрлерінің бірін қолданады.

✔️Оның мынадай түрлері бар: кескіштер, кеңейткіштер, аралас құрал-сайман, домкраттар, сорғылар және т.б.

✔️Жол-көлік оқиғасы кезінде көліктерде бұғатталып қалған жолаушыларды шығарып алудың, құлыпталған есікті ашу сияқты негізгі жиі кездесетін жағдайлардан басқа, гидравликалық құрал жануарларға көмектесу үшін де қолданылады. Мысалы, Атырау облысында құтқарушылар "Холматро" құралымен футбол алаңының қоршауын кесіп алып, қоршауда қысылып қалған жылқыны шығарып алуға көмектесті.

Фотода: Біздің құтқарушылардың Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қолданған саймандар
112 KZ
Video
⬆️
💡Өрт сөндірушілер су қорын арнайы өрт гидранттарынан толтыратынын #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🚒Көбінесе өрт сөндірушілерге өртті сөндіруге бос цистернамен келеді деп айып тағып жатады.

✔️Өрт сөндіру автоцистернасындағы судың орташа көлемі - 5-8 тонна. Отты сөндіру үшін су қысыммен беріледі. Бұл жағдайда бір оқпанмен берілетін су шығыны секундына 3-тен 8 литрге дейін, яғни екі оқпан жұмыс істеген кезде су көлемі орта есеппен 8 минутқа жетеді.

✔️Бұл уақыт өртті сөндіруді бастауға және судың үздіксіз жеткізілуін ұйымдастыру үшін су алуға болатын ең жақын гидрантты немесе су қоймасын табуға жеткілікті.

✔️Өрт сөндіру гидранты — өрт сөндіру қажеттіліктері үшін жалпы су құбырынан су алуға арналған құрылғы. Гидранттар жер асты және жер үсті болып бөлінеді. Біздің елімізде ең көп таралғаны жерасты гидранттары. Әдетте, су желілері жер астына салынады және оларға баған мен гидрант болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

✔️Жерасты ӨГ арнайы құдықтарға орнатылады. Люктің қақпағы ашылады, содан кейін ӨГ қақпағы шешіліп, су алу үшін өрт бағанасы оның жоғарғы ұшына бұралады.
Сондай-ақ, оған өрт сөндіру жеңқұбырлары мен өрт сөндіру машинасының сорғысы қосылады. Жер асты ӨГ орналасқан жерде тиісті белгі қойылады.


💡#АЗНАЕТЕЛИВЫ, что пожарные восполняют запас воды из специальных пожарных гидрантов

🚒Нередко пожарных упрекают в том, что на тушение огня пожарные машины приезжают с пустой цистерной.

✔️Дело в том, что средний объем пожарной автоцистерны – 5-8 тонн воды. На тушение огня вода подается под давлением. При этом расход воды на один ствол в секунду - от 3 до 8 литров, то есть, при работе двух стволов объема воды хватает для работы в среднем на 8 минут.

✔️Этого времени достаточно, чтобы начать тушение и найти ближайший гидрант или водоем, откуда можно забирать воду для организации бесперебойной подачи воды.

✔️Пожарный гидрант — устройство предназначенное для забора воды из общего водопровода для пожарных нужд. Гидранты делятся на подземные и надземные. В нашей стране наиболее распространены подземные гидранты. Как правило, водопроводные сети прокладываются под землей и доступ к ним возможен только при наличии колонки и гидранта.

✔️Подземные ПГ устанавливаются в специальных колодцах. Открывается крышка люка, затем откидывается крышка ПГ и на его верхний конец накручивается пожарная колонка для забора воды.
А также к ней присоединяют пожарные рукава и насос пожарного автомобиля. У места расположения подземного ПГ устанавливают соответствующее обозначение.
#АЗНАЕТЕЛИВЫ, что для пожарных попасть в заблокированный двор - тот еще квест
 
🔥🧑🏼‍🚒Для сохранения драгоценного времени во время пожара огнеборцам необходимо подъехать максимально близко к зданию, для доставки специального оборудования и снаряжения. Но зачастую бетонные блоки и припаркованные автомобили, препятствуют проезду экстренных служб.
 
🚒 Для полноценного проведения работ по тушению пожара и спасанию людей применяется специальное спасательное оборудование, которое необходимо устанавливать максимально ближе к зданию. Из-за искусственно созданных преград пожарная техника устанавливается на значительном расстоянии (до 100 метров), для чего тратится драгоценное время на перенос оборудования и прокладку дополнительных рукавных линий (каждая из которых длиной по 20 метров).
 
🏢Если возгорание выше первого этажа, то нужна автолестница. Пожарная лестница не дотягивается до нужной квартиры. Вылет стрелы автолестницы – от 30 до 50 метров. Автоцистерна с водой весит около 8 тонн. «Рукав» несут несколько человек. Вдобавок экипировка около 15 килограммов, а в руках – рабочие инструменты и оборудование. Пламя разгорается моментально. Недолго раздумывая, пожарные решают подъехать ко двору с другой стороны, чем пытаться убрать заграждение.
 
⁉️А у вас во дворе имеются данные преграды?
 
@press_TJM
 
💡Өрт сөндірушілер үшін бұғатталған аулаға кіру өте қиын екенін
#СІЗБІЛЕСІЗБЕ
 
🔥🧑🏼‍🚒
Өрт сөндірушілер арнайы құрал-жабдықтарын жеткізу үшін ғимаратқа мүмкіндігінше жақын болуы керек. Бірақ көбінесе бетон блоктары мен тұраққа қойылған автомобильдер жедел қызметтердің өтуіне кедергі келтіреді.
 
🚒Өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша жұмыстарды толыққанды жүргізу үшін ғимаратқа барынша жақын орнатылуы қажет арнайы құтқару жабдығы қолданылады. Жасанды түрде жасалған кедергілерге байланысты өрт сөндіру техникасы едәуір қашықтықта (100 метрге дейін) орнатылады, ол үшін жабдықты тасымалдауға және қосымша жеңқұбыр төсеуге көп уақыт жұмсалады (әрқайсысының ұзындығы 20 метр).
 
🏢Егер өрт бірінші қабаттан жоғары болса, онда автосаты қажет. Өрт сатысы қажетті пәтерге дейін жетпейді. Автосатының жебесінің ұзындығы 30-дан 50 метрге дейін. Су цистернасының салмағы шамамен 8 тонна. "Жеңқұбырды" бірнеше адам көтереді. Сондай-ақ, жабдық шамамен 15 килограмм, ал өрт сөндірушілердің қолында жұмыс құралдары бар. Жалын жылдам таралады. Уақытты үнемдеу үшін, қоршауды алып тастағаннан гөрі аулаға екінші жағынан барған орынды.
 
⁉️Сіздің аулаңызда осындай кедергілер бар ма?

@press_TJM
112 KZ
Photo
💡Сүңгуір мамандығы әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі болып табылатынын #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🤿Сүңгуірлермен байланыс екі жақты телефонның немесе қабылданған шартты сигнал жүйесі бойынша сигнал беру арқанының көмегімен жүзеге асырылады.

👨‍🚀Сүңгуірдің әр етігінің салмағы 5 кг, белдігінің салмағы шамамен 20 кг, ауа толтырылған цилиндр — 10-15 кг. Ал жүгі темірден және қорғасыннан жасалады соңғысы кішірек болған соң ыңғайлы.

🩺Сүңгуірлер таңертең міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Бір аусымға төрт сүңгуір келеді: сүңгудің жетекшісі, сақтандырушы сүңгуір және тікелей су астында жұмыс істейтін жұмысшы. Төртінші сүңгуір тек төтенше жағдайда ғана су астындағы адамға көмекке барады.

🥽Су астының нашар көрінуіне байланысты сүңгуірлер су түбімен жүріп, оның әр сантиметрін зерттеуге мәжбүр. Бірақ су астында олар кім қалай дем алатынына байланысты ең көбі 40-50 минут бола алады. Кейде адам үрейге бой алдырып 20 минут ішінде бүкіл ауа қорын жұмсап қояды.

🔪Әрбір сүңгуір торларға немесе сигнал беру арқанына оратылып қалудан қорғану үшін пышақ алып жүруі міндетті, онсыз түсуге тыйым салынады. Ол сізге мың рет көмектеспеуі мүмкін, ал мың бірінші рет өміріңізді сақтап қала алады.

🤕Су бетіне күрт "көтерілу" кезінде денедегі қысым қалыпқа келіп үлгермейді, сондықтан атмосфералық жарақат алу қаупі бар.

🤒Кессон ауруы сүңгуірлер ауруы ретінде белгілі. Ол - үлкен тереңдіктен тез көтерілгеннен кейін артық азот қанға шығарылған кездегі ағзаның улануы. Бұл денсаулыққа зиян келтіріп, ауыр проблемаларға, өлімге, тіпті тұрақты асқынуларға әкеп соғуы мүмкін.

@press_TJM


💡
#АЗНАЕТЕЛИВЫ, что профессия водолаза одна из самых опасных в мире

🤿Связь с водолазами осуществляется при помощи двустороннего телефона или сигнального конца по системе принятых условных сигналов.

👨‍🚀Каждый ботинок водолаза весит по 5 кг, поясные грузы весят около 20 кг, плюс баллон с воздухом — 10-15 кг. Грузы бывают железные и свинцовые, последние удобнее, потому что размером они меньше.

🩺Водолазы обязательно с утра проходят медобсле­дование. На смену заступают четыре водолаза, из них один — руководитель спусков, страхующий водолаз и рабочий, который непосредственно работает под водой. Четвертый водолаз действует только при аварийной ситуации — идет на помощь тому, кто под водой.

🥽Из-за плохой видимости водолазам приходится ходить по дну и искать все на ощупь, исследуя каждый сантиметр дна. Но под водой они могут находиться максимум 40-50 минут — в зависимости от того, кто как дышит. Бывает человек начинает паниковать и за 20 минут может израсходовать весь запас воздуха.

🔪У каждого водолаза перед спуском должен быть нож, чтобы не запутаться в сетях или сигнальной веревке, без него спуск запрещен. Как говорят, он может не помочь тебе тысячу раз, а на тысячу первый спасет жизнь.

🤕При резком «всплытии» давление в организме не успевает нормализоваться, из-за чего можно получить ту или иную баротравму.

🤒Кессонная болезнь известна как болезнь водолазов. Это отравление организма после быстрого подъема из большой глубины, когда высвобождается избыток азота в кровоток. Это состояние может привести к серьезным проблемам со здоровьем, смерти, и даже оставить постоянные осложнения.

@press_TJM
💡Автомобиль жолдарында түрлі ТЖ зардап шеккендерге медициналық көмектің қалай көрсетілетінін #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🚑Трассалық медициналық-құтқару пункттері (ТМҚП) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетуге және оларды медициналық ұйымдарға эвакуациялауға арналған.

✔️ТМҚП сонымен қатар қыс мезгілінде жылыту пункттері ретінде қолданылады.

✔️2012 ж. алғашқы 12 ТМҚП, 2013-2014 жж тағы 14 ТМҚП құрылды.

✔️ТМҚП:
1) қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған медициналық модульден;
2) байланыс құралдарымен жарақтандырылған қызметтік модульден және кезекші ауысымның тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тұрғын модулінен тұрады.

✔️ТМҚП құрылған сәттен бастап ТМҚП бригадалары ТЖ орнына 15 000-нан астам рет шықты. 35 000-нан астам зардап шеккен адамға, оның ішінде 2,5 мыңнан астам балаға медициналық көмек көрсетілді. 13000-ға жуық адам ауруханаға жатқызылды, олардың 1479-ы балалар.

✔️Әрбір ТМҚП-нің ЖКО-ға ден қоюының орташа уақыты 25-30 минут.

@press_TJM
💡ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы қаласында орналасқан республика бойынша жалғыз екенін #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🫡Жасақ қол жетпейтін қиын аудандарда құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, табиғи зілзалалар, авариялар мен апаттар салдарынан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылды.

⛑️Жасақта 6 бөлімше бар: сүңгуірлік, кинологиялық, автокөліктік, медициналық-психологиялық, кезекші-диспетчерлік, сондай-ақ химиялық-биологиялық және радиациялық қорғау.

🧑🏼‍🚒Бүгінде жасақта 96 құтқарушы бар. Олардың көбі шебер спортшылар, альпинизм нұсқаушылары, сүңгуірлер, матаушылар, барлық санаттағы жүргізушілер, кинологтар. Барлық құтқарушылар "парамедик" сертификатына ие.

🧗🏻‍♂️Олардың кәсібі төзімділікті, физикалық және моральдық дайындықты қажет етеді.

🏔️Таулы жерлерде акклиматизациялау және іздестіру-құтқару жұмыстары аудандарын зерттеу мақсатында олар Іле Алатауының тауларына шығады.

@press_TJM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💡Өрт кезінде бір топ адамды көпқабатты үйлерден тез эвакуациялау үшін қандай жабдық қолданылатынын #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

Жеңқұбырлы құтқару құрылғысы (ЖҚҚ) адамдарды өрт аймағынан 3-20 қабат биіктіктен баспалдақпен эвакуациялау мүмкін болмаған кезде ғана қауіпсіз ұжымдық құтқару үшін пайдаланылады.

▪️Түсу жылдамдығын жеңқұбыр бойымен сырғанау кезінде денені қимылдату немесе жердегі адамдарды қабылдап алатын құтқарушылар арқылы басқару оңай.

▪️Адамның орташа түсу жылдамдығы оның салмағы мен дене бітіміне байланысты (орта есеппен 1-3 м/сек).

▪️Құрылғының көмегімен физикалық және психологиялық жағдайына қарамастан кез-келген жастағы және жыныстағы адамдарды құтқаруға болады.

▪️Басқа құтқару құрылғыларынан артықшылығы - өткізу қабілетінің жоғары болуы - минутына 15-36 адам.

▪️Кез-келген ауа-райында, жыл мезгілінде және тәулікте қолданылады.

@press_TJM
💡Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының жедел рюкзагында не бар екенін #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🎒Құтқарушылардың жедел рюкзактарының көлемі: 40 литр.
Ішінде: альпинистік жабдық, каска, қолғап, жіптің қорғаныс қабаты, зембілді тасымалдауға арналған ілмек, респиратор, мақта-матадан тігілген қолғап бар.

🎒Қажетті заттардың ішінде құтқарушылардың рюкзагында: ылғалдан қорғайтын сөмкеде сіріңке, тәулікке арналған құрғақ рацион, су, телефонға арналған пауэрбэнк, қосалқы батареясы бар радиостанция, қосалқы қуат ұяшығы бар фонарь, маңдай фонарь, қосымша батареялар, пышақ, бинокль, су мен тағамды жылытуға арналған газ оттығы бар.  

🌨️Егер тауда қар жауса: жылы заттар, жылы күрте, фонарь іспетті аяққап, желден қорғайтын күрте, жаңбыр жамылғысы, күннен қорғайтын көзілдірік, қорғаныс көзілдірігі бар.

⛑️Жеке алғашқы көмек жинағының ішінде: таңғыштар, лейкопластырь, антисептик, ауырсынуды басатын дәрілер, медициналық қолғаптар бар.

@press_TJM
💡Республикалық жедел-құтқару жасағы құрылған күнінен бастап 7239 жедел шығу болғанын, 5765 адам құтқарылғанын, қаза тапқандардың 1117 денесі шығарылғанын #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🧑🏼‍🚒Сондай-ақ, жасақ шетелдік азаматтарды іздеу бойынша бірнеше рет іздестіру-құтқару іс-шараларын жүргізді.

🇩🇪Мысалы, 2015 ж. Сол жақ Талғар шатқалында Германия азаматы құтқарылды. Іздеу жұмыстарына "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

🇳🇴2016 ж. Аю шатқалында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді, екі Норвегия азаматы құтқарылды.

🇨🇿🇪🇸2018 ж. Шымбұлақ шыңында 4 Чехия азаматы құтқарылды, сондай-ақ Іле Алатауы тауларында 20 турист, оның ішінде екі Испания азаматы құтқарылды.

🇹🇷2023 ж. жасақ Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жойды, РЖҚЖ құтқарушылары 77 дене шығарып, 4 адамды құтқарды.

🇷🇺Сол жылы Алматы тауларында Ресей Федерациясының 3 азаматы құтқарылды.

🇵🇱"Башута шыңы" ауданында жасақ туристерді іздестіріп, 2 Польша азаматын тапты.

🇰🇷Сондай-ақ, біздің жедел топ Талғар асуында жоғалған Корея азаматын тапты.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💡Өрт сөндірушілердің шын өмірде болатын өрт оқиғасына ұқсас жағдайларда жүйелі жаттығулардан өтетінін #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🔥Жылу-түтін камерасы - өрт сөндірушілерге арналған арнайы жаттығу кешені, ол өрт кезіндегі жағдайларды қайталауға мүмкіндік береді, мысалы: қатты түтін, жоғары температура, жабық кеңістік.

💨Бұл бірнеше биіктік деңгейлері, баспалдақтар, люктер және құтқарушылардың қозғалысын қиындататын басқа кедергілері бар лабиринттен тұратын түтінді бөлме.

🚨Түтін камерасында стресстік жағдайларға төзімділік деңгейін арттыру үшін сирена дыбыстары, құлау, түрлі-түсті шамдар, зардап шеккендердің көмекке шақыру айқайларын имитациялайтын арнайы дыбыстық эффектілер бар.

🧭Түтін камерасында өрт сөндірушілер лабиринттегі жолдарды өзгерту есебінен бейтаныс кеңістікте жүруді үйренеді.

🧑🏼‍🚒Біздің өрт сөндірушілер республиканың барлық өңірлерінде бар жылу-түтін камераларында жаттығып, үнемі физикалық және психологиялық төзімділік сынақтарынан өтіп тұрады.

@press_TJM
💡Жылу камералары өрт орнында өрт тұзағына түскен адамдарды табуға көмектесетінін #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

🔥💨Тепловизорлар объектілерді түтін және басқа кедергілерге қарамастан көруге, қайта тұтанудың ықтимал орындарын анықтауға мүмкіндік береді, соның арқасында ТЖ орнында жақсы бағдарлауға болады.

🌡️Температураны жоғары дәлдікпен өлшейді - бұл ыстық газдарды анықтауға мүмкіндік береді.

🌑Объектілердің толық қараңғылықта жақсы көрінуін қамтамасыз етеді, іздеу-құтқару жұмыстары кезінде өте маңызды.

📹 Аса қиын жағдайларда қолдануға арналған, соққыға төзімді, су өткізбейді және бірнеше минут ішінде 300 С жуық температурада жұмыс істейді, суреттер мен бейнелерді жазуға
болады.

@press_TJM
112 KZ
Video
💡Командалық-штабтық машина төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде телекоммуникация желілері жоқ жерлерде ТЖМ байланысын ұйымдастырудың жалғыз құралы болып табылатынын #СІЗБІЛЕСІЗБЕ

📡КШМ спутниктік кешендермен (телефония, электрондық пошта, WiFi, қысқа толқынды және ультра қысқа толқынды байланыс, ТЖ орындарынан ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығымен онлайн-режимде видео байланыс жасау) жабдықталған.

🚒Жедел штабтан кемінде 15 адамды орналастыру үшін ТЖ орнында тәулік бойы, автономды жұмыс үшін қажетті байланыс түрлерімен қамтамасыз ететін ауыспалы көлемді Кунг (көбелек), яғни қабырғалары жайылатын КШМ қолданылады.

Енді Сіз ТЖМ жұмысы жайлы көбірек білесіз⛑️

@press_TJM

💡
#АЗНАЕТЕЛИВЫ, что Командно-штабная машина является единственным средством организации связи МЧС при ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций в местах, где отсутствуют сети телекоммуникаций

📡КШМ оборудованы спутниковыми комплексами (телефония, электронная почта, WiFi, коротковолновая и ультракоротковолновая связь, ВКС в онлайн-режиме с мест ЧС в Центр управления в кризисных ситуациях МЧС).

🚒Для размещения не менее 15 рабочих мест должностных лиц оперативного штаба, с обеспечением необходимыми видами связи для круглосуточной, автономной работы на месте ЧС применяется Кунг переменного объема (бабочка), т.е. КШМ с раздвижными стенами.

Теперь вы знаете больше о работе МЧС ⛑️

@press_TJM