QazTaspa - Жаңалықтар
2.94K subscribers
2.09K photos
1.27K videos
3.79K links
Ел және әлем жаңалықтары
@taspanews - орыс тіліндегі Telegram-арна. Ақпаратыңыз болса, @taspanews_bot жазыңыз.
https://kaz.taspanews.kz/

Zakon.kz интернет-басылымының компаниялар тобы
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ағылшынша сөйлеген туристер полицейлерді абдыратып қойды

Ақтау маңындағы тас жолдардың бірінде полицейлер шетелдік туристерді терезе қараңғылығына байланысты тоқтатты. Алайда ағылшын тілінде түсіндіре алмаған. Сол себепті оларға жымиып, сәтті жол тілеп, жібере салған.

Кетер кезде жүргізуші аялдаудың себебін түсінген болып шықты, бірақ оны білмегендей кейіп танытқан.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда тегін балмұздаққа таласқан жұрт бір-бірін таптап кете жаздады

Ақтауда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара абыр-сабырға ұласты. Бұған балалар киімін сататын дүкен иесінің мейрам күні тегін балмұздақ пен тәтті мақта таратқаны себеп болды.

Куәгерлердің сөзінше, дүкен алдына адам қарасы көп жиналып, тіпті балалар жоғалған. Аталған оқиғадан кейін мерекелік шараны ұйымдастырған кәсіпкерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

t.me/qaztaspa
Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр

Судья тараптардың өтініш хаттарын тыңдады. Ержан Жанұзақов қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталып, сот жарыссөзінің басталғанын мәлімдеді.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.

t.me/qaztaspa
QazTaspa - Жаңалықтар
Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр Судья тараптардың өтініш хаттарын тыңдады. Ержан Жанұзақов қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталып, сот жарыссөзінің басталғанын мәлімдеді. Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан…
Шерзат Болат ісінде прокурор айыпталушыларға қандай жаза мерзімін сұрады

Бүгін, 2 маусым күні, Шерзәт Болатты өлтіру ісі бойынша сот процесінде жарыссөз кезеңі басталды. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сарсенбайдың мәлімдеуінше, прокурорлар айыпталушыларға келесі жаза мерзімдерін ұсынды:

— Абзал Шынасыл — 23 жыл (кісі өлтіру, бұзақылық, кісі өлтіруге оқталу);

— Равиль Сакиев — 20 жыл (кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық);

— Шыңғыс Белғожаев — 7 жыл (бұзақылық);

— Дархан Әскентай — 7 жыл (бұзақылық);

— Нұрқияс Ильясов — 9 жыл (бұзақылық);

— Нұрбол Тоқтаубаев — 7 жыл (бұзақылық);

— Азамат Тоқтаубаев — 15 жыл (бұзақылық, мүмкін ұрлық бабы бойынша қайта саралануы ықтимал);

— Дидар Қалиахмет — 7 жыл (бұзақылық);

— Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) — 1,5 жыл (қылмыс туралы хабарламау).

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда газ жарылысы болып, ер адам қаза тапты

Оқиға Шапағат шағын ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1980 жылы салынған үйде газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін (өрт шықпаған) құрылымдардың құлауы орын алған. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

Құтқарушылар үйінді астынан 1949 жылы туған ер адамның денесін тапты. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеуде. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтап жатыр.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қостанайда жұмысшылар жөндеу жұмыстары кезінде терезені де бояп тастаған

Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылар тек қабырғаны емес, терезелерді де бояп жіберген.

Қалалық әкімдікке қарасты iKomek ахуал орталығы жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді.

t.me/qaztaspa
Қайырлы таң!

Күндеріңіз сәтті өтсін!

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы:

🌤 Алматыда аспанды бұлт торлайды, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +29 градусқа дейін көтерілсе, түнде +15 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні 4,3 м/с-қа дейін жетеді.

🌤 Астанада да бұлтты күн күтілуде. Күндізгі температура +29 градусқа дейін, ал түнде +13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 10,2 м/с шамасында болады.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияда жер сілкінісінен жасөспірім қаза тапты

3 маусым күні таңертең Түркияда 5,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан 69 адам жарақат алды.

Зілзаланың эпицентрі Эгей теңізінде, Мугла қаласынан шамамен 10 шақырым жерде болды.

Мугла провинциясының губернаторының мәліметінше, зардап шеккен 69 адам медициналық көмекке жүгінген. Қайғылы жағдай да тіркелді: дүмпулер кезінде өзін құтқармақ болып биіктен секірген 14 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды.

t.me/qaztaspa
Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.

t.me/qaztaspa
Шерзат Болат ісі: үкім 5 маусымда шығарылады

Бүгін сотта айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. Осыдан кейін судья Ержан Жанұзақов кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім 5 маусым күні сағат 16:00-де жарияланбақ.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі сот залында анасына өлең арнады

Шерзат Полаттың өліміне айыптау ісі бойынша сот отырысында соңғы сөзін айтқан Тоқтаубаев Азамат анасынан кешірім сұрап, екі жол өлең арнады.

Оқиға орнына ағам үшін бардым деген айыпталушы судьядан әділ шешім шығаруын сұрады.

t.me/qaztaspa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Алматыда балалар байқауын өткізбек болған ұйымдастырушы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында жарияланған байқауды шетелде өткіземін деген желеумен ұйымдастырушы ата-аналардан ақша жинаған. Алайда іс жүзінде шара өткізілмеген, балалар шетелге шықпаған, ал қаражат қайтарылмаған.

Құқық қорғау органдары ата-аналарға балалардың сапарына байланысты келісім жасағанда мұқият болуға кеңес беріп, күмән тудыратын кез келген жағдайда бірден полицияға хабарласуға шақырды.

t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы құрылыс алаңында кран құлап, оператор көз жұмды

Сатпаев көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап қалды. Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан кран операторы қаза тапқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

t.me/qaztaspa